Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Қазақ философиясының ерекшеліктері

2) Қазіргі замандағы қазақ философиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай біледі. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.

Осы рухани мұра жүйесінде қазақтын ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы - диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеасы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, т. б. мәселелері бар.

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенднцмясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар - шынайы реализм, білімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқараста, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық - зомдылыққа қарсы күресу, құқықтын саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.

Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.

Қазақ философиясының қалыптасуы.

Қазақ философиясының тарихы - халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы - халқымыздың тарихын жан - жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. О қоғамдық сананың басқа да түрлнрімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т. б. пайымдау ммкін емес. Халықтың ұлт - азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілкке жету жолдарын тікелей ізжеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді соған кезге дейін қоғамтану ғылымдарында әлеуметтік процестерді тану тәсілі ретінде таптық редукционизм, яғни барлық қоғамдық рухани, мәдени, саяси, т. б. құбылыстарды таза таптық айшықтарға әкеліп тіреу тәсілі үстем болды. Бұның өзі бірін - бірі жоққа шығару логикасы өмірдің объективті логикасын жалмап, жұтаңдатып көрсетуге әкеліп соқты. Қазіргі кезде жалпы адамзатты айшықтар, идеялар ең жоғары құндылықтар есебінде танылғаннан кейін, философия тарихын зерттеудің ауқымы да кеңейді, бағыттары да нақтылана түсті. Соның бір мысалы ретінде негізінде «таптық күрестің» құрбандары болып кете барған қазақ халқының аяулы азаматтары - әдебиетші, философ, ақын, саясаткерлердің өз ортамызды қайта жаңғыртуы философиялық орбитаға жаңа идеялардың қосылуы және олардың қазақ философиясы тарихының жаңа беттерін ашуға тигізген жан - жақты әсерін аттап айтуға болады.

Қазақ философиясының көкейкесті мәселелерінің бірі - философияның пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философияның тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне осы кезге дейін дәл де толық анықтама берілген жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.

Әлемдік философияда үш ошақтың (Қытай, Үнді, Греция) шамалас бір мерзімде пайда болғанын білеміз. Ол орталықтар философияның әлеуметтік кеңістігіндегі жоғарғы деңгей еді және теориялық ойлаудағы дүниенің өзін жеке және тұтас бейнелеген алғашқы жүйелер болды. Философиялық ойдың тууына белгілі бір алғышарттар қажет. Олар - әлеуметтік, теориялық - танымдық, тарихи шарттар. Тарихи практика көрсетіп отырғанда, философиялық өркениет - ұзақ дамудың жемісі. Жалпы қалыптасқан көзқарас бойынша, философия экономикалық саяси және идеологиялық жағынан нашар дамыған. Ертедегі құл иеленуші қоғамнан, сол қоғамнын жоғары сатысына өту кезеңінде пайда болады деп айтылады. Дегенмен, әлеуметтік алғышарттар философияның пайда болуының тек тиісті жағдайларын түзейді.

Қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастардың жақтау немесе заңдастыру философияның алдындағы негізі міндеттерінің бірі еді. Әлеуметтік институттар мен қоғамның құрылымын осы қатынастарды нығайтуға бағыттап, философия өзінің аталған міндетін орындауға күш салады.

IX - XVIII ғасырлардағы Қазақстан жерінде орналасқан тайпалар, олардың көсемдері өз биліктерін, басқару органдарын тәңірінің өзі берген күш ретінде есептеді. Оның жарқын көрінісі - қазақ философиясының ақсүйек әулеттер «генеалогиясы».

Философияның пайда болуының тарихи алғышарттары - миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетеді.

Қоғамдық ойдың бір бөлігі ретінде халықтың философияны және халықтың саяси көзқарастарды айту керек. Алдыңғы қатардағы идеяларының әсерімен ойшыл күнделікті көрген - білгеннен терең де ауқымды ой жүйесін құрайды. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі ойлау шеңберіне көтеріледі, сөйтіп, оқиғаларға философиялық, логикалық және ғылыми көзқарас қалыптасады. Қазір философия және қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті. Әсіресе, қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы зерттеулерде осы көрініс орын алды. Философия тарихы өзінің сапалық өзгешелігінен айырылып, саяси идеалар тарихы және сол сияқтылар төңірегінде қалып қойды. Бұған себеп тағы да философияны, оның тарихын дұрыс түсінбеуде дер едік. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік - уақыт параметрінде философиялық құбылыстарды үш белеске немесе үш кезеңге бөліп қарауға болар еді. Біріншісі - алғы. Оған тән нәрсе - объективтік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құра алмайды. Ол психологиялық образ, күйбең, эмоция деңгейінде үздік - үздік ойлар ретінде қалып қояды.

Аталған элементтерді мифтік - көркемдік әдіспен ұйымдастыру арқасында дәл сол кезеңге сәйкес өзіндік семантикалық тұтастықпен семантикалық бірлік жасауға мүмкіндік туады. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап xii ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән болуы керек. Екіншісі - философиялық кезең. Оған тән қасиет - объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде санаттар мен түсініктерді формальды - логикалық операцияларды қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Басқаша айтқанда, ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасырдан XX басына дейінгі кезеңді қамтиды. Үшіншісі теориялық - әдістемелік қасиеттермен байытылым, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.

Қоғамдық ой білімді, сананы және өзіндік сананы қамтиды. Сана мен өзіндік сана білімге үзеңгілес, сонымен бірге оның түрлері болып та келеді. Білім - сананың өмір сүру тәсілі, ал өзіндік сананың қасиетті кезеңі және оның даму барысының әр кезеңіндегі ең жоғары шыңы. Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде осы аталған үшеуінің бірі алға шығып, жетекші роль атқарады.

Қазіргі замандағы қазақ философиясы .

Оның өзіндік тарихын қазақ философиясының метатарихы деп атаса да болар еді. Бұның бір ерекшелігі - зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рациональды ойлау процесінен өткізіп, екшеулі, сондықтан өз бойында жаңа үлгідегі ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жаңартуы.

Жоғарыда айтқан идеяларға сүйене отырып, қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңінен тұрады дер едік. Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақыттан және соған сәйкес келетін алғы философиялық (философияға дейінгі) сананы қамтиды. Екінші кезең - ХХ ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Мұнда ғылымға дейінгі саналы түрде айтылған, жазылған теориялық пайымдаулары келтірілетін әр түрлі бағыттары көзқарастар баяндалады. Бұларды, қалыптасқан пікрлерді ескере отырып, нағыз философиялық тұжырымдамалар деп атауға болады. Себебі, ойшылдардың дүниеге көзқарастырады олардың өздерінің ерекшеліктері арқылы әр қилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген мақсаттары - әр қилы әлеуметтік топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою. Үшінші кезең - ХХ ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай алған шыңдары, жіберілген әдістемелік, теориялық және концептуалды қателері, «ақтандықтар». Талдауға жататын мәселелердің бастылары - қазақ қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық мәселелер. Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым - қазақ философиясының тарихын қай трғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз керек деген проблема қазіргі кезенде өте үлкен орын алып отыр. Философия тарихы әдістемесінің негізгі бірмәселесі - жалпылық пен даралық қатынасы, ерекшеліктің орнын табу және сол ерекшеліктің дараға тән қасиеттерін анықтау. Былайынша айтқанда, жалпылық, ерекшелік, даралық диалектикасын ұлттық философия тарихы шеңберіне таразылау.

Қазақ философиясының даму тарихында қалыптасқан, басқа ұлттар философиясынан, олардың ішінде өнеге тұтатындардан өзгеше ерекшеліктері бар. Ол. Негізінен, қазақ халқының әлеуметтік тарихының, оның өзіне тән қилы - қилы, бұлталаң дамуының нәтижесі. Қазақстан тарихы қоғамдық дамудың классикалық түріне жатпайды. Себебі ол алғашқы қауымдық құрылыстан тікелей феодализмге, одан капитализмге соқпай социализмге өтуге дамыды. Соңғысы, қазір белгілі болғандай, тарихи қателік еді. Адамзаттың даму процесіндегі даңғыл жолдан тайған тоталитарлық жүйе, философиялық ойда да тығырыққа тіреді. Ал феодалдық қатынастар Қазақстан аумағында көптеген ғасырлар үстемдік етті. Капитализмнің дамуы ХХ ғасырдың басында біршама қарқын алғанмен, кенеттен үзіліп қалды. Осындай әлеуметтік ерекшеліктері барлық қоғамдық саналардың, оның ішінде философиялық сананың қалыптасуына әсерін тигізбей қоймайды.

Қазақ философиясы - қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы. Қазақ мәдениеті тарихтың әр қилы кезеңдерінде басты елдердің мәдениеттерімен біршама байланыста болып, олардан тікелей немесе жанама қуат алып отырды. Сыртқы әсерлер, негізінен, қазақ мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи қажеттілігне, қандай мәселелерге зәру болуына байланысты игі ықпал етті, философиялық ойлау жағдайларын қалыптастырып, ұлттық дәстүрлермен бағыт бағдарларын айқындай түсті.

Қазақ философиясы әлемдік философиясының бір бөлігі болып табылады. Философия тарихына шынайы көзқарас қазіргі кезде оның құрамында әлеуметтік кеңістік жағдайын ескерсек, үш түрлі компоненттер бар екенін көрсетеді. Олар - ұлттық философия, аймақтық философия және әлемдік философия. Қазақ философиясында осы аталған үш философияның әсері әр түрлі болды.

Халықтың қоғамдық санасының даму процесінде филосиялық дәстүрлер қалыптасып, күшейе түсті. Қазақтың әлеуметтік дамуының ерекшеліктері, тарихи еркшеліктеріне

қарамастан қазақ философиясы тарихында оның әр кезеңдегі сатысында өзінше даиыған философиялық ойлар ішкі байланыста болып, олар бірін-бірі заңды түрде алмастырып отырды. Ұлы Абай атамыз айтқандай, «Адам бол!» идеясы бұрынғы фольклордан бастап, осы заманғы қазақ философиясына тән ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.

Әл-Фараби философиясында анық көрсетілген, қазақ философиясы әрқашан «нақты адам қоғамына», бақатқа, теңдікке жету жолдарын қарастыруға бет бұрған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясы қалыптасуы
Түркі дүниетанымы - қазақ философиясының бастаулары
Философияның даму тарихы
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Қазақ философиясы қалыптасуының ерекшеліктері
Зар заман ақындарының философиялық көзқарастары
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz