ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 145 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

ТІЛ КОМИТЕТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Н. Ж. ҚҰРМАНОВА

ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

АСТАНА - 2007

Құрманова Н. Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. - Монография. - Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007 . - 160 бет.

Пікір жазушылар:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

C. Р. Рахметова

Қырғызстан Республикасы,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

А. О. Осмонкулов

ISBN

Қазақ тілін жаңа оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру - заман талабы. Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің ойлауын дамытудың сан салалы жолы бар. Монографияда қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту барысында тіл үйренушілердің лингвистикалық ойлауын дамыту, шығармашылық ойлауын дамыту, продуктивтік ойлауын дамытудың теориялық негіздері мен практикалық әдістері қарастырылады. Кітап осы саладағы ғалымдарға, ізденушілерге, студенттерге, мұғалімдер мен тіл үйретушілерге арналады.

ISBN

©Мемлекеттік тілді

жеделдете оқыту

республикалық орталығы

© Құрманова Н. Ж.

Кіріспе

Білім беруді Қазақстан Республикасы мен қазақ халқының даму жолындағы үлкен стратегиялық резерв, маңызды қор деп тану қазақ тілін оқыту процесі мен мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан келуді талап етеді. Жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді қажет деп атап көрсетеді және оқытудың жаңа технологияларының табиғатын терең танып, оларды оқыту процесіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқытудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді.

Соңғы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Лиссабон конвенциясы, Болондық меморандум сияқты білім беру саласында негізгі деп саналатын халықаралық «Білім беру - жалпыға» келісімдерге қосылды. Сонымен бірге, Қазақстанның Әлемдік Сауда Ұйымына (ВТО) қосылу мүмкіндіктері қарастырылуда. Орта мектептердегі білім беру барысы кең түрдегі ғылыми талқылауға түсіп, түрлі прогрессивті көзқарастар мен жетекшілік етер идеялар ұсынылып, оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына қызмет ететін жаңа технологиялар жасалуда. Онымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттар да қарастырылды. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаттарында «Білім беру» бөлімінде көрсетілді (1) . Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Білім Заңында (2) және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2003 жылғы даму Концепциясында» (3) білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің эканомикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Мұндай мақсатқа жетуде білім беру жүйесі, оның ішінде орта білім беру жүйесі үлкен орын алады. Үкіметіміздің елді дамытудағы перспективалық қызметі мен қазіргі мектепте білім беру арасында қайшылықтар пайда болып отырғанын қазіргі кезде мектеп жүйесін басқарушы органдар да, білім беру жүйесінде қызмет ететін әдіскер- ғалымдар да, мұғалімдер де, ата-аналар да айқын сезінуде.

Қазақстандық білім беру аясында бүгінгі күні вариативтік принцип кең орын алып отыр. Бұл принцип бойынша оқу орындары қандай оқыту технологиясын таңдауға да құқылы. Бұл-білім берудегі прогресс деп танылады. Мұндай мүмкіндікті оқушының дамуы үшін қолдануда мектеп ұжымдары, мұғалімдер жаңа оқыту технологияларымен терң таныс болып, олардың әрбірінің көздеген мақсатымен, идеясымен, бағытымен таныс болуы қажеттігі белгілі.

Жаңа оқыту технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру процесінің обьектісі емес, сол процеске қатысушы маңызды субьект деп санап, сол субьектінің ойлауы мен тілін дамытып, оқу барысында қалыптастырылған машық-дағдыларын, алған білімін өмірде қолдана алатын дәрежеге жеткізетін білім берудің жаңа технологияларын жасаушылар уақыт талабымен санаса отырып, келер заманның талабын айқындылықпен болжап отыруы тиіс. Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту теориясы өз бастауын И. Г. Песталоцци, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин еңбектерінен алады. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л. С. Выготский есімімен байланысты қалыптасты. Осы ретте Л. С. Выготский идеясын әдіснамалық, дидактикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыдан дамытқан Л. В. Занков, Д. В. Эльконин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин, З. И. Калмыкова, В. В. Репкин, Г. К. Селевко, Г. А. Цукерман, В. Д. Шадриков, И. С. Якиманская, Н. Ф. Талызина, Н. В. Кузьмина, М. М. Мукомбаева, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. П. Беспалько, Е. Н. Кабанова- Меллер, Р. Бернс, В. С. Виблер, Н. Н. Верницкая, Ю. А. Грибов, С. И. Архангельский, А. В. Мудрик, В. А. Сластенин, Б. Т. Лихачев, В. В. Гузеев, В. И. Загвязинский, Н. М. Зверев, М. В. Кларин, В. М. Монахов, В. Ю. Питюков, П. И. Третьяков, Т. И. Шамова, Эрдниев, Н. А. Менчинская, В. П. Лебедева, М. Қараев, М. М. Жанпейісова т. б. ғылымдарды атаймыз. Қазіргі қазақстандық мектептердегі дәстүрлі білім беру жүйесінің оқушының ойлауы мен өзіндік шешімдер қабылдауда, осынау күрмеуі тым күрделеніп бара жатқан өмірде өзінің алған білім қорын қолдана алуында қажетті машық-дағдыларды дұрыс қалыптастыра алмай отырғандығы, он-он бір жыл мектепте өткерген білімінің тұтас дүниетанымдық құралға айналмауы-білім беру жүйесінің кемшін тұсынын молайып бара жатқанын, сонысымен де жаңа заман ағымына үйлесе алмайтындығын айқын дәлелдеп отыр.

Қазақстандық мектептердің, оның ішінде қазақ мектептерінің басынан кешіп отырған осындай күйінің бір қырын зерттеу және қазақ мектебінде қазақ тілінің синтаксис саласын (сөз тіркесін) дамыта оқыту арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту негізінде оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту негізінде оқушылардың теориялық санасы мен ойлауын қалыптастыру, дамыту-жұмысымыздың зерттеу мақсатын танытады.

Дамыта оқыту технологиясының болмысы

Педагогикалық технология ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына тұрақты еніп болды . «Педагогикалық технология» деген ұғымның эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы кезең -ғасырдың 40-50 жылдарын қамтиды. Мұнда «Білім беру технологиясы» термині, негінен, оқыту барысында қолданылатын көру-есту құралдарын білдірді. Екінші кезең - осы ғасырдың 50-60 жылдары десе болады. Бұл кезеңдегі «білім беру технологияы» дегеніміз программалап оқытуды танытатын еді. Үшінші кезең - ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала Айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін болды. Төртінші кезең - ғасырдың 80 жылдарынан бастап, осы кездегі «білім беру технологиясы» дегеніміз оқыту процесінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдалану барысын танытады (4) .

«Педагогикалық технология» терминінің мағынасының қазіргі кезде дамып, кеңейіп отырғанын мына дәлелдер арқылы көре аламыз. Біріншіден, «педагогикалық технология» деп, техникалық құралдарды оқыту процесінде қолдану мүмкіншіліктері айтылады. Екіншіден, «педагогикалық технология» деп, оқыту процесінің өзін жүйе ретінде құру мен басқару, диагностикалық мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру барысында танылады. Біздің ұстанатын бағытымыз- осы соңғы айтылғанмен тығыз байланысты. Бұлбағыттың ерекшелігі сонда, мұның түпнегізі-оқыту процесінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп тану және нақты оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді. Бұл жерде білім берудің екіжақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып, жүйеленуі тиіс. Оның бір жағы- берілетін білім мазмұнының теориялық деңгейде оқу мақсатына лайық жүйеленуі болса, екінші жағы- соны оқыту процесін жүйелеп тану болмақ. Осымен де байланысты, сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясы, негізінен, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов ұсынған дамыта оқыту технологиясын басты нысана етіп ұстанады(5) .

Дамыта оқыту- шынайы өмірдегі, болмыстағы д а м у ды ң заңдылықтарын негіз етіп алатын процесс. «Даму- мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың дамуболатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында . . . қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы (бағытталған), яғни басталуы мен аяқталуы бар әртүрлі заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысыретінде өмір сүреді . . . Органикалық емес жүйенің, жануарлар дүниесінің, қоғамның дамуы диалектиканың жалпы заңдарына бағынады. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді» (6) .

Дамыта оқыту технологиясының негізінде теориялық білім басты орында болуы керек деген болжам жатыр. Оқушының біліктілігін (интелект) қалыптастыруда теориялық білім мен соны оқыту барысында мазмұндық топтастыру жасай алу қабілетін дамыту үлкен орынға ие бола алады. Яғни, оқушының оқу процесі, дәстүрлі оқытудағы эмпирикалық- индуктивтік типтен қызығушылығын дамытып отыратын теориялық- дедуктивтік типке қарай өседі. Олай болу үшін, осы мақсатқа сәйкестендіріліп арнайы жасалған білім мазмұны болуы керек және ол білім мазмұнын оқытуды дәстүрліден тыс арнайы әдістер арқылы ұйымдастырылуы керек. Соның негізінде ғана оқушылардың теориялық ойлауы дамиды. Осылай ұйымдастырылған оқыту процесі арқылы оқушыларға тек жалаң білім мазмұны хабарланбайды, оның есесіне, оқушылардың мазмұндық топтастырулар жасау қабілетін дамытатын әдістер арнайы жүйеленеді.

Дамыта оқыту технологиясында оқушыға жаңа ғылыми ұғымды меңгерту мынадай кезеңдерге бөлінеді: 1) мұғалім жаңа лингвистикалық жағдайлар жасап, соны таныстырады, соған бағытталған міндеттерді шешу керектігін белгілейді; 2) берілген лингвистикалық материалға түрше өзгерту, өңдеу жасалады, соның негізінде оқушы осы лингвистикалық материалдың бойындағы маңызды, негізгі белгілерді анықтайды; 3) танылған жаңа байланыстар мен қатынастарды ерекше таңбалармен ( алдын ала келісілген таңбамен) модельдейді; 4) алдыңғы кезекте алға қойылған міндетті шешуге қажетті болып тұрған негізгі байланыстар мен қатынастарға жалпы сипаттама беріп, олардың қандай заңдылықтарға бағынатынын анықтайды. В. В. Давыдовтың айтуынша, оның осы ұсынып отырған технологиясы оқушының ақыл-ойын дамытуда жайлы мүмкіндіктерді мол-мол танып танытып береді(7) .

Дамыта оқыту технологиясының жалпы болмысы мынадай белгілермен танылады:

. жалпы педагогикалық қолданысқа негізделген оқыту жүйесі;

. Сциентистік яғни мәдениет жүйесіндегі, қоғамның өміріндегі ғылымның рөлін . Абсолюттендіруге негізделген оқыту жүйесі;

. Антропоцентристік, яғни адам- субьект, ал бүкіл әлем адам үшін обьект деген дүниетанымдық концепцияға негізделген оқыту жүйесі;

. Психогендік, яғни адам - өзін-өзі басқарушы жүйе, даму процесі өзіндік реттеу мен өзіндік басқаруға мұқтаж деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;

. Дамытушы, яғни адамның организімінде, психикасында, интеллектінде және рухани дүниесінде ішкі және сыртқы факторларға, басқаруға келетін және басқаруға келиейтін факторларға байланысты болатын сандық және сапалық өзгеру процесі деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;

. Операциялық ой- машықтары- ақыл- ой тәсілдері, яғни теориялық ұғымның мағынасын осы ұғымды қалыптастыру, қолдану және тексеру кезінде пайдаланатын операцияларды сипаттау арқылы ғана анықтауға болады деген операционалдық талдау жасауға (8) негізделген оқыту жүйесі;

. Оқытушы, светская, жалпы білім беруші, ізгіліктендіруші оқыту жүйесі;

. Кластық-сабақтық, топтық, дифиренциалдық оқыту формасына негізделген технология;

. Оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығына негізделген педагогикалық жүйе;

. Дамытушы, яғни диалектиканың, логиканың, таным теориясының әдістерін қолдануға негізделген оқыту жүйесі;

. Альтернативтік оқыту жүйесі;

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясында ұстанатын негізгі мақсат:-сөз тіркесін оқыта отырып оқушының теориялық санасы мен ақыл- ойын, теориялық ойлауы мен сөйлеуін дамыту;

  • сөз тіркесін оқыту барысында негізгі нысан болып оқушыларға сөз тіркесі туралы жаңа лингвистикалық білім мазмұнын хабарлау емес, ақыл-ой әрекеттерін үйрету;
  • сөз тіркесін оқыту процесін ғылыми таным логикасын жаңғырықтыра отырып жүргізу.

Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының басты болжамы:

  • бастауыш және орта клас оқушыларына сөз тіркесін ғылыми түрде негізделген сабақтастықпен оқытса, оқушылардың білім алудағы әлі де танылмай, дәстүрлі мектепте қолданылмай жатқан танымдық мүмкіншіліктерін іске қосуға болады;
  • оқушылардың ақыл- ойын дамыту мүмкіншіліктерді оқыту процесінің танылмай жатқан, қолданылмай жатқан мүмкіншіліктерінде жатыр, соларды сабақта жүзеге асыру арқылы оқушыны дамытуға болады;
  • сөз тіркесі туралы лингвистикалық материал мазмұны түбегейлі қайта сипаттап, соның негізінде сөз тіркесі туралы оқу материалын іріктеп және оны ОМЛС-тан өткізу арқылы мектепте сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнының теориялық құндылығын арттыруға болады; теориялық құнарлығы арттырылған оқу материалы оқушының меңгеруі барысында ақыл-ой қызметін дамытып, ой операцияларын тиімділікпен үйренуіне, дағды етуіне мұрындық болады.

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының мазмұндық ерекшеліктері:

. сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясын арнайы ұйымдастырғанда, негізгі ұстанатын принцип- оқушының сөз тіркесін генетикалық, теориялық негізгі қасиеттері мен заңдылықтары тұрғысынан меңгеруін мүмкін ететін білім мазмұны мен әдістерді лингвистика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып модельдеу;

. сөз тіркесі туралы білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру, дәстүрлі оқыту жүйесіндегі эмпирикалық деңгейден ғылыми ұғымдар жасауға үйрететін мүмкіндіктерін қалыптастыру арқылы сананың жоғары деңгейіне- теориялық деңгейге көтеру.

Сөз тіркесінен берілетін теориялық білім ерекшеліктері: сөз тіркесін дамыта оқыту арқылы оқытудағы дамытушылық сипаты сөз тіркесінің лингвистикалық негізін жаңаша сипаттап, сөз тіркесінің модельдер жүйесін жасаумен танылады. Автордың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық сипаты және оны талдау жолдары» атты зеттеу кітабы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнының жаңа болмысын жасауға талпынысы болып табылады. Егер, эмпирикалық білім мазмұны оқушыларға сөз тіркесінің сыртқы белгілерін танытумен шектелетін болса, аталған кітапта сөз тіркесінің басты қасиеттері туралы ғылыми ұғым жасауға қажетті терең синтаксистік талдау үлгілері беріліп, теориялық білім мазмұны жасалды дей аламыз.

Сөз тіркесінен берілетін теориялық білімнің негізін құраушы-мазмұндық топтастырулар болып саналады. Мазмұндық топтастырулар дегеніміз:

  • сөз тіркесі туралы лингвистикалық мәліметтердің ішіндегі сөз тіркесінің жасалу, өзгеру, даму барысын көрсететін септік-салдарлық байланыстар мен қатынастардың білдіретін неғұрлым жалпы ұғымдар, түпнегізде жататын генетикалық заңдылықтар, категориялар:
  • сыртқы, нақты-заттық белгілер арқылы емес, ішкі байланыстар арқылы жасалатын ұғымдар;
  • дерексіз (абстракты) обьектілермен ой операцияларын жасау арқылы алынатын теориялық модельдер.

Сөз тіркесін оқытуда жасалатын мазмұндық топтастырулар дегеніміз- сөз тіркесін тек сыртқы түріне қарап, сырт белгілерін санамалап танып-білу емес, оның сырт көзге жасырын болғанымен осы сыртқы болмысты бар етіп тұрған ішкі өзара байланыстар мен қатынастарын танып-білу, ішкі даму процесінің қарама-қайшылығын танып білу.

Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының дидактикалық құрылымында басты орын мазмұндық топтастырулар негізінде жасалатын дедукцияға беріледі. В. В. Давыдов ақыл-ой қызметі тәсілдері мен ойлаудың тәсілдері эмпирикалық және саналы немесе диалектикалық деп бөле қарастырады (9) . Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының дамытушылық болмысының мазмұны теориялық ойлаудың логикасына негізделіп құрылды. Мұнда жетекші орын теориялық мазмұндық топтастырулар жасау мен дедукцияға, мазмұндық рефлексияға беріледі.

Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының басты ерекшелігі. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының концепциясы сөз тіркесін танытуда тек «сөз тіркесі» деген сырт белгілер арқылы жасалатын қарапайым ұғымға емес, теориялық деңгейге жетуге жол салатын теориялық ұғымға жетуге негізделеді. Сөз тіркесін осындай бағыттағы мақсатпен оқыту қызметінің белгілері мынадай етіп жинақтауға болады:

  • оқушыда «танып-білсем» деген қызығушылығы мен таным құштарлығын ояту, дамыту;
  • сөз тіркесін дәстүрлі түрде оқытуда еш қиындық та, терң талаптар да жоқ сияқты болып жүргені белгілі. Ал бұл технологияның мақсатында оқушыда «сөз тіркесі- тіл жүйесінің маңызды бір элементі болғандықтан, оның табиғатын танып-білу арқылы жалпы тілдің заңдылықтарын тануға болады. Сөз тіркесі- түрлі байланыстар мен қатынастардан тұратын, өзгеру мен даму арқылы түрлі сипатқа ие болатын тіл бірлігі» деген ұғым қалыптастыратын, оқушының өзі теориялық әдістерді саналылықпен қолдана отырып, сөз тіркесінің түрлі трансформациялық болмысын тәжірибе арқылы дәлелдей алатын машық-дағдылар қалыптастыру;
  • оқушы ғылыми обьектілерді тануда өз бетімен таным мақсатын қоя алатын, өзінің таным қызметін жоспарлай алатын, мақсатын жүзеге асыра алатын, қолы жеткен нәтижесіне өзі баға бере алатын деңгейге өсуі керек;
  • оқушы сөз тіркесін теориялық деңгейде оқып-білуі барысында теориялық білім, машық, дағдыларға ие болып, ақыл-ой қызметінің терең талдаулар жасау мүмкіндіктерін игеруі тиіс.
  • оқушы өзі терең талдау үлгілерін үйреніп, жасай алатын сәтті- осы заңдылықты таныған ғылымның ізін қайталап өтетін болуы керек, ол процесс мұғалімнің басшылығымен өтсе де, негізгі таным қызметін оқушы орындайды;
  • оқушы өзінің танып-білген заңдылығын өзі ереже түрінде жинақтап, соның дұрыс не дұрыс емес болып жасалғандығына өзі сыни көзқараспен қарай латын болуы қажет. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының рефлексивтік сипаты осылай танылады. Сөйтіп, сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясының дамытушылық қасиеті мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы танылып отыр. Мұнда оқушы сөз тіркесі туралы білім мазмұнының түпнегізін өзіндік мақсаттар қою арқылы және сөз тіркесінің ішкі байланыстары мен қатынастарын, содан туындайтын жалпы заңдылықтарды түрлі өзгерістер мен дамулар нәтижесінде меңгеруі басты нысан болып саналады.

Сөз тіркесі туралы білім мазмұнының проблемалық желімен берілу ерекшелігі туралы мынаны айта аламыз. Сөз тіркесі туралы білім мазмұнын мұғалім тек жай хабарлау, баяндау арқылы меңгерте алмайды. Сөз тіркесі туралы әрбір заңдылық - ғылымның осыған дейін танылып болған белгілі бір жетістігі болғанымен, оқушының таным процесі ол заңдылықты өзі үшін ғана, енді ғана ашып отырғандықтан, сол ғылыми ізденіс пен ғылыми жаңалықтың жолын танушы ғана емес, оған қатысып отырғандықтан, қатысушы да болып саналады.

Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту технологиясындағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау әдістері үлкен орын алады. Ол жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі- сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту міндетін шешуге арналған үлкен негіз болып табылады. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту үшін жаттығулардың бірнеше деңгей жасалып, әр деңгейдің ерекшеліктері сипатталды. Ол төменгі бөлімде толық берілді. Бұл жерде тоқталмағымыз-оқушы сөз тіркесін теориялық деңгейде меңгеру үшін жаттығуларды қандай әрекеттерді жүзеге асыру арқылы орындай алатындығын сипаттап өту.

Ғалымдардың айтуына сүйене отырып, дамыта оқыту процесінде оқушы орындайтын оқу-танымдық әрекеттердің мынадай түрлерін жүйеледік:

. оқушының сөз тіркесін танып-білудегі әрекеттерінің міндетін мұғалім арқылы анықтауы;

. оқушының сөз тіркесін танып-білу міндетін өз бетімен анықтауы;

. оқушының сөз тіркесінің түрлі сипат белгілеріне байланысты жаттығулар талаптарын өзгерте отырып. сөз тіркесі туралы жалпы заңдылықтарды іздеп табуы;

. сөз тіркесінің символдық әріптер арқылы құрылымдық-мағыналық моделін жасауы;

. сөз тіркесінің ішкі байланыстары мен қатынастарын графикалық модельдеуі;

. сөз тіркесінің белгілі бір моделін трансформациялау арқылы келесі модельге өзгертуі (секретарда құлақ екеу болса- секретардың құлағы екеу болса) ;

. жаттығулардың сипатына байланысты жүйелік заңдалықты анықтау;

. әрбір алдыңғы орындап өткен жаттығу не тапсырмаларын бақылап отыру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
Ағылшын тілін саралап оқыту әдісі
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту
Сатылай оқыту технологиясы
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Инклюзивтібілім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйрету
Қазақ облыстарының автономиясы
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz