ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ТҮРЛЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ТҮРЛЕРІ
?????????: Қазақ тілінің әдістемесі????: июля 11, 2012
Қ.С. ДҮСІПБАЕВА 
Тілтаным агенттігінің директоры
филология ғылымдарының кандидаты
 
Бүгінгі күні қазақ тілін кімдерге оқытамыз емес, қалай оқытамыз, оқыту
сапасын қалай көтереміз деген мәселелер төңірегінде пікір алмасуымыздың өзі
қол жеткен жетістіктер деп білемін. Сондықтан бүгінгі семинардың мақсатыда
қазақ тілін оқытудың озық технологияларынан мағлұмат беріп, саралау болып
отыр. Заманымыздың өзі технологиялар кезеңі болғандықтан, қазіргі таңда
оқыту технологияларының түрлері өте көп. Атап айтсақ: ынтымақтастық
технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді ізгілендіру
технологиясы, дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы, оқытудың
модульдік технологиясы,  дамыта оқыту технологиясы, ақпараттық-
коммуникативті технология, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, тірек
сигналдар арқылы оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, Анатолий Гиннің
педагогикалық технологиясы және т.б. тізе берсе технологиялар саны өте көп.
Сіздермен біздердің мақсатымыз –  осы технологиялардың ішінен тиімдісін
тауып қолдану. Орыс тілділерге қазақ тілін оқыту барысында аудиторияны яғни
курсқа қатысушылар кімдер екенін ескере отырып салалық  қазақ тілімен
қатар, әрбір деңгейге байланысты ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану керекпіз.
Тиімді технологияны таңдау барысында нені? қайда? қалай? деген сұрақтардың
шеңберінде іске асыру керек.
Сонымен қатар оқытушы өз мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерінде
ескеру қажет. Себебі ақпараттық технологияны қолдану барысында жас
ерекшелігі маңызды. Егер біз мүмкіндіктерді сарқа пайдаланбасақ, діттеген
мақсатымызға жетуіміздің өзі 100% орындалмайды.Осы технологиялардың ішінде
әрбір оқытушының шеберлігіне байланысты тиімді болып табылатын түрлері бар.
Солардың ішінде деңгейлеп оқыту, ақпараттық оқыту, модульдік оқыту және
ойын технологиясы арқылы оқыту кең тараған. Қазақ тілін оқытуда ойын
технологиясының, оның ішінде рольдік ойын технологиясы өте тиімді деп
білемін. Себебі технологияның атауының өзі құлаққа жеңіл, әрі тартымды.
Кімді болса да  мейлі ол жас бала болса да, ересек адам болса да ынта қоя
кіріседі. Жалпы ойын технологиясы бойынша келесі баяндамада толық мағлұмат
беріледі. Сіздердің назарларыңызға тиімді технологиялардың бірі ретінде
кейс-стадий технологиясын ұсынбақпыз. Бұл технолгияны өз басым Астана
қаласында Қазақ Гуманитарлық Заң университетінде сабақ бере жүріп үйрендім,
қазіргі кезде курсқа келіп жүрген тыңдармандарға сабақ беру барсында
қолданамын. Меніңше технология өте тиімді. Кейс-стадий технологиясы бойынша
қысқаша мағлұмат беретін болсақ: ол XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард 
университетінің  бизнес-мектебінде еңгізілді. Кейс-технологиялардың 
негізгі  ерекшеліктері: Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан практикалық 
жағдайларды зерттеу;болған жағдайларды  баяндау;оқушылар  проблемамен 
танысып, оны шешудің  жолдарын  іздейді. Кейс-технологияларға жататын
әдістер:
• жағдайды  талдау  әдісі;

• инцидент әдісі;

• рольдік  ойындар  әдісі;

• іс  хабарды  талдау  әдісі;

• ойындық  жоба;

• дискуссия әдісі

Кейс-технология шын  және ойдан  шығарылған  жағдайларға  негізделген қысқа
мерзімді  оқытуға  арналған интерактивтік технология.
Кейс-технологялардың  негізгі  мақсаты:
• оқушылардың  бойында  жаңа  қасиеттер  мен   іскерліктерді  
қалыптастыру;

• әр түрлі проблемаларды  талдау  және  оларды  шеше білу  қабілетін  
дамыту;

• ақпаратпен  жұмыс   жасауды  үйрету

Инцидент әдісі
• тындаушының өз бетінше шешім қабылдауы үшін  ақпарат іздеуі;

• ақпаратпен жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Оқытудың белсенді әдістерін жіктеу
Ағылшын тілі сабақтарында оқу техникасын қалыптастыру жолдары
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Пәндер