Қазақ тілін компьютермен оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері

?????????: Қазақ тілінің әдістемесі????: мая 15, 2011
Мұқанова Қ.Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Мемлекеттік тілді тіл үйренушілерге меңгертуде қатысымдық құзыреттілікке
қол жеткізу үшін оқытудың ғылыми тұрғыда негізделген, тәжірибеде
дәлелденген тиімді технологиясын қолдану керек екеніндігі бәрімізге айқын.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін
меңгеруі үшін қажетті жағдай жасау туралы Ата заңымыздың 93-бабында нақты
көрсетілген[1]. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бап, 7-
тармағында да Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті
қойылған. Аталған міндеттерді іске асыру үшін тіл мамандарынан білім беру
үдерісін үнемі жетілдіріп отыру талап етіледі. Сондықтан білім беру
үдерісін технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Жалпы оқу үдерісін“технологияландыру” мәселесі ХХ ғасырда педагогика
ғылымында бiрнеше мәрте қарастырылып, әртүрлі қырынан зерттелді. Ол
зерттеулердің нәтижесінде бірқатар ірі педагогикалық оқыту технологиялары
сұрыпталды.
Сұрыпталған жаңа педагогикалық технологиялардың әрқайсысы – білім
стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат,
мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынады.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірде алатын орны мен маңызды рөлін ескеретін
болсақ, қызметкерлердің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі мен сауатты жаза
білуі олардың тілді меңгеру сапасына тікелей байланысты екені айтпаса да
түсінікті. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді қысқа мерзімде
тиімді түрде оқытудың амал-тәсілдерін іздестіру – бүгінгі уақыт талабы.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге сай қазақ тілін оқытудың
сапасын арттыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Сондықтан қазақ тілін компьютерлік технология арқылы оқыту – заман
талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған мәселе.
Компьютерлік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен
шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін
үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз
етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге
бағытталады.
Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы, ақпараттық технология деген
терминдер пайда болды.
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін
қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол
үшін:
1 Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары ұғымын айқындау қажет;
2 Ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану және оны енгізу
ұстанымдарын нақтылау қажет;
3 Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін
анықтау қажет.
1 Егер оқыту дегеніміз оқушыға тиісті ақпаратты жеткізу деген қағиданы
ескерсек, онда В.Н.Глушковтың анықтамасы бойынша (ақпараттық технология –
ақпаратты өңдеумен байланысты үрдіс), ақпараттық технология білім беруде
үнемі қолданылып келе жатыр деген қорытынды жасауға болады. Сонымен бірге,
әрбір педагогикалық технология ақпаратты оқушыға қалай тиімді жеткізу
мәселесін қарастыратынын ескерсек, кез келген педагогикалық технология
ақпараттық бола алады. Демек, ақпараттық оқыту технологиялары білім беруде
кеңінен қолданыла бастағаннан бұрынырақ пайда болған.
Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М.Монахов, А.А.Кузнецов,
В.В.Папов, В.Гузеев сияқты көптеген ғалымдардың тұжырымдарын талдай келе,
Н.В.Апатов ақпараттық технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді:
1 Компьютерлік оқыту жүйелері (оқыту машиналары, бағдарламалы оқыту)
2 Оқыту құралдары (ЛОГО, гипермәтін, мультимедиа, микромир)
3 Инструменталді жүйелер (мәліметтер базасы, бағдарламалау, авторлық
жүйелер, топтық оқыту құралдары)
Көріп отырғанымыздай, жаңа ақпараттық технологиялар – техникалық және
бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлер.
Ал ғалым Е.В.Кудрявцеваның тұжырымын ескерсек, төмендегі қағидалар іске
асқан жағдайда ғана ақпараттық технолгия жөнінде сөз қозғауға болады:
- педагогикалық технологияның негізгі ұстанымдарына негізделуі керек (алдын
ала жобалау, тұтастық, мақсат айқындығы);
- дидактикада шешімін таппаған теориялық немес практикалық міндеттердің
шешімін табу қажет;
- ақпаратты қабылдап, жеткізу құралы компьютер болуы тиіс.
Бұл жерде де басты құрал – компьютер екенін көруге болады. Сондай-ақ,
Г.А.Боровский мен В.Л.Извозчиковтер де жаңа ақпараттық технологияларды
білім беру үрдісінде оқытудың жаңа электрондық құралдарын, соның ішінде,
компьютерді пайдаланумен байланыстырады. Мұндай көзқарасьы басқа да
көптеген ғалымдар қолдайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технология терминін
қысқартып компьютерлік технология деп те атайды.
Компьютерлік технология оқытушылардың оқыту әдістері мен оқу үдерісін
ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқу үдерісін үнемі жаңартып
отыруға, оқытушылар мен үйренушілерге өзіндік және бірлесіп шығармашылық
жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
Компьютерлік технология ХХ ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың қарқынды
дамуы кезеңінде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша,
компьютерлік технология кешенді ғылым жүйелерінен және арнайы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz