Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
аДжакимбаева Үміт Абылғазықызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
№ 7 мектеп-лицейі
Семей қаласы

Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану

Дидактика саласындағы маңызды мәселелердің бірі – білім беруде ойын
технологиясын пайдалану болып отыр. Адамзат ойынның білімдік құндылығын
ертеден дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан
бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар
даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады.
Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік
ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үрдісінде
оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола
алады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып
өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Орта буын оқушыларын оқытуды жетілдірудің оқу белсенділігін арттырудың
маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігі
байқалады. Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу
керек,-деп жазады Ж.Аймауытов.
Дидактикалық материалдағы ойындар оқушыларының меңгеруіне қиындық
келтірген жағдайда мұғалім өз шығармашылығын пайдаланып, әр алуан ойындарды
құрастырады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілі сабағында ойынды тиімді
қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді.
Дайындық барысында мұғалім сабақта ойын элементін қолдану үшін мына
мәселелерді ескеруі тиіс.
Ойынның мақсаты. Оқушылар сабақта қандай іскерлік пен дағдыны игереді,
ойынның қандай тәрбиелік мақсаты көзделеді?
1. Ойынға қатысушылар саны
2. Ойында қолданылатын материалдар, әдебиеттер
3. Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?
4. Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын әсерлі, қызықты бола ма?
5. Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай бақылауға болады?
6. Ойын бұрын өткен сабақта қолданылған ба? Қандай жағдайда қолданылған?
7. Ойын қорытындысын хабарлау.
Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып,
білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын
барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы,
түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.
Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар: лексикалы-фонетикалық, грамматикалық
болып бөлінеді. Тілдік ойындардың бұлай бөлінуі шартты түрде ғана, себебі
фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру,
меңгерту мүмкін емес.
Лексикалы-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс
айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, интонацияны дұрыс қалыптастыру. Бұл ойын
сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында
оқушыларды меңгерген лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану,
сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі
түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар қолданылады.
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарының анық айтылуын оқушыларға меңгерту үшін,
мұғалім ойын үстінде тілдің орфоэпиялық, орфографиялық ережелерін де есепке
алуы керек. Мысалы, орфографиялық лотоны қолдану арқылы ілгерінді, кейінді
ықпал заңын, ерекше дыбыстардың айтылуын оқушылардың берік меңгеруіне ықпал
жасайды, оларды шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге үйретеді.
Орфографиялық лото үлгісі: бүг..н, жұм..с, кіта..ы, тара..ы.
Бұл қалай өзгерген ойыны қазақ тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын және
әріп түрінде жазылуын оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында
сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің
басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға тілі келмейтін оқушылармен жұмыс
жасағанда, халық ойындары жаңылтпаш, санамақтарды ұтымды пайдалануға
болады. Алдымен олардың жеңіл түрін, кейін біртіндеп күрделендіріп берген
өте тиімді.
Топтай біл ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,
заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтастыруға дағдыландырады.
Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін
көрсететін таблица және оған қажетті заттардың аттары жазылған жеке сөздік
карточкалары жасалады. Мысалы: Үй жануарлары мен жабайы аңдар тақырыбы
бойынша
1-қалта: Үй жануарларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Ойын элементтерін қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді пайдалану жолдары
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Семинар - тренингтің оқыту кезеңі
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру
Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Пәндер