Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі


6. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі
Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төр кінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анық тайды. Тілдің даму барысында сөздер тұр-тұрпаты мен мән мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшыр-ағандығы ай қындалады. Яғни сөздің о бастағы түрі мен мәнін туыстас тілдердің, материалдарымен салыстыра отырып ашып, қазіргі қалпына жету үшін қандай даму процестерін өткендігі көрсетіледі. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” 1966 жылы жарық көрді. Мұнда 333 сөздің арғы түп-төркіні, ең алғашқы мағынасы түсіндірілген.
Шығу тегі шет тілдік сөздердіқ қай тілден ауысқандығы, қандай формада айтылғандығы көрсетілген. Мәселен, ^такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка , ал қазақ тілінде әуелі каталашка , одан кейін кәтелешке болып кет-кендігі түсіндірілген.
Сөздікте реестрге алынган сөзден кейін әдеби шығармалар-дын түрлі нұсқалар-ынан мысалдар кслтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге түсініктеме беріліп отырган. Сөздік мақалаларда әр автордың берген талдауларынан басқа, жеке сөздін этимологиясы жаиында бұрынды соңды антылған зерттсушілердін өзіндік пікірлері қоса қамтылған. Сөздіктен бірнеше мақалаларды келтірейік: Барымта . Мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады (С. Мұқанов) . Қейбір тілдердің фактілері бізді бұл сөздің этимологиясын ашуға жақындата түседі: туваша - барымдаа - 1) негіз; 2) себеп. Монғолша - баримт 1 негіз, дәлел, себеп, ар-гумент; 2) факт, жагдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат есімінің шығу төркіні “себеп, негіз дәлел, есеп” мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі монғолдың “негіз, факті, себеп, дәлел” мағынасындағы бармит сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оньвд мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымта сөзінен барымталасу сиякты туынды етістіктер жасалған. (Ж. Б. ) .
Монша . Біз шақтадан кас қарая шыгып едік, моншаға түсіп шыкқанымызша түн болып кетіпті (Ә. Әбішев) . Монша сөзі орыс тілінің мыться деген сөзінен ауысып, татар тіліне мунча (Радлов. Опыт сл. I - IV. ) болып енген. Қазақ тілінің фонетика-лык ерекшеліктеріне сай мунча сөзі монша болып өзгерген. Ұ дыбысы о -га, ч дыбысы ш -ға ауысқан. Сөйтіп, монша қазақ тіліне көршілес татар тілі арқылы орыс тілінен ауысқан сөз (Б. С) .
7. «Қазақ» этнонимінің этимологиялық принциптері
Қазақ сөзінің құрылымы зерттеле бастағанына ғасырлар өтсе де оның шешімін таппаған мәселелері аз емес еді. Осы мәселені ғылыми-теориялық тұрғыдан кешенді түрде зерттеген де академик Ә. Қайдар болды. Ғалым бір буынды түбірлерді өзі ғана зерттеп қоймай, төңірегінде түбіртанушылардың отандық мектебін қалыптастыра білді. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ", кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында " . . . қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
8. Этимологиялық этюдтер. Этимологияның лексика
ғылымы үшін мәні
Бүгінгі таңда еркін дамып, толыға түскен қазақ тілінің сөз байлығын, оның сан-алуан сырымен сипатын жан-жақты зерттеу, табиғатына үңіле, өзіндік ерекшелігін анықтау, сол тілдің қадір-құрметін білген жанкүйер қауымның, зейінді сөз зергерлерінің табиғатын танитын тіл мамандарының міндеттерінің бірі. Тілдегі сөз байлығының белгілі бір деңгейде тұруына, сөйтіп, оның қоғамдағы коммуникативтік қызмет атқару міндетін ақтауына екі түрлі себеп болады: 1-шісі жаңа пайда болған, сырттан еңген ауыс-түйіссөздер арқылы байып, толығып жатса, 2-ші жағынан қажетті өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып отырады. Бірақ тілдің лексикалық құрамындағы өзгерістердің өзіндік бір ерекшеліктеріде жоқ емес. Көнерген, ескірген сөздердің бәрі бірдей біржола қолданыстан шығып қалмайды: олар бейне бір тіл тұлғасындағы ескінің елесі, көненің көзі, өз жарасылымдылығымен көпке дейін сақталып қала береді. Бұл тәрізді сөздердің төркіні мен сырын ашу үшін жобалап айтып, тұспалдап соғудан да, байыпты түрде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, тарихи салыстыма әдістің ең тиімді жақтарын пайдалана отырып жасалған этимологиялық талдаулардың маңызы зор. Осы тұрғыдан қазақ тілі этимологиясынан бірнеше этюдтерді көруге болады. Олар негізінен фразеологизмдер құрамында кездесетін -дай/-дей формалас сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерде ұшырайтын мағына жағынан күнгірттенген, дербестігін жоғалтқан кейбір сөздер негізінде жасалады. М: Мысы құру фразеологизмінің жалпы мағынасы түсінікті. Бұл сөз осы тұрғанында тәуелдік форма түрінде келгендіктен, оның негізгі түбір тұлғасы мыс болмақшы. Бірақ бұл мыстың «медь» мағынасындағы «мыспен» еш қатысы жоқ. Қазақ тілінде «мыс» тек осы фраза құрамында ғана сақталып қалғанда оның бұрынғы лексикалық мағынасы ұмыт болған. Алайда бұл сөздің көне түркі, бірқатар қазіргі түркі тілдерінде де әртүрлі фонетикалық тұлғада(біс-быс-пыс-мыс-міс) сақталып, о бастада, қазір де пышақ, қылыш, селебе тәрізді кесетін аспаптардың өткір жүзін білдіретіндігін тарихи-салыстырма әдіспен толық дәлелдеуге болады. Сонда тіліміздегі «мысы құру/мысы қайту» фразалары басқаша айтқанда, «жүзі қайту/жүзі қайрылу, мұқалу» деген нақтылы мағынаның негізінде жасалып, идиоматикаға айналған. Осы «мыс»сөзі түркі тілдерінің өзіне ғана тән төл түбірі. Оның арғы төркініне барсақ, тілімізде күнделікті қолданылып жүрген пышақ, пішу, пішен тәрізді сөздермен тарихи түбірлес.
Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялық) лексикология және сипаттама (синхрониялық) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы замандар бойында қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.
9. «Түрік» этносы және этнонимі.
Түркі этностары және түркі тілдес халықтар. Батыс түрік және шығыс түрік тілдері
Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол - Түркия, Түрік мемлекеті. Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі - теле. Олар қазіргі Монғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыстаТянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген. Түріктер өзінің шығу тегін ашын тайпасымен байланыстырады.
10. Қазақ және түрік халықтарының антропонимиясы, этнонимдері. Түрлі тарихи кезеңдердегі саяси-әлеуметтік ахуалы.
Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне сүйенсек, оның негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға ұқсайды. Өйткені, тарихта «тукюэ», «түркі», «түрік» деген атпен пайда болған халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог, академик А. Н. Кононовтың пікірінше, «ту-кюэ» тұлғасындағы терминді қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз «түркут» немесе «түркләр» болуы мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И. Бичурин және монғол тілінің маманы Шмидт «Ту-кюэ» монғол сөзі дейді. Себебі монғол тіліндегі «дудулға» сөзі «шлем» деген мағынаны білдіреді.
Түрк-монғол тілдерінің байланысы қайдан келіп шықты деген пікірге үңілсек, біз ең алдымен түркі-монғолдарының татар-монғол болып бөлінуінен дерек көздерін табамыз. Өйткені, түркі халықтарындағы «оғұз» этнонимінің шығуы тарихы жайлы дерек көздерге сүйенгенімізде. Оғұздың арғы атасы Монғол ханнаң тараған. Одан төрт ұл туылып, оның бірі Қарахан болған.
Қараханнан туған Оғұз, түркі халқын пайда етуші қаһарман, ол осман түріктері, түркмен, әжербайжан халықтарының ата тегі яғни бабасы. Сондықтан түркі халықтары арасында үлкен бір мұра «Оғызнама» дастаны қалған.
Сондай-ақ Ә. Бахадырханның «Түрктер шежіресі» еңбегінде көптеген деректерді келтіреді. Себебі, түркі тілдерінің негізін оғыз, қыпшақ, қарлұқ тайпалары құрайды. Ал оғыз негізінен монғолдан туылған ұл, дегенімен ол өзінің дүниеге келуінен ерекше болып туылып, бүкіл монғолдарды мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр еткен. Оғұз дүниеге келгенде әкесі Қара хан бір жылға дейін өзгеше туылған ұлына ат қоя алмаған. Соңында Оғұз ханның салтанаты Шыңғыс ханнан кем болмағанын шежіреден байқаймыз. Ол өз дәуірінің ханы болған. Түркі халықтарының оғыз тайпасы осы Оғыз ханнан тараған ұрпақ болып саналады.
Ал «қыпшақ» тайпасы «оғұз» тайпасынан кейін пайда болғанын дәлелдейтін мына пікірлерге сүйенсек, Оғұз ханның батыр, бектерінің бірі соғыста қайтыс болып, оны іздеп келген әйелі, баласын ағаш қуысында туады. Оны естіген Оғұз хан баланың атын Қыпшақ қойды, себебі ежелгі түркі тілінде «Қыпшақ» сөзінің мағынасы «іші қуыс ағаш» дегенді білдірген. Сондықтан қуыс ағаш ішінде туылған деген мағынаны білдіретін «Қыпшақ» сөзі, қазіргі күнде барлық қыпшақ елінің бабасы. Өйткені, Оғұз хан оны тәрбиесіне алып, Еділ жұртына патша етіп дайындаған.
Осы уақыттағы түркі тайпалары: ұйғыр, киікті, қыпшақ, қалаш, қарлұқ болатын Қыпшақтар Еділ, Жайық бойында, киіктілер түркімендермен бірге, қарлұқтар Сыр бойында еді, - дейді профессор К. Мәмбетов. Біздің пікірімізше Еділ, Жайық бойында сол кезеңде қазақ және қарақалпақ халықтарының қыпшақ тайпалары жасаған. Оны тарихи деректер мен шежірелер дәлелдейді. Ал түркмендермен бірге киіктілер деп отырған тайпалар ысықтар болуы мүмкін. Өйткені, ысықтарды киік сауған, киікті деп те атайды. Себебі Каспий теңізінің жағалауында «ығысықтар» деген тайпалар жасаған. Сыр бойындағы қарлұқтардың негізі қимақтардан тараған, осы күнгі дулаттар болуы мүмкін. Қазіргі дулаттардың өзі қарлұқ тайпасының өкілі екені тілдік ерекшеліктерімен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінен айқын көрінеді.
Ұйғыр этнонимі бір заттың ұйуынан алынған сөз. Мәселен, сүт құрамындағы заттарды бір-бірінен айыруға болса да, ол ұйығаннан кейін бір -бірінен ажыратып болмайды. Сондай-ақ тоғыз сайда отыратын тоғыз санды ұйғырлар атанған тайпа ұйғыр халықтарының негізін құрайды.
Ең алғаш рет қыпшақ даласында бірнеше түркі тайпалары жасағаны мәлім. Дегенімен, олардың бірігуі мен тарқауы өте тез болған. Бірігу - бір түрдегі және бір тілдегі халықтарды қалыптастырған болса, ал айрылу көп түрлі және көп тілді халықтарды пайда ете бастаған еді. Ал Шыңғыс ханның немере, шөберелері кезінде он бестен астам түркі тайпалары халық болып қалыптасқан. Олардың ең ірілері өзбек, қазақ, түркімен, қырғыз, қарақалпақ, татар және башқұрт хандықтарын құрып, сол халықтардың қалыптасуына негіз болды. Бұл халықтар бірден пайда бола қойған жоқ. Ең алғашқы тілі мен түрі бір-біріне ұқсас болған халықтар одағы түзілді. Ол он сан түрік тайпаны өз айналасына біріктіре алған ХІV ғасырдағы Ноғайлы одағы еді. Одан кейінгі Өзбек ханның тұсындағы өзбектер одағы, өз айналасына өзбек, қазақ, қарақалпақтардан тұратын үш халықты біріктірген болатын. Соңынан бұлардың барлығы да өз алдына халық болып қалыптасты.
Профессор Н. А. Баскаковтың түркі тілдерін жүйелестірудегі классификациясы осы кезеңге сәйкес келеді. Өйткені, ол қыпшақ-ноғай, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-оғұз, қыпшақ-қарлұқ деп, қыпшақ тілдеріндегі түркі тайпаларын іштей төрт топқа бөледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz