Қазақ тілін оқыту әдістемесі-Телжан Шонанұлы- (1890-1938)



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілін оқыту әдістемесі-Телжан Шонанұлы- (1890-1938)

Телжан Шонанұлы 1890 жылы Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданына қарайтын Құтыйкөл деген жерде дүниеге келген.
Молда алдында сауат ашып, кейін екі кластық орыс-қазақ
мектебінде оқыды. Одан соң оқуын Ы.Алтынсарин мектебінде жалғастырып,
кейін 1910 жылдары Орынборда білім алды.
Қазақ лингвистикасы мен қазақ тілін оқыту әдістемесін
қалыптастыруда, дамытуда үлкен орын Телжан Шонанұлына берілді.
Жаңа әліппе, Бірінші басқышта ана тілі, Қазақ жері
мәселесінің тарихы, Тіл дамыту, Қазақ тілі өзге ұлт өкілдеріне арналған
қазақ тілі оқулықтары және көптеген еңбектері – қазақ тілі, тарихы,
мәдениеті, әдістемесінің негізін қалаған туындылар болып саналады.

Елге иелік етем!-деп,
Ыждағат еткен ер болса,
Осы ерлерден үлгі алып,
Олардан үлгі сұрасын!

(Т.Ізтілеуов)

Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы бірігіп жазған Оқу құралы
қазақ оқу-ағарту саласындағы мүлде соңғы дүние болды, ол тек қазақ
мәдениетінде емес, жалпы мазмұны мен мақсаты, құрылымы мен әдістемесі
жағынан тіпті орыстарда жоқ еңбек болып шықты, мұны өздері де айтады.
Кітаптың жүйесі орыс мектептеріндегі жүйеден өзгеше, мұндай жаңа жолмен
жазылған кітап әлі орыс тілінде жоқ дейді. XX ғасырдың 20-жылдары үшін
өзге емес, дәл осы типтегі оқулықтың болуы өте қажет еді. Кейін әр ғылым
саласы өз алдына пән болып оқу кестесіне енгеннен кейін, әрине, мұндай
құралдар қайыра жазылмады. Ал бастауыш мектептің кейінгі кластары үшін
ресми оқулықтармен қатар, осындай жан-жақты қызғылықты қосалқы құралдар да
ұсынылып отырса жаман болмаған болар еді. Бірақ А. Байтұрсынұлы сияқты
қазақ мәдениетін көтерудің әр бағытын іске қоса білетін ынталы адамдар 1929
жылдан бастап әрі қарай қызмет ете алмағанын білеміз.
Ахмет Байтұрсынұлының есімі мәдениет көгімізге қайта оралған бойда,
1988 жылдардан бастап, оның мұрасын жинастырып, сол тұстарда табылғандарын
мүмкіндігінше толық түрде жарыққа шығара бастаған болатынбыз, сол кезде-ақ
оның Телжан Шонановпен бірігіп құрастырған (дәлірек айтсақ, жазған) Оқу
құралы деген көлемді кітабы бар екендігі мәлім еді. Бірақ оны Ақ жол,
Тіл тағылымы сияқты жинақтарға енгізуге болмады, өйткені кітап өте
көлемді болды (412 бет) және оны жеке басылым етіп ұсыну қажеттігін
байқадық...

Сондықтан мен еңбектің араб жазулы мәтінімен толық танысып, оның мазмұны,
жанрлық сипаты, ішінара тілі жөнінде толығырақ сөз етпекпіз. Бұл еңбек
біздің топшылап жүргеніміздей, жай хрестоматия болмай шықты. Ол Қазақстан
Оқу комиссариаты мен Ғылым ордасының (осы күнгі Ғылым академиясының)
нұсқауымен тізілген (яғни жазылған) (біраз тұстар авторлардың өз
қолданыстарын беріп, жақша ішіне қазіргі түсінігімізді көрсетіп отырдық)
қолжазбаны Ғылым-әдебиет кеңесі (сірә, бұл Әдебиет, тіл білімі
институттарының ғылыми кеңестері сияқты орган болса керек) қарап шыққан
(яғни бекіткен). Еңбек – нағыз оқулық, оқу үшін құрастырған материалдар
жиынтығы емес және ол жазушылардың (авторлар өздерін солай атаған)
көрсетуінше, баулу мектептің 1-сатысында III–IV жылдары оқуға арналған.
Біздіңше бастауыш мектептің 3-4-кластарына арналған деуге болатын шығар.
Оқулық материалдарының дені – екі автордың өздері жазған шағын әңгіме-
мағлұматтар, бірқатары Т. Аксаков, А. М. Никольский, Л. Н, Толстой, К. Д.
Ушинский, А. П. Чехов, Н. М. Покрова, Тимирязев, Рубакин, Виктор Гюго,
Короленколардан, тіпті В. И. Ленин мен Троцкийден аударылып алынған мақала-
әңгімелер (бұлардың бірқатарын аударған – Қыр баласы (Ә.Бөкейханов). Бірді-
екілі материалдар (мысалы, Тундра, Арқаның жарқылы т.б.) Живой родник
сияқты сол кезгі орыс тілінде көпшілікке арналып шығып тұрған журналдардан
алынған. Бірақ сан жағынан мұндай аударма материалдар көп емес. 229
мақаланың 20-дан асар-аспасы ғана аударма.
Бұл оқу құралының және бір ұтымды ерекшелігі – адам, табиғат, қоғам,
тарих туралы прозамен берілген әңгімелердің ара-арасында өлең мәтіндері
араласып отырған. Мысалы, жыл мезгілдері сөз болған тұста Абайдың Қыс,
Күз, Жазғытұры, Терек­тің сыйы өлеңдері, табиғат көріністерін
суреттеген жерлерде Ыбырайдың Өзен, Мір­жақыптың Жұт, Сәкен
Сейфуллиннің Жазғы дала, Бейімбет Майлиннің Жазғы кеш сияқты өлеңдері
келтірілген. Әсіресе Мағжанның, Сәкеннің мағынасы баяндалып отырған
тақырыпқа сәйкес келетін өлеңдерін жиірек береді. Ал бұлардан да жиірек
бе­рілгендер – Ахаңның өзінің өлеңдері, бірақ прозамен берілген
материалдардың өздері жазғандарының авторы көрсетпегендері сияқты, Ахаң өз
өлеңдерінің де авторын қоймаған. Сондай-ақ әңгімелердің қайсысын кім (Ахаң
ба, Телжан ба) жазғаны да көрсетілмеген, оны Дәйектеме деп ұсынған алғы
сөзде жазушылар (яғни авторлар дегені) мақалаларын тіке өз беттерімен
жазып, соңына екеуі бір қосқан деп ескертеді. Ахаң мен Телжанның
авторлықтары айырып көрсетілмесе де, барлық материал баяндау стилі,
мақаланың көлемдік мөлшері (қай тақырыпты ұзақтау, қайсысын қысқалау беру
керектігі), білім-ғылымдық, техникалық терминдерді қолдану жағынан біртекті
болып шыққан. Еңбектерін оқу-ағарту мен білім-ғылымға, оның ішінде тіл
білімі мен әдебиеттануға арнаған бұл екі ғалым әуелден тіл табысқан,
стильдік үйлесімі жарасқан, бірін-бірі айтпай ұғысатын жандар болғандығы
байқалады.

Оқу құралы авторлардың түсіндіруінше, екі бөлімнен тұрады: 1) әдебиет
және тұрмыс пен еңбекке қатысты, 2) ғылымға, ғылыми танымдарға қатысты
материалдар. Кітапта қазақ халқының тарихын баяндайтын әңгіме-мақалалардың
келтелеу болғанын ескертеді, өйткені жіктеп жазуға бұл күнге дейін ана
тілімізде жазылған тарих жоқ дейді. Оқу құралының өн бойындағы тақырып
аттары мен оларды жүйелеп орналастыруда авторлар үлкен шеберлік көрсеткен:
алғашқы әңгімелердің тілі қарапайымдау, яғни ауыл баласының білім-ғылымнан
әлі де алшақтау шағын, олардың білім дәрежесін ескеріп жазылған, мәтіндер
қысқа, бірер беттен аспайды, яғни бір сабақта оқып үйренетін материал
мөлшері көзделген.
Бірте-бірте мәтіндер ұзақтау (2-2,5 беттей), құрмалас сөйлемдері
күрделілеу бола түседі. Әсіресе, Ғылым бөлімінің баяндалуында ғылыми
түсініктемелер, атаулар, тіпті шет тілдік (интернационалдық) терминдерді
келтіріп құрылған әңгіме мәтіндер көзге түседі. Оқу-ағартуға қатысты класс,
парта, стол (үстел емес), шкап, градус деген сөздер алғашқы әңгімелердің
өзінде-ақ қолданылған. Әуелі молдадан оқитын ауыл балаларының дәрістері
(Байжанның молдасы) суреттелсе, екінші әңгіме Біздің мектеп деп
аталатын жаңа азаматтық (жәдидше оқытатын) мектеп баяндалады. Онда балалар
оқитын пәндер аталады, олар: есеп ғылымы, жағырапия, қоғам құры­лысы,
жаратылыс ғылымы, ана тілі, сугірет (сурет) салу. Бұл мектепті Ахаң баулу
мектеп деп атаған. Баулу мектеп қандай болу керек? деген жеке мақаласы
да бар екен (Жаңа мектеп, 1925, №1), ол кейін табылып отыр. Оны біз А.
Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты шығаратын Тілтаным атты
журналының 2001 жылғы 1-санында жариялаған болатынбыз.
Бұл еңбектегі материалдардың құндылығы, 10-12 жастағы мектеп балалары
үшін табиғат құбылыстары: жыл мезгілдері, олардың адам тіршілігіне қатысты
жай-жағ­дайлары (Қазақ даласы, Дала бораны, Күз т.б.) әңгіме етіледі
және тек қазақ тұр­мысына, қазақ танымына жанасты көріністер ғана емес,
Тундра, Арқалық (яғни Солтүстік) мұз мұхиты, Арқаның жарқылы (орысша
Северное сияние) сияқты қазақ табиғатында жоқ құбылыстармен де
таныстырылады. I бөлімнің бір үлкен тарауы жан-жануарлар мен өсімдіктер
дүниесіне арналған. Мұнда да аң-құстар үй жануарлары мен тағы жануарлар,
олардың түрлері мен тұқымдары, адам тіршілігіндегі алатын орны, пайдалы-
зиянды тірліктері жайындағы мәліметтер жинақы, жүйелі түрде баяндалады.
Мұнда да тек қазақ жеріндегілері ғана емес, өзге құрлықтарда бар жандықтар
(жан-жануарлар) өте ертеде болған мамонт, бұл замандардағы маймылдар,
Тундра бұғылары тәрізділер де әңгімеленеді, бизон, термит, мұхиттарда
болатын каракатица өз атауларымен баяндалады. Жан-жануарлар әлемімен
таныстыруда да жандықтардың жер жүзіне таралуы, қыстыгүні жан сақтауы,
ашар­шылықпен алысуы, жауынан қорғануы деген таза танымдық материалдар
берілген және олардың барлығын авторлар өздері жазған. Бұл әңгіме-
мақалалардың да ара-арасында аң-құстарға арналған өлеңдер, әсіресе Ахаңның
өзінің мысалдары, тіпті Тургенев (Торғай), К. Баранцевич, А Никольский
(Маймылдың тілі) сияқты авторлардың әңгімелері араластырылып беріліп
отырған. Бұлар әрі тың, әрі қызықты материал болып шыққан.
Бірінші бөлімнің тақырыптары алғашқы қоғам тірлігіне, адамға, олардың
тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс қарекеттеріне, әлеуметтік тарихына, қысқасы,
адамның өзіне арналған. Мұнда жабайы адамдар қауымының от жағуды
үйренгенінен бастап, алғашқы кезеңдердегі аң аулау, егін егу, қару-жарақты
пайдаланулары, қазіргі тұрмыс-салты, тарихи оқиғалар орын алады.
Тараудың бір тармағы адамдар, оның ішінде қазақ қоғамы жайында
болғандықтан, мұнда қазақтың ақын-жырауларының өлең-жырлары, би-
шешендерінің сөздері келті­рілген. Мысалы, Қаракесек Тіленші би,
Бекболат би мен Абылай ханның түйісуі, Қобыланды батыр жырынан үзінді,
Сіргелі Елшібек батыр, Кенесары қоныстан ауғанда, Досқожа ақынның
айтқаны, Керей Қожаберді жыраудың Абылайға айтқаны сияқты поэтикалық
дүниелерді беруді авторлар өте қажет деп тапқан. Бұлар, бір жағынан, қазақ
халқының тарихынан хабар берсе, екінші жағынан, қазақ тілінің әсемдігін,
қазақ сөзінің эстетикалық құдіретін көрсететін материалдар болып шыққан.
Өлең сөзге құлағы үйренген, айтылмақ ойды тура да, астарлап та
(аллегориялап) берген өлең-сөзді жақсы ұғатын қазақ құлағына білім-ғылым
туралы мағлұматтарды өлең сөздермен көмкеріп отыру – ол мағлұматтарды дұрыс
ұғынуға, жақсы түсінуге өтімді, аса әсерлі амал екендігін де авторлар жақсы
білген.
Міне, бұл еңбектің I бөлімінде адам мен табиғатқа қатысты көптеген
нәрселерді белгілі мөлшермен (1-2 беттік), жүйелі түрде оқушылардың жас
шамасына, білім дәрежесіне, ой қорыту қабілеттеріне сәйкестендіріп жазылған
материалдар осылайша ұсынылған.
Кітаптың II бөлімі Ғылым деп аталғандықтан, балалар мұнда ботаника,
зоология, астрономия, геология, ішінара химия ғылымдарымен ауызданады: ең
алғашқы ғылыми мағлұматтармен танысады. Егер еңбектің бөлімінде аң-құстар,
ағаш-шөптер, табиғат нысандары туралы (ол не, деген ең қысқа сұраққа жауап
ретінде) мәліметтер берілсе және олардың адам тіршілігіндегі орны, мәні,
пайда-зияны деген сияқты тұрғыдан баяндалса, Ғылым атты II бөлімде бұлар
енді өзге қырынан, ғылым-таным қырынан баяндалады. Мысалы, өсімдіктің жер
жүзіне таралуы, бұл процесте желдің, шыбын-шіркейлердің қызметтері,
өсімдіктің оттегін шығарудағы рөлі айтылады. Осы жерде химияның күштің
сақталу заңы, оттегі, көміртегі, қышқылтым, газ деген терминдері
кездеседі. Бұл терминдер Халел Досмұхамедұлы шығармаларында да
қолданылғанын білеміз. Демек, XX ғасырдың 20-жылдарының басында-ақ бірқатар
химия терминдері қалыптаса бастаған екен. Мазмұны (тақырыбы) жағынан сол
кезеңдегі қазақ оқырмандары, оның ішінде мектеп балалары үшін соны әрі
қызғылықты болып келетін материалдар Табиғат құбылыстары деп аталатын
тараушада. Мұнда желдің ураган, смерч (кітапта осылай атапты) деген
түрлері, құдық­тың артезиан құдығы деген түрі болатындығы, жер сілкінісі,
вулкан сияқты табиғат құбы­лыстары баяндалады және бұлардың барлығы дерлік
суреттермен көрсетілген. Оқу құралы полиграфиялық сапасы жағынан да сол
кезең үшін (кітап 1923 жылы Орынборда дайындалып, 1927 жылы Қызылордада
жарық көрген) өте жақсы басылым екенін атау қажет.
Астрономиядан едәуір мәлімет берілген. Мұндағы дүниенің көлемдігі,
сәуле жылы, Жердің өз шүлдігінен айналуы, Жер қосшылары – планеталар,
Күн жүйесі, Құйрықты жұлдыз, Ағынды жұлдыз, Үйек, Құбыланама
деген тараулар беретін ұғымдарды таныстырады. Бұл атау-сөздер қазақша
болғанмен, олар білдіретін ұғымдар – ғылыми нысандар (объектілер), демек,
белгілі бір дефинициясы бар терминдер. Олардың бірқатары бұл күнде өзгеше
тұлғада беріліп жүргені мәлім. Сірә, Оқу құралын, сондай-ақ ХХ ғасырдың
20-жылдарында қазақша жазылған мектеп оқулықтарын зерттеп, қазіргі тіл
білімінде жанданып келе жатқан макро­мәтінді дискурстық талдау деген жаңа
салаға көңіл аудару керек болар, яғни жазылған дүниені оқырманның танымы,
білімі, түсінігі тұрғысынан қабылдауы дегенді зерделеу қажет. Бұл ретте
Оқу құралы тәрізді дүниені жазу процесінде авторлардың педагогика,
психология, этнография салаларына қатысты білімдерін танып – білу де біздің
бүгінгі ғылым үшін аса маңызды ізденістер болары сөзсіз.
Міне, А. Байтұрсынов пен Т.Шонанов бірігіп жазған Оқу құралы атты
еңбектің мазмұны мен танымдық сипаты осындай. Бұл оқулық тек мектеп
балаларына ғана емес, ересектерге де арналған, себебі сол кезеңде, яғни XX
ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ халқының ересектерінің көпшілігі
сауаттарын енді ашып жатқандағы, ал олардың білім-ғылымнан алғашқы
мағлұматтар алатын оқу құралдарының жоқтығы ескерілген. Мұны авторлардың
өздері ескертеді. Демек, бұл еңбекті қазақ тіліндегі көпшілік қолды оқу-
педагогикалық және ғылыми стильдік алғаш­қы үлгілерінің бірі, тіпті
бірегейі деп санаймыз.
Жазба дүниенің жанры сөз болған соң, сол жанрдың функционалдық стилі
де назарда тұратыны түсінікті. Демек, Оқу құралы сияқты тұңғыш танымдық-
ғылыми еңбектің тілін талдау арқылы оның стильдік белгілерін анықтау,
қазіргі оқулықтар мен көпшілік қолды дүниелерден айырмашылықтарын көрсету
мүмкіндігіне ие боламыз және бұл стильдің баяндау мәнерін, сөз қолданысын,
жаңа сөздерді және терминдерді жасаудағы амал-тәсілдерін өз алдына жеке
зерттеу қажет деп санаймыз. Ал бұл жерде біз тек алғашқы әсерімізбен қысқа
қайыруға мәжбүр болдық. Соның өзінде де мынадай белгілеріне назар аударуға
болады:

1) Бұл құралда ғылымның әр саласынан алғашқы мағлұматтар беретіндіктен, сол
сала­ларға қатысты әр алуан жай атаулар мен терминдер біраз қолданылған.
Көбінесе орыс сөздері деп, соңғы жылдарда құбыжықтай көріп жүрген шет
тілдік сөздер мұнда едәуір кездеседі. Бұл күнде кейбір зерттеушілер,
әсіресе терминология мәселелерін сөз ету­шілер, А. Байтұрсынов, X.
Досмұхамедовтер шет тілдік сөздерді қолданбау тенденциясын ұстанған,
терминдер мен білім-ғылымдық ұғым атауларын қазақ тілінің өз сөздерімен
беруге ұмтылған дегенді баса айтып жүр. Бұл пікір Ахаңның бастауыш
мектептің I, II кластарына арналған ана тілі оқулықтары мен қазақ
әдебиетіне арналған еңбектерінің тіліне қарап тұжырымдалған деуге болады.

Сол балалардың сәл есейген ІІІ-ІV жылдарда оқитын кезіне арналған Оқу
құралында әңгіме арқауы болған білім-ғылым салаларынан алғашқы мағлұмат
берген кезде Ахаңдар класс, парта, программа, школ, градус, газ, термометр,
фонограф, машина, паровоз, профессор, полиция, жандарм, надзиратель,
инженер, капитан, буржуазия, социалистер, капиталшы деген бөгде тілдік
атауларды да, тіпті күнделікті тұрмыстық стол, шкап, балкон сияқты шет
тілдік атауларды да ретті жерінде еркін пайдаланып отырған. Әрине, қазақтың
баласы түгіл, үлкендері бұрын естіп-білмеген, ұстап-көрмеген кейбір зат,
ұғым аттарын жақша ішіне түсіндіріп беруді авторлар дұрыс деп тапқан.
Мысалы, Арқаның жарқылы (Северное сияние дегенді қазақша осылай берген)
деген әңгімеде Сібірдің тундрасында итпен жөңгітіп жүгіріп келеміз.
Термометр (жылылық пен суықтықты өлшейтін құрал) 38 градус аязды
көрсетіп... келеді деген сөйлемді осы жазылған түрінде оқимыз. Мұнда
термометр сөзін тырнақшаға алу арқылы оның шет тілдің сөзі екенін әдейі
көрсеткен.

Бұл кітап негізінен 1923 жылы жазылған. Халел Досмұхамедовтің жазылып жарық
көрген еңбектерінде де білім-ғылым, саясат, философия салаларына қатысты
ондаған (тіпті жүздеген деуге болады) бөгде тілдік атауларды (орыс
сөздерін) қолданылғанын көреміз. XX ғасырдың 20-жылдарындағы алғашқы
оқулықтар мен көмекші құралдардың, әсіресе математика, химия, минералогия,
физика салаларына арналған қазақ жазбаларының тілін оларды толық бастан-аяқ
және барлығын оқып, әрбір сөзіне, әрбір сөйлеміне мән беріп талдап
зерттеген әлі ешкім жоқ. Бұл ретте әңгіме етіп отырған көлемді оқулық аса
бағалы зерттеу нысаны болары хақ. Оқу құралы тіліндегі және бір көңіл
аударатын тұсы – мұнда кейбір ұғым (зат, құбылыс т.б.) атауларының
қазіргіден біраз өзгеше түсетіндігі немесе тұлғаларының өзгеше болып
келетіндігі. Мысалы, бұл күнде дәреже, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі-Телжан Шонанұлы
ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (1894—1938)
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Телжан Шонанұлы және қазақ жерінің мәселесі
Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі
Телжан Шонанұлы
Николай Бурбаки жөніндегі күмәнсіз және күмәнсіз емес мәліметтер
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Пәндер