Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің практикалық
лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Иргизбаева К.Б.
 
Қазіргі кезде тіл мамандары мен әдіскерлерді оқыту үдерісінде дидактикалық
мақсатты шешуде оқыту әдістемесінің белсенді түрлеріне бет бұруда.
Оқытушының тіл үйренушілермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу
қабілеті бүгінгі таңдағы тілді оқыту үдерісінің тиімділігін арттырады, ол
студенттің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және тілді меңгерудегі
мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған
мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту үдерісінде оқытудың
белсенді түрлерін қолдануды көздейді.Сол себепті қысқа мерзімде ақпараттың
көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде
игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл
талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқыту мен үйретудің
негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастыру, себебі динамика мен өзгерістерге
толы ақпараттық кезең адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді,
өйткені бұл дәуірдің идологиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси
сұраныстары адамнан төмендегідей құзырлықтарды талап етеді:
- проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдеу және
  қорғай білу;
- кез келген жағдайда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу,   
  бірлесе жұмыс жасай білу;
- өмірде көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын
  жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;
- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.
Инновациялық технология оқу мен үйренудің негізін ойлау мен рефлексияға
негізделген интербелсенді әдістер құрайды.
Ағылшын тілінен келген interactiv cөзі inter дегеніміз өзара
мағынасында, ал act - әрекет жасаудегенді білдіреді, яғни интербелсенді
әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі
деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
Басқаша айтқанда, интербелсенді дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу,
онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал интербелсенді оқу дегеніміз
өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диалог арқылы
үйрену, үйрету, яғни үйретуші-үйренуші үйренуші- үйренуші үйренуші-
өзімен өзі тұрғысынан жасалған қарым-қатынас: әңгіме, сұхбат, пікірлесу,
бірлескен әрекеттер болып табылады.
Интербелсенді оқытудың мақсаттары:
1.     Орта қалыптастыру.
-         Студент тіл үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін
сезінетін
     жағдайлар жасау;
-         студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас
     орнату;
     -    студенттерге білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар
сілтеу,
2.     Әрекет арқылы үйрету
     -    студенттерге бөлімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде
     меңгерілетіндігін дәлелдеу;
-  студенттерді белсенді әрекеттерге баулап, олардың білім игеру
      әрекеттерін ұйымдастыру
3.     Өмірмен байланыстыру 
Интербелсенді оқыту әдістемесіндегі білім игеру үдерісін ұйымдастыру
жолдары :     
- барлық студенттерге бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға
   мүмкіндік жасау;
- әрбір студенттің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін
ортаға
  салып, бірлесе талқылап, олар туралы өзара пікірлесу, ой толғауына
мүмкіндік жасау;
- студенттер білімді өздігімен құрастыратын тілдік орта құру;
Интербелсенді оқыту - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау
Интерактивтік оқу технологиясы
Оқыту тәсілдері мен технологиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сəйкестігі
Пәндер