Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту
арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру

Орынбасар Айтпайқызы Нұрлықаимова

№ 9 жалпы білім беру гимназия-мектебі, қазақ тілі

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді
реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі
педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде
енгізілуде. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген
технологияларының бірі – саралап – даралап оқыту технологиясы. Бұл
технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне
ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық
әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын,
белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік
тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын,
белсенділігін арттыру.
Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда
саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен
танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін
тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады,
оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне
қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан
сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру,
өзіндік ой- пікірін дамыту.
Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі
мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай
оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С.
Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті
Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай
өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын
әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды
ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында
репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың
ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім
деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру
денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау
ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері
сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа
тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға
берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып,
қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал
үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі
ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру
үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер көзделеді:

1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды
оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.

3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген
қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім
ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша
оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге
болады.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан
сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол
тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.

Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі.
Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп
оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін
толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа
тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін
меңгергені ескеріледі.

Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде меңгеру.
Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық
ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын
және салыстыра білуді қажет етеді.

Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу материалдарын
менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз
қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да,
оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі
деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын
туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына
кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары
жағдай жасайды.

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін
дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға
мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода
көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы
оқушылардың көз алдына тұрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстар
Оқыту процессінің әдістері мен формалары
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Оқытуды ұйымдастыру
Пәндер