Бастауыш сыныпта қазақ тілін (ана тілін) оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын қолдану
Бастауыш сыныпта қазақ тілін (ана тілін) оқыту барысында дамыта оқыту
технологиясын қолдану.
1.1.Бастауыш мектепте ана тілі сабағын дамыта оқытудың құрылымы.
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі
өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа
талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы.
Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз
байланысты.
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-оқыту болса,
кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады.Ал оқыту мен дамыту өз
алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер
етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:
1) Оқытудың даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше
: бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму
заңдылығына сүйенеміз.
2) Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХ-ғасырда бұл
теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
С.Л,Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.
Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып,
жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық
технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның
дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.
Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың
қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту
үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана
білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас
жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат -
міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне,
осындай жүйелер арқылы ''өзіндік даму'' жүзеге асады. Соның негізінде
өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу
жүйелері қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің
дамуына бағытталады. Выготский [29]: ''Педагогика бала дамуының ертеңгі
емес, кешегі күніне сүйену керек'', - деген. Осыған орай ол бала дамуының
екі деңгейін анықтады:
1)Өзекті даму деңгейі-бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай
алатын іс-әрекеттер.
2)Жақын даму аймағы- бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай
алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін
өз бетінше қолдануға, өзіндік танымын танытуға дағдыланады.Г.К.Селевко[38]
өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.
1)''Теория'' өзін-өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп
бағдарламасына енгізілген.
2)''Практика''- өзін-өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-
әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.
3)''Әдістеме''-ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі
мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.
Осы үш бөлікті бір жүйеге келтіріп, мектептерде өзін жетілдіру
сабақтарын жүргізуге болады. Өзіндік дамыта оқытудағы негізгі мақсат: жеке
тұлғаның өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі басқара алатын механизм құрып,
адамгершілік-танымдық қасиеттерін дамыту.
Бұл оқыту барысында мұғалім ұстанымы : дос, көп нәрсені білетін, терең
білімді ақылшы.
Оқушы ұстанымы: өзі анықтап, еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет ету,
өзіндік дамыта оқыту технологиясында баланың өзін-өзі тануын ұйымдастыруға
мұғалімнің жоғары педагогикалық руханилығын керек етеді, оның балаға деген
сүйіспеншілігі, ''мұғалім'' мен ''оқушы'' арасындағы сенім мен оның ішкі
әлемін танып білуге, жеке қасиеттері мен мінезін ашуға мүмкіндік береді.
Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұстанған
тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі.
Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін
мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі-
шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.
Дамытып оқыту-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту,
яғни олардың ой-өрісін дамыту өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және
оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті- ''Ең таяу даму
зонасын'' жасау.
Таным - қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри,
Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.)
тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына
төмендегіге саяды.
1.Таным қабілетінің дамуы-бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2.Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтың ролі
3.Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4.Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі,
білімдарлығы оқушылардың таным іс- әрекетін дамытудың шешуші құралдарының
бірі.
Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта
дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау,
тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті
сабақта оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын
арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру,
дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға
беруге дағдыланады.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық
және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр
кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру
мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей
бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта
мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушыларға білім
берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын
негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру,
оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар
жасалды.Оларды инновациялық процесс, немесе педагогикалық
жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.
Инноватика ұғымының мәні, латыннан аударғанда жаңарту, өзгерту
мағынасын береді.Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар,
оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен
тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып
табылады.
Француз ғалымы Э. Брансуик педагогикалық жаңалықтардың үш
мүмкін түрін бөліп қарайды.
1 Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған
білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе.
Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.
2 Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен
ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген
идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін
құрайды.
3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану
жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы өмірдің әр саласында
өзгерістер енгізді, ал олар білім беру жүйесінде де
бейнеленді.
Мектеп қандай болуы тиіс? Мұғалім ше? Оқушы мен оқытудың
негізгі құралы болған оқулықтар ше? Сондықтан да Қазақстан
Республикасындағы білім жүйесін реформалаудың базистік негізі
жасалынып, мектептерде оқытудың сапасын жақсартуға аса көңіл
бөлінуде. Осы тұрғыдан бүгінгі күнде оқыту жүйесіне әр түрлі
жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде.
Педагогикалық технология ұғымын алдыңғы қатарлы педагог -
ғалымдарымыз келесідегідей сипаттайды.
Педагогикалық технология-бұл оқыту процесін ұйымдастырудың
мазмұнды техникасы. (В. П. Беспалько)
Педагогикалық технология-мұғалімнің профессионалдық қызметін
жаңалап жоспарланған нәтижені беретін әрекеттер
жиынтығы. ( В. М. Монахов)
Педагогикалық технология-бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті. (М.В. Кларин)
Педагогикалық технология-арнайы лайықталған әдістер, амалдар,
тәрбие құралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы.
(Б.Т. Лихачев)
Енді педагогикалық технология терминінің мәнін ашайық.
Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын дамыту мен
білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-
әрекеттін жүйелі дамып отыратын жобасы.
Сабақтарда оқытудың әр түрлі технологиясын қолдануға
болады. Әсіресе, оқушыларымыздың қабілеттеріне, мұғалімдеріміздің
әзірлігіне қарай, ұрпағымыз ел мақтанына айналып, болашақ ел тірегі
болу үшін, жан-жақты, терең білім беру мақсатында даралап,
саралап оқыту, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы
оқыту, оқытудың модульдік, оқытудың компьютерлік технологияларымен
жұмыс жүргізіп, қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л.С.Выготский, Л.В.
Занков, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) пікірінше, бұл технология жеке
тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған жүйе. Оның
нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
Осыған орай оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Өйткені, сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.
Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша - бала білімді тәжірибе
арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімінің,
шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін ол жолдан балалар қиналмай оңай өту
үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты
әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру
керек.
Профессор Л.Г.Лембергтің пікірінше оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмыстың
мақсатын айқын түсінуі, жұмыстың оқушылардың өз еркімен, қалауымен
орындауын көздеу керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің
нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың
уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара
байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен істеуі және т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері
жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын
жұмыстары жатады.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай,
олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік
дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның
белсенділігін арттырады.
Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттырып, өз
бетімен жұмыс істей білуін , ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.
Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін пайдаланып,
оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы
іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу
материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру-оқыту
үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы ''мұғалім әдісті көп білуге тырысу
керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек '', -
деп атап кеткендей, оқушыны дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей
отырып, оқушының білім-біліктілігін , дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу
қабілетін дамыту қажет. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын
пән-ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Айтмауытов былай деді:
''Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән-
ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну
мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы:
өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық
толқындарының тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол
халықтың тілі. Ана тілін үйрену- сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру
заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар бала тілдің сансыз көп
ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын
да меңгереді.''
Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы -ұстаздың ана
тілі пәнінің алдына қойған мақсатынан мынадай міндеттер туындайды:
- оқушылардың оқу дағыдысын жетілдіру және қалыптастыру;
- көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
- ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (оның ойын еркін жеткізу,
сауатын да мәнді түсінікті жаза білу) дамыту;
- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
- оқушылардың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік
сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті-оқу материалын оқушыға дайын
күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра
отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін,
жолдарын іздестіру.
Дәстүрлік әдістеме мен дамыта оқыту әдістемесінің ерекшелігі әсіресе,
шығарма жазу жұмысынан ерекше көрінеді.
Әлі күнге дейін мұғалімдер тәжірибесінде шығарманы тек оқыту объектісі
ретінде қарастыру орын алды, яғни қарапайым оқыту, үйрету үрдісімен тең
саналып келеді.
Шығарма жазуда оған ұжым болып дайындалу басты рөл атқарады. Мұнда
жалпы жоспарды құру, әрбір тарауының мазмұнын талқылау, жазылатын мәтінді
ауызша құру, тақтаға қиын сөздердің жазылуын талдау және тағы басқа аталған
жұмыс түрлері атқарылғаннан кейін ғана дәптерге дайын жұмысты жазуға
кіріседі. Соның нәтижесінде оқушыға тек жаңа ғана ауызша айтылып,
талқыланғанды ғана қағаз бетіне түсіру ғана қалады.
Бұндай біржақты жұмыс шығарма жазуды қазақ тілі сабағынан жаттығу
орындау сияқты қабылдауға душар етеді және бұл оқушының қиялын, сезімін,
ойын жеткізе білмеуіне әкеп соқтырады.
Л.В.Занков балалар шығармасын баланың сыныпқа, мұғалімге өз ойын,
әсерін, пікірін, сезімін жеткізе білу деп қарастырады. Автордың пікірінше,
онда табиғаттың әсем сұлулығы, адамның жан сұлулығы, оның еңбектеріндегі,
қарым-қатынасындағы адамгершілік қасиеттері көрінеді және тәрбиеленеді.
Сол себепті де ол бала шығармасының құндылығын ақыл ойының ұшқырлығымен,
сезімін жеткізу дәрежесімен және жаңа бір құбылысты, жағдайды қабылдау,
сезу жаңалығымен өлшейді.
Дәстүрлі тәсілмен шығарма жаздырту оқушылардың мүмкіндіктерінің көрінуіне
толық жағдай бермейтіндігіне және мазмұнының, сапасының төмендегі жөнінде
жиі айтылып жүр. Сол себепті де шығарманың орнына диктант, мазмұндама жазу
жұмысы кең орын алып келуі біз үшін жаңалық емес.
Л.В.Занковтың зерттеуінше, шығарманы жазуды меңгеру үшін олардың жалпы
дамуында ілгері басушылық болуы қажет.
Сөйтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде
жазылған шығармасын ұйымдастыру үшін екі топтағы шарттар қажет.
Біріншісі - оқушының толық дамуын қамтамасыз ететін дидактикалық
шартты орындалуын талап етеді.
Екінші шарты- әдістемелік мазмұнында. Ол оқушылардың грамматикалық,
стилистикалық дағдыларды меңгеруді, шығарма тақырыптарын анықтауды және
солармен жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.
Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сондықтан да әрбір жаңа
тақырып - бұл жаңа мазмұн.
Автор өз зерттеуінде тақырыптың екі негізгі тобын анықтайды: өнімсіз
және шығармашылық.
Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың
ашылуын немесе белгілі оқу пәні бойынша қарастырады.
Мысалы, ''Қоян туралы мен не білемін?'' тақырыбында шығарма жазу да
қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.
Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін ''Қояндар суда өмір сүре ала ма?''
тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы
білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап
беру үшін оқушы тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын,
ортасы мен оның тамақтану қабілетін байланыстыра қарастырады.
Бұл жұмыста оқушы қоян туралы бар білетініне сүйене отырып, салыстыру,
дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни шығармашылық
бағытта жұмыстануы қажет болады.
Аталған жұмыс түрлері бастауыш мектеп оқушыларына ешқандай қиындық
келтірмейді.
Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі
деңгейдегі жұмыстар болуы мүмкін.
Мысалы, оқушы "Қояндар суда өмір сүре ала ма?", "Қасқыр мен мысықтың
арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?" деген тақырыпта шығарма жазуда
бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашуға жұмыстанады.
Сондай-ақ әртүрлі пәндер арасындағы байланысты ашуға көмектеседі.
Мысалы, математика пәнімен дүниетану немесе сурет, ән-күй сабақтарының
арасындағы материалдарға негізделген болуы мүмкін.
Ал "Тіл адамдарға не үшін қажет?", "Менің айналамдағы орта,"
Жақсылық, мырзалық деген не?ң деген тақырыптардағы шығармалар оқушыдан
жоғары дәрежедегі ақыл-ой белсенділігін, яғни бар мағлұмат, деректерін,
білімдерін сұрыптай отырып өз тәжірибелеріне, бақылауларына сүйену
негізінде баяндауларын талап етеді.
Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі
мәселелер:
біріншіден, олардың мазмұнының оқушы білімі мен тәжірибесіне сай
келуі;
екіншіден, тақырып таңдауда еркіндік беру, өйткені оқушыға қай тақырып
жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады.
Шығарманың тақырыптары оқушыларға өздерінің жақсы білетін жақтарын
ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса
қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беруі тиіс.
Мысалы: "Мысық пен күшік ," "Аңдар орманда қалай қыстайды?", "Адамның
жүйке жүйесі" сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің
көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық
ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.
Автордың пікірінше, өнімсіз және шығармашылық тақырыптарды өзара
байланыстыра отырып, қолданған тиімді. Себебі, өнімсіз тақырыптар
шығарманың жоспарын құру, керекті материалды қатаң іріктеу, баяндау тәсілін
сақтау сияқты қажет дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар
есебінде жұмсалады.
Ал шығармашылық тақырыптар ең негізгіні және бастыны - өз ойын, әр
саладағы білімді өзара байланыстыра отырып, қолдануға, сондай-ақ белгілі
деректер, құбылыстар бойынша қорытынды жасауға, ізденуге үйретеді.
Оқушылардың жеке қабілетін дамытуда көркем әдебиет жанрын, шығарма
мазмұнын таңдауда үлкен еркіндік беру өте тиімді. Бұл бағытта мысалы,
''Ормандағы көктем'' атты тақырыпты алуға болады. Бұны оқушылар ертегі
жанры, ғылыми-публицистикалық мақала және көркем әңгіме есебінде аша
біледі.
Автордың көзқарасынша, шығармашылық бағыттағы жұмыстың жалпы
тақырыбының өзі оқушыларды қызықтыратындай, олардың көңіл-күйін
көтеретіндей болуы тиіс.
Сонымен қатар ең алдымен, оқушының ақыл-ойына әсер ете отырып, кез-келген
затқа сын көзбен қарай білуге , бағалай білуге үйрету негізінде оның ішкі
жан дүниесіне , сезіміне де әсер етіп, қозғауы қажет.
Жүргізілген зерттеу бойынша балалар әсіресе ертегілер жанрындағы
''Бұлт пен күн туралы ертегі'', ''Жер бетіндегі жел туралы ертегі'' және
сұрақ түрінде берілген ''Ертегі адамдарға не үшін керек?'', ''Ағаштар
неліктен өседі?'', ''Ойыншықтар адамдар үшін неге керек?'' сияқты
тақырыптарды өте қызыға орындайды.
Дамыта оқыту жүйесіне құрылған әдеби шығармашылық жұмыстардың басты
құндылығы - мектепте және мектептен тыс алатын білімін бекіте білуге,
жалпылай отырып, қорытындылауға үйретуі.
Оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерін
белсенді ету мұғалімнің алдына проблемалық оқыту ісін ұйымдастыруды
міндеттейді. Алдымен проблемалық оқыту деген не, соның басын ашып алайық.
Кейбір зерттеуші - ғалымдар (И.Я.Лернер, И.И.Махмутов) [19]
проблемалық оқытуды әдіс ретінде қарастырады. Ал педагог-ғалымдар
И.Н.Скаткин, Т.А.Ильина ''проблемалық оқыту - танымдық әрекетті
ұйымдастыруға қойылатын талап'' деген пікір айтады. Олар проблемалық оқыту
басқа да әдістер арқылы іске асатындықтан, ол өз алдына жеке әдіс немесе
оқытудың басым жүйесі болуы мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Біз осы
соңғы пікірді басшылыққа ала отырып, проблемалық оқытуды ана тілі
сабақтарында ұйымдастыру жолдары туралы тоқталып кетейік.
Проблемалық оқытуда көзделетін мақсат-оқушыларға білім даяр түрде
берілмей, мұғалімнің өзі баяндап бермей олардың алдына жұмбақ түріндегі
міндет қойып, оны оқушылардың өздері шешуін басқару. Проблемалық принцип
оқушылардың ойлауына және көбінесе қиялына негізделеді, яғни ойлау
проблемалық сұрақтан немесе міндеттен басталады.
Ана тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, оны
жаңа білімді хабарлау сабақтары, қайталау сабақтары, білік пен дағдыны
қалыптастыру, бақылау , аралас сабақтар, экскурсия сабақтары сияқты түрлері
бар екені белгілі. Проблемалық оқыту әрекетін осы сабақтардың әр кезеңінде
дербес жұмыстар ұйымдастырып, жұмбақ түріндегі міндет қойып, оны талдап
және шешіп отыру барысында ішінара іске асыруға болады. Алайда проблемалық
оқыту әрекетін сабақ сайын толық және үнемі іске асырып отыру мүмкін емес.
Бұл үшін сабақтың құрылымын және оның элементтерінің мазмұнын ойластырып,
жан-жақты қарастыру керек. Ана тілі бойынша проблемалық оқыту әрекетін
ұйымдастыру проблемалық әңгіме арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай әңгіме
кезінде мұғалім жағдайды әңгімелеу арқылы жұмбақ міндет туғызады. Оқушылар
оның шешуін табады, одан әрі осы жұмбақ мәтінде қалай шешілгені оны оқу
арқылы анықталады. Мысалы, І бөлімде ''Ыстық қой, шіркін туған жер!'' деген
мәтін бар. Оны оқымас бұрын дайындық кезінде оқушыларды ойланту, оларда
елес туғызу мақсатымен осы тақырыпты сұрақ түрінде сынып алдына қояды.
Олар әртүрлі жауап беруі мүмкін. Одан әрі осы жұмбақтың шешуі мәтінде қалай
берілгені оқу арқылы іске асырылады.
Проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру сұрақ қою арқылы да іске
асырылады. Мұнда қойылған сұрақ оған нақты жауап беретіндей болмай, оның
жауабы бірнеше нұсқада шешілу жағына назар аудару керек. Мұндай проблемалық
сұрақтардың мақсаты- оқушылардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын
дамыту, оқулықта осындай мақсаттағы сұрақ, тапсырмаларды әр мәтіннің
соңынан кездестіруге болады. Мысалы, ''Адам болам десеңіз'' бөлімін
қорытындылаудағы мына тапсырмалар проблемалық міндет туғызады деп
есептейміз. ''...Арада бес-алты ай өтті. Бөртеге ай сияқты айналма мүйіз
шығып, құлжа болды. Енді әлгі тірсектен тістегіш шәуілдектер Бөртені көрсе,
құйрықтарын қысып, өздері қашатын болды. Ал батырсынған итті жас арқар
шегіншектеп тұрып мүйізімен періп жібергенде, шәуілдек байғұс жерге екі-үш
аунап түседі де, қыңсылап- қыңсылап тайып отырады''
''... Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көкшолақ
қасқыр болып шықты. Жота жүні үрпиіп, көздері жалындап, бар тістерін
көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бұралқы төбет,
быжыл қаншық қыңсылай, шәуілдей қашатын болды''
1.Осы үзінділердегі оқиғалардың ұқсастығын тап
2.Айырмашылығын тап.
Ұйқышылдығы жайында қай мысалда сөз болғанын тап:
1.С.Сарғасқаев '''Қызғалдақ пен қарасора''
2.Ш.Смаханұлы ''Көбелек пен ебелек''
3.О.Әубәкіріов ''Сүт қалай ұйықтады?''
Бірінші тапсырманы оқып, түсінгеннен кейін оқушылар үзінділердің қай
мәтіннен алынғанын еске түсіреді, жинақтайды, топтайды, жалпылайды,
нақтылайды және оның неліктен солай болып тұрғанын дәлелдеу арқылы көз
жеткізеді.
Сөйтіп, екі оқиғаның ұқсастығы - Бөрте мен Көксеректің есейіп
кеткендігінде. Олардан ауыл иттерінің қорқып қашатығында, айырмашылығы-
біреуінде арқардың құлжасы, екіншісінде қасқырдың бөлтірігі туралы сөз
болатындығында деп тұжырымдар жасайды. Әрине, бұл тұжырымдар мұғалімнің
көмекші сұрақтар қойып, оқушылардың әрекетін дұрыс басқара алуына
байланысты жасалады.
Екінші тапсырманы орындау барысында да оқушы алдында мынадай
проблемалық міндеттер туындайды:аталған мәтіндердің мазмұнын еске түсіру,
талдау,
а) Нұржанны жинақтау, тапсырмаға сәйкес мәтінді атау.
Сол сияқты Шерхан Мұртазаның ''Бөрте мен Зөре'' әңгімесін өткенде
мынадай проблемалық тапсырмалар орындалғаны жөн:
1.Мәтіннен мына бөлімдердің шегін тауып көр (бөлімдерге бөліп, ат
қоюдан күрделірек):ң көкесі арқардың қозықасын тауып алуы;
ә) Ауыл балаларының Бөртемен достығы;
б) Ай мүйізді Бөрте;
в) Зөренің пайда болуы;
г) Нұржанның өтініші.
2.Нұржан қандай бала? Мына сөздерді пайдаланып, мінездеме беріп көр:
қамқорлық көрсетті, ақылдылық танытты, ақкөңіл, зерделі, еңбексүйгіш, адал
т.б.
3.Өзін қамқорлыққа алған жануар туралы шығарма жазып кел.
Орындау барысында бұл тапсырмалар бағыттаушы проблемалық сұрақтарға
жіктелуі мүмкін.
Сонымен, оқулықтағы төртінші деңгейге берілген сұрақтар мен
тапсырмалардың барлығы дерлік проблемалы міндет, проблемалы жағдай туғызып,
оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуіне жол ашады.
Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмалар мол берілген. Мысалы, ол
өлең құрастыру тапсырмасы оқулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, ата
туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріп
отырылады. Бұл жұмысты түрліше ұйымдастыруға болады.
а) Тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынуға болады. Мысалы,
''Ана''тақырыбына байланысты түрлі ұйқастар ұсынып,олар өлең жолының
соңында тұратынын айту. Оқушыларға осы ұйқастарды пайдаланып, өлең құрату:
''Аман- сау жүр, анам,
Тілейді соны балаң.''
''Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсай қалсаң барамын.''
Ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастыруға балалар құлшына кіріседі.
Мұның өзі оқушылардың өлең, оның құрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы
білімдерін нығайтады.
ә) Өлең құрастыру жұмысын берілген өлеңді әрі қарай жалғастыру арқылы
да ұйымдастыруға болады.
Осындай өлеңді жалғастыруға М.Әлімбаевтың ''Сөз құдіреті,''
Ө.Тұрманжановтың ''Туған өлкем'' т.б. шығармаларын ұсынуға болады. Оқушылар
өлеңде қайталанып тұрған.
''Неткен сұлу , неткен көркем,
Осы менің туған өлкем'' деген сияқты жолдарды пайдаланып, өлеңді оңай
құрастыра алады.
Туған өлкем.
Жарқыраған күнін сүйем.
Жайқалып өскен гүлін сүйем.
Кең байтақ даласын сүйем.
Астанадай сұлу қаласын сүйем.
Махаш Маржан (2-сынып)
Бұл тәсілді қара сөзбен жазылған мәтіндерге де пайдалану оқушының
алдына шешілуге тиісті міндет қойып, ойлануға жетелейді.
Мысалы:
а) Мәтінді толықтырып айтып беру. Оқулыққа Ы.Алтынсариннің,
С.Көбеевтің т.б. шағын әңгімелері енгізілген. Бұндай әңгімелер толықтырып
айтуға өзі сұранып тұрады. Мысалы: С.Көбеевтің ''Еңбекпенен ел көгерер''
ертегісі өте шағын. Осы әңгімедегі мына абзацта автордың ойын жалғастырып
айтуды тапсырма етіп беруге болады:
''Бір жұтта ''Ту сонаудық' малынан түк қалмапты. ''Көресалдың '' малы
да көп өліпті. ''Айдайсалдың'' малы да аз қырылмапты. Ал өзі бағып күткен
еңбекшіл жігіттің малы жұтамай, қыстан аман шығып, елін аштықтан
құтқарыпты.''
Осы үзіндіде оқиға, қимыл, қозғалыс бар. Үзіндіні толықтыруға,
айтылған ойды жалғастыруға болады. Сол арқылы баланы еркін сөйлеуге, сөздік
қорын байытуға бағытауға болады. ''Неліктен ағайынды жалқаулардың малы
қырылды деп ойлайсың?'', '' Еңбекшіл жігіт елін аштықтан қалай құтқарды?'',
''Осы оқиғаға сәйкес қандай мақал білесің?'' деген сияқты сұрақтарға жауап
алуға болады.
''Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар'', ''Жылыда жинақталмаған,
суықта қымтыла алмайды'', ''Қыстың қамын жаз ойла''- деген мақалдармен
қорытындылауға болады.
Мәтінді толықтырып айтуға үйретудің тағы бір артықшылығы оқушының
мақалды тек жаттап қоймай, орнымен қолдана білу дағдысын қалыптастыруға
көмектеседі.
ә) Көлемді шығармаларды жинақтап, қысқартып әңгімелеу. Оқулықта үш-
төрт бетті қамтитын ертегілер, балалар әдебиетінің туындыларынан үзінділер
бар. Міне, осы шығармаларды мазмұнына нұқсан келтірмейтіндей етіп жинақтап,
қысқартып әңгімелеу де шығармашылық жұмысқа жатады. Бұл жұмысты мәтінді
толық талданғаннан кейін жүргізуге болады. Мысалы, ''Жақсылық пен
Жамандық'' ертегісін:
1.Жақсылықтың алдануы.
2.Аңдардың әңгімесі.
3.Жақсылықтың байып кетуі.
4.Жамандықтың сазайын тартуы деген сияқты жоспар бойынша қысқартып
әңгімелеуге болады:
''Арыстан, қасқыр, түлкі-үшеуі көрген білгендерін бір-біріне
әңгімелейді. Түлкі бір байдың қыстауында тығулы жатқан бір құмыра алтынды
күнде көріп келіп жүргенін айтады.'' т.б.
М.Әуезовтың ''Әбілмәнсұр'' атты тарихи әңгімесін мынадай жоспармен:
1.Бала сабалақ.
2.Сабалақтың соғысқа аттануы.
3.Батыр Абылай деген тәрізді жоспар құру арқылы жинақтап, қысқартуға
болады.
Міне, осылайша оқушы жоспардың әр бөлімі бойынша ойын жинақтап,
қорытып айтуға дағдыланады.
б) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Бұндай жұмысты да
шығарманы толық, саналы түсінгеннен кейін ғана орындауға болады. Кейбір
көркем шығармадағы әдемі, әсерлі көрініс оқушының көз алдына белгілі бір
суретті еріксіз алып келеді. Мысалы, Ж.Аймауытовтың ''Ыстық қой, шіркін,
туған жер!'' мәтініндегі ауыл көрінісі-танып тұрған сурет. Дегенмен, әрбір
оқушының не салғысы келетінін сұрап алған жөн. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz