Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудағы тест жұмыстарын жүргізудің дидактикалық негіздері
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудағы тест жұмыстарын жүргізудің
дидактикалық негіздері
Жоғары оқу орындарынды оқу пәні ретінде қолданылатын қазақ тілінің
өзіне тән ерекшелігі бар. Оның мәні мынады. Жоғары оқу орындарындағы өзге
ұлт бөлімдерінде оқытатын басқа да арнайы пәндер бар екені белгілі. Ол
пәндер арқылы студенттер белгілі ғылым саласы бойынша қажетті білім
негізін ана тілі немесе ортақ тіл арқылы меңгереді. Осы оқыту құралы (ана
тілі немесе ортақ тіл) арқылы меңгерілген білім пәнді оқытудың негізгі
міндеті болып есептеледі. Сөйтіп, жекелеген пәндерді оқығанда студенттер
тек бір ғана қиындықты жеңе білулері тиіс. Ол, - пән бойынша берілген жаңа
білімді меңгеру.
Өзге ұлт бөлімдерінде қазақ тілін оқыту жайы тіптен басқаша. Бұл,
жерде тілдік құрылым студенттерге белгілі емес. Тілдік құрылымды меңгеру,
сосын оны қолдана білу-қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты мен міндеті.
Оқу мәліметі мен білімді меңгеру осы мақсат пен міндетке бағынады, сөйтіп
оны жүзеге асыру құралы қызметін атқарады. Сөйтіп арнайы пәндерді оқыту
құралы – тілдік қатынас (тілдік құрылым) қазақ тілін оқыту барысында оның
негізгі мақсаты мен міндеті қызметін атқарады. Керісінше, дидактикада қазақ
тілін оқыту құралы (білім, мазмұн) – арнайы пәндерді оқыту мақсаты мен
міндеті қызметін атқарады. Бұдан келіп, қазақ тілін оқыту барысында
студенттердің екі түрлі қиындықты жеңе білуі қажеттігі туады. Біріншіден,
олар тілдің құрылысы мазмұнын ашатын грамматикалық білім мен білікті
меңгеруі қажет. Екіншіден, тілдің құрылсын меңгере отырып, оны сөйлеу
тілінде қолдану дағдысын, яғни тілдік қатынасты меңгеруі тиіс.
Қазақ тілі мен арнайы пәндерді оқыту арасында аталған функционалды
айырмашылықтарынан басқа сапалық айырмашылық та бар. Мәселен, арнайы пәндер
сана деңгейінде ғана қызмет жасайды. Атап айтқанда, белгілі ауқымдағы білім
студенттердің есіне сана каналы арқылы барып бекиді. Қазақ тілі болса сана
деңгейінде де, түпкі сана деңгейінде де қызмет жасайды. Тілдік
құрылымдардың мазмұнын меңгеру және оны есте сақтауда сана каналы іске
қосылады. Ал тілдік қатысымды жүзеге асырғанда, тілдік құрылымдарды таңдау
және тіркестіру пайымсыздық деңгейінде іске асады. Сөйтіп оқытуда жалпы
пәндерге ортақ қасиет-оқу мәліметінің еске сана каналы арқылы барып
танылуы. Қазақ тілін оқытуда тілдік құрылым мазмұны сана каналы арқылы
өтеді, бірақ тілдік құрылымдардың өздері бұл каналдан тысқары пайымдау
арқылы беріледі. Қазақ тілінің екі канал бойынша жұмыстануына байланысты
бір жағынан, берілген мәлімет пен білімді берік сақтау, екінші жағынан,
соның негізінде білім және білікті тәжірибеде қолдануды жоғары дәрежеге
жеткізу талабы қойылады. Бұл, әрине, аталған пәннің оқу жүктемесінің
көлемін біраз кеңейтеді. Қазақ тілінің жеке дидактикалық пән ретінде және
жалпы дидактикаға жататын арнайы пәндер арасындағы айырмашылығы осыдан
көрінеді. Бұл жағдай қазақ тілінің дидактикадағы орнының даралығын
көрсетеді. Қ
Қазақ тілін өзге ұлтқа оқытып үйретудің межелі мақсаттарына жетіп,
оның кейбір мәселелері шешілуі үшін белгілі педагогикалық шарттар жүзеге
асуы керек. Сондықтан да біз осы шарттардың іске асуын анықтайтын негізгі
педагогикалық талаптарды тұжырымдауды мақсатқа сай деп санаймыз. Яғни қазақ
тілін оқытудың сапасын арттыру әдістемелік жүйесін жасауда, анық өлшемдерге
(критерий) ие болу үшін тілді оқытып үйретудің ғылыми негізделген ұтымды
әдістемесі қандай болу керек екенін анықтап алуымыз қажет.
Кез келген іс-әрекеттің мақсаты, амалдары және нәтижесі болады. Ол
тілді оқытып үйретудің мынадай негізгі компонеттерін белгілеуге мүмкіндік
береді: мақсат, мазмұнды-амалдық және бағалау-нәтижелік. Мақсаттар мен
міндеттер оқыту мазмұнының, оқу әрекетінің формалары мен тәсілдерін
таңдауды анықтайды және белгілі мағыналы әрекетті межелі нәтижесіне
бағыттайды. Компоненттердің бірінің болмауы қазақ тілін оқытып үйрету
жүйесінің тұтастығын бұзады. Қазақ тілін үйрету - бұл басқарылатын жүйе.
Сондықтан ол келесі негізгі үштік: мақсат, басқару және нәтиже
компоненттерін белгілейтін басқарудың жалпы теориясы тұрғысында зерттеулі
керек. Мұнда басқару сапасын мақсат пен нәтиже аралығындағы сәйкестік
анықтайды.
Қазақ тілін оқытып үйретуде басқару объекті болып студент тұлғасының
әрекеті саналады. Олардың белсенді әрекеті болмайынша межелі мақсаттар мен
міндеттердің орындалуы мүмкін емес.
Диалектика әдіснамасының психологиясы оқытуды әрекет ретінде
қарастыруды талап етеді. Сонымен қазақ тілін оқытуда оқушылар мен
студенттердің екі жақты әрекеті орын алады. Бір жағынан, тілді оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталатын объективті мақсатты әрекет,
екінші жағынан - студентің жеке мақсаты, міндеті және қызығушылықтарымен
айқындалған жеке, субъективті сипатты әрекет.
Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқыту контексінде тілді оқытып үйрету
табысты болуы, ең алдымен, оқушылардың нақты объективті мақсаттар мен
міндеттерді түсінуіне байланысты. Бұларөз кезегінде тілді үйретудің
субъективті мақсатары және міндеттері тура сәйкестікке келуі тиіс. Бұл
тұрғыда жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытып үйретуді басқару ең алдымен
студенттердің жеке ерекшелігін ескеру талабын қояды. Профессор
Ф.Оразбаеваның пікірінше, бұл “қағйда тіл үйренушінің жеке басына тән
барлық қасиеттерді психологиялық , педагогикалық тұрғыдан зерттеуге және
онымен үнемі санасып отыруға негізделген. Барлық оқыту жүйесі оқушының
зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді” (24,35б).
Дамыта оқыту негізінде жеке тұлғаның жаңа материалды негізгі
(базистік) білім, іскерлік, дағдыларына сүйене отырып меңгеруге өзінің
шамасына шақ екенін түсіну және оқыту мазмұнының (түсініктілік) қол
жетерліктей болу талабы жатыр. Яғни профессор Р.М.Қоянбаевтың тұжырымынша
“оқытудың қол жетерлігінің елеулі белгісі - хабарланатын жаңа білім оқушы
бойындағы бұрынғы білімге және оның өмір тәжрибесіне негізделген болуы
керек” (25,24б).
Осы ғылымдардың пайымдауларына сүйене отырып, біз орыс бөлімінде қазақ
тілін оқытуда олардың әрқайсысына жеке қабілеті мен мүмкіншіліктеріне сай
жеке қырынан келу қажет деп санаймыз.
Оқытуға қойылатын келесі педагогикалық талап кибернетикаға тән
басқарудың кезеңді түрімен сипатталады. Ол басқару мақсатын көрсеткеннен
кейін басқарылатын үрдістің негізгі ауыспалы қалпын болжайтын ықпал жасау
бадарламасының анықталуын, басқарылатын үрдістің жағдайы туралы мәліметті
параметірлердің белгілі жүйесі бойынша алуды қамтамасыз етуді; түзейтін
ықпалдардың жасалуын және олардың жүзеге асуын қарастырады.
Бұл талаптар қазақ тілін оқыту тұрғысынан сәйкес жалпыобъективті
мақсаттардан кейін берілген мақсаттың субъективті қатнаста, яғни
оқушылардың психикалық әрекетін бастапқы қалпына сайкес нақтылануын
болжайды.
Орыстілді бөлімдерде қазақ тілін оқытуда тұлғаға жеке қырынан келу
аспектісінде, негізгі білім мен іскерлік деңгейін анықтау және оқушылардың
жеке ерекшеліктерін айқындау маңызды болып көрінеді. Алғашқысы оқытудың
көзделген мазмұнында бастапқы қалпын анықтауғы және сол тұрғыда тек қана
жаңа білім мен іскерліктің қалыптасуын қамтамасыз етуге, яғни танымдық
әрекеттің қайталануынан аулақ болуға мүмкіндік береді. Ал егер алғашқы
білім мен іскерліктің жартысы қалыптаспаған немесае оқытудың көзделген
мазмұны меңгеру үшін қанағаттанарлық емес көрсеткіштермен қалыптасқан
болса, алдымен жетіспейтін звеноларды қалыптастыруға, яғни негізгі
бөлімдегі кемшіліктерді толықтыруға мүмкіндік береді. Екіншісі оқыту
мазмұны емес, оқытудың тәсілі мен қарқынына қатысты. Сонымен қатар, біздің
ойымызша, оқушылардың негізгі білімі мен жеке ерекшеліктерінің анықталуы
тілді оқытудың объективті және субъективті мақсаттар мен міндеттерінің ара
қатысы үшін маңызды жағдай болып саналады.
Тілді оқытуда жүйенің негізгі элементі болып адамның жеке тұлғасы
саналуына байланысты, оқу әрекетін басқару барысында тілді оқытудың
тұзелуіне мүмкіндік беретін жиі кері байланыстың қамтамасыз етілуі қажеттік
туғызады.
Қазақ тілін оқыту барысында, оқытушы үздіксіз меңгеру үрдісінің әр
жеке жағдайына бақлау жасуы керек және осы қалыпты түзеуді өз уақытында
жүргізуі қажет. Сабақ барысында студенттердің білімдерін бақылау - баға қою
үшін емес, оқу және оқыту әрекеті нәтижесінің дәрежесін анықтау үшін
жүргізілетін бақылау. Оқу үрдісінің оқу және оқыту жақтарын біріктіретін
байланыс, оқыту мақсаттары мен міндеттеріне өзіндік белсенді жұмысын
қамтамасыз етеді.
Қазақ тілін оқыту мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін студентер
белгілі әрекетке деген дайын болуы тиіс. Сондықтан ЖОО-да белгілі пәнге
оқыту формасы болып сарамандық сабақтар саналады.
Профессор Н.Оралбаеваның пікірінше, қазақ тілі бойынша жүргізілетін
сарамандық сабақтардың басқа кез келген сабақтармен салыстырғанда, өзіндік
ерекшелігі бар. Және бұл ерекшелік қазақ тілін жүргізу әдістемесіне оқу,
аударма жасау,сөйлесу (әңгімелесу) жаттығулары түрінде жатады (26).
Бұл жерде сарамандық сабақтың жүйесі оқытудағы теория мен тәжірибенің
тығыз байланысын құрайтыны белгілі. Егер басқарылатын оқыту жүйесінде
басқарушы орган оқытушы деп пайымдайтын болсақ, ал сарамандық сабақ
жағдайында ол студетпен тікелей тілдік қатынасқа түскен пікірлесі қызметін
атқарады. Яғни белгілі бір тәжірибелік білік пен дағдыны қалаптастыру
құралы болып есептеледі. Осымен байланысты оқытушы мен оқушы арасындағы
осындай ара қатынас тілді оқыту барысындағы басқа оқытушылық қызметіне -
ақпарат беруші және бақылаушы - ықпал ететінін атап өткен жөн. Бұдан
байқайтынымыз, сарамандық сабақ барысындағы үйренуші мен үйретушінің
арасындағы тығыз байланыс мынаны қамтамасыз етеді: оқушылардың ізденушілік
белсенділігін, білім мен білікті игеруге бағытталған олардың ішкі өзін-өзі
басқару күшін шоғырландырады, оларды өзіндік оқу әрекетіне бағыттайды. Бұл
мұғалімнің ақпарат берушілік қызметінің кеңес берушілікке, ал бақылаушылық
қызметінің түзетушілік қызметке ауысуына нақты жағдай жасайды.
Оқытушы мен студент ара қатынасы оқу құралдары мен әдістер жүйесі
арқылы да айқындалады. Қазақ тілін оқыту барсында студенттердің өз бетімен
сөйлеуге машықтану әрекетін қамтамасыз ететін техникалық оқу құралдарды
қолдану қажет.
Оқу-тәрбие үрдісінде техникалық оқу құралдарының тиімділігін ғылыми
түрде зерттеген еңбектер біршама. Атап айтқанда, оқу-тәрбие үрдісінде оқу
киносын қолдану тиімділігі мәселесі (27;28), лингафон кабинетінің тіл
үйретудегі орны мен маңызы (28), техникалық оқу құралдарын пайдалану
негіздері туралы (29), қазақ мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында техникалық құралдарды қолдану тиімділігі жайында (30), қазақ
бөлімі студенттеріне орфографияны оқытуда компьютерді қолдану тиімділігін
сөз еткен (31), өзге ұлт бөлімдерінде қазақ тілін оқытуда техникалық оқу
құралдарын қолдану - ана тілімізді оқытуды жандандырып, сапасын арттыру
жолдарының бірі екенін дәлелдеген (28;32) еңбектерді атауымызға болады.
Техникалық құралдар сабақ барысында оқытушы қызметінің біразын өз мойнына
алады, сөйтіп оның студенттердің сөйлеу дағдысын автоматтандыру сияқты ауыр
жүгін аз да болса жеңілдетеді.
Бұл жағдай керісінше, студенттердің өзіндік және жекелей жұмыс жасау
мүмкіндігінің өрісін кеңейте түседі.
Десек те, тілді оқытып үйретуде техникалық оқу құралы оқытушы әркетін
толығымен орындайтын, студенттердің қатысымдық, ізденушілік қабілетін
жоғары дамытатын бірден - бір жалғыз құрал деп үзілді-кесілді тұжырым
айтудан аулақпыз. Себебі сабақтың үстінде ұзақ қолданылған техникалық құрал
оқытушының қолын тұсап уақытын жейді. Сондықтан қазақ тілін оқытуда
техникалық құралды қолданудан жақсы нәтиже болсын десек, лингафон
кабинеттерін сабақтан тыс пайдалану қажет. Бұл тәсіл студенттердің лингафон
кабинеттерінде сабақтан тыс өз бетімен және жекелей жұмыс жасауына өте
тиімді.
Сөйтіп, үйренуші мен үйретушінің техникалық оқу құралдары мен белгілі
бір ұтымды оқыту әдістерін қолдану барысындағы өзара әрекеті, тіл бойынша
игерген білімдері негізінде қазақ тілін қабылдау және оны қайта жаңғыртып
басқаға хабарлау, яғни тілді меңгеруге байланысты қатысымдық міндеттерін
шешеді. Тілді меңгеру деңгейлері адамның келесі психикалық әрекеттеріне
қабылдау, түсіну және ойлау - сәйкес келеді.
Бір жағынан, мәліметті қабылдамай, оны түсінбей, екінші жағынан-
сөзсіз (сөйлеу) ойлау мүмкін емес. Ал тілдік әрекет ойлаусыз мүмкін емес.
Олай болса, тілді меңгеру үшін жоғарыда көрсетілген деңгейлердің барлығы
қажет. Олай болса, тілді меңгерудің өнімді деңгейінде ғана оқыту мазмұны
игерілген болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген педагогикалық жалпы талаптардан басқа өзге ұлтқа
қазақ тілін оқыту жалпыдидактикалық ұстанымдар негізінде құрылады.
Жалпыдидактикалық ұстанымдардың табиғаты, оқытудағы оларды мәні көптеген
іргелі педагогикалық еңбектерде айқындалған.
Оқыту ұстанымдары үйретуші іс-әрекеті және үйренушінің танымдық іс-
әрекетінің сипатын анықтайтын бастапқы, негізге алынатын қағидалар болып
табылады. Оқыту ұстанымдары үйретуші мен үйренушілер іс-әрекеттерінің ішкі
елеулі жақтарын бейнелейді, кез келген мазмұнда және ұйымдастырылуы
қалыбында оқытудың тиімділігін анықтайды.
Оқу үрдісі оқыту ұстанымдарын мөлшерлейтіні белгілі. Бұл ұстанымдар
оқытушы басшылыққа алатын дидактикалық тәртіп нормасы болып есептеледі.
Оларды Қадағаламайынша оқу үрдісінің тиімді және дұрыс қызмет жасауы мүмкін
емес. Жалпы дидактикалық ұстанымдарға мыналар жатады; тәжірибенің теориямен
байланысы; саналылық ұстанымы; жекелік және ұжымдық біртұтастық немесе
белсенділік ұстанымы; нақтылық және абстрактылық бірлігі ұстанымы;
түсініктілік ұстанымы; білімнің беріктігі ұстанымы. Ғылымилық ұстанымы –
қазақ тілін оқытуда бұл тілдік материалды ғылыми тұрғыда сұрыптау мен оны
оқыту әдістерін ғылыми тұрғыды қолдануды білдіреді. Тілдік материалды
ғылыми тұрғыда сұрыптау, негізінен қазақ тілі салаларының, заңдылықтарының
шексіз үлкен ауқымы мен оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz