ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ мемлекттік қыздар педагогика институты
“БЕКІТЕМІН”
Оқу ісі жөніндегі проректор
Ж. А. Қараев
“ ” 2005 ж.
Тарих-филология факультеті
Тіл теориясы мен оқыту әдістемесі және
Қазақстан тілдері кафедрасы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
(оқу-әдістемелік кешен)
050102 - “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандығы үшін
Оқыту түрі: күндізгі
Курс: 4ж. 2к. - 4ж. 3к.
Семестр: IV-V
Дәріс: 30-45
СӨЖЖ: 30-45
СӨЖ: 30-45
Кредит саны: 5
Қорытынды бақылау түрі: емтихан
Алматы - 2006
Оқу әдістемелік бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2005ж. “11” 05 № 289 бұйрығымен бекітілген Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған 050102-Типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырушы: Тіл теориясы мен оқыту методикасы және Қазақстан тілдері кафедрасының аға оқытушысы П. Қ. Жаманқұл.
Кафедраның «---» 2006 ж. мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама №
Кафедра меңгерушісі ф. ғ. д., профессор Б. Хасанұлы
Факультеттің ҒӘК төрайымы С. Б. Алиева
«КЕЛІСІЛДІ»
Факультет деканы п. ғ. к., доцент А. А. Сатбекова
Курс аты: Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы
Курс коды: ТТКІ
Кредит саны: 5
Курс оқытушысы: Жаманқұл Пернегүл Қадырқызы
Тіл теориясы мен оқыту әдістемесі және Қазақстан тілдері кафедрасының аға оқытушысы
Курс өтетін жері және уақыты: сабақ кестесіне сәйкес
Курс пререквизиті: Практикалық қазақ тілі курсы,
Қазіргі қазақ тілі
Курс постреквизиті: Педагогикалық практика, арнайы семинарлар және ҚТОӘ-нен арнайы курстар
- Курстың қысқаша сипаттамасы:
Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы курсы - қазақ тілін оқыту әдістемесінен жүйелі білім қалыптастыруға бағдарланған пәндердің бірі.
Курс қазақ тілін: Сауат ашу, фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис, орфография мен орфоэпия, пунктуация, тіл дамыту әдістемесін қамтиды. Кіші жастағы оқушыларды оқыту заңдылықтарын зерттейді: қазақ тілін оқыту мазмұнын анықтайды, оқу-әдістемелік топтама, оқушылардың материалды ұғыну процесін, оқу материалын ұғыну барысындағы қиындықтарды және оларды жою жолдарын зерттейді, дәстүрлі әдіс-тәсілдер тиімділігін, жаңа технологиямен оқыту мүмкіндіктерін анықтайды.
Пәнді оқытудың мақсаты
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясынан бағдарламаға сәйкес жүйелі білім меңгерту;
Мамандыққа сәйкес қазақ тілін оқыту технологиясын үйрету;
Пәнді оқытудың міндеттері:
- қазақ тілін үйретудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарын таныстыру;
- бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
- сауат ашу әдістемесін меңгерту;
- жазуға үйрету тәсілдерін таныстыру;
- грамматиканы оқыту әдістемесін меңгерту;
- тіл дамыту жолдарын үйрету;
- сабақтың құрылымы мен сипатын анықтау;
- шығармашылық жұмыстар жүргізуге баулу.
Студенттердің негізгі оқу әрекеттері:
Студенттер сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Жұмыстың жеке және бірлесе орындауға арналған түрлері ұсынылады.
Студенттер атқаратын істер (тек мұнымен шектелмейді) :
- Негізгі жоба;
- Ағымдық жағдай;
- Аудиториядағы пікірсайыс;
- Қысқа эсселер;
- Аудио-бейне материалдармен жұмыс;
- Интернет арқылы іздену.
Күтілетін нәтиже:
- Сабаққа дайындықпен келу;
- Білім алуға және тәжірибе жинақтауға ынталану;
- Сабақта айтылған түйінді пікірлерге мән беру.
2. Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және психологиялық негіздері. Қазақ тілін оқытудың жалпы
дидактикалық принциптері.
3. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі әдістері.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту стандарты, бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары.
Курстың күнтізбелік- тақырыптық жоспары 4ж. 2к. 4сем. 2кр.
Курстың күнтізбелік- тақырыптық жоспары 4ж. 3к. 5сем. 3кр.
2. Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық, лингвистикалық және психологиялық негіздері. Қазақ тілін оқытудың жалпы
дидактикалық принциптері.
3. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі әдістері.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту стандарты, бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары.
Дәріс сабақтарының мазмұны және сағаттық көлемі (75 сағат)
Тақырып І. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - ғылым
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ тілін оқытудың мазмұнын,
ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін және оны оқушыларға игертудің заңдылықтарын айқындайтын ғылым.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден, ол оқылатын пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеумен тікелей байланысты. Мысалы фонетиканы оқытумен байланысты түрлі фонетикалық талдау жасау, әріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, жалғау мен жұрнақтың ара жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны аталған ғылымдардың жетістіктеріне негізделе отырып, оқу пәнінің танымдық, тәрбиелік мәнін, оның жалпы білім беру жүйесіндегі орнын айқындайды, пәнді оқытудың міндетін, мазмұнын анықтайды, пәннің мақсаты мен мазмұнына сай оқытуды ұйымдастырудың формасына талдау жасайды, пәннің қалыптасу, даму тарихын оқып білуге мүмкіндік жасайды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқытудың теориясына сүйене отырып, білім мен тәрбие берудің практикалық міндетін шешуге бағытталады.
Пәннің ғылым ретінде қарастыратын мәселесі - қазақ тілін оқыту процесі. Оқыту процесі - оқытудың мазмұны, яғни тілдік материалдар, оқушыларда білім, дағды қалыптастырудағы мұғалімнің әрекеті, білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы оқушының әрекеті және оқытудың нәтижесі сияқты ұғымдарды қамтиды.
Әдістеме ғылымы білім берудің басты бағыттарын іске асыруға мүмкіндік жасайды. Осыған орай әдістеме ғылымы 4 түрлі міндетті шешеді:
1) неліктен, не үшін оқыту, яғни қазақ тілін мектепте оқытудың мақсатын, мәні мен маңызын айқындау;
2) нені оқыту, яғни пәннен берілетін білімнің мазмұнын айқындау;
3) қалай нәтижелі оқыту, яғни оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдану, педагогикалық технологияны оқу үрдісіне енгізу, озат тәжірибе, озық ой-тұжырымдарға мән беру;
4) меңгерген білімді қалай тексеру, яғни оқушының білімі мен іскерлігін бағалау критерийлерін айқындау.
Методика қазақ тілінен берілетін мәліметтерді мектеп оқушыларының ойына лайықтап оқыту қағидаларын қарастырады. Бұл білім беру заңдылықтары лексиканың, фонетиканың грамматиканың заңдылықтарымен үндеседі. Негізгі тілдік фактілер бойынша білім берудің теориясы мен практикасы қарастырылады.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін тілдік фактілердің өзіндік белгілері (жасалу жолдары) лексикалық, фонетикалық, грамматикалық белгілері, анықтамалары әрбір свныптың ерекшелігіне, олардың ой-өрісі білім дәрежесіне лайықталады. Қазақ тілін оқыту методикасы педагогикаға тікелей байланысты. Педагогика жалпы методика теориясының мәселелерін зерттейді. Ал методика әрбір жеке пәнді оқытудың теориясы мен практикасын қарастырады.
Қазақ тілін оқыту методикасы логикаға да тікелей қатысты. Логика ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді. Мектеп оқулығындағы әр тақырыптың өзіндік белгілерінің және анықтама, ережелерінің дәл болуын ойластырады.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін білім көлемі тілдік материалдардың жіктелуімен ұштасады. Бұл өзінің тегіне қарай екі топқа бөлінеді: а) теориялық тілдік материалдар; ә) дидактикалық тілдік материалдар.
Мектепте өтілетін тілдік материалдар өзінің негізгі құрылысына қарай фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық және стилистикалық болып жіктеледі. Теориялық тілдік материалдар қағидалар жүйесін қарастырады. Ал теория “қағидалар жүйесі” дегенді білдіреді. Осы қағидалар жүйесіне мынадай теориялық мәселелер кіреді: 1) тақырып анықтығы мен термин дәлдігі; 2) тақырыптың басқа тілдік материалдармен байланысы(пәнаралық байланыс) ; 3) тақырыптың өзіндік белгілері мен жасалу жолдары (лекс., фонет., граммат., қасиеттері) ; 4) тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелері. Мәселен, қазақ тілі морфологиясынан білім беруде мынадай методикалық талаптарды басшылыққа алған жөн: 1) сөздің түрлі бөлшектерден құралатынын білдіретін тілдік фактілер; 2) сөз құрамындағы әр бөлшектің мағынасы мен қызметін білдіретін тілдік материалдар; 3) сөздің құрамын білдіретін тілдік фактілер; 4) мағынасына, тұлғасына және жеке қызметіне қарай бөлінетін сөз таптарын білдіретін тілдік материалдар.
Тілдік материалдардың өзіндік белгілері тақырыптың ішкі құрылымын анықтайды. Сондықтан тілдік фактілердің өзіндік белгілерін сұрыптап алуда лексикалық, фонетикалық, грамматикалық тілдік ерекшеліктерге баса назар аударған жөн. Мәселен, оқушыларға қатаң дауыссыздардан теориялық білім мен практикалық дағды бергенде оның мынандай ерекшеліктері ескеріледі: қатаң дауыссыздарды айтқанда дауыс шымылдығының дірілі болмайды, дауыс жаңғырығы естілмейді, ауа лебі қарқынды болады.
Сонымен қатаң дауыссыздардың басты-басты белгілері бойынша оқушыларға төмендегі анықтама ұсынылады. Дірілі, жаңғырығы жоқ, қарқыны күшті дауыссыздар қатаң дауыссыздар деп аталады.
Дидактикалық материалдар практикалық дағдылар құрамын белгілейді. Дидактикалық материалдарға мәтіндер, сөйлемдер, сөздер, жеке дыбыстар, фразеологизмдер жатады. Олар тақырыптардың ішкі психологиясына жақын болуы қажет. Бұлар ой-өріс дағдысын тәрбиелеуде септігін тигізеді. Бір сағаттық ( 45 минөт) тақырыпқа 5-тен 20-ға дейін жаттығу түрлерін енгізуге болады.
Қазақ тілі материалдарын меңгертудің процестері тікелей сол материалдардың психологиясына байланысты қаралады. Тілдік материалдардан сабақ беруде оқушылардың сезімі мен түсінігін, байқауы мен қабылдауын, ойы мен қабілетін ескеріп отыру - қазақ тілін меңгертудің белгілі шарттары. Мектепте өтілетін қазақ тілі материалдарын меңгертудің психикалық құбылыстары психикалық процеспен, психикалық қалыппен және психикалық сипатпен ұштасып жатады.
Осы сияқты қазақ тілі материалдарын меңгертудің негізгі процестері мыналар:
1. Қазақ тілі материалдарын еске түсіру. Қазақ тілі материалдарын оқушылар ойына қалыптастыруда психикалық әрекет пайда болады. Логикалық ойлаудың индукциялық және дедукциялық амалдары сигнал жүйелерінің барлығы адам баласының ойлау сезімдерін оятады. Бұл сезім аралық ми деп аталатын орталық мидың бір бөлігіне байланысты. Мидың осы бөлігінің клеткалары қозғалғанда түрлі сезім дүниелері оянады. Осы сезімнің негізінде қазақ тілі тақырыптарын оқушылар ойында қалыптастырудың дағдылары пайда болады. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу, көрнекі құралды ілу, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану және тақырыпты оқушыларға хабарлау процесінде оларда белгілі дәрежеде ұғым, түсінік сәулеленеді.
2. Қазақ тілі материалдарын түсіндіру. Дидактикалық құралдарға сүйене отырып, жаңа материалдың өзіндік белгілерін, жасалу жолдарын, бір-бірінен айырмашылығын, анықтамасы мен ережелерін қалыптастыру жүйесінде жартылай түсінік пайда болады. Жаңа құбылысты таныту арқылы оқушылардың дыбыс жүйесінен ой-өрісі, білім аясы және жалпы білімдік дәрежесі кеңейеді. Сондай-ақ оқушыларға жаңа материалдың өзіндік белгілерін қалыптастыруда оларда мына сияқты түсінік пайда болады:
1) өтіліп отырған материалдың тақырыбын аңғарады; 2) өткен материал мен жаңа материалдың байланысын табады; 3) жаңа тақырыптың жасалу жолдарын меңгереді; 4) тақырыптың анықтамасы мен ережесін игереді;
5) өтіліп отырған тақырыптың терминін түсінеді; 6) түсініксіз құбылыстарды меңгереді.
3. Қазақ тілі материалдарын дағдыландыру. Бұл процесте қазақ тілі материалдарының өзіндік белгілерін түгел қамтитындай дағды түрлері іске асырылады. Мұндай жұмыс процесі негізінде оқушыларға толық түсінік қалыптасады. Қазақ тілі тақырыптарын дағдыландыру, пысықтау, қайталау сияқты жұмыс процестерін өз ішіне қамтиды. Оқушылардың дағдысын қалыптастыруда жұмыстың мынадай түрлері орындалады: 1) мұғалімнің дайындаған карточкалары іске асырылады; 2) оқулықтағы жаттығулардың шарттары орындалады; 3) схемалар мен мен кестелер жасалады; 4) ауызша мысалдар келтіріледі; 5) ауызша сөйлемдер құрастырылады; 6) мәтінге лайықты шағын шығармалар жазылады; 7) картина мен сурет бойынша сөйлемдер құрастырылады; 8) орфографиялық сөздіктер бойынша жұмыс жүргізіледі; 9) жергілікті материалдар пайдаланылады.
Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың мына сияқты дағдылары жетіледі: 1) алған білімі еске түсіріледі; 2) теориядан алған білімі бекітіледі; 3) көру қабілеті нығаяды; 4) есту қабілеті артады; 5) қабылдау мүмкіндіктері молаяды; 6) байымдау қабілеті артады; 7) сенімділік қабілеті күшейеді; 8) байқау қабілеті дамиды.
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде білім беру әдістері жиі қолданылады. Сондықтан білім беру әдістері теориялық методиканың негізгі мәселелері болып саналады. Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы “зерттеу” деген мағынаны аңғартқан. Бертін келе алғашқы мағынасын кеңейтіп, “белгілі бір пәнді оқытудың әдісі” дегенді білідіреді. Білім беру әдістері қазақ тілінің теориялық материалдарын психикалық функциялар негізінде меңгертіп, оны оқушылар ойында қалыптастыруды және практикада шебер қолдана білуді үйрететін тәсілдер құрамы болып табылады.
Білім беру әдістеріне педагогика теориясында төмендегідей анықтама берілген: “ . . . Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі”. Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды (Ә. Исабаев) .
Бастауыш кластарда қазақ тілін (грамматика мен емлені) оқытудың негізті әдістері мыналар: мұғалімнің сөзі, әңгіме және оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары.
1. Мұғалімнің сөзі. Мұғалім сөзі хабарлау, баяндау, түсіндіру және сұрақ-жауап әдістері арқылы іске асады.
2. Әңгіме әдісі. Бұл кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Әңгіме әдісінің күрделі түрі- эвристикалық әдіс. Бұл әдіс бойынша сыныпқа терең ойлауды қажет ететін тапсырмалар беріледі де, олардың жауабын оқушылар өз беттерінше табуға тырысады.
3. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өздігінен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- білім негіздерін сапалы меңгеру, икемділікті жетілдіру, тұрақты машықтарды қалыптастыру. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы, негізінен мына төмендегілерден құралады:
1. Фонетикалық және грамматикалық анықтамаларды меңгеруге арналған жұмыс.
2. Оқулықтағы жаттығуларды өздігінен орындауға байланысты жүргізілтін жұмыстар
3. Байланыстырып жазуды (сөйлеуді) жетілдіруге байланысты жүргізілетін өзіндік жұмыс (Ш. Әуелбаев) .
Білім беру жолдары мен құралдарына 1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады”(С. Рахметова) .
Қазақ тілі пәні мектепте қоғамның қажетіне лингвистика, педагогика, балалар психологиясы, оқыту әдістемесі ғылымдарының даму деңгейлеріне қарай екі түрлі мақсат қояды: танымдық және практикалық мақсат. Танымдық мақсат- тілдің негізі, жүйесі, құрылымы, заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми-лингвистикалық көзқарасын қалыптастыру және тіл арқылы эстетикалық тәрбие беру. Қазақ тілінің практикалық мақсаты- орфографиялық, пунктуациялық дағды мен іскерлікті қалыптастыру, әдеби тілдің нормаларымен таныстыру, өз ойын жүйелі де дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыс жүйесі арқылы жүзеге асады. Осы процесте мынадай ойлау дағдылары қалыптасады: тілдік материалдарды талдау; талданған обьектілерді түсіндіру; обьектінің өзіндік белгілерін санап көрсету; тақырыпты оқыту; оқыту үстінде қатесін түзету; тақырыптың анықтамасы мен ережесін айту; бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне таптырып талдату.
Қазақ тілінен білім беру әдістерін жіктеуде төмендегі методикалық мәселелер өлшем етіп алынады: 1. Қазақ тілінен білім беру әдістері білім алу көздеріне қарай жіктеледі. 2. Қазақ тілінен білім беру әдістері белгілі методист ғалымдардың айтқан методикалық пікірлеріне байланысты жіктеледі.
Сөйтіп қазақ тілінен білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше жіктеуге болады:
а) қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері . Бұл әдістер құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі; ауызша түсіндіру әдісі; ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оқу әдісі;
ә) қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері. Бұған мына әдістер кіреді: әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz