Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім
сапасын көтеру

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді
реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі
педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде
енгізілуде. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген
технологияларының бірі – саралап – даралап оқыту технологиясы. Бұл
технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне
ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық
әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын,
белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік
тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын,
белсенділігін арттыру.
Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда
саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен
танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін
тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады,
оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне
қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан
сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру,
өзіндік ой- пікірін дамыту.
Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі
мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай
оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С.
Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті
Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай
өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын
әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды
ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында
репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың
ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім
деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру
денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау
ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері
сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа
тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға
берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып,
қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал
үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі
ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру
үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер көзделеді:

1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды
оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.

3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.

Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген
қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім
ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша
оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге
болады.

Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан
сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол
тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.

Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі.
Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп
оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі білімін
толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа
тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін
меңгергені ескеріледі.

Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде меңгеру.
Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық
ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын
және салыстыра білуді қажет етеді.

Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу материалдарын
менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз
қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да,
оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі
деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын
туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына
кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары
жағдай жасайды.

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін
дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға
мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода
көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы
оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия
критерийлері болады.

Даралап – саралап оқытудың маңыздылығы:

1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

2.Бос отырған оқушы болмайды.

3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге
қызығушылығы пайда болады.

5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.

Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:

1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.

2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай
оны дамытады.

3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Ерекшелігі:

1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі,
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.

2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.

Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді
шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа
әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі
жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз
жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу
жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер
алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға,
білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы
өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі
деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу
жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге
көтерілуіне жағдай туғызады.

Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ
тілі сабағында пайдаланған өте тиімді.

Мен өз іс–тәжірибемде оқушылардың өздік білімділігін қалыптастыру үшін
Ұжымдық оқыту технологиясын да қолдануды жөн көрдім.
Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып,
ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі
басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
➢ әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
➢ өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен
қарау;
➢ өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
➢ серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
➢ әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;
➢ әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше
түрде барлық мүшесін үйретеді;
Әдістеменің ерекшелігі:
➢ жекелеу оқыту;
➢ қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
➢ топпен оқыту;
➢ ұжымдық оқыту.
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық
ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың
ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып
отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту
идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын
қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет
деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ”
технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау –
сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып
оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге
деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін
қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын
тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын.
Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең
ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене
отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге
мүмкіндігі бар.
Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде қазақ
тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды қолдану
қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында өзім жасаған
Дыбысты бағдаршам деген құралды жиі қолданам. Алғашқы кезеңдерінде
уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге үлгере
алмайтын жағдайлар болды. Енді Дыбысты бағдаршамды қолданғаннан бері
уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы білім
әсерін көремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады. Мұғалім
сабақ барысында барлық оқушыларды көз аясында ұстап, әр баланың өткен
материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар мұғалімнің
басшылығымен өздері жасай алады.
Екінші “Бақылау сұрау” деген құралды үлкен тақырыпты қайталау және
бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында оқушылардың
қорытынды білімін тексергенде қолдану өте тиімді.
Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана отырып
жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы өте зор - әр оқушы өз тобы
үшін жауапкершілігін арттырады, өз үшін ғана емес, өз тобы үшін ынтасын
көтереді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп саралап оқыту
2. Ахметов С. Білім берудің тиімді жолдары
3. Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репкин, В. Левин Дамыта
отырып оқыту әдістемесі
4. Якиманская Н.С. Дамыта оқыту тұжырымдамасы

Конец формы

Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1-6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1     Дамыта оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7-8

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА Л.В.ЗАНКОВ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ
ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-12

2.1 Жаңа буын оқулықтарында Л.В.Занков әдістемесін қолдану
мүмкіндігі (3 сынып қазақ
тілі) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..13-15

3 Қазақ тілі сабақьарында Л.В.Занков әдістемесін қолдану
мүмкіншіліктері ... ... ... 16-18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-20

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 21-22

КІРІСПЕ

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы,
экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті
мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми-
білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып-үйренудің қажетті
шарт екенін дәлелдеуде. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті
нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық
мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен
білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс-тәжірибесін
зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға озық ойлы
идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс-тәжірибелерімен
ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы
қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып
табылады. 21 ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі
өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден-
бір мәнді, динамикалық элементі болып келеді. Дегенмен де, барлық әлемде де
білім беру саласы қандай да бір жағынан, қандай да бір түрде дағдарысқа
ұшырауда. Сол себептен де білім беру ісін реформалау шартты.
Қазір республикамызда білім саласында демкоратияландыру мен ізгілендіру
жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың
альтернативті жолдары көрсетілуде.
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа
жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі
өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңаша базистік
оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен, оқу-әдістемелік кешендерге
көшу т.б.) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау қалыптасуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8 бабында:
1 Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруѓа, дамытуға жєне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау.
2 Білім беру жүйесінің басты міндеттері: білім беру бағдарламаларын меңгеру
үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру тағы басқа. Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық
ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан
әрі дамыту және жетілдіру.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім
беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі
мәселе болса, бастауыш мектеп – негіздің негізгі түп қазығы. Осыған орай
дипломдық жұмысымды жаза отырып.
Жұмыстың көкейтестілігі: бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген
егемен мемлекет құруда, үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз
мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай
ұрпақ оқыту ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп
отыр, бұл оқушыны бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан
тыс шешімдер қабылдай алуға дайындауды қажет етеді, аталмыш қажеттілікті
дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ дамыта оқыту
технологияларының әдістемелік жүйесін 1960-70 жылдары орыс педагогтар
В.Давыдов, Д.Эльконин және Л.В.Занков жасағандықтан, бұл технологиялар
ұлттық мектепке енгізуге келмейді, себебі теориялық тұжырымдамасы мен
практикалық іс - әрекеті қолдануда қарама қайшылықтар туындайды. Біздің
зерттеу жұмысымыз осы Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің қазақ тілі
сабақтарында қолданудың ерекшелігін айқындау барысындығы зерттеу
болғандықтан бұл жұмысты қазіргі кезеңде көкейтесті деп тануға болады.
Зерттеу мақсаты: Л.В.Занков әдістемелік жүйесін негізге ала отырып, жеке
тұлғаның шығармашылық жетілдіруді анықтау.

Зерттеу міндеттері:
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіруді педагогикалық ғылымы мен
тәжірбиеде зерттеу жайын анықтау;
- оқу тәрбиелік үрдісінде жеке тұлғаға бағытталған тиімді педагогикалық іс-
әрекеттер ұйымдасытру;
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіруге негізделген әдіс
тәсілдер оқыту құралдарын оқытудың жаңа технологияларын қарастыру;
- бағалаудың жаңа түрлерін анықтау
а) бағалау көрсеткіштерінің міндеттерін анықтау;
ә) бағалау көрсетікштерін анықтап, мәліметтер жинақтау;
б) жеке тұлғаның шығармашылық қабілетіне диагностикалық зерттеу жүргізу;
- диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы жеке тұлғаның шығармашылық
қабілетінің критерилік көрсеткішін анықтау.
Зерттеу жұмысыныњ әдістері: эксперимент тақырыбына байланысты нормативтік
құжаттарды, әдістемелік нұсқауларды оқу
- психологиялық-педагогикалық бақылау, сауалнама (интервью, анкета, тест,
дебат, интелллектуалдық ойындар);
- рейтинг, осы тәжірбині оқу және қорыту, модельдеу, салыстыру, жинақтау,
жіктеу, жүйелеу, талдау, синтездеу.
Зерттеу нысаны: жеке тұлғаның шығармашылық қабілентін қалыптастырудағы оқу
тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Л.В.Занков әдістемелік жүйесін қазақ тілі сабағында
қолданудағы оқушының арттыру процесі.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үрдісінде Л.В.Занков
әдістемелік жүйесін тиімді қолданатын болсақ, онда оқушыныњ ақыл ойын
дамыту; ақыл-ой қызметінің бала өміріндегі маңызын сезіндіру, талдау,
жинақтау, салыстыру, жүйелеу, жіктеу сияқты ой әрекетерінің негізгі жүйесін
қалыптастыру сезіну, мақсат қоя білу, зейін және есте сақтау сияқты таным
процестері дамиды.
Зерттеу кезеңдері:
1) ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдай келе, бастауыш
мектепте Л.В.Занковтың әдістемелік жүйесі арқылы оқушының шығармашылық
қабілетін арттырудың теориялық негізін анықтау;
2) оқушының шығармашылық қабілетін арттыру деңгейін анықтау мақсатында
педагогикалық эксперимент жүргізу;
3) қазақ тілі сабағында Л.В.Занков әдістемелік жүйесін іс-тәжірибеде,
педагогикалық эксперименте тексеру және оның нәтижесін жинақтау;
4) эксперимент жұмысын өткізу, нәтижесін қорытындылау.

Дамыта оқыту технологиясы
Болашақ бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын күш тек білімді ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты.
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім
беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық істерімізді
Л.С. Выготский, Л.В.Зачков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ойларына негіздеу.
Оса ғалымдардан сілтемелер жасау жақсы сыңайға айналуда. Сөз жоқ бұл үлкен
жетістік.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту процесін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі
болып отыр.
Соңдықтан, дамыта оқытуды сөз жүзінде емес, іс жүзінде асыру үшін мынандай
3 жағдайда міндетті түрде орындау керек:
•Оқыту курсының мазмұнын, оның принциптік құрылымын қайта қарау,
•Жаңа педагогикалық технологияға сәйкес көзқарасқа негізделетін  оқу
үрдісін ұйымдастыруға басқаша қарау;
•Мұғалім оқушының аса қарқынмен көтерілу шеңберін     болжайтын
интелектуалды дамуына диагностика қоя білуді меңгеру қажет.
Олай болса дамыта оқыту, үстанымдары (принциптері) мынаған негізделеді.
1.    Оқыту жоғары қиындық деңгейінде жүргізіледі.
Оқытудың мұндай жағдайында оқушыларға оқу қиындығын тудыратын міндеттер
қойылуға тиіс. Сондықтанда олардың бұл міндеттерді шеше ала-алмайтындығы
себепті жаңғыртылған білімге сүйене отырып, тиісті шешім табу үшін ойтолғам
ұжымдық талқылау, пікір-ұсыныстар және оларды тексеру, қосымша әдебиетке
жүгіну, бақылаулар, зерттеулер талап етілуі қажет. Осы қағидадан мынандай
шарт туындайды:
білім даяр күйінді берілмеуі керек. Оқушы оған қауырт ой еңбегін қажет
ететін тапсырманы орындау арқылы қол жеткізгені дұрыс.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі. Сабақтар кезіндегі таным процесі
құбылыстардың өзара байланыстығынан тұрады.Оларды ой елегінен өткізу
оқушының өз байқауы және жүргізген сараптамасы негізінде жүзеге асырылады.
Кез-келген тақырып, әлдеқандай оқу не оқулылық емес материал алдымен оның
ішкі қалтарыстарынсыз жалпылама түрінде берілуге тиіс. Зерттеудің немесе
оқып зерделеудің екінші  кезеңінде тұтастай бөліктері қарастырылады. Үшінші
кезеңде жіктеп оқығаннан соң меңгеріліп жатқан тақырыпқа оқытылған
материалдың бөліктері енгізіледі.
3. Таным процесі жоғары өрлеу түрінде түзеледі. Мұғалім сұрақ қояды,
оқушының ойға нені зерделгенін сұрайды, өз көзқарасын білдіруді ұсынады,
кітапты оқып шығу қажеттігін, жауап табу үшін қосымша және анықтамалық
әдебиетпен жұмыстануды міндеттейді.
4. Оқу бұрыннан белгілі нәрсені қайталаусыз жедел қарқынмен жүргізіледі,
өйткені мәлім тақырып ойдық жұмысын әлсіретеді. Өткен тақырыпқа оралу жаңа
байланыста түсіндіріледі. Бұл орайда сабақты ұғындырып бекітудің және алға
басу үшін кеңінен қолданылып салыстыру әдісі пайдаланылады. Ұқсастықты
айқындауға арналған салыстыру әдісі ғылыми түсініктерді қалыптастыру. Ал
айырмашылықты айқындауға, арналған салыстыру ақпарат қорын ұлғайтады.
5. Шәкірттердің жаттығу процесін меңгеруі оқушы жаттығу процесін түсінуге
тиіс. Ол сабақтың әр сәтін, қажетті нәрсеге байланысты қандай амал және не
үшін қолданып жатқанын білуі қажет.
6. Барлық оқушылардың жетіліп дамуын қалыптастыруға бағытталған
жұмыс.Әдістемелік жүйе әр оқушының сабақ үстінде өз күш-мүмкіндігін белгілі
бір дәрежеде жүзеге асыруға жағдай жасайды.
7. Танымдық қызмет пен жұмыс қабілетін тиісті деңгейде ұстау үшін мұғалім
оқушылардың денсаулық және көңіл-күйі жағдайын түсінуіне тікелей байланыста
болатын әдіс-тәсілдер тізбегін қолданады.
Бұл оқушылармен жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін өзгерту үшін қарым-қатынастың
әр нақты сәтінде ескеріледі.
Біз оқушылардың жалпы дамуы жүйесіндегі нәтижелілікті зерделеу  барысында
кейбір тұжырымдар жасауымызға болады:
1. Байқай білуі жөнінде әңгіме, бұл арада талдай білу байқампаздығында.
Балалар кез-келген объектіден барынша көп белгілерді таба алады, яғни ұзақ
бақылауға қабілетті:
2. Балалар көргенін ой қорыту тұрғысында айтып бере алатын болады.
3. Оқушылар өздігінен бірқатар заттарға тән жалпы белгілерді бөліп атай
алады, бір немесе бірнеше белгілер бойынша топтарға жіктеуге қол жеткізеді.
Барлық ой амалдары сөзбен толық есеп беруге ұласып отырады.
4. Жасаған қадамдарын өздігінен негіздеуге ұмтыла отырып, олар өз
ойболжамдарын, олардың кейде қате, шикілеу болып шығуынан именбей дауыстап
талқыға салады. Мұның өзі олардың ойының ұғынықты және сындарлы екенін
көрсетеді.
5.Оқушылар алда тұрған ой операцияларын жоспарлауға және орындалатын
амалдар барысын сөзбен айтып жеткізуге қабілетті.
6.Эмоциялық даму орайында жаттығуға байланысты, эмоциялық әрекеттердің
жарқырай көрінуі байқалады. Бұл оқыту әдістерінің тек интеллектке  ғана
емес, сонымен бірге ішкі сезімдерге бағытталып жүргізілетінінің нәтижесі.
7. Ерік-жігерлі даму орайында өзін-өзі қадағалауға және өз іс әрекеттері
мен қимылдарын реттеуге бағыттай білу қасиеттерін атап өткен жөн.
8. Балаларды қадағалау орайында баға соңғы нәтижесі үшін емес, оны қабылдап
алу процесі үшін, соның өзінде біз оқушыны қайсыбір амалдары орындау
тұрғысында бір-бірімен салыстыру арқылы емес, өзін өздерімен, кешегі білім
деңгейімен салыстыра отыру негізінде қойылады.
Мұны оқушының оқу әрекетін меңгерудегі сызбадан көруге болады.

2    БАСТАУЫШ СЫНЫПТА Л.В.ЗАНКОВ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Жаңа буын оқулықтарында Л.В.Занков әдістемесіен қолдану мүмкіндігі (3
сынып қазақ тілі)

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз
білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі
білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы
түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –
бүгінгі күннің басты талабы.
Дамыта оқыту әдісі белгілі бір түрі. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алу, дүниетанымын
қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын оқыту жеп есептеледі. Педагогика
ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмутов [13] біз сөз етіп отырған дамыта
оқыту жөнінде мынандай пікір ұсынады: Проблемное обучение это новая
система правил применения раннее известных приемов учения и преподавания,
построенная с учетом логики мыслительных операции (анализа общения и т.п) и
закономерности поисковой деятельности учащихся (проблемной ситуации,
познавательного интереса, потребности и т.п).
Н.В.Репин [36] дамыта оқытуға мынандай анықтама береді: Развивающее
обучение – это целостная педагогическая система, альтернативная
традиционной системе школьного обучения.
Кесте 1 Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесінің компоненттері    Мазмұндағы басымдылық
Дәстүрлі илюстрациялық түсіндірме әдісі    Дамыта оқыту
Кестенің жалғасы
Педагогикалық процесінің компоненттері    Мазмұндағы басымдылық
Дәстүрлі илюстрациялық түсіндірме әдісі    Дамыта оқыту
Мақсат     Оқушыларға білім, білік дағды қалыптастыру.    Байқампаздығын
ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн    Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер   
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың формалары    Жеке топтық, фронтальді    Бірлескен ұжымдық іс-
әрекет
Оқыту әдістері    Ауызша түсіндіру көрнекілік, практикалық    Проблемалық
баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы    Өзін-өзі бақылау, өзін-
өзі бағалау рефлексия

Сурет 1 Л.В.Занков әдістемесінің дидактикалық тәсілдері
Дамыта оқыту әдістерінің басқа әдіс-тәсілдерден екі негізгі айырмашылықтары
бар.
1 Қарама-қарсылықты шешудің құралы болғандықтан, олар тек жүйе (система)
ішінде қаралады. Оны айқындап, яғни болжап береді.
Дамыта оқыту өз алдына оқшау жатқан жоқ. Ол оқыту мен тәрбиенің барлық
әдістерімен бірге іштей қабысып бір-бірімен тығыз байланыста болады.
2 Дамыту әдісі мазмұн мен форманың диалектикалық ішкі үйлесімділігінен
тұрады. Қазіргі зерттеушілер аталған әдісті екі түрлі түрғыдан қарастырады.
Олар дамыта оқыту әдісін жалпы және бинарлық деп екіге бөледі. Қысқаша осы
екі әдістің кестесі қосымша.
Жалпы әдіс оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға ерекше назар
аударады. Сабақтың қызықты өтуі педагогтың да шеберлігін қажет етеді.
Бинарлық әдістің құрылымы қосымша көрсетіледі.
Жалпы және бинарлық әдістерді қолдану кезіндегі мұғалімнің негізгі
міндеттері мыналар:
а) жаңа материалды дұрыс түсіндіре білу;
ә) оқыту барысында оқушылардың өзіндік ой-пікірін қалыптастыру;
Дамыта оқыту әдісінің аталмыш әдістерінен басқа алты дидактикалық тәсілі
бар. Олар мыналар:
1) мұғалімнің өзінің сөйлеуі;
2) шешендік тәсіл;
3) диалог түріндегі тәсіл;
4) эвристикалық тәсіл;
5) зерттеу тәсілі;
6) бағдарламаланған тапсырмалар беру тәсілі.
Дамыта оқыту байырғы оқытудың әдістері мен тәсілдерін жинақтаған жаңа оқыту
жүйесі болып табылады. Бұл оқытудың барысында логикалық ойлау
операцияларының және оқушылардың өздігінен ізденуі шешуші рөл атқарады.
Қазіргі қазақ орта мектептерінде бұл әдіс кеңінен пайдаланбай келеді.
Дамыта оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен олардың
теориялық жүзінде дәлелденуінен пайда болған. Мәселен, әдістердің
көпқырлылығы мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша дамыта оқыту дегеніміз, педагогика
ғылымында көптеген белгілі эвристикалық әңгіме дейді Лернер И.Я. [26].
Бірақ, эвристикалық әңгіме тек ғана дамыта оқытудың бірғана тәсілі ретінде
қарастырылуы тиіс. Оқыту барысында мұғалім мен шәкірт арасында өзгеше қарым-
қатынас пайда болады. Мұғалімнің көмегімен ол жаңа материалды өздігінен
түсінеді, шығармашылық ізденіс қалыптасады. Академик В.А.Крутецский [15]
дамыта оқытуды зерттей келе мынандай пікір айтты: Проблемное обучение есть
результат развития педагогики и школьной практики в условиях научно-
технической революции, результат внедрения научных идей в современный
процесс обучения.
Дамыта оқыту өзекті мәселелі жағдай (ситуация) мен оқу мәселесінің және
оқыту мен білім алудың диалектикалық, қарым-қатынасы, әрі өзара бірлігінен
тұратын жүйені қамтитын әдіс деп есептелінеді. Оқыту барысында мұғалім
өзекті ойланарлық тақырып төңірегінде ойлануға жағдай туғызады. Бұл әр
ұстаздың біліміне, шеберлігіне байланысты жай. Шәкірттердің ойлау қабілетін
артуы дамыта оқыту әдістерінің алға басқандығының айғағы тәріздес.
Логикалық операцияларды шешу оқушылардың дербестігін қалыптастырады.
Ғалымдардың айтуы бойынша шығармашылық – эвристикалық іс-әрекет негізгі
мазмұнды тез қабылдау, негізгі идеяны қағып алу. Бұл іс-әрекет субъектіні
объектіге қызығушылығын арттырады (сұраққа, пәнге т.б.). Өзекті, мәселелі
жағдай дегеніміз адамның интеллектуалды қиналуы, себебі туып отырған
көріністі дәлелді сұрақты бұрыннан өзі білетін амал тәсілдер мен еше
алмауы. Қиналыс адамды жаңа шешім табуға талаптандырады. Өзекті, мәселелі
жағдайдың пайда болуымен мәселенің шешілуі арасында бірнеше сатылар бар:
- өзекті мәселенің пайда болуы;
- мәселенің қойылу шартының қиындығы;
- гипотеза немес жорамалдар арқылы мәселенің шешілу жолын табу;
- гипотезаның ақиқаттығын дәлелдеу;
- мәселелінің шешілу дұрыстығын тексеру.
Дамыта оқытудың жалпы және арнаулы қызметтері бар.
Дамыта оқытудың жалпы қызметтері:
- шәкірттердің білім жүйесінің меңгеруі және ойлау мен практиканы ұштастыра
білу;
- шәкірттердің дүниетаным көзқарасын жетілдіру және шығармашылық
қабілеттерін арттыру;
Дамыта оқытудың арнаулы қызыметтері:
- шәкірттердің ойлау дербестігін жетілдіру;
- жаңа материалды мәселелерді шешу. Кезінде дұрыс пайдалана білуіне ықпал
ету;
- шығармашылқ іс-әрекеті дамыту, тәжірибелерді жинақтау.
Дамыта оқытудың негізгі қызметі жас ұрпақты шығармашылық еңбекке баулу.
Дамыту сабағының негізгі кезеңдері:
- жаңа материалды түсіндіру;
- көптеген оқушыларға тән қателерді айқындау;
- шәкірттерге дүниетаным көзқарасын бекітуге көмектесу;
- танаралық байланысты нығайту;
- білім дәрежесін көтеруге күш салу.
Бұл сабақтардың кезеңдері қатылып қалған схема емес, оны өзгертіп,
түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұймдасытра білу
жолына байланысты болады. Дамыта оқыту мұғалімге бірнеше міндеттерді
жүктейді. Ол міндеттердіғ негізігісі шәкірттердің ойлау қабілетін
арттыруға, өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға түрткі болу деп санайды
Г.Қазбекова [19].
1993-1994 оқу жылында Л.В.Занковтың дамыта оқыту әдістемелік жүйесін өз іс-
тәжірибесіне пайдаланған Москва қаласының № 775 мектебінің оқу-ісінің
меңгерушісі Л.В.Муштакова  былай дейді:
Жаңаны алғаш бастау өте қиын, бірақ қиндыққа мойыма Л.В.Занков әдістемелік
жүйесін зертедік. Дәстүрлі оқыту жүйесін Л.В.Занков жүйесімен ауыстыру
қиындық туғызды. Ғылым мен практиканы ұштастыру да қиын болды. Осыншама
қиныдыққа тап болсақта, Л.В.Занков жасаған әдістемелік жүйесін нәтижелігін
көрінді.
1 Өз – тәжірибемізде Л.В.Занков әдістемелік жүйесі оқушының шығармашылық
қабілетін арттырп, өз бетінше жұмыс жасауға негізделгенін көрдік.
2 Оқушы мен мұғалім қарым – қатынасы түбегейлі ынтымақтасытық, өзара
силастық сияқты қасиеттерге негізделген.
3 Барлық сыныптарғы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру сияқты
қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі - дейді.
Ал біздің Республикамызда Л.В.Занков әдістемелік жүйесін пайдаланған
азаматтарымыздың өткізген сабақ жоспарларынан да көруге болады. Бұл
жұмыстардың кей біреуін талдаған Б.А.Тұрғынбаева осындай жаңалықтар
оқушылардың ақыл- ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді - дейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды,
тұжырымдамаларды талдай, ұайта өңдей, жаңа жағдайда пайдалансақ нәтижесінде
төмендегідей қорытындыға келдік:
1 Шығармашылық – өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол
сабақтан тыс, сыныптан тыс, уақыттарға жылжытылмай әр сабақта өтілетіндей
оқу бағдарламасының, оқу мазмұнында болуы шарт.
2 Орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі – қалыпқа үйреніп, тоқырауын
болдырмас үшін, шығарамышылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым қана алу
керек.
3 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында шығармашылық қабілеттерді
дамыту әдістемесінің болуын талап етеді.
4 Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің негізінде сабақтағы баланың позициясын
өзгетіп, оны іртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі жайына қоя білу,
баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы табыстың бір- бір кепілі.
Жоғарыда айтылдған мәселелер ескерілген жағдайда бастауыш мектеп оқушылары
жаңа сапалық қасиеттерге ие болып, адамзат шығармашылығына өз үлестерін
қосары сөзсіз.

3. Қазақ мектептерінде Л.В. Занков әдістемесін қолдану мүмкіншіліктері

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда Л.В.Занков әдістемесінің
Жоғары қиындықта оқыту принципін қазақ тілі сабағында үнемі қолданып
жүрген Г.Уәйсованың [49] Түбір және қосымша тақырыбы сабақтарындағы
үлестірмелі қима қағаз түріндегі тапсырмаларды орындаған өте тиімді.
1 Түбір сөздің соңғы буындарының жуан немесе жіңішке болып табылады. Осы
дағдыны меңгерту үшін мынандай тапсырмалар орындайды.
№ 1
Берілген сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып жазыңдар.
Бала     = ге, ға     есік     = ты, ті
Түрі     = ның, нің     қала     = лік, лық
№ 2
Түбір сөзге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып, сөйлемдерді
көшіріп жазыңдар.
Марат ауыл = де, = да тұрады. Ауылдағы мектеп = тің, = тың жанында бақ
бар. Бақта әр түрлі жеміс ағаш =тары, = тері өседі. Балалар ағаштар =
ді, = ды суар =ды, = ді .
2    Қосымшалардың бірінші дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына сай болып
жазылады. Бұл дағдыны меңгерту үшін төмендегідей жаттығу үлгісін орындатуға
болады.
№ 1
Берілген түбір сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып, сөздерді
көшіріп жазыңдар.
тақта = ның, = тың, =дың, ат = ға, = ге, = қа, = ке
құс = лар, = дар, =тар орын = лық, = тық, =дық
№ 2
Асты сызылған түбірлі сөздерді құрамындағы қате қосылған қосымшаларды
өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алысдан жарық көрінеді. Жолаушыдар шаршады. Аттар да баяу аяңтайты.
3    Қосымша қосылған кезде түбір сөздердің соңғы дыбыстарының өзгеріске
түсетінін байқату.
№ 1
Жақшаны ашып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Кітабымның қап ы тозды. Асанның әдемі доп ы бар. Дүкен жап ық тұр.
Мен қаламымды тапа алмадым.
№ 2
Қатар берілген түбір сөздерді қосымшалар арқылы бір-бірімен байланыстырып,
көшіріп жаз.
тақта     жаз
кітап     бет
дәптер     аш
дала     ойна
шаңғы     теп
№ 3
Берліген түбір сөзге қосымша қосып, екінші бағанадағы сөздермен
байланыстыр.
Аула     шықтым    Автобус     келдім
жүр     міндім
көрдім         түстім
көрдім
№4
Бірінші жолдағы сөздерге – жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар
жалғап, сөздерді көшіріп жаз.
өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ
өрегер, киіз, күміс, шегіртке, білезік
№5
Көп нүктенің орнына – лар, - лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғауының
тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Қуыршақ...    шаағала...        кітап...
өсімдік...        өрмекші...        жидек...
құлын...        қыз...            жүзім...
№6
Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз.
Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ,
терек.
Осы жоғарыда көрсетілген тапсырмалар арқылы оқушылар қосымшаларды түбір
сөзге дұрыс жалғап жазу емлесін жақсы меңгереді. Сөздер құрамының сөйлеу,
жазу кезінде өзгеріп тұратынын саналы түрде оқып үйренуге кіріседі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, біз төмендегідей қорытындыға келдік.
Мектепте оқушының жеке тұлға ретінде өздігінен дамуы мен тәрбиесіне және
оқу жұмысын мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы, гуманизациялау
принциптері негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі
кезеңде бағалаудың рөлі, қызметтік түбегелі өзгеріп, ол диагностикалық,
тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс.
Бұл қызметтерді рейтинг жүйесінде қамтамасыз ететіндей мүмкіндіктер мол.
Себебі бұл жүйеде:
- оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған
кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш
кластан басталуы тиіс;
- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап
бағалаудың дағдысын қалып тастырады;
- бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас
жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін
тәрбиелейді.
Л.В.Занков әдістемесінің түпкі мақсаты әр пәнді таңдап пайдалануға үнемі
нысана, тірек болып отырады. Мысалы, пәндерді дамыта отырып оқытудың түпкі
мақсатының бірі оқушыларда әртүрлі стуацияларды талдап, одан қорытынды
шығару, мәнді белгілерден мәнсіздерін ажырату, ұқсас белгілері бойынша
топтау, бақылаған құбылыстарды жалпылау белгілі әрекеттерді таныс емес
жағдайларда қолдану т.б. осылар жалпы интеллектуалдық біліктерді
қалыптасытыру десек, осы тізімнің өзінде – ақ оқу материалын оқытудың
логикалық, ғылыми, пракиткалық әдістері мен тәсілдері анық көрінеді.
Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық
әрекет жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті.
Оқу әдістемелік құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты
дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол
сілтеуге және мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес
қосады.
Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің
сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының
іс-әрекетткерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен,
қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі
мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне,
шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.    Аренова А. Дербес оқу әрекетінің теориялық негіздері. А.Аренова.
Бастауыш мектеп. – 2001.-№4.- 22 б.
2.    Бекова Г. Шығармашылық ізденістер. Г.Бекова. Бастауыш мектеп.-
1996.- №2.- 24-28 б.
3.    Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. М.Балақаев.-
Алматы: Мектеп, 1989.- 43 –80 б.
4.    Баймуллина Ә. Зат есім сөздері.Ә.Баймуллина.Бастауыш мектеп.-1998.-
№3.-32-34 б.
5.    Выготский Л.С. Мышление и речь.Изобр. психолог.исследовании
Л.С.Выготский.- М.:АПНРСФСР, 1956.- 272 с.
6.    ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарын ойын арқылы меңгертудің жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстар
Оқытуды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Пәндер