Қазақ фольклорының эстетикасы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ фольклорының эстетикасы
Ат басындай ақ бұлт,
Қой басындай көк бұлт,
Қожам, сенен тілеймін – деп
Аспанда құшақ-құшақ болып әлдеқайда ұшып бара жатқан ақ бұлттарға
осындай өлеңдер арнап айтқан. Сөйтіп, жер бетіндегі адамзаттың жалбарынып,
жылаған мұңлы үніне аспандағы ай мен күн қайырымдылық көрсетеді, жаңбыр
береді деп иланған.
Мұндай мифологиялық өлеңдерде үш түрлі ерекшелік айқын аңғарылады:
бірінші – адамдар әлі жас, балалық дәуірді басынан кешіріп отыр, аңғалдау,
табиғатқа тәуелді, табиғаттың бесігінен онша кете алмаған; екінші ол
кездегі адамдар табиғаттың алдында әлсіздік көрсетеді, жасқаншақ, өз
беттерімен өмір сүрудегі іс-қимыл, дербестік әрекеттері тым шектелген,
шағын, томаға-тұйық,; үшінші – аталған наным-сенім өлеңдерінде алғашқы
қауымдық, ерте феодалдық дәуірдегі адамдардың жаратылысты танудағы алғашқы
қадамдаы көрнеді.
Қазақ қауымының ру салтын көрсетіп көне заман өлеңдерінің бі саласы – жан-
жануарлар туралы, яғни төрт түлік мал туралы өлеңдер деп аталады. Төрт
түлік малға: қой, жылқы, түйе, сиыр малы жатады. Төрт түлік малдар көшпелі
халықтардың күн көрісінің басты белгісі болып табылады.. Әрбір шаруаның
әлеуметтік орны төт түлік малдың амандығымен, көптілігімен өлшенген: кімнің
малы көп болса, оның көңіл күйі бір орында, кімде-кімнің қолында мал
басының саны аз болса, оның өмірдегі орнында салмақсыздық басым болғаны.
Сондықтан шаруа адамы төрт түлік малды аялап, мәпелеп өсіруге тырысқан, күн
сайын демей күзеткен, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшкен, бағып қаққан.
Өте ерте уақытта қазақ елі көптеген қиыншылықтарды бастан кешірген:
топан су тасыған, қар жауған, боран соққан, малы жұтқа ұшыраған.
Бір жағынан жаратылыстың кездейсоқ қаталдығынан, екіншіден Жоңғар
қалмақтары мен патша имперпясының басқыншылық саясатынан қазақтардың
шаруашылықтары дүркін-дүркін дағдарысқа ұшырап отырған, ашаршылықтар
болған. Осындай екі жақты соққыдан әбден шаршаған, мезі болған қарапайым
шаруа пәле-жаладан, індет-аурудан қатты қорыққан, өздеріне жәрдем
беретін, киелі күш бар ма деп ойлаған. Сірә, бар шығар, ол көзгө көрінбей
жүріп-ақ, мал-жанның қозғалысынын реттеп отырады-мыс деп ұққан. Мәселен,
төрт түлік малдың арғы ата-бабасы, жаратушы, құдайы бар деп білген. Бар
болса, солармен тату-тәтті қарым-қатынаста болып, оның құдіретті күшінің
алдында кішілік көрсетіп, рахымын алу керек, жалбарыну, жалыну керек деп
санаған.
Үнемі қысы жазы бір жерден екінші жерге көшкен елдің жағдайы: бірде —
жасыл жайлау, қалың орман, тұнық көлдерді төңіректеп тамашаласа,
біресе — айдаһар, аждаһа, жылан, жолбарыстардың шабуылдарына тап
болған, кенеттен, күтпеген ауруға ұшырады. Әсіресе, улы жәндіктерден бала-
шаға, кемпір-шалдар зардап шеккен. Үлкендерге де оңай тимеген. Мысалы,
тонына оранып жатқан жылқышыны шөп арасында шаян, қара құрт, бүйі шаққан,
су бойындағы су жыландардың да зияны ауыл-аймаққа қайғы мен қасірет
әкелген. Ол кезде қазіргідей дәрігерлік ілім,бірыңғай мемлекеттік дәрежеде
шешілмеген, бар болса ара-тұра біледі – ау тәуіптерге қаралған,. шөппен
емделген. Оған елдің бәрі.: бейім емес қой, сондықтан бірөуді жылап, бүйі,
шаян шаңқанда,. үй иелері не істерін білмей абыржыған, сасқанынан кеселдің,
аурудың сырын біледі-міс деген бақсы-балгерлерді көмеке шақырған.
Бақсылар жыланның, шаянның денеге -жайылған уын сөздің сиқырлы күшімен
жоямыз деп: адамның табиғи сөйлеу құбылысын бұзып, түсініксіз, бұлдыр
бірдемелерді қарсы айтқан:

Пармананнан қатты жарлық келді:

Мары-мары, мары жылан,

Ұзын-ұзын, ұзын жылан,

Ұзын шашты келте жылан,

Марқары, сарқары —

Лек-лек келді, шық жылан!
Бақсылар сөздің мағынасы мен жыланның арасында ешқандай байланыстың
жоқтығын білмеген: жылан қорқытып айтқан сөзден сескенеді, өзінің жауыздық
әрекетінен қайтады деп иланған. Соған сенген.
Ежелгі дәуірде ел арасындағы бақсылар өздерін жаратушы мен адамның
аралығындағы қатынасты жалғастырушы, реттеуші деп ,білген. Олар Мен жүрген
жерде, менің дауысым мен қобызымның үні естілген жерде, жамандық, кесел
жүрмейді-міс деп аңыздар таратқан, өздерін ерекше жаратылған адамбыз деп
санаған. Олардың кейбіреулері аздап ақындыққа бейім де болған, музыкалық
қабілеті де жоқ емес. Ел көзіне, сұсты, жұмбақ болып көріну үшін әлем-жәлем
киген, бет бейнесінде қорқыныштың ізі байқалған, ауру адамды айналып жүріп
қобыз тартқан, үрейлі үнмен өлең айтқан, түсін суытып, зікір салған, үй
ішінде рәсуалық туғызған. Бұған ол кездегі қарапайым адамдар перісі бар,
тегін адам емес деп сескенген, құшнаштық көрсетуіне жол берген. Солар
шығарған бақсы сарыны, жылан, бүйі шаққанда айтылатын бұлдыр тілді өлеңдер
бірден-бірге ауысып, біздің заманымызға жеткен. Бұл өлеңдердің көркемдік,
эстетикалық бағасы шамалы болса да, еліміздің бір кездегі басынан кешкен
ырымдары мен этнографиялық салттарының белгісі ретінде танылады.
Бақсы және бақсының сарының ел аузынан жазып алып, хатқа түсіру совот
дәуірінде қолға алынған. Мәселен, музыка зерттеушісі А. В. Затаевич 1920
жылы Көбеген Амангелдиннен бақсының сарынын (мелодиясын) және 1922 жылы
Зәкәрия Кәрібайұлынан Сары бақсының сарыны деген әнді нотаға түсірген.
Жазушы-фольклорист С. Сейфуллин бірнеше бақсының, тексін кітабында
жариялаған.
Қазақ халық, өлеңдерінің бір түрі — Бәдік деп аталады. Оның бірнеше
нұсқалары сақталған. Бәдік екі бөлімнен тұрады:
а) ауру малға арналып айтылады;
ө) қыз-бозбалалардың әзілі.
Көне дәуірде біреудің малына жылан-құрт тисе немесе біреудің малы
құтырса, аты делбе болса — бәдік айтылған. Бәдік айтудың реті: малы
құтырған-адам көрші ауылдарға хабар берген:
— Біздің ауылға келіңдер, той-тамаша өткіземіз,— деп. Шақырылған
адамдар бәдік кешіне жиналған. Әдетте, бәдік кеші айдың жарығында немесе
кеш қараңғылығы қоюланбай тұрған кезде басталған. Жиналған топқа қарттар
мен жастар қатар қатынасқан.
Бірінші бетте ел алдында екі жігіт, екі қыз ортаға шыққан, жұп-жұп
болып, қарама-қарсы отырып, бәдік өлеңін бастаған. Кейде бәдік айту жеті
күнге созылған, ойын сауық кеші бәдікпен басталып, ақырында қыз-бозбаланың
қайым айтысына айналған. Бәдік бимағлұм, жанды зат, көзге көрінбейді, ол
көпшіліктің даусынан, жастардың күлкісінен қорқады-мыс деп иланған. Бәдікке
арналып мынандай сұсты сөздер айтылған: құйрығы жоқ, жалы жоқ, құланға қош,
жыланға көш, жердің жүзін қаптаған тұманға көш, ормандағы от жаққан ұрыға
көш, таса жерде тығылып тұрған қалмаққа көш, жартастағы жалғыз қалған ұяға
көш, зеңгір-зецгір тауларға көш, көш, көш!— деп өлең айтқан.
— Бәдік, сен бір орныңда от оттамай, су ішпей жата бермей, ағыны қатты
суларға көш, көш!— деп бәдікті белгісіздік бағытқа шығарып салмақшы болады.
Өлең айтушылар бейне бір бәдіктің жүрген тұрғанын көріп отырғандай
елестетеді, сонымен сөйлескендей сезінеді, бәдіктің соңына түскен қыз-
жігіттердің шулаған үні естіледі. Сөйтіп, бәдік кешіне қатынасушылар
ауыруды емдедік, індет пен кеселді аластадық деп ұққан.
Содан соң жастардың әзілді ойындары басталған. Соның өзінде ара-тұра
бәдіктің атын араластырып, жігіт қызға, қыз жігітке іштей іңкәрлығын алма-
кезек өлеңмен білдіріп отырған. Бәдік атымен аталатын қыз-жігіттің қайым
айтыстарында: жігіттер бәдікті қыздың шашына, үйіне, шашбауына, түнде
жүрген ізіне бағыштап сөйлейді. Сол арқылы жігіттер қыздарды қорқытпақ
болады, сескендіреді, өздерін бәдіктің қас жауы ретінде көрсетуге
тырысады, әр алуан қалжың, күлкімен қыздарды еліктіріп, өзіне тартпақ
болады, әзіл айтады.
Халықтың фольклорлық шығармалардың бір мол саласы — ертегілер. Бір
ертегілерде бейтаныс, өте алыс заманның жай-күйі айтылған да, екіншісінде —
күнделікті қоғамдық қарым-қатынастағы іс-әрекеттің қарапайым бейнесі
суреттелген. Сол себепті ертегілер: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанат
жайындағы ертегілер, салт ертегілер болып үш топқа бөлінеді.
Еңбекші халықтың арманы мен қиялынан туған таңғажайып ертегілер
қазақ фольклорында алтын діңгектей дара тұрады. Тегінде, ертек ертек үшін
айтылмаған, оның белгілі бір тәрбиелік сипаты, философиялық ойлары болған.
Оның басты кейіпкерінің іс-әрекеттері болмыстан, кеңістіктен тыс тұрмайды:
ол табиғаттағы өз орнын қалай өлшейді, жаратылыстың сан түрлі күштерімен
қарым-қатынасы қандай болды, қоғамдық-әлеуметтік сатысы қай дәрежеде дамыды
—міне, соны сездіреді, соны аңғартады.
Таңғажайып ертегілердің сюжетінде адам иланбайтын, көңіл
сенбейтін сан түрлі қызық-қызық оқиғалар болатыны рас, бірақ бұған
қарап халықтың ертедегі творчествалық күштерінде бей-берекет жалған
көріністер басым болды деп ойлауға болмайды. Мейлі, көз көріп, құлақ
естімеген неше түрлі суреттер бола берсін, ол халықтың сергек сапасын,
этика, эстетикалық көз-қарастарын бүркемелей алмайды. Бұл тектес
ертегілер қазақ халқының өмір тарихымен бірге қосөрім қатар жасасып
келеді, мұнда халықтың бесіктегі бала, бозбала, жігіт, жігіт
ағасы кездері айқын бейнелеуленген.
Осы салада қазақ ертегілерінің жиналу, зерттелу саласында екі үлкен
дәуір болды: біріншісі — Октябрь революциясына дейінгі кезең, екіншісі —
революциядан соңғы, яғни советтік дәуір. Революциядан бұрын қазақ
ертегілерін жинап жариялауда В. В. Радлов, Н. Березин, Ә. Дибаев, А.
Алекторов, Г. Потаниндердің еңбектері қазақ әдебиеті тарихында алтын
әріппен жазылады, олардың қазақ халқына көрсеткен құрметі ұшантеңіз.
Солардың ғылымдық дәстүрін жоғары сатыға көтеруде қазақ совет
фольклористикасының классиктері М. О. Әуезов, С. Сейфуллин, М.
Ғабдуллиндердің казақ ертегілерінің жанрлық ерекшеліктері мен идеялық
мазмұнын зерттеудегі еңбектері Бүкілодақтық дережеге көтерілді.
Таңғажайып ертегілердің тағы бір басты ерекшеліктері — өмір
үнемі қозғалыста көрінеді. Бір орында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз
тауы, ұшқан құс, жүгірген аң, сұлулар еліне жол тартқан жолаушы — бәрі бір
нүктеден шығып, екінші бағытқа бет алып бара жатады. Аң адамға, адам
аңдарға кездеседі. Олардың арасында жамандық пен жақсылық үшін күрес бір
сәтке тоқтамайды. Өте ерте дәуірде пайда болған ертегілерде адамның сұлуы,
құстың әдемісі, сән-салтанаттың сарайы — бұлар көбінесе перілер елінде деп
бейнеленеді. Олардың мекені көбінесе жер асты, не су асты болып келеді.
Соған орай тоғыз қабат жердің, тоғыз түрлі теңіздің астына перінің сұлу
қызын іздеп, жер үстінен біреу аттанады. Оның да жолы тым ауыр. Сондай
жұмбақ елді тауып, ақыры арманына жететін тағы да шаруаның бейнетшіл баласы
болып көрсетіледі.
Халыңтың неше түрлі қызық таңғажайып аңыздарды шығару себебі — бір
жағы діни нанымдарға байланысты болса, екіншіден, өзіне жұмбақ, жауабын
іздеген заңдылықтарға жұмбақтық сипат берген. Мысалы, дөңгелек жердің арғы
жағында не бар, ол нендей затқа сүйеніп тұр. Міне, осы сұрақтың төңірегінде
жерді ұстап тұрған көк өгіз, мамонт, тасбақа сияқты мифтік сюжеттерді ойлап
тапқан. Көптеген халықтардың мифтік ертегілерінде айтылатын осындай
беймәлім үлкен жәндіктерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары
Қазақ фольклорының зерттелуі
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Жұмбақ жанры
Қазақ жұмбақтарының зерттелуі
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Халық ертегілері негізінде оқушыларды рухани-имандылық қасиеттерге тәрбиелеу
Тарихи роман поэтикасы
Қазақтың ғашықтық жырлары
Пәндер