ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

: Қазақ тілінің әдістемесі: июля 11, 2012

Ж. М. БУКЕНЕВА
ШҚО спортта дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаты, директордың оқу-тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары

Біздің баяндамамыздың тақырыбы «Қазақ тілі сабақтарында мультимедиалық технологияларды қолдану» (1 слайд) болғандықтан, ең бірінші, осы мультимедиалық технологиялар терминіне түсіндірме беруге тырысамын. Көптеген ғалымдар бұл терминді жан-жақты қарастырып, оған өздерінің анықтамаларын беріп жатыр. Біз осы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, өзіміздің көлемді ұғымымызды анықтадық.

Біздің ойымызша, қазақ тілі сабақтарында қолданылатын мультимедиалық технологиялар - қазақ тілін оқыту үдерісін қарқындадатын, үйренушінің белсенділігін жоғарылататын, аз уақыт ішінде мол дыбыстық, бейне, анимациялық тілдік материалды ұсына отырып, саралап-даралап оқытуға жағдай жасайтын, тілді меңгеру дәрежесін бақылауға мүмкіндік туғызатын, әр түрлі әдістерін салыстыруға мүмкіндік жасайтын, әмбебап және бағдарларламау қасиеттерге ие болған инновациялық технология (2 слайд) .

Бүгінгі таңда қазақ тілін меңгерту барысында бұл технологияларды оқыту үдерісіне енгізу - қазақ тілін жаңа тұрғыдан меңгерту болып табылады деп есептеміз (3 слайд) .

Қазақ тілін меңгертуде мультимедиалық технологияларды қолдану компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы жүзеге асады (4 слайд) . Қазіргі таңда тілдерді үйренуге арналған компьютерлік бағдарламалар баршылық. Оларды әдістемелік қолданысына қарай бірнеше түрге бөлуге болады: көрсетілімдік (тұсаукесер) бағдарламасы, жаттықтырушы (тренажер), ақпараттық-анықтамалық, тестілеу (бақылаушы), ойын бағдарламасы, аудармашы-сөздік, имитациялық бағдарламалар, интернет негізінде оқыту бағдарламасы, электрондық оқыту құралдары, мультимедиалық оқыту кешені (5 слайд) .

Қазақ тілінен компьютерлік өнімдерге сараптама жасай келе, электрондық, мультимедиалық оқыту кешендері ең дамыған сатысы деген тұжырым жасаймыз. Мультимедиа технологияларына негізделген бұл әзірлемелер білім беру жүйесінде оқушыларды, студенттерді, мемлекеттік қызметшілерді оқытуда, өздігінен білім алуда, қашықтықтан білім алуда дәстүрлі оқулықтармен қатар оқытуда сәтті қолданыс табуда. (6-26 слайд) .

Осы орайда, біздің басты мақсатымыз - оқу орындарында қазақ тілін оқытуда дайын электронды өнімдердің жетістіктерін есепке ала отырып, мультимедиалық технологияларды қолданып, компьютерлік оқыту бағдарламаларды әзірлеудің теориялық, әдістемелік мәселелерін терең саралау арқылы оны жетілдіре түсу деп ойлаймыз

Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, біз қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық бағдарламаларды (МБ) әзірлеп, оларды қазақ тілі сабақтарында сәтті қолданып, сынақтан өткіздік (27-28 слайд) .

Ең біріншіден, осы бағдарламалардың құрылымы мен мазмұнына тоқталайық. Бағдарламының құрылымы мен мазмұны сонау 50-жылдардан бастау алған бағдарламалап оқыту әдісі мен бәрімізге мәлім модульдік оқыту технологиясына негізделген. Бағдарламалап оқыту әдісі оқу әрекетін кезеңмен, шағын қадаммен ұйымдастыруды ұсынады. Қадам - келесі әрекетке көшу ережесіне сәйкес ақпараттарды алу мен өңдеу, бағалау үлестері. Қадам өзара байланыстағы үш тізбектен тұрады: ақпарат, кері байланыс әрекеттері, бақылау. Осы үш тізбектің байланысын өзіміздің жасаған бағдарламаларда қатаң түрде ескердік (29 -30 слайд) .

Модульдік оқыту технологиясына келетін болсақ, бағдарламар бір немесе бірнеше модульдан, үш деңгейлі блоктан тұрады: 1 блок - теориялық бөлім (грамматикалық анықтағыш) ; 2 блок - практикалық сабақтар. Сабақтардың тақырыптары аймақтық компонентті қамтиды, лексикасы мен грамматикасы байланысқан, оқылатын салаға бағытталған; 3 блок - бақылау тесттер (кіріспе, сабақ деңгейінде - ағымдағы, модуль деңгейінде - аралық, барлық деңгейде - қорытынды) (31 слайд) . Қосымша ретінде сөздік, грамматикалық анықтама, тыңдалым мен оқылымға арналған мәтіндер ұсынылған (32 слайд) .

Екіншіден, мультимедиалық өнімнің тиімділігіне тоқталайық. Қазақ тілін меңгертуде тіл үйренушінің белсенділігін жоғарылатады. Компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері білім беру тиімділігін арттыра түседі.

Бағдарлама тілдік оқу материалын - лексика мен грамматиканы беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, анимацияны, бейнетехниканының барлық мүмкіндіктерін пайдалану тіл үйренушіге ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар білімгерлердің оқу уәждемесін күшейтуге мүмкіндік береді. Тіл үйретудегі бағдарламалардың мультимедиа идеясы ақпаратты ұсынуда мәтіндердің бейне, дыбыстық сүйемелденуі, сапалы графикасы мен анимациясы адамның ақпаратты қабылдауының барлық арналарына әсер етеді. Білім алуда дұрыс шешім жасай білу өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады. Бұл бағдарламаның мультимедиа мүмкіндіктері білімгерлердің дербестігін дамытып, олардың жеке қабілетін ескеру арқылы әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға жағдай жасайды (33-42 слайд) .

Үшіншіден, тілді оқытуда мультимедиалық өнімнің ерекшелігі - оның қатысымдық, интерактивті бағыты. Білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, көру, сұхбат жасау, сөйлемдерді пернетақта арқылы жазу, тыңдау әрекеттері. Өз тәжірибемізде осы әзірленген электронды өнімдер арқылы тіл меңгертудегі оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыруда тиімді болатынына көз жеткіздік. Бұл әрекет көптеген жаттығулар арқылы іске асады(43-52 слайд) . Бағдарлама - тіл үйренушінің іс-әрекеттеріне жауап беріп, олардың әрқайсысымен диалогқа түсіп отырады. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ. Бағдарлама білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын, объективті көрсете алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Ақпараттық коммуникациялық технологияның бастауыш сыныпта маңызы
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Тілді жоғары мектепте оқытудың қазіргі заманғы әдістері (қашықтықтан оқыту, кейс технологиялары)
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz