Қазақ тіліндегі сөз тұлғаларына қатысты Құдайберген Жұбанов көзқарастары



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
қазақ тіліндегі сөз тұлғаларына қатысты құдайберген жұбанов көзқарастары

Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы
ф.ғ.к., доцент Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.
zerek24@mail.ru
Балаубеков Мырзахмет Мухатович
Аға оқытушы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.
@mail.ru

Ғалым С.Исаевтың Қ.Жұбанов зерттеулері дүниеге келген 1930
жылдардың орта шенінде қазақ тілі білімінің тарихи грамматикасы, оның
ішінде тарихи морфологияның негізгі және басты мәселелері (жекелеген
морфологиялық единицалардан – морфемалардан, жеке формалардан,
грамматикалық мағыналардың ерекшеліктерінен бастап, ірі-ірі морфологиялық
топтардың, грамматикалық немесе морфологияық категориялардың туып,
қалыптасып, даму жолдары, сөз таптары жүйесінің қалыптасып даму т.б.)
жүйелі ғылыми түрде зерттеу обьектісі болмақ түгіл, қазіргі қазақ тілінің
грамматикалық құрылысы диахрондық аспект былай тұрсын, статистикалық
тұрғыдан да жан-жақты сипатталып беріле қойған жоқ еді дегеніндей [1.116]
қазақ тіл біліміндегі морфология саласына байланысты алғашқы зерттеулер
Қ.Жұбанов есімімен тікелей байланысты.
Қазақтың алғашқы тілші ғалымдарының бірі Құдайберген Қуанұлы Жұбанов
жалпы қазақ тілінің біраз мәселелеріне қалам тартқан болатын. Ол 38 жыл
ғұмырында ...қазақ тілінің ерекшелігіне лайықталған жаңа қазақ жазуы мен
емлесін түзіп, қалыптастыруда елеулі еңбек етті. Қазақ тілінің алғашқы
оқулықтарын жазу оның грамматикасы мен тарихын зерттеу Қ.Қ.Жұбанов
қаламының үлесіне тиген-ді [2.529]. Атап айтқанда, сол таңдағы мектептерде
оқытылып келе жатқан оқулықтардың олқылықтарын толтыру мақсатында
грамматика саласында құнды еңбектері дүниеге келген еді. Соның бірі 1936
жылы Қазақ тілінің грамматикасы атты оқулығы сол кездегі ғана емес,
қазіргі ғылымда да маңызын жоғалтпаған дүние. Жалпы V сыныпқа арналған бұл
еңбектің негізі морфологияның біршама қырларын ашуға арналады. Өз еңбегінде
тілдік құбылыстарға қатысты ғылыми тұжырымдарын тұрмыстық қағидалар мен
жағдайлардан мысал келтіріп отырып, салыстыра көркем тілмен баяндайды.
Осының ішінде әсіресе грамматикалық тұрғыдан арнайы қарап сөздердің
түрлеріне сипаттама бергенде көп жайға аса көңіл бөлгендігін байқаймыз.
Ғалым морфология шынтуайтында сөздердің қай сөз табына жататындығын, ол сөз
таптарының жасалу жолдары мен түрленуін зерттейтін ғылым екендігін сөз ете
келе, Сөз тұлғасының түріне қарай, мынадай алты арыс болады, - деп жақсы
аңғарады, яғни: түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар
сөз, қосалқы сөз, - деген топтардан тұратындығын дәлелдеуге тырысады.
[3.164].
Олардың кейбір топтарының атаулары (терминдері) қазіргі таңда
қолданыстан шығып қалса да, қай ғалымның болмасын пікірі жіктеу нәтижесін
жоққа шығаруға себеп бола алмайды. Әсіресе, айта кетерлігі ол таңда әлі де
сөз етіле қоймаған морфемаларға байланысты мынадай тұжырымдары қазірде аса
бағалы. Ғалым қазақ тіліндегі сөздердің кейбіріндегі түбір мен
қосымшалардың дербестігі жоқтығын байқап, ол сөздер мен қосымшаларға
байланысты топтарды өлі қосымшалар және өлі түбірлер деп атағанды жөн
санайды. Яғни, сіңісу құбылысының нәтижесінде кейбір негізгі түбірлер келе-
келе мағынасын жоғалтқандығын, олардың белгілі бір қосымшасыз лексикалық
мағынасы болмайтындығын ерекше атап өтеді. Түбірдің де өлісі, тірісі
болады. Мысалы: күрес, жарыс деген түбірлердің соңғы -с, -ыс дыбысы осы
күні де қосымша. Мұны соқ деген түбірге қоссақ, соғыс, айт деген түбірге
қоссақ, айтыс болады. Соңындағы -с үстеу болған соң, оның алдыңғысы – түбір
болмақ.
Сонда , күрес, жарыс деген сөздердің түбірі күре, жар болып шығады.
Бірақ, қазақ тілі күресу, жарысу мағынасындағы күре, жар деген түбірлерді
білмейді. Сондықтан: бұларды өлі түбірлер дейміз [3.168]. Осы күнгі
еңбектерде -(ы)с, -(с) жұрнақтарын ортақ етістің формасына жатқызып,
олардың көп кездесетіндігін және зат есім мағынасында да, етіс мағынасында
да қолданылатындығын айтады.
Ғалым сонымен бірге, кейбір қосымшалардың жоғарыда атап өтетін күре,
жар деген түбірлер секілді кейбір белгілі бір сөздерде болмаса өте кем
таралған қосымша түрлерін анықтайды. Яғни, ...темір-ші, ойн-а, колхоз-дың,
ауыл-да деген сөздердегі -шы, -а, -дың, -да қосымшалары... тірі
қосымшалар, - деп көрсетіп, ал ...ертең деген сөзде – ерте, соңыра деген
сөзде – соң, жоңқа деген сөзде – жон түбірлері бөлек шығып тұр. Өйткені,
ерте, жон, соң деген түбірлер жеке тұрып та қолданыла береді. Бірақ, ертең-
дегі -ң, соңыра-дағы -ра, жоңқа-дағы –қа ана сөздерден бөлініп, басқа
сөзге жалғанбайды. Олар бір кезде тірі қосымша болып жүрген де, бүгінде
қосымша болуды қойып, түбірмен бірігіп қатып қалған, - деп, аталып өтілген
қосымшалардың түрлерін сипаттайтын бүгінде қолданудан шығып қалған
қосымшаларды өлі қосымша дейміз, - деп өте орынды түйін айтады. Мұның
барлығы да сөз тұлғаларының түбір және қосымша морфемасынан келіп шығады.
Қ.Жұбанов жалпы, түбір морфеманы – түп мүше, қосымша морфеманы – жамау мүше
деп атайды. Өз мақаласында осы мәселе жайлы пікір білдірген тілші ғалым
А.Ибатов қазіргі таңда аталып жүрген түпкі түбірді ...Қ.Жұбанов түп мүше
деп атаған. Түпкі түбір деп тілімізде жеке айтылмайтын, сөздің дербес
қолданылатын, түбір негізін ары қарай тарихи (этимологиялық) тұрғыдан
бөлшектеп түптегенде ғана анықталатын сөз тұлғасын, сөздің түп тұлғасын
айтамыз. Бұл тұлғаның түпкі түбір деп аталуы да осыған байланысты. Мысалы:
онша (он-ша), ондай (он-дай) дегендегі – он; қалай (қа-лай), қашан (қа-шан)
дегендегі – қа, бұғаз (бұғ-аз), бұғақ (бұ-ғақ), бұғау (бұ-ғау) дегендегі
бұғ-; кірбең (кірб-ең), кірби (кірб-и), кірбік (кірб-ік), кірбік (кірб-
ік), кірбің (кірб-ің) дегендегі кірб-; кіржи (кірж-и), кіржің (кірж-ің)
дегендегі кірж -; Осы кірб- пен кірж- дегенді ары қарай кір-б-, кір-ж-
деп бөлшектеп, -кір тұлғасын бөліп алуға болады. Міне, осылай етіп жігі
белгілі морфемдік тұлғаларды біртіндеп тұлғалап бөліп алу жүйесімен тарихи
тұрғыдан ғана анықтауға болатын түп тұлғалар түпкі түбірлер деп аталады.
Мұндай тұлғалар қазіргі кезде жеке қолданылмайды, мағыналық жағынан да
күңгірт болады [4.128], - дейді.
Қ.Жұбановтың еңбектерінде өзіне дейінгі қазақ тілін зерттеген Ахмет
Байтұрсынов еңбектерінің кейбір тұстарын сынап, кейбір олқылықтарын жиі
атаса да, зерттеулерін Тіл құралға сүйеніп жазғандығы шүбәсіз. Мысалы,
ғалым А.Байтұрсынов жариялаған көптеген терминдерді өз қажетіне жаратады,
әрі кейбір берілген мысалдар тарапынан кеткен қателіктер болмаса, әр
мағыналық топтарға ұсынылған анықтамалар мен тұжырымдарды жалғастырушы,
дамытушы ретінде көрінеді. Шындығында, әлі де қазақ тіліне байланысты
еңбектердің өте аздығынан Тіл құралдың жетілмеген тұстары бар болатын.
Соның бірі, Қ.Жұбанов Жаңа грамматика еңбегінде нақты қарастыратын –
асырмалы-күшейтпелі дәрежені көрсететін ең, нақ, тым көмекші сөздерінің
үстеулердің құрамына жатпайтындығын дәлелдеп берген болатын. Бірақ, осы
мәселе әлі күнге бір ізге қойылмай келе жатыр, себебі, екі ғалым тарапынан
да ұсынылған тұжырымдар біржақты етуге мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге,
А.Байтұрсынов айтқандай ең, нақ, тым дегендер зерттеп қарағанда үнемі үстеу
болады деу қиын. Олай дейтініміз аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Сөз таптарының мәселелері
Ғылыми революциялардың құрылымы
Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы
Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны, әдістемелік еңбектері
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік көзқарастар
Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары
Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.
Пәндер