Қазақ тілін оқытудын мақсаты мен маңызы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілін оқытудын мақсаты мен маңызы

Қазақтілінін жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасы мен оқулығына байланысты. Орта мектептің IV-VIII сыныптарында оқытылатын қазақ тілінің бағдарламасы ана тілінің ғыными мазмұны мен оның білімдік көлемін белгілейтін және оқытуға басшылық жасап отыратын Білім министрлігі бекіткен ең басты мемлекеттік құжат болып саналады.

Қазақ тілінің оқулықтарын жазу 1920 жылдардан қолға алына бастады. Бірақ оқу жоспары мен бағдарлама сол кезде-ақ жасалынған болатын. Дегенмен, кеңес мектебі тарихында бағдарламаның бірнеше түрі болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кешенді және жоба бағдарлама түрлері қолданылды.

ВКП (б) Орталық Комитетінің 1931 жылғы 5 қыркүйектегі, 1932 жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулыларында кешенді және жоба бағдарламалардың кемшіліктері атап көрсетілді. .

Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламаларына мынадай талаптар қойылды: бағдарламаның мазмұны ғылымның негізін берік және жүйелі түрде меңгеру, дұрыс сөйлеу, жазу дағдыларын қамтамасыз ету, бағдарламадағы оқу материалдарының аумағы мен сипаты балалардың жас

ерекшеліктеріне сай келуі, тіл мен әдебиет бағдарламалары арасында байланыс болу керектігі баса айтылды. Мұңдай талаптар негізінде 1936, 1938, 1958, 1967 жылдар аралығында қазақ тілі бағдарламалары қайта жасалды.

1920 жылғы 8 қарашада Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссариатына қазақтілінде оқулықтар жасау мәселесін жүктеді.

Оқу жоспары мен бағдарламалары жасалмас бұрын, оқулықтар жазыла бастады. Бағдарламасыз жазылған оқулықтардың мазмұнында, көлемінде, оқу материалдарын тақырыпқа бөлуде бірсыпыра кемшіліктер болды.

Қазақ АКСР Халық Комиссариаты бағдарламалар жасау, әдістемелік құралдар жазу мәселедерін 1922 жылғы маусым айынан бастап қолға алды.

V -VII сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасы 1930 жылдары жасала бастады. Бұлардың 13-15 жастағы балалардың ұғымына өте ауыр болғаны байқалды.

1936 жылы 23 тамызда Қазақ КСР Оқу Комиссариаты Жұбанов жасаған қазақ тілінің V-VII сыныптарға арналған бағдарламасының жобасын бекітті. 1939 жылы белгілі тіл маманы С. Жиенбаевтың редакциясымен қазақ тілі бағдарламасы басылып шықты. Онан кейін 1940 жылы Ғ. Бегалиевтің редакциясымен басылды.

1950 жылы «Правда» газетінде болған лингвистикалық айтыс тіл білімінің дамуына орасан зор пайдасын тигізді. 1950 жылдан бастап қазақ тілінін бағдарламасы жаңадан жасалды. V-VII сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасын жетілдіру жөнінде бірсыпыра шаралар белгіленді.

1959 жылы 18 қарашада Қазақ КСР Оқу министрлігінің оқу - әдістемелік кеңесінде қазақ тілі бағдарламасы талқыланды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жақсарту жөнінде, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1957 жылы 22 мамырда «Республика мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы жарияланды. Осы қаулы негізінде Қазақ КСР Оқу министрлігі 1957 жылы 28 маусымда «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жақсарту туралы» бұйрықты қабылдап, нақты шаралар белгіледі. Қаулыға орай Алматы қаласында 1957 жылы тамызда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық кеңесі шақырылды.

СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы және елімізде халыққа білім беру жүйесін дамыта түсу туралы» тезистеріне байланысты қазақ тілінің I-VII сыныптарға арналған оқу бағдардамасының жобасы жасалып, баспасөз беттерінде жарияланып, мұғалімдердің талқысына ұсынылды.

Қазақ тілі бағдарламасының түсінік хаты жаңадан жазылды. Бағдарламалық материалдардың әр сыныпта өтілуге тиісті көлемі нақты көрсетіліп, әрбір тарау, тақырылты өтуге сағат белгіленді. Бағдарлама 12-14 жастағы балалардың жас ереі шелігіне сай жасалып, теориялық ауыр материалдар ықшамдалып, ғылыми мәні шамалы тақырыптарды енгізбеу ескерілді.

1960-1970 ж ылдар арасында қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа басты. СОКП орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы «Жалпы білім беретін мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

Қазақ тілі бағдарламасының жаңа сатыға көтерілуі 1967
жылдан басталды Өйткені мектепті өмір талабына сай кайта
қайта құру оқытудың жаңа мазмұннына көшуге тікелей байланысты болды. Әсіресе, ғылым мен техниканың зор қарқынмен дамуына
байланысты өзгерістер қазақ тілі оқулығы мен бағдарламасында орын алуға тиіс болды. Сәйтіп, оқулықтар мен оқу кұралдарын,
бағдарламаларды қайта құрастыру, жетілдіру міндеті қойылды. Осы қаулы -қарарларға орай қазақ тілін оқытудың мазмұны мен оқыту принциптерін жетілдіру мақсаты көзделді, яғни қазақ тілі пәнінің ғылыми-техникалық дәрежесін көтеру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді.

Мектепті өмір талабына сай қайта құру, оқытулық жаңа сөз мұнына көшу қазақ тілін оқытудың мынадай негізгі мәселелерін шешуге тиіс болды; бастауыш сынын 4 жылдың орнына 3 жылдық оқу жүйесіке көшірілуге байланысты әр сыныптағы тілдік материалдарды орналастыру жөнінде бірсыпыра өзгерістер болды: оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай материалдарды іріктеп алу, қазақ тілі курсы VII сыныпта аяқталатын болды.

Екіншіден, мектепте оқытылатын қазақ тілі пәні мен тіл ғылымы арасындағы алшақтықты болдырмауды ескере келіп, мына мәселелерді іске асыру қажет болды: грамматика мен лексика бөлімдеріне байланысты қазақ тілі пәнін ғылыми-теориялық жақтан жетілдіру керектігі атап айтылды. Мысалы, кейбір ереже, анықтамалар, тілдік категорияларды топтау, Қайтадан құрастыру, жинақтау. Сондай-ақ оқушылар түсінігіне ауыр келетін кейбір ескірген материалдарды алып тастау, т. б. Міне, оқыту мазмұнына осындай жаңалықтар енгізілді.

Ал әдістемелік жақтан да бірсыпыра өзгерістер болды. Атап айтқанда, мектеп тәжірибесіне қазақ тілін тиімді, сапалы оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру міндеті қойылды. Педагогика ғылымы мен әдістемелерінің соңғы табыстарына, сондай-ақ, алдыңғы катарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесіне, оның ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізу қажет болды. Мысалы, тіл дамыту, тіл ұстарту, байланыстырып сөйлеу лексика, стилистика бөлімдеріне байланысты бірсыпыра өзгерістер енгізілді.

І967 жылы жаңа бағдарлама мен оқулықтар жасау мәселесі қолға алынып, бақылау, эксперимент жұмыстары жүргізіле бастады. 1966-1967 оқу жылдарында қазақ тілінің жаңа бағдарламасы жасалып, ол 1967 жылы Қазақ КСР Оқу министрлігінің коллегиясында бекітілді.

Республикамыздың көптеген мектептерінде жүргізілген эксперимент, бақылау жұмыстарының нәтижесіне сүйене келіп, бағдарламадағы материалдарды былайша берудің орынды екені дәлелденді: IV-VII сыныптарда фонетика мен лексикадан, морфология мен жай сөйлем синтаксисінен терең білім, берік дағды беру жағы қарастырылды. Ал VII сыныпта құрмалас сөйлем синтаксисі мен төл сөзді оқыту ұсынылды. Алаңда құрмалас сөйлем түрлерінің балалардың жас мөлшеріне ауырлығы ескеріліп, оларға жеткілікті сағат бөлінді. VIII сыныпта тілдің тарихы, прақтикалық стилистикадан мәлімет беру, қазақ тілінің орфографиясы, орфоэпиясы және пунктуациясынан оқушылардың төменгі сыныптарда алған білімін қайталау, еске түсіру, қорыту мақсатыңдағы материалдар берілді.

IX сыныпта оқушылардың IV- VIII сыныптарда қазақ тілінен алған білімдерін қорыту, жинақтау және қайталау мақсаты алға қойылып, теориялық білімдер бір ізге келтіріліп, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшелігі мен қабілетіне қарайтын деректер берілу көзделді.

Бағдарламадағы әр сынып материалы турасатылы принципке негізделе жасалды. Материалды осылайша орналастыру қазіргі қазақ тілінің ғылыми-теориялық курсың мектептегі қазақ тілі курсының жүйесіне, құрылысына логикалық жағынан жақындастыру мен байланыстырудан туған еді. Әсіресе, көлемді тақырыптарды, түсінуге ауыр тиетін материалдарды бір сыныпта өте салмай, оны келесі сыныптарға да, жоғары сыныптарға да жылжыту көзделді. Мысалы, лексика, сөз тудыру, зат есім, сын есім, етістіктерді IV- VI сыныптарда оқыту ұсынылды.

Оқушылардың жаңа тақырыпты берік те тиянақты қабылдауы, менгеруі үшін өткен сыныптардағы тақырынтарды кайталап, еске түсіріп отыру, яғни әр сыныптағы материалдардың бір-бірімен байланыстылығы ескерілді. Мысалы, IV сыныпта бастауыш сыныптарда етілетін морфология және орфография салаларын кайталау ескерілді. Өтілген материалды жүйелі кайталап отыру, VI сыпыпта фонетикадан, морфологиядан және орфографиядан талап еске түсіру жүйеленді.

IV сыныптың өзінде синтаксис пен пунктуациядан дағды берудің негізін қалау ескерілді. Бұған IV сыныпта «Синтаксис және иунктуация» деген арнайы бөлім берідді. Мұның барлығы оқушыларды VII-VIII сыныптарда синтаксистің жүйелі курсын өтуге дайындау мақсатынан туған еді,

1967 жылы жасалған жаңа бағдарламадағы өзгерістер, мынадай бағыттарды көздеді: біріншіден, бағдарламаға бөлімі енгізілді. Бұның енгізілу себебі мектепте жүйелі жұмыс істеу болмайтын, оқушыларға негізгі түсінік берілмейтін, тек мағыналық ұғымдар (сөз антоним, синоним) ғана өтілетін. Сондыктан
бағдарламасын арнайы орын -берілді. Екіншіден, сөздің жасалуы бағдарлама да, оқулықка да енгізілмеген еді. Демек, тілін дамытуда болсын, логикалық ой-өрісін
жетілдіруде болып, оның жасалуы женінен мәлімет берудің қажеттіліг ескерілді. Әсіресе, сез тудыру мәселесі лексика, грамматикй, орфогрифия тарауларын оқытуда негізгі проблемалардың бағдарламаға «Сөздің жасалу жолы» тақырыбы «Сөз тіркесі туралы» ілімнің бағдарламаға дұрыс түсіндіруге мүмкіндік

Осы кезге дейін еөйлем туралы ілім басты, оның екінші басты сыңары сөз тіркесі назардан қалып қойған болатын. Сондықтан осы мәселелер де керіліп, бағдарламаға «Сөз тіркесі» деген такырын ендірілді.

Бағдарламадағы осындай басты өзгерістер қазақ тілінен бағдарламалық материалды - морфология мен синтаксисті, «Арфография мен пунктуапияны, фонетикамен орфоэпияны бір-бірімен тығыз байланыстыра оқытуға жағдай жасады.

Оқушыларды әдеби тіл нормасында дұрыс сөйлеуге, ойын білуге үшін кеңес мектебінің алдына қойған зор міндет. Осындай мақсаттар негізінде бағдарламада стилистикаға орын берілді. Бұл бұрын бағдарламада жоқ болатын.

Қазақ тілінің бағдарламасы мен жаңа оқулықтарын жақсарту жөненінде 1972 жылы Қазақ КСР Оқу министрлігі мен Ы Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылымдар ғылыми институтының бірік кең ғылыми-прақтикалық конференциясы өткізілді. Осы талқылауға 200-ден астам ғалымдар, мұғалімдер қатысты. 1967-1972 жылдар арасында жүргізілетін. Сотай бола тұрсада, белгілі ғалымдары. әдіскерлері, мұғалімдері қазақ тілі бағдарламасынын мазмұны мен құрыаысы ғылыми жақтан да, әдістемелік тұрғыдан да бірсыпыра жақсарғанын сөйлеген сөздерінде ерекше атап өтті.

СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы «Жастардың жаппай орта білім алдына көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы» қаулысында мектептердін материаддық базасын нығайтуға, оқу: кабинеттерін жабдыктаудын қажеттігіне, мектептерді техникалық куралдармен барынша жабдыктауға баса назар аударылды.

1973 жылы 19 шілдеде КСР Одағының және Одактас республикалардың халыққа білім беру туралы Заң негіздері 1 бекітілді. Мектепке партия мен ұкімет тарапынан басз назар аударылуына байланысты мектептің коғамдық мәні артып, жұмыс сапасы жақсарды.

Әсіресе, әдістемелік құралдар жазыдып, мектеп кітапханасы жана дидактикалық материалдармен, оқулық қосымша әдістемелік нұсқаулармен, үлестірме карточка, диафильмдермен молықты. Әр оқулыққа әдістемелік нұскаулар қоса шығарылын отырды. Оқулықтың хрестоматиясы, жаттығу материалы ретіңде оның дидактикалық материалдары әрбір үш жылда жаңарын отырды. Мұны жазуға ралымдар, әдіскерлер, оқулық авторлары, мұғалімдер катысты. Оқушыларды емірге дайындау, қоғамдык пайдалы еңбекке баулу мақсатында 1977 жыяы 22 желтоқсанда.

1967-1978 жылдар арасында оқу-ағарту саласында осындай өзгерістер бодды. Мұның бері де қазақ тілінің бағдарламасы 11 оқулықтарының ғылыми жағынан да, әдістемелік құрылымы жағынан да дамуына игі әсерін тигізді.

Осыған орай 1980 жылы орыс тілінің үлгі бағдарламасы жасалды. Ол жұртшылықтан колдау. тауып, қазақтілінің IV- VIII сыныптарға арналған ұлгі бағдарламасын жасауға үлкен тигізді. Осындай мақсаттарды іске асыруға байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың болашағы
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz