ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ РУ-ТАЙПАЛАР

Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті
адамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін — өзінің ұлттық
тарихын жасап қалдырған. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ
азаматының дәстүрлі борышы болған. Мұны таныту — ата-ана тәрбиесінің
әліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана мұндай білімнен
мақұрым болатын. Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары, деген мақал
осыдан қалған. Ал білікті де көшелі ауыл ақсакалдары мен рудың билері ең
кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болатын. Шежіреші деген даңқты
атақка ие болған біліктілер 15—20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір
жүздің, тіпті жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін таратып, қазақтың жетпіс
жеті атасын тарататын жетік шежірешілер де болған. Бұлар аталарды
таратумен қабат, сол аталардың жасаған дәуірінде халық басынан өткен ірі
оқиғаларды да ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың әрбір
рутайпасының, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Бұл шежірешілер қазақтың
байырғы кунтізбесін — ай-күн есептерін де, ғұрып-әдет, салт-сана заңдарын
да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауыз екі тарих-
шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, рубасылар мен билердің, хан-
сұлтандардың қолында сақталатын болған. Жалпы алғанда, казақ шежірелері 7-
ғасырдан тартып 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ ұзақ заман
бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен онда көптеген күңгірттіктер,
жаңсақтыктар, қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі белгісіз аңыздар, тағы
басқа жамау-жасқаулар да бар. Исләм дінінің қазақ арасына таралуына
байланысты байырғы қазақ шежіресіне ежелгі дін кітабы Таураттан (Ауестадан)
тарап, исләм діні арқылы қазаққа діні аңыздар араласты. Онда қазақтың арғы
тегін Адам ата, Хауа анадан, Нұқ пайғамбардың баласы Япастан тарататын
рауаятгар да болды. Бұл сияқты жамау-жасқауларды есепке алмағанда,
байырғы қазақ шежіресінде тарихи мол мұралар мен аңыздар жинақталып
сақталып келген.
Әрине, ауызша тарих-шежірелер мен аңыздарды ғылыми тарих орнына қоюға
болмайды. Сондай-ақ халыктың өзі жасаған тарихи мұраларға немқұрайды
қарауға да болмайды. Өйткені бұл нағыз ғылыми тарих бола алмағанмен,
тарихнаманың кем болса орны өгейситін қайнары. Бұл қайнарды нағыз тарихи
тұрғыдан зерттеп, ғылыми сарапқа салмай, беталды мансұқ етсек, онда тарих
ғылымы өзінің бір қайнарынан айрылып, ақсап қалған болар еді.
Жер жүзіндегі халыктың қайсысы болса да ғасырлар бойғы тарихи дамудың
туындысы. Зерттеліп жазылған тарихи кітабы жоқ болуы мүмкін, бірақ тарихсыз
халык болуы мүмкін емес. Тарихсыз халық жоқ, халыксыз тарих жоқ. Іс жүзінде
тарих бұрын басталып, дамып отырған. Ал осы тарих туралы тарих-тарихнама
(жазба тарих) кейін жарықка шығып дамыған. Тарихнама ең алғашында ауызша
тарихшежіре, аңыз түрінде басталып, жазба тарих кейін келе жарыққа шығып,
кемелденіп отырған. Жер жүзіндегі ең ежелгі марқа мәдениеті, бағы заманнан
үзілмей келе жатқан жазба тарихы бар жұңғонін де шияшаң дәуірінен бұрынғы
хуанди, янди жөніндегі деректері тарихи аңыз-ертегілерден басталады. Ежелгі
Египет, Индия, Иран, Грек тарихтары да осындай.
Қазақтың осы тарихи шежірелері кейін қауырсынды қаламмен қағаз бетіне
түскен болса, 20-ғасырдың бастарында {1905—1907-жылдары) жинақталып,
зерттеліп, кітап болып басылды. Мұны жинақтап зерттеген және бастырғандар:
Нұржан Наушабаев, Шәкәрім Құдайбердіулы. Мұхаметжан Тынышбаев, Машһүр Жүсіп
Көпеевтер болды.
Жалпы қазақ шежірелерінің барлығында мынадай мазмұн баяндалады: Қазақтын
арғы атасы — Алаш, алаштан қазақ туған. Қазақтың Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс
деген үш ұлы болыпты дейді. Бекарыстың тұқымын ұлы жүз деп атап, одан:
үйсін, қаңлы, дулат, сары үйсін (түркеш), жалайыр, албан, суан, шапырашты,
ошақты, шанышқылы, сірігелі, тағы басқаларды таратады.
Ақарыстың тұқымын орта жүз деп атап, одан: арғын, найман, керей, уақ,
қоңырат,қыпшақты таратады. Жаңарыстың тұқымын кіші жүз деп атап, одан
алшынды, ал алшыннан Әлімұлы, Байұлы, жетіруды таратады.
Осы жоғарыдағы аталғаңдардың әрқайсысы талай тайпалардың одағы болып
келеді. Мысалы, Жанарыстың тұқымы кіші жүз алшынның-үш тайпасы алімұлы,
байұлы, жетіру мынадай тайпаларға бөлінеді. Байұлының тайпалары: адай,
беріш, алшын, жаппас, есентемір, малқар, таз, байбақты, тана, шеркеш,
ыссық, қызылқұрт. Әлімұлының тайпалары: әлім, шөмекей, кете, қаракесек,
қарасақал, төртқара, шекті. Жетірудың (қарт қазақтың) тайпалары: кердері,
жағалбайлы, керейт, телеу, табын, тама, рамадан.
Орта жүздегі керей руы ашамайлы керей, абақ керей деп екі тайпаға
жіктеледі, осының ішіндегі абақ керей 12 руға бөлінеді. Бұлар: жәдік,
жантекей, шеруші, қарақас, молқы, күнсадақ, ителгі, шұбарайғыр, сарбас,
жастабан, меркіт, шимойын.
Орта жуздегі найман тоғыз таңбалы найман деп, тоғыз тайпаға бөлінеді:
қаракерей, төртуыл, садыр, матай, ергенекті, бағаналы, балталы,
терістаңбалы, шыршыт.
Осы он екі абақ керей, тоғыз таңбалы найманның әрқайсысы талай ұсақ рулар
мен ата жіктеріне бөліне отырып, осы күнгі адамдарға дейін келіп тіреледі.
Осы ру-тайпалар мен тайпалық одақтардың аты қазақ ішінде қазіргі күнге
дейін сақталуда. Әрбір рудың өзіне тән таңбасы және ұраны бар. Бұл таңбаны
ерте кезде рудың малына басқан, сол рудан өлген адамдардың моласының басына
тасқа ойып орнатқан. Бірнеше ру бірлесіп тоқтам жасасқан жерде тасқа ойып
белгі соққан. Ал ұран сол рулардың ата-балаларының немесе сол рудан шыққан
батырлардың аты, жалпы ру-тайпа мүшелерін аттанысқа келтіру үшін соғыс
кезінде тығызтаяң үндеу ретінде осы ұран шақырылған. Әдетте ат бәйгесі,
балуан күресі кездерінде ұран шақырылады. Ру таңбасы сол рудың нышаны
орнында қол-данылған, рудың жалауларына салынған. Қазақтын көптеген ру
аттары сол рудың таңбасы арқылы аталған. Мысалы: бағаналы, балталы,
шанышқылы, ергенекті, тарақты, ашамайлы, ошақты, тарақ таңбалы, теріс
таңбалы, сіргелі, тағы басқалар. Ру-тайпа аттарының тағы бір түрі сол рудың
төтемдік ұғымынан туған. Мысалы: қоңырат, бура, тағы басқалар. Әдетте қазақ
рулары өз ішінен қыз алыспайды, қыз алысу үшін кемінде жеті aтaғa толған
болуы, олардың қонысының арасында жеті өзен болуы шарт. Туыстас рулар бір-
бірінен бөлек-ру болып саналу үшін тарада-он үш ата өткен болуы шарт. Міне,
осы себептерден қазақ шежіресі өз -ұлтының тарихнамасы болуымен қабат,
үйелменді ұйымдастырудың өлшемі болған. Қан-қарындастық қатынасын ру-тайпа
мүшелерінің. санасына сіңіріп, оларды ру ұранының туы астына топтастырып
келген. Бір атадан тараған ру мүшелері өздерін туыс деп санаған, оның
жыртысын жыртып, намысын жоқтауға жұмылдырған. Ру-тайпа мүшелерінің бірі
басқа ру жағынан өлтірілсе, жалпы ру мүшелері жиналып, оның құнын алған,
мүшесі басқа рудың адамын өлтірсе, оның құнын төлеуге кісі өлтіруші ру
жауапты болған. Бір рудың жесірінің екінші руға кетуіне жол берілмеген. Осы
рулық қатынастардың шаруашылық негізі ретінде жайлаулық жерлерге жалпы
рулық меншік сақталған. Тек қыстаулық, пішендік, егіндік жерлер ғана жеке
адамның меншігінде болған.
Қазақты қалыптастырған жоғарыдағы ру-тайпалардың көпшілігі ежелгі
заманнан тартып Орта Азия мен Орталық Азияның кең даласында, шығыста
Баркөлден бастап, батыста - Каспий теңізі, Еділ өзеніне деиінгі ұлан-байтақ
өңірде көшіп-қонып мал өсірген түркі тілдес ру-тайпалар еді. Қазақ халқы
ғасырлар бойғы тарихи даму барысында осы ру-тайпалардан құралып халық
болған. Алайда, бұл тек бір дәуірдің ғана жемісі емес, сан ғасырлық тарихи
дамудың туындысы. Қазак халқының тарихында жүздердің пайда болуы ерекше
орын алады. Қазақ жүздерінің құрылуы - тарихи процесс, ол қазақ халқының
этникалық мекенінің қалыптасуымен қатар жүрді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz