Қазақ тілін оқыту методикасы пәнінен түзген лекция мәтіндері


Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Уәзірлігі
Науайы мемлекеттік педагогика институты
«Шет тілдер» факультеті
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы оқытушысы
Ақсауле Шамұратованың
«Педагогика » факультеті 2-курс талапкерлері үшін
Қазақ тілін оқыту методикасы пәнінен түзген
Лекция мәтіндері
Науайы 2007жыл.
Тақырып: Қазақ тілін оқыту методикасының пәні.
Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері.
Жоспар:
- Методика туралы ұғым.
- Тілдің заңдылықтары.
- Методикалық принциптер.
Тірек ұғымдар.
Метод-гректің методос деген сөзінен шыққан, қазақша- зерттеу жолы деген мағына. Фонологиялық, грамматикалық, лексикалық мағыналарды меңгереді.
Лекциялардың мақсаты:
- Талапкерлерде осы пән туралы ғылыми- теориялық терең білім орнықтыру.
- Әрбір азаматтың ана тілі мен әдебиетіне болған сезімдерін нығайту, пәнге болған қызығушылығын арттыру.
- Бүгінгі Өкімет талаптары мен қоғам жаңалықтарын түсіндіру.
- Жаңа педагогикалық әдістерден хабардар ету және оны сабақта пайдалана білуге үйрету.
- Өзара құрмет, мәдениеттілік, әдептілік нормаларын үйрету.
- Жаңалыққа, ғылымға болған ұмтылыстарын нығайтып, дарындылар мен таланттыларға жол, көмек көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер .
- С. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, Ана тілі, 1991 жыл.
- Қ. Аймағанбетова, Қ. Бозжанова, Ана тілін оқыту жөнінде, 1 сынып мұғалімдеріне арналған құрал, Алматы, 1980 ж. .
- Бастауыш мектеп методикасы, Алматы, 1987 ж.
- Х. Ибрагимов, Ш. Абдуллаева, Д. Ахатова «Педагогика»Т, 2004ж.
- Бастауыш мектеп журналы, Алматы, 1998, 1999, 2000 жылдар саны.
- Өзбекстан Республикасы Кадрлер дайындаудың ұлттық бағдарламасы. Т, 1997 жыл.
- Білім туралы Заң. Тошкент, 1997 жыл.
- Ш. Абдуллаева, Д. Ахатова, С. Саиийтов, Б. Собиров.
П едагогика. Тошкент, 2005 жыл.
Республикамыздың үздіксіз білім тізімінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер ұлттық тәлім-тәрбие тізімін нығайтуға, заман талаптарымен бірлестірілген, әлем үлгілері дәрежесіне сай «ұлттық моделді» өмірге жариялауға, руханиятымызды және де жетілдіруге қаратылған.
Қоғамның жаңаруы тәлім-тәрбие саласын түптен жаңарту, оған жаңаша қатынас және көзқарасты талап етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, саламат, тәуелсіз пікірлеушіақыл жағынан дамыған, жоғары моралді, дарынды жеке адамды дамыту мәселесі Өкімет маңызына қажет мәселелерден бірі болып есептеледі. Бұған Өзбекстан Республикасында қабылданған «Білім туралы» Заң және «Кадрлер дайындау ұлттық бағдарламасы» айқын мысал бола алады.
«Білім өздестіру- деп айтады Америка ғалымы Бенжамин Блум- оқу- тәрбиелік кезеңді ұйымдастыруда мақсат және мазмұн объектив тұрғыдан дамыту құралы болып қызмет етеді»
Осы пікірлерден келіп шығып жас балалардың тәлім-тәрбие алуы, өз бетінше үйренуі, еркін, тәуелсіз пікірлеуі үшін оларға берілетін бастауыш білім негізі мықты болуы тиіс.
Қазақ тілі методикасы-ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан келіп шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.
Білім беру жолдары мен құралдарына:1) мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал; 2) оқу жұмысын ұйымдастыру; 3) оны үйрету әдістері жатады.
Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын меңгереді. Балалар ана тілдің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін мектепке дейін-ақ меңгере бастайды.
Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын да мектепке дейін меңгереді. Олар мектепке түскеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, қолданылатын сөздердің мағынасын анықтай түсу сияқты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді.
Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті оқушыларға ан тілінің сан алуан грамматикалық қатынастары мен көріністерін, тіл байлықтарын арттыра түсу.
Методикалық принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді:
- оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
- грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
- қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері белгіленеді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден
болатындығын айтып жүр.
Грамматиканы үйрету осы «тілдік сезімталдыққа» сүйеніп іске асырылады.
Бұл принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді:
1) балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру;
2) оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеледі;
3) тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді.
Мұндағы методикалық принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару.
Бұл принципті іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:
1) тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;
2) ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;
3) тілдерін талдағанда көркем текстердің сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады.
Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай методикалық принципке негізделеді.
Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
Бесінші заңдылық. . Фонетикалық, грамамтикалық және лексикалық мағыналардың барлығы тіл таңбаларын-дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар -әріп, тыныс белгісі-ұғыну барысында меңгеріледі. Тілді оқушы мазмұны және формасы, яғни логикалық, грамамтикалық жағынан қабылдайды.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену, сөйлеу органдарының (өкпе, тамақ, тіл, беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады. Әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып, түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан-салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді. Бұл заңдылықтан сөйлеу органдары мен жазатын қолды жаттықтыру принципі келіп шығады.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету.
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек: салыстыру, анализ, синтез, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қоытындыларын жасай алатындай болуға тиіс.
Тілге жүйелі түрде, бірте-бірте үдетіле үйрету заңдылығынан мынадай методикалық принцип шығады:1) ұштастыра оқыту; 2) қайталау, 3) өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу.
Бұл принциптерді іске асыру үшін:1) программаны тиянақты құру; 2) жоспарлы түрде қайталап отыру; 3) жаттығу жұмыстары; 4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерііріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.
Сұраулар мен тапсырмалар:
1. Қазақ тілі методикасы нені зерттейтін ғылым?
2. Қазақ тілін ұғынудың заңдылықтары қандай?
3. Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?
4. Бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі» және «Ана тілі» оқулықтарымен танысыңдар.
Тақырып: Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны.
Жоспар:
- Бағдарлама жасаудағы негізгі методикалық мәселелер.
- Қазақ тілін оқыту әдістері.
Тірек ұғымдар.
Бағдарлама бойынша оқулықтар жасалады. Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер, индуктивтік, дедуктивтік әдістер.
Бастауыш сыныптарда ана тілінен берілетін білімнің мазмұны мектеп бағдарламасында белгіленеді.
Бағдарлама жасаудағы негізгі методикалық порблемалар: 1) ана тілінен қандай теориялық мағлұматтар беріп, практикалық дағдылар мен іскерліктерге үйретуге болатынын анықтау; 2) жекелеген тақырыптардың қайсысын қайсысынан кейін оқыған жөн; 3) ұсынылған материалдарға қанша сағат бөлінетінін белгілеу болып есептеледі.
Бағдарламада көрсетілген көлем мен мазмұнға қарай оқулықтар жасалады. Оқулықтармен қатар түрлі жаттығулар жинағы, диктантар, мазмұндамалар жинағы, дидактикалық материалдар, таблицалар, кеспе тарқатпалар т. б. құралдар жасалады.
Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама бойынша оқулықтар жасалады.
Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі. Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы заңдылықтарын көрсетеді.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды: 1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері; 2) оқу-таным әрекетіне түрткі жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1 топқа сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді) ; индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері ( қиялға, ерікке негізделеді) . Ал II топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; III топқа ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.
Сұраулар мен тапсырмалар
- Қазақ тілін оқыту методикасының мазмұны қалай анықталады?
- Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі бағдарламасымен танысыңдар; оның көлемі мен мазмұнын байқаңдар және көшіріп алыңдар.
- Қазақ тілін оқыту әдістері қандай?
4. Бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі» және «Ана тілі» оқулықтарымен танысыңдар.
«Педагогика» оқулығы, Ташкент, 2005.
Тақырып. Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері.
Жоспар:
- Сауат ашу методикасының негіздері.
- Сауат ашу кезеңінде дыбыстар мен буындарды әсері.
- Сөзді үйрену барысында дағдыланатын амалдар.
Тірек ұғымдар.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созыңқылығы, әуені ажыратылады. Амплитуда -латынша сөз-дірілдің кеңдік қарқыны. Орфоэпия- грек сөзі-orthos-тура, дұрыс, еpos-сөйлеу деген мағына.
Қазіргі күн оқытушысы терең білімді, кәсіптік пәнін толық иеленген болуымен бірге жоғары адмдық қасиеттерге ие болған, балалар және үлкендермен қиналмай қарым-қатынасқа түсе алатын, олардың рухиятын, жағдайын түсіне алатын ақиқи шебер педагог болуы керек. Сондықтан сауат ашу методикасында да оқытушының атқаруы керек болған немесе білуі тиіс болған жағдайлар сөз болады.
Сауат ашу методикасы тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру - ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады.
Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері, әдетте 1 сек. Ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрылым көп, жиі болса, ырғақ солғұрылым күшті болады. Ал керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек. Ішінде 16 дан 2-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда-лат. амплитудо) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
-- Тіліміздегі дыбыстар қалай жасалады?
-- Өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты арқылы шығуынан жасалады.
-- Дыбыстарды айтуда қайсы мүшелер көп қызмет атқарады?
Әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады, ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады.
Қазақ тілінде неше дыбыс бар? Олардың нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыздар? Олар қалай жасалады?
Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысым- дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауыстыда бүкіл дыбыстау аппаратына жайылады да, жалпылама өтеді-деп, айқындаған болатын.
Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену- сауат ашу кезеңіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі айтып үйренеді.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.
Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құрауға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалықтүрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы а л ф а в и т деп аталады.
Дыбыс тіркестерінің, сөздердің дұрыс айтылу ережелері орфоэпия ( грек сөзі-orthos-тура, дұрыс, еpos-сөйлеу) деп аталады.
Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралықтарындағы дыбыстар бір-бірімен өзара үндесіп үйлесе айтылады.
Оқу-жазуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде анық естілетін, созып айтуға келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардан құралған сөздер іріктеліп алынады. Балалар сауат кезінде өздері көріп тұрған не жазған әріптерінен буын құрай алады. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратса, жинақтау арқылы дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап үйренеді.
Сауат ашу кезеңінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгені дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құралған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немесе төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі. (ШО-ра, ша-на, ал-ма, ар-ша т. б. ) .
Балаларға сөздерді, біріншіден, мағынасы жағынан, екіншіден, қолданылу аясы мен шеңбері жағынан үйретудің олардың ойы мен тілін дамыту үшін маңызы зор.
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай дағдыланулары тиіс: 1) сөздің мағынасын айту; 2) сөзді тағы қандай мағынада қолданылуға болатынын айту; 3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту; 4) сөйлеуде лексикалық құралдарды дұрыс пайдалану; 5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғару.
Сұраулар мен тапсырмалар.
- Оқытудың алғашқы сатысында сөйлеу органдарының қызметі қалай пайдаланылады?
- Орфоэпияға өздіктеріңнен мысалдар келтіріңдер.
- Сауат ашу жұмысына қажетті фонетикалық мәліметтерді айтыңдар.
Сауат ашу кезеңіндегі жұмыстар.
Жоспар:
- Сауат ашу кезеңдерінің бөлінуі.
- Сөйлем және сөз сабағын үйрету маңызы.
- Сөз және буын, дыбыспен таныстыру.
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:
- Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі.
- Әліппе кезеңі.
- Әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір коллективке ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты жаңа жағдайға, жаңа адамдарға ( мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым -қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түседі. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рол атқарады.
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей алатындары, қандай өлең-тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады;
- Балалардың сөздік қорын анықтау
- Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
- Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
- Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
- Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық. .
- Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш-қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады:өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады.
Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т. б ерекшеліктеріне баса назар аударылады.
Бүл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі . осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдарымен жұмыс түрлері ойластырылады.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілімен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін жатқа айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын ойластырады.
Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдарымен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады. Кеспе әріптердің кассасын жасату және оны пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де олар үлгере алмай қалады. Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады: « Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ( ауызша) .
- Мұғалімнің ертегі айтып беруі, әңгіме оқып беруі.
- Айтылған ертегі немесе оқылған әңгіме бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.
- Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
- Әңгімені сөйлемге ажырату.
- Сөйлемдердегі сөздерді табу.
- Ертегідегі немесе әңгімедегі ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу. Ертегіні диалог түрінде ролге бөліп айтқызу.
« Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ .
- Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу .
- Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
- Сөйлемдерді сөзге талдау.
- Сөздерді буынға талдау.
- Сөздің алғашқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.
- Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластилинмен жасату.
Дыбыспен таныстыру сабағы.
- Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақпен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
- Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.
- Дыбыспен таныстыру: а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т. б. сөздерді талдай отырып «а» дыбысына көңіл аударылады.
- Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.
- Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Сұраулар мен тапсырмалар:
1. Сауат ашу кезеңіндегі жұмыстар нешеге бөлінеді?
2. Сөйлем және сөзді үйретуде нелер орындалады?
3. Буынмен таныстыру сабағында нелерге көңіл бөлінеді?
4. Дыбыспен таныстыру сабағында нелер орындалады?
5. Әріптермен таныстыру сабағына үлгі дайында.
6. Әріптер кассасын дайындаңдар.
Тақырып: Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптар.
Жоспар:
- Жазуға қойылатын негізгі талаптар.
- Жазуға кірісердегі гигиеналық талаптар.
- Сауат ашу кезеңінде пайдаланатын көрнекі құралдар.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
А) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz