Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Қазақ философиясының қалыптасу мәселесі.
  2. Қазақ философиясының тарихы халық тарихының ең маңызды құрамдас. бөлігі.
  3. Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары.
  4. Қазіргі заман қазақ философиясы.
  5. Қазақ философиясы - қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы.

Қорытынды

Кіріспе

Қазақ философиясының бастау бұлағы ежелден негізделіп, өзінің кейбір тарихи шектеулеріне қарамастан ұлтымыздың жарасымды дамуына, философиялық ой-санасының өсуіне гуманистік рух, рухани мол азық берді. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ежелгі философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы өзінің көл-көсір молдылығымен де, тарихи деректілігімен де, дүниетанымдық әрекеттілігімен де халқымыздың рухани болмысында айрықша орын алады.

Әрбір халық «Өз тарихын, философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес».

Қазақ философиясының қалыптасу мәселесі және оның миф, дін көркемдік образды ойлаудан бөлініп шығуы қазақ философиясының ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе соңғы кезде философия әлемінде үлкен орын алып, жанды ғылыми айтыстар, тартымды пікірталастар туғызуда.

Қазақ халқының философиялық-қоғамдық ой-пікірлерін зерттеу XX ғасырдың басынан қолға алына бастады. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ пен үстірт көзқарас басымырақ болды. Ал, маркстік-лениндік методология тұрғысынан жазылған еңбектерде таптық редукционизм мен партиялық принципке ерекше жол берілді. Олар түптеп келгенде философия тарихын идеология мақсатында бұрмалауға әкеліп соқтырды және бұл бағыт ғылымның дамуына кері әсерін тигізді. Бөтен елдің идеалогиялық ықпалында болған дәстүрлі қазақ қоғамындағы социалистік сананың үстемдік алу кезеңі халықты мәдени ерекшелігі мен өзіндік болмысынан ажыратты. Бұл жалған идеяларды және ішкі рухани дүниеге жат стереотиптерді қалыптастыруға жетеледі.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.

Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы т. б. мәселелері болды.

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер-бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар-арнайы реализм, білімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, хұқтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні тағы басқалар еді.

Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылықа және білімділікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзінше ерекшелігі деп атап айтуға болады.

Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмін, халқына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білу дер едік.

Бұл айтқандар қазақ философиясы басынан-ақ аяғынан тік тұрған, бірден қалыптасып кеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлернің жүйесін анықтау-ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың ақындық шығармашылығында қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Олар негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік, қасиетке толы бір қалыпқа сия бермеуі мүмкін. Бірақ адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мәні бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәнедиетіне сай, тез жаттап алу, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай » жеткізу - бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.

Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын өскелен талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар екенін байқаймыз. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-эканомикалық жағдайларды, ізгілік, мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауыз мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие, және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.

Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік - бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ, сондықтан да философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.

Қазіргі кезде тарихи - философиялық ғылымның көптеген халықтардың философиялық мұраларын зерттеген тәжірибелі ұлттың философиясының қалыптасуы, дамуы және қазіргі бағыттары туралы, оларды зерттеудің теориялық және методологиялық мәселелері жөнінде жиынтықталған, жалпы ойларды тұжырымдауға кең мүмкіндіктер береді.

Қазақ философиясының тарихы халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихи мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қөоғамдық сананың басқада түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп, үренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығынжәне т. б. пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлтазаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен еркшеленеді.

Соңғы кезде дейін қоғамтану ғылымдарында әлеуметтік процесстерді тану тәсілі ретінде таптық редукционизм, яғни барлық қоғамдық рухани, мәдени, саяси т. б. құбылыстарды таза таптық айщықтарға әкеліп тіреу тәсілі үстем болды. Бұның өзі бірін-бірі жоққа шығару логикасы өмірдің объективті логикасын жалмап, жұтаңдатып көрсетуге әкеліп соқты. Қазіргі кезде жалпы адамзаттық айшықтар, идеялар ең жоғарғы құндылықтар есебінде танылғаннан кейін, философия тарихын зерттеудуі ауқымы да кеңейді, бағыттары да нақтылана түсті. Соның бір мысала ретінде, негізінде «таптық күрестің» құрбандары болып кете барған қазақ халқының аяулы азаматтары әдебиетші, философ, ақын саясаткерлердің өз ортамызды қайта жаңғыртуы, философиялық орбитаға жаңа идеялардың қосылуы және олардың қазақ философиясы тарихының жаңа беттерін ашуға тигізген жан-жақты әсерін атап айтуға болады.

Халықтың сана-сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі жас тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері адамзаттың тұтастығы мен ерекшеліктерін, достық пен алауыздықтың айырмашылығын, халықтар тағдырларының ажырамас бағыттарының тарихи шындықтарын терең де мазмұнды ашып беруіне көп септігін тигізуде. Осы тұрғыдан алғанда біздер дүниежүзілік қоғамдастыққа қазақ халқының терең де тұңғиық философиялық ойларын, оның шынайы болмысын және өзіне тән мәдениетін көрсете білуіміз керек. Бұл мақсатты іске асыру жолында көптеген бұрыннан қалыптасқан, сіресіп қалған ұғымдар мен қағидаларды сын көзбен қарап, жаңаша методологиялық шешімдер жолын ұсынғанымыз абзал.

Қазақ философиясының көкейкесті мәселелерінің бірі - философияның пайда болу праблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философияның тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне дәл анықтама беруге осы кезге дейін толық қол жеткен жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясына келетін болсақ, жазба түріндегі оның мәселелері классикалық тұжырымдар арқылы берілген текстері жоқтың қасы.

Әлемдік философияда үш ошақтың (Қытай, Үнді, Греция) шамалас бір мерзімде пайда болғанын білеміз. Ол орталықтар философияның әлеуметтік кеңістігіндегі жоғары деңгей еді және теориялық ойлаудағы дүниенің өзін жеке және тұтас ретінде бейнелеген алғашқы жүйелер болды. Философиялық ойдың тууына белгілі-бір алғы шарттар қажет. Олар әлеуметтік, теориялық-танымдық, тарихи шарттар. Тарихи практика көрсетіп отырғандай, философиялық өркениеттің ұзақ дамуының жемісі.

Жалпы қалыптасқан көзқарас бойынша, философия эканомикалық саяси және идеологиялық жағынан нашар дамыған. Ертедегі құлиеленуші қоғамнан, сол қоғамның жоғарғы сатысына өту кезеңінде пайда болды деп айтылады. Дегенмен әлеуметтік алғышарттар философияның пайда болуының тек тиісті жағдайларын түзейді.

Қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды жақтау немесе заңдастыру философияның алдындағы негізгі міндеттерінің бірі еді. Әлеуметтік институттар мен қоғамның құрылымын осы қатынастарды нығайтуға бағыттап, философия өзінің аталған міндетін орындауға күш салады.

VI-шы ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі территориясында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына феодалдық әлеуметтік-эканомикалық формация орныға бастады. Осы уақыттан бері барлық әлеуметтік өзгерістер оның ішінде сана ауқымында, феодалдық формацияның ішкі заңдылықтармен айқындалады.

IX-XVIII ғасырлардағы Қазақстан жерінде орналасқан тайпалар олардың көсемдері өз биліктерін, басқару органдарын тәңірінің өзі берген күш ретінде есептеді. Оның жақын көрінісі болып қазақ философиясының ойындағы кездесетін ақсүйекті абзал әулеттердің «генеалогиясы». Кейініректе осы аталған идея биліктің заңды «табиғаты» күштілерді ғана қалайды деп, одан кейін де адамдардың әдет-ғұрпына, заңдылыққа, өнерге сыйды. Осыдан кейін философияның шығу процесі әлеуметтік жағдайлармен қатар сол кездегі адам ойының даму процесімен тығыз байланыста болғанын көреміз.

Философияның пайда болуына оның тарихи алғышарты болған миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланады. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетеді.

Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтердің арасындағы қайшылықтары шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырым бар. Философия мифке тән дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде не мифалогиялық, не аллегориялық-көркем, не символикалық-діни, не нақты ғылыми ойлау бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау формаларын құрайды.

Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние тіпті танып білуге мүмкіндік бермесе тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгерту мүмкіндігін жетілдіру - бұл мифпен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.

Қазақ философиясының пайда болу туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың универсальды принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни-мифалогиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интелектуалды интиуциясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.

Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті» рулар пайда болған кезінде күшейді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму тенденциясын біршама дұрыс бейнелейді. Осыдан келіп олардың көзқарасы ғана емес, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен қоғамдық пікір ретінде қалыптасты.

Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, және т. б. ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі айтқан тұжырымдары осыған дәлел.

Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында алдыңғы орынға эканомикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және т. б. проблемалар шығады. Олар азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық, керек болса «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр», және «ақыр заман» туралы және басқа мәселелер. Бұлар жұп категориялар ретінде де, немесе жекелей, әлде бәрі бірдей әрбір қазақ ойшылдарының көзінен таса қалмаған. Осы мәселелерді тиянақты ойластыру арқылы олар эканомикалық, соғыс және саяси дағдарыстарды шешу де үлкен роль атқарады.

Қоғамдық ойлаудың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес. Керісінше, оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ ағартушысы жалпы ағартушылықтың бір түрі, оның ерекшеліктері: ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюында: қоғамдық практикамен тығыз байланысты; атеизмге ұласпаған антиклерикальдық бағыты.

Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін оютуға, оның бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті. Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына, негіз болған демократиялық элементтері, халықтың ауыз әдебиеті мен фольклорлы феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Жалпы әлемге тән ағартушылыққа келетін болсақ, ол алдымен кейбір заманның әлеуметтік-саяси және идеологиялық сұранысына сәйкес белгілі-бір аймақта пайда болып, басқа аймақтарға тарай береді.

Қоғамдық ойдың ұлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі заманда, әлеуметтік қақтығыстар мен мемлекет аралық қайшылықтар бүкіл адамзатты қамтып отырған кезде ең маңызды мәнге ие болып отыр. Оның әлеуметтік және мәдени-психологиялық алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыптасуын атауға болады. Қоғамдастық - бұл өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы арқылы қоғам өз мәніне ие болуының қабілеті деп қарау керек. Осы ұғым қоғамды құрушы күштердің әлеуметтік белсенділігі, өзін-өзі көрсете білудің бейнелері.

Біздің ойымызша, қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар - қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Осы мәселе жеке бір зерттеуге тұрарлық.

Қоғамдық ой білімді, сананы және өзіндік сананы қамтиды. Сана мен өзіндік сана білімге үзеңгілес, сонымен бірге оның түрлері болып та келеді. Білім сананың өмір сүру тәсілі, ал өзіндік сананың қасиетті кезеңі және оның даму барысының әр кезіндегі ең жоғарғы шыңы. Қоғам дамуының белгілі-бір кезең жолында осы аталған үшеуінің бірі алға шығып, жетекші роль атқарады.

Қоғамдық ойдың бір бөлігі ретінде халықтың философияның және халықтық саяси көзқарастарды айту керек. Күнделікті адамдардың іс-тәжірибесін қолданып қана қоймай, ол оны ой-електен өткізіп қортындылайды. Алдынғы қатардағы идеялардың әсерімен ойшыл осы күнделікті көрген-білгенін терең де ауқымды ой жүйесін құрады. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі ойлау шеңберіне көтерілді және оқиғаларға философиялық, логикалық және ғылымикөзқарас қалыптасады.

Қазіргі әдебиетте философия және қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті. Әсіресе, қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы зерттеулерде осы көрініс орын алды. Философия тарихы өзінің сапалық өзгешілігінен айырылып, саяси идеялар тарихы және сол сияқтылар төңірегінде қалып қойды. Бұған себеп тағы да философияны, оның тарихын дұрыс түсінбеуде дер едік. Қазақ тарихының белгілі-бір кеңістік-уақыт параметрінде философиялық құбылыстарды үш белеске немесе үш кезеңге бөліп қарауға болар еді. Біріншісін алғы философия /предфилософия/ деп аталық. Оған тән нәрсе объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырата білетін сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құра алмайды. Ол психологиялық образ, күйбең, эмоция деңгейінде үздік-үздік ойлар ретінде қалып қойды. Аталған элементтерді мифтік-көркемдік әдіспен ұйымдастыру арқасында дәл сол кезеңге сәйкес өзіндік семантикалық тұтастық пен семантикалық бірлік жасауға мүмкіндік туады. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап XII ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән болуы керек.

Екінші белесті философиялық кезең деп айтуға болады. Оған тән қасиет объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгеиде ажырататын сана. Оның негізгі категориялар мен түсініктерді формальды-логикалық операцияларды қолдану арқылы теория мен канцепциялар жасау. Басқаша айтқанда, ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету. Осы құбылыс қазақ философияны тарихының XIV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтуы заңды ғой дейміз.

Үшінші белес теориялық-методологиялық қасиеттерімен жандандырылған, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.

Қазіргі замандағы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихи-ғылымын қазақ философиясының метатарихы деп атаса да болар еді. Бұның бір ерекшелігі зерттейтін обьектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, қазіргіні, өткенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан өз бойында жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және жаңарту.

Жоғарыда айтқан идеяларға сүйене отырып, қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады дер едік. Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды.

Екінші кезең XX ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Оларда саналы түрде айтылған, жазылған ғылымға дейінгі және теориялық пайымдауларды орын тепкен әртүрлі бағыттағы көзқарастар. Бұларды қалыптасқан пікірлерді ескере отырып, нағызфилософиялық канцепциялар деп атауға болады. Себебі ойшылдардың дүниеге көзқарастары олардың өздерінің ерекшеліктері арқылы әрқилы бағыттарға, жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген мақсаттары әрқилы әлеуметтік топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, көздеу және жою.

Үшінші кезең - XX ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шыңдары, жіберілген методологиялық, теориялық және концептуалды қателері, «ақтаңдақтар». Талдауға жататын мәселелердің бастылары - қазақ қоғамының эканомикалық, саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық мәселелер. Сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылым - қазақ философиясының тарихын қай тұрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз керек деген проблема қазіргі кезеңде өте үлкен орын алып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Ислам өркениеті және мұсылман философиясы
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Қазақ философиясына сипаттама
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Ежелгі философия туралы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz