Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
ЭОЖ 378.016.026:796.325(574)
Қолжазба құқығында
УНТАЕВ ХОЛДАР ҚАМБАРҰЛЫ
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене
тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының
докторы
Х.Ф. Анарқұлов
Ресми оппоненттері педагогиа ғылымдарының
докторы
С.І.
Қасымбекова
педагогика ғылымдарының кандидаты
Ә.Ж.
Тастанов
Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы
Павлодар
мемлекеттік университеті
Қорғау 2010 жылы 27 қараша, сағат 12.00 Қазақтың спорт және туризм
академиясының жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-
жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8385, факс: 87272926805,
телефон 8-727-2923007
Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында
танысуға болады
Автореферат 2010 жылы ____ қазанда таратылды
Диссертациялық кеңесінің
ғалым хатшысы,
педагогика ғылымдарының докторы
Ө.Е. Бектұрғанов
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 29 қаңтар
2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің дене шынықтыру мен
спорт саласындағы саясаты айқын берілген, оның мәні: дене шынықтыру мен
спорт құралдарын, соның ішінде республика алдында тұрған рухани бай,
моральдық таза, денелік жетілген саяси, экономикалық, идеялық мәселелерді
шеше алатын ұрпақты қалыптастыратын Қазақтың ұлттық түрлерін тиімді
қолдануда.
Республикамыздағы дене шынықтыру мен спорттың даму күйі Қазақстан ел
басының қолдауына сай келмей отыр. Қазіргі уақытта дене шынықтырумен
және спортпен республика тұрғындарының 10% ғана шұғылданады, ал дамыған
елдерде бұл көрсеткіш 50% құрайды.
Қазақстанда дене тәрбиесінің қалыптасуының және дамуының әлеуметтік-
педагогикалық шарттарының сараптамасы жинақталған педагогикалық тәжірибені
қазіргі кезеңде қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Тарихи-педагогикалық және ғылыми әдебиеттерді зерттеу - Қазақстанда
халықтық дене шынықтырудың педагогикалық мүмкіндігі осы уақытқа дейін
арнайы ізденісте бола қойған жоқ деген шешім қабылдауға негіз болады.
Сонымен, дене шынықтырудың педагогикалық мазмұнын оны заманауи спорттық-
тәрбиелеу тәжірибесіне көшіру мақсатымен айқындау және оның тарихи-
әдістемелік және мазмұнды салаларының жеткіліксіз түзілуі арасында қарама-
қайшылықтар туындайды.
Зерттеу мәселесі – қазақтардың дене мәдениеті дәстүрлерінің
педагогикалық мазмұны және оларды заманауи спорттық-білім беру
тәжірибесінде қолдану жолдары.
Зерттеу нысаны – қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы.
Зерттеу пәні – қазақтың ұлттық дене шынықтыру дәстүрлерінің
педагогикалық мәні.
Зерттеу болжамы – қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруын зерттеп,
жинақтау, оның педагогикалық мазмұнын ашу ұлттық дәстүрлерді сақтауда және
республикамызда дене тәрбиесін жетілдірудің заманауи жүйесін жетілдіруде
маңызды рөл атқаруы қажет.
Зерттеу мақсаты – қазақ халқының ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық
мазмұнын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақтың халықтық дене шынықтыруының жалпы мәдениет құрылымында
алатын орнын анықтау.
2. Отбасылық, еңбек денелік тәрбиенің ұлттық мектеп үдерісіндегі өзара
байланысын айқындау.
3. Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруының қызметін, мазмұнын
анықтап, оның құралдарының, яғни ойындардың, дене жаттығуларының
жіктемесін түзу.
4. Дәстүрлі дене шынықтырудың заманауи жағдайлардағы идеяларын қолдану
және оларды жүзеге асыру жолдарын көрсету.
Берілген диссертациялық жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт бойынша мамандарды
дайындап, осы саланы дамытуды жетілдіру жүйесі республикалық бағдарламасы
бойынша өткізілген зерттеулер шеңберінде орындалды.
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы
мен жинақталуы; дәйектемелі материалды республиканың түрлі аймақтарына
далалық жорыққа шығу жолымен жинақтау; сауалнама жүргізу; сауалнамалық
сұрақ жауап алу; ақсақалдармен сұрақ-жауап жүргізу; сұхбат жүргізу;
педагогикалық бақылау.
Зерттеудің жетекші идеясы – қазақтың ұлттық дене шынықтыруының мәнін
тұрғындарды денелік тәрбиелеудің заманауи жүйесінде айқындауда.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2007-2008 оқу жылы) зерттеудің мақсаты, пәні және
нысаны анықталды, қарастырылатын мәселенің күйі зерттелді, зерттеу
бағдарламасы түзілді, тарихи және шынайы материалдар (соның ішінде дала
жағдайында алынған) жинақталды.
Екінші кезеңде (2008-2009 оқу жылы) жинақталған материалға жүйелі-
құрылымды сараптама жүргізіліп, бағалама берілді. Библиографиялық
деректемелерді зерттеу жалғастырыла берді.
Үшінші кезеңде (2009-2010 оқу жылы) материалдарды бір жүйеге келтіріп,
жүйелендіру, нәтижелер апробациясы жүргізілді, диссертацияның әдеби
көркемделуі орындалды.
Зерттеудің әдістемелік негізін диалектиканың негізгі қағидалары құрады,
атап атйқанда: құбылыстардың себептілігі және негіздемелігі; қисындылық пен
тарихи бірлестігі; ғылымилық және объективтілік; тарихи-педагогикалық
құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі. Зерттеу барысында біз
оқымыстылардың төменде көрсетілген бағыттар бойынша ғылыми еңбектеріне
сүйендік:
- мәдениет теориясы бойынша [А.И. Арнольдов, 1993; С.А. Арутюнов, 1989;
Н.С. Баллер, 1987; Н.С. Злобин, 1980; С.Н. Иконникова, 1987; М.С. Каган,
Т.В. Холостова, 1988; В.М. Межуев, 1999 және т.б.];
- дене шынықтыру теориясы және әдістемесі бойынша [В.К. Бальсевич,
1988; И.М. Быховская, 1993; Н.Н. Визитей, 1989; М.Я. Виленский, 2000; В.М.
Выдрин,1999; Л.И. Лубышева, 1992; Л.П. Матвеев, 1991; Ю.М. Николаев, 1997;
Ю.М. Столяров, 1988 және т.б.];
- педагогика және этнопедагогика бойынша [Г.Н. Волков, 1974; В.А.
Сластениен, 1997; Ю.П. Сокольников, 1993 және т.б.];
- дене тәрбиесі педагогикасы бойынша [С.Д. Неверкович, 2005; А.А.Тер-
Ованесян, И.А. Тер-Ованесян, 1988; В.И. Элашвили, 1973 және т.б.].
Алға қойылған міндеттерді шешіп, болжамды тексеру үшін тарихи-
педгогикалық зерттеу әдістерінің жиынтығы қолданылады, атап айтқанда:
философиялық, әлеуметтану, этностық, мәдени, психологиялық-педагогикалық
және спорттық әдебиеттердің теориялық сараптамасы мен жүйелендірілуі;
мұрағатты құжаттар мен педагогикалық әдебиеттің тарихи-қисынды сараптамасы,
қазақ халқының шынайы қолданыстағы педагогикалық тәжірибесін дала
жағдайында бақылау және оған сипаттама беру; қазақ халқы тіршілігінің
әлеуметтік-экономикалық, этностық-мәдени, этностық-психологиялық және басқа
да факторларын ескеретін жүйелі сараптама жүргізу; дене шынықтырудың
халықтық құралдарын ұлттық білім беру жүйесінде қолдану бойынша жұмыстарды
құрастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруы қалыптасуының және дамуының
тарихи алғы шарттары айқындалды;
- оның этностық-педагогикалық мазмұны ашылды;
- отбасылық, еңбек және денелік тәрбиелеудің білім беру дамуының
заманауи кезеңдегі қазақ мектебінің педагогикалық үдерісінде
жүйелі қолданылу тәжірибесі жинақталды;
- қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін
әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізілді;
- олардың жіктемесі түзілді;
- дәстүрлі дене шынықтырудың философиямен, қазақтың ұлттық
педагогикасымен, педагогикалық көзқарас тарапынан қарастырылатын
әлеуметтік өмірмен байланысы айқындалды;
- дәстүрлі дене шынықтырудың ауызша ұлттық шығармашылықтағы,
өнердегі және әдебиеттегі айқындалу деңгейі көрсетілген;
- дене шынықтыру ұлттық құралдарының Қазақстан Республикасының
қазіргі кездегі білім беру жүйесінде қолданылу жолдары
анықталған.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын
бүтіндей ұғыну;
- оны ұлттық этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи
салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи күйінде
келтіру.
Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарының теориялық
сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін
жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығының мәні – алынған нәтижелер дене
шынықтырудың заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге
мүмкіндік береді. Жұмыстың жүргізілуі барысында алынған ғылыми нәтижелер
дене шынықтырудың қазақи ұлттық құралдарына басым көңіл бөле отырып
отбасылық, мектепке дейінгі, мектеп деңгейіндегі және жоғары оқу
орындарындағы дене тәрбиесі үдерісінде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу материалдары тарихи, педагогикалық спорттық ғылымдарды жаңа
мәліметтермен, фактілермен және идеялармен толықтыра түседі. Жұмыс мазмұны
дене шынықтыру тарихы, этностық педагогика және Қазақстан тарихы курстарына
қажетті материал бола алады.
Диссертанттың қосқан жеке үлесінің мәні бірқатар:
- қазақтың дәстүрлі дене шынықтыруының орнын мәдениеттің жалпы
құрылымында анықтай білуінде;
- отбасылық, еңбек және денелік тәрбиенің өзара байланысын
айқындауда;
- қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруының қызметін анықтап, мәнін
ашып, оның құралдарының жіктемесін беруде;
- дәстүрлі дене шынықтыру идеяларының қазіргі жағдайларда қолданылуы
және оның құралдарын жіктеу;
- дәстүрлі дене шынықтыру идеяларын заманауи жағдайларда қолдану және
жүзеге асыру жолдарын айқындау;
- ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түзіп, оларды халық тұрмысына енгізу;
- диссертация авторының көпжылдық ғылыми-педагогикалық және спорттық-
педагогикалық қызметі;
- білім беру саласы мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің бақылауы
бойынша республикалық және халықаралық Комитет басылымдарында бірқатар
ғылыми еңбектердің жариялануында.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- дәстүрлі қазақ дене мәдениетінің тәрбиелеу жүйесінің тәжірибесі бай,
ол ғасырлар бойы тіршілік жағдайларына сай қалыптасып, халықтың ұлыс
ретіндегі тіршілік әрекеті қалыптасуын қамтамасыз етті;
- қазақ дене шынықтыруының мәні оның діл арнайылығымен байланысты және
ұлыстың ұлттық ерекшеліктеріне, философиясына сай еңбек, тұрмыстық,
әскери, діни дәстүрлерін, мерекелерін және салттарын айқындайтын қимыл
әрекеттерінен тұрады. Отбасылық, еңбек және дене тәрбиесі - бірегей
тәрбиелік, білім беру және сауықтыру үдерісі болып табылады;
- қазақтың дене шынықтыру дәстүрлері мәнінің педагогикалық негізін
ұлттық спорт түрлері, халықтық қимыл-қозғалысты ойындар және дене
жаттығулары, өскелең ұрпақтың рухани, зияткерлікті және денелік дамуына
ықпал ететін шынықтыру және гигиена құралдары құрайды;
- дене шынықтырудың республиканың халық шаруашылығын дамыту
стратегиясындағы, соның ішінде Қазақстан халықтарының білім беру
саласындағы маңызы үлкен. Осыған орай, адамның дене шынықтырудың
(мәдениеттің) өзара қарым-қатынасының әлеуметтік-этностық салалардағы мәнін
ашатын кешенді зерттеулер жүргізу қажет. Қазақ дене шынықтыруының
педагогикасында заманауи педагогиканың, соның ішінде дене тәрбиесі
педагогикасының көптеген міндеттерін тиімді шешуге арналған нақты
мүмкіндіктері бар.
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы зерттеудің бастапқы өлшемдерінің
әдістемелік негіздемелігімен, оның міндеттерінің, қисынының және
әдістемесінің берілген әдеби базамен сәйкестілігімен, теориялық, тарихи,
педагогикалық және спорттық сараптамаларының үйлестірілуіне негізделеді.
Нәтижелердің жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері Қазақтың спорт және
туризм академиясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің,
Республикалық спорт колледжінің, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқу
үдерісіне енгізілген.
Нәтижелердің жариялығы. Зерттеу нәтижелері 11 мақала түрінде
жарияланған, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитеті ұсынған басылымдарда 5 мақала.
Жұмыс апробациясы жұмыс нәтижелерін республикалық және халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда (6 мақала), ҚазСТА әр жылдық қорытынды
ғылыми-тәжірибелік конференцияларында, дене шынықтырудың теориялық-
педагогикалық негіздері, ҚазСТА ұлттық спорт түрлері және халықтық ойындар
кафедраларының мәжілістерінде талқыланды.
Диссертация көлемі және құрылымы зерттеу мазмұнын толық айқындайды, ол
кіріспеден, төрт тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан
тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 207, олар орыс, қазақ және шетел
тілдерінде берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының даму тарихы
Дене шынықтырудың адамның денелік мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған
қимыл әрекетінің қалыптасқан және ежелгі түсінігінен ерекшелігі – қоғамда
ең алдымен дене шынықтырудың тарихи және философиялық-мәдени ұстанымдарын
сипаттайтын дене шынықтыру құндылықтары туралы Қазақстандағы дене
шынықтырудың заманауи даму кезеңі оның әлеуметтік маңыздылығының артуымен
сипатталады, сондай-ақ, ғылымның өзінің бірлестікті басымдылықтары бұл
мәселені бірлестікті әдістемелік тәсіл ретіндегі бүтін жүйе ретінде ұғынуды
талап етеді. Әсіресе, адам мәдениеті мен мәселелерін жаратылыстанулы
танымдылық пәні ретінде ғылымның әдістемесімен, мәдениеттің философиялық
мәселелерімен шұғылданушы оқымысты мамандар мойындаған тәсілінің маңызы зор
[М.С. Каган, 1987; Т.В. Корсаевская, 1980; С.В. Молчанов, 1991; Н.И.
Пономарев, 1976 және т.б.]. Олардың әдістемелік ұстанымдары бізге дене
шынықтыруды жалпы мәдениеттің бөлімі ретінде зерттеудің теориялық-
әдістемелік негізін белгілеу үшін ауқымды материалды сараптамадан өткізуге
мүмкіндік береді. Жалпы мәдениеттің заманауи даму сатысына "тек қана мәдени
құбылыстарды тар ауқымды мамандандыру қағидасынан зерттеудің меңгеру емес,
олар туралы мәдениет теориясымен түзілген бір-бірімен нашар байланысқан,
әлсіз көзқарастарды алмастыру" тән [Г.Г. Котожеков, 1991, б.20]. Дене
шынықтыру әлде де мәдениет теориясы тарапынан қолдау таппай отыр. Дене
шынықтыруды зерттеу әдістемесі оның мазмұнының, байланысының және қарым-
қатынасының байлығын толыққанды айқындауға мүмкіндік бермей отыр.
Адамзаттың әлеуметтік тәжірибесінің сақталу, байытылу, берілу
құралдарының маңызды біреуі – дәстүр. "Дәстүр" сөзі латынның "traditio"
сөзінен алынған, "беру" деген мағына береді.
Дәстүрлер – күрделі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Мұнымен, ең
алдымен ғылыми әдебиеттерде олардың бірегей, жалпылама қабылданған
анықтамасының жоқтығы түсіндіріледі. Бірқатар ғалымдардың пайымдауы
бойынша, дәстүрлер - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан және қоғамдық
пікір ықпалымен сақталынып келе жатқан адамдардың қоғамдық қарым-
қатынастарының тарихи қалыптасқан, бекітілген жалпылама нормалары мен
қағидалары.
В.И. Воловик дәстүрді "нақты бір қоғамдық қауымдастық (халық, тап және
т.б.) шеңберінде тарихи қалыптасқан қоғамдық іс-әрекеттің бекітілген,
қайталанбалы, мықты және жалпылама танылған түрлері мен тәсілдері. Олар
осы қоғамның тіршілік етуінің қоғамдық-экономикалық, таптық және басқа да
ерекшеліктерімен анықталады" деп есептеді [В.И. Воловик, 1973, б.5].
Ю. Бургита дәстүрге "кез келген мейлі материалдық, мейлі материалдық
емес болсын өткеннің немесе өткеннен қайсібір адамдар тобына арналып
жаңғыртылған, шыққан тегіне сай қайта қаралған, сондықтан келешек
ұрпақтарға іріктеліп беріліп отыратын мұрасын жатқызады" [Ю.О. Бургита,
1975].
Л.Л. Харапинский дәстүрге "қоғамдық сананың өнегелілікпен, салтпен,
дағдылармен, әдістермен, тәжірибелік іс-әрекетінің түрімен, адамдардың
көзқарастары, тіршілік салты, іс-әрекеті, мәдениет құбылыстары, моральдық
ұстанымдары, дүниетанымдылығы арқылы айқындалатын тұрақты құбылыстар" деп
түсініктеме береді [Я.Л. Харапинский, 1971].
Н.П. Денисюктің пікірі бойынша " салт-дәстүрлер қоғамдық іс-шаралар,
өткеннен қалған мұра немесе адамдардың іс-әрекетінің өлшемдері ғана болуы
мүмкін емес. Оларда арнайы түрде қоғамдық іс-тәжірибенің нәтижелері,
әлеуметтік тіршіліктің барлық салалары бойынша қол жеткен жетістіктердің
тамаша үлгілері бекінген [Н.П. Денисюк, 1979].
Салт-дәстүрлер тек қана адамдарды қандай да бір іс-әрекетке мұқтаждап
қою үшін ғана емес, осы нәтижелерді, соның ішінде еңбек нәтижелерін бекіту
үшін қалыптасады". Салт-дәстүрлер ұжымдық естелік ретінде қарастырыла
тұрып, этностық өзіндік сана элементі болып табылады. Үдемелі дәстүрлерге
баулу халықтар мәдениетінің танымдылығын қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты
тәрбиелеудің қажетті бір саласы болып табылады [Е.В. Белоусова, 1998].
Салт-дәстүрлердің – түрлері мен қызмет ету ерекшеліктері іс-әрекет пен
қарым-қатынастың реттеушісі ретінде өндіріс саласының түріне, халық
тіршілігінің жағдайына, әрбір нақты іс-әрекет саласының ерекшелігіне
тәуелді. Салт-дәстүр рухани өндіріс саласында, фольклордың ұлттық
түрлерінде, кейде тіпті ғылым мен философияда маңызды күшке ие болады. Ол
іс-әрекет, сонымен бірге оның мәдени реттеушісі болып табылады. Сонымен,
әрбір халықтың өмірінде өндіріс тәсілінің және мәдениет деңгейімен жүзеге
асырылатын, өндірістік және қоғамдық тіршілікке, мораль ережелеріне,
ғылымға, мәдениетке енгізілетін, келесі ұрпақтар тәжірибесімен байытылып
отыратын қамтамасыз етілетін салт-дәстүрлер дамып-жетіледі. Олай болса,
салт-дәстүрлер қоғамдық сипатты болады, олар жаңа буынның еркі мен санасына
тәуелсіз болып, айқындалуы бойынша терең мағынада ұлттық болып келеді.
Әрбір халық өзінің ұлттық психологиясына, тіршілік салтына сай тек өзіне
ғана тән салт-дәстүрлерді түзеді.
Сонымен, салт-дәстүрлер туралы көптеген ғалымдардың түсінігінен келіп
туындайтыны – бұл жерде әңгіме қоғамдық сананың "бөлшектенген құрылымдары"
ретінде қарастырылатын іс-әрекеттерді, көзқарастарды, пікірлерді,
сенімдерді, рухани құндылықтарды, әдеттерді, іс-әрекет тәсілдерін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыру туралы болады. Бұл дегеніміз, салт-дәстүрлер адамдардың
қоғамдық қарым-қатынастары түрінде айқындалатын объективті, материалды
негіздемелі болады.
Қазақтардың педагогикалық мәдениетінің қалыптасу үдерісі, соның ішінде
дене тәрбиесінің халықтық педагогиканың маңызды бір жолы ретінде орнығуын
бірқатар тарихи кезеңдерге шартты түрде бөлуге болады:
1. Қазақтардың дене тәрбиесі дамуының бастапқы кезеңдері.
2. Қазақстан түркі тілдес халықтары дене тәрбиесінің негіздері.
3. XV- XVIII ғасырлардағы қазақтардың дене тәрбиесі.
4. Дене тәрбиесінің кеңестер дәуірінен кейінгі кездердегі қалыптасуы
мен дамуы.
5. Қазақтардың ұлттық дене тәрбиесінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі
дамуы.
2 Зерттеудің міндеттері мен әдістері және ұйымдастырылуы
Диссертацияның осы бөлімінде ғылыми-зерттеу жұмысының алдына қойылған
міндеттері, оларды орындау мақсатымен қолданылған әдістер мен зерттеуді
ұйымдастыру кезеңдері жөнінде мәліметтер келтірілген. Олар авторефераттың
кіріспе бөлімінде баяндалған.
3 Қазақ халқының ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Қазақтың халықтық ойындары мен дене жаттығуларын тәрбиелік мақсатта
қолдану – тарихи ғана емес, керемет бір ерекше құбылыс. Бұл құралдардың
халық тұрмысының болмысындағы алатын орны зор болды, ең алдымен олар тек
қана әскери-саясатты емес, сауықтырулы-қолданбалы бағытты болды. Бұл
айтылған мәселенің бір көрсеткіші - орта ғасырдың көрнекті қазақ
ғұламалары М. Қашқари мен Ж. Баласағұн. Олардың өз уақытына тән толғанулары
жақсы таңдалған бастапқы материалға негізделеді, онда халықтық ойындар
көмегімен мәні бойынша теңдессіз мәселені - дені сау және көңілі тоқ
ұрпақты дайындауға болатын табиғи игіліктерді қолдануға қатысу өнімі
ретінде сипатталады.
Алынған мәліметтер М. Қашқари мен Ж. Баласағұн орта ғасырлық кезең дене
тәрбиесінің ең алғашқы теоретиктерінің бірегейлері болғандығын көрсетеді.
Олардың өскелең ұрпаққа мақсатты тәрбие беруде ұлттық ойындары мен дене
жаттығуларына дұрыс негіздеме берудегі еңбектерінің маңызы зор. Әсіресе
маңыздысы - олар балалар ойынына және балаларды ойын көмегімен тәрбиелеуге
көбірек көңіл бөлді, ал олар өз кезегінде адамның кез келген бір іс-әрекеті
ретінде қоғамның тіршілікте маңызды мәселелерді шешуіне арналған [Д.
Айтмамбетов, 1964, б.60].
Қимыл әрекетімен байланысты ойындар мен дене жаттығулары дене
тәрбиесінің халықтық педагогикасының басты құралдары болып табылады.
Сондықтан, М. Қашқари мен Ж. Баласағұнның халық ойындары мен дене
жаттығулары туралы қағидалары бүгінгі күнге дейін педагогикалық
маңыздылығын жоғалтпай отыр [М.Т. Таникеев, 1990].
Қазіргі кезеңде адамдардың халықтық педагогикаға деген көзқарасының
дене тәрбиесінің түрлі құралдары мен түрлеріне қатысты шешушісі болып,
бойларында ұлттық құндылықтар мен бағыттар туралы түсініктер айқын
қалыптасқандығы арқылы бір-бірімен байланысқан - психологиялық және өнегелі
факторлар есептелінеді. Мұнан келіп, өскелең ұрпақты халықтық ойындар мен
дене жаттығуларының құралдары арқылы денелік тәрбиелеудің жаңа қағидасын
құру мүмкіндігі туындайды. Ол дене тәрбиесін жеке тұлғаны тәрбиелеудегі
бүтіндік тәсілдің жаңа бір тәсіліне бағдарлайды, ол дегеніміз – жеке
тұлғаның тәрбиелік, рухани және денелік даму деңгейі. Бұл өз кезегінде, оқу-
тәрбиелеу үдерісінде құнды бағыттар мен міндеттерді, дене тәрбиесінің
үзіліссіз білім беру жағдайындағы, тәрбиелеудегі және денелік жетілудегі
жаңа қағидаларын ұсынады.
Дене тәрбиесінің халықтық педагогикасында маңызды орынды ойындар
иеленеді. Ойын дене тәрбиесінің халықтық педагогикасында қазіргі кәсіби
қызметтері тәрбиелеудің өз мәнін таба алмаған, салаларын меңгерудегі маңызы
зор. Оларға – бос уақытты тиімді өткізу мен белсенді тынығуды жатқызу
қажет. Бұл жерде ойыншылардың шығармашылық қабілетіне мүмкіндік беретін
ойынға әсер етудің нақты бір және қосалқы тәсілдері басым болады.
Дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы өз мазмұны бойынша жеке тұлғаны
тәрбиелеудің түрлі салаларын қамтиды, сонымен бірге дене сапалары мен
қабілеттерін дамытуға басым көңіл бөлінеді. Тәжірибелік тұрғыдан
дәлелденгені - халықтық ойындармен және спорт түрлерімен шұғылданатын
балалардың дене сапалары мен дағдыларын дамытуға әсер ету деңгейі басқа
дене тәрбиесінің түрлерімен және құралдарымен салыстырғанда өте жоғары
тұрады. Бұл шұғылданушылардың эмоциялық және психологиялық талпынысына
үлкен қимыл белсенділігі мен ұзаққа созылған, тұрақты қызығушылығы тән
болады.
Қазақтарда толыққанды және денелік дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу
идеясы бала туылған күннен басталады. Тәрбиелеудің бұл үдерісі өз бетінше,
жасырын құбылыс емес, қоғамдық тіршіліктің көптеген салаларымен байланыста
болған, арнайы бағытталған, ұйымдастырулы мақсат болып табылады. Ғылыми
әдебиеттерде: ... көшпенді-қырғыз толығымен және барымен өзін қоршаған
табиғи ортаға тәуелді болды деп есептеуге болмайды. Керісінше, ол табиғатты
белгілі, ойластырылған жоспармен, терең және сенімді есеппен, көптеген
ұрпақтардан келіп құралған жүйемен қолданды деп келтірілген [Народы
России. Киргизы 1880]. Терең және сенімді есеп жүргізу негізінде дене
тәрбиесінің халықтық жүйесі түзілді.
Бұл жайында деректі мәліметті Иш-Мухамед-Букиннің мақаласынан табуға
болады. ...Қырғыздар халықтық дәстүр негізінде өз балаларын қырғыздарға тән
рухпен тәрбиелейді. Оларда тәрбиелеу қырғыздар бала тәрбиелеуде ежелден
қолданып келе жатқан дәстүрлерді орындауымен анықталады. Бұл тәсілдер
қырғыздардың арасында соншалықты бекініп қалған, олар өздеріне арналған
заңдарға сүйене түзілді, ал ол заңдарды бұзу керемет бір қылмыс болып
есептелінді. Нәресте туылғаннан кейін қырқынан шыққанша анасы оны тұзды
сумен жуындырып, маймен сылаған. Сонымен бірге анасы оның денесіне қимылдар
жасатқыза отырып, ағзасын сергітіп отырған. Мысалы, анасы нәрестені қолына
алып, аяқ-қолын біресе бір бағытта, біресе екінші бағытта созған, сондай-ақ
басын аздап бұруға үйреткен. Содан кейін, қар түскенде қырғыз балалары
жалаң аяқ қардың үстінде, ал жазда, жаңбыр жауғанда ылғал жерде жүгірген.
Қырғыздар балаларды жас кезінен атқа мінуге үйреткен, сегіз жасар бала
атқа мініп, оны басқаруда сондай ептілік танытқан, тіпті қабілеті бойынша
ересектерден қалыспаған. Жалпы алғанда, олар күшті, мықты, епті және
төзімді болып келді.
Ата-анасы өз балаларына басқа балалармен жарыса жүгіруді үйретіп
отырған: ол үшін оларды бірқатар қашықтыққа апарып, кім бірінші келсе,
соған сыйлық берілетіндігін атап жүгірте жарыстырған. Балаларды өз
қатарларымен күрестірген, бұл жерде де жеңімпазға сыйлық беруге уәделескен.
Қырғыздар балаларды, суыққа бейімдеу мақсатымен қыста таза ауада серуендеп
жүруге мәжбүрледі [Иш-Мухамед Букин, 1880].
Бұл үзінділер көп нәрсені аңғартады. Ең бастысы, дене тәрбиесінің
құралдары мен әдістерін қолданудың түрлі тәсілдері байқалады. Дене
тәрбиесінің негізгі бір саласы – үйрету. Үйрету ата-аналардың үйретімді
және үйренушінің оқу-танымды қызметінен құралады. Ата-аналар мен
балалардың осы қызметінің мәні дене тәрбиесінің халықтық педагогикасында
беріледі. Жалпылама тәрбие беру ережелерімен қатар дене тәрбиесі барысында
үйретудің арнайылығымен сиапатталады, бұл жерде қимыл әрекеттері маңызды
болып табылады, бұл әрекеттерге үйрету қимыл дағдылары мен
біліктіліктерінің заңдылықтарына және қалыптасуына сай құрылады.
Нәрестенің өміріндегі кез келген жағдай түрлі дәстүрлермен, меркелермен
жүргізілді. Мысалы, туылғаннан кейін бір апта өткен соң, оны бесікке
салғанда бесік-той беріліп, ойындар, кішігірім бәйге беріліп, балуандар
сайысы өткізілген [Х. Кустанаев, 1894].
Қандай да бір мерзім өткенде нәрестенің үстінен оның алғашқы көйлегі
шешілу – ит-жейде дәстүрі өткізілген [Р. Абдуталипов, 1992].
Бұл отбасылық мерекелердің мәні келешекте қоршаған ортаның қатал
жағдайларында толыққанды еңбекке жарамды тіршілік кешсін деген, нәресте
ауырмай-сырқамай, күшті, епті, шыныққан және дені сау болып өссін деген
тілектес мағыналы болды.
Жоғарыда аталып кеткендей, біршама маңызды тойдың бірі - Тұсау-
кесу, ол нәресте алғашқы қадамын жасауға талпынып, аяғын тәй-тәй баса
бастағанда аталынып өтеді. Бұл кезде арқанды жүгіруден жарыстан мәреге
бірінші болып жеткен адам қияды.
Тұсау кесуден кейін дене тәрбиесінің кейбір тәсілдері қолданылады. Х.
Қостанаевтың [1894, б.80] пікірі бойынша, қазақтар жүруді тым ерте
бастаған. Біздің есебімізше, көшпенділік тіршілік жағдайында дене
жаттығуларын үйретудің мұндай әдісі бала қоршаған орта дүниесіне тезірек
үйренісіп, сіңісіп кету үшін қажеттілік болып табылады. Келесі дәстүр –
бала үш жасқа толғанда, оны алғаш рет атқа отырғызу кезінде өткізіледі. Ата-
аналары киіз үйдің маңайына бір жасар тайды сәндеп жабулап байлап қояды.
Баланы үстіне отырғызып, ең алғаш өз бетінше тартпадан ұстап жүруге
үйретеді. Осыдан бастап ол күнделікті атқа мінгізіліп отырады [М. Лавров,
1914].
Қазақтардың бар өмірі көшпенді мал бағумен байланысты болғандықтан,
алғашқы күннен бастап-ақ баланың атқа мінуді үйренуі үшін барлық амалдар
қолданылады: оны арнайы атқа мінгізіп жетектеп, онымен бірге ауылдың ішінде
жүреді және т.б.
Қазақтар атқа мінуді үйренудің бастапқы кезеңіне үлкен мән берген.
Алдымен, биікте, атта отыру әдеті қалыптасады, одан кейін бала қорықпай
атқа мініп-түсуді, ер-тоқымнан ұстай отырып, атты ересектердің көмегімен
басқаруды үйренеді және т.б. Тек, осы сияқты атқа мінудің тәсілдерін
меңгергеннен кейін ғана бала арнайы үйретілген құлынды өз бетінше баптап
күтіп, мініп үйрене бастайды.
Өз іс-әрекеттерін үйлестіре білуін, бірлестікті қимылдарды жоспарлауды
дамытумен байланысты бала ойыншылар арасында өз орнын табу қажеттігіне
келіп тіреліп, олармен өзінің денелік мүмкіндіктерін салыстыра білуге
үйренеді. Ойын іс-әрекеттерінде негізінен жүру, жүгіру, секіру, лақтыру,
сырғып жүру, өрмелеп шығу, атқа міну және дене жаттығуларының тағы да басқа
табиғи-қолданбалы түрлерінің орны басым болады. Қыздардың арасында үйшік-
үйшік, ұлдарда асық ойындары әсіресе кеңінен қолданылады [Л.В. Кузнецова,
2001, б.90].
Ойын іс-әрекетінде ерікті назар салу мен ерікті есте сақтау біршама
қарқынды дами бастайды. Ойын кезінде балалар үйреншікті тіршілік
жағдайындағыға қарағанда жақсы бағдарланып, естерінде жақсы сақтайды. Бұдан
мысал ретінде ұшты-ұшты, тез айту және т.б. ойындарды келтіруге болады
[Х.Ф. Анарқұлов, 1991]. Үйрету мен тәрбиелеу түрлері біртіндеп күрделеніп,
жылдан жылға жаңа жаттығулармен және ойындармен байытыла түседі. Ақыл-ой
және денелік қабілеттердің артуымен жаңа қимыл біліктіліктері мен
дағдыларын меңгерудің алғы шарттары түзіледі, ал бұл күнделікті тіршілікте
ауадай қажет. Бес жасқа келгенде қазақ баласы ересектер мен ата-анасының
тапсырған нақты бір шаруаларын орындай алу үшін атқа өз бетінше мініп,
ешбір ересектердің көмегінсіз өзі атты басқара білуі қажет [А. Вамбери,
1867].
Ойындар осы сегіз жастағы балалар өмірінде маңызды орынға ие болады.
Қимыл-қозғалысты ойындар мен дене жаттығуларының ойынды түрлері дене
тәрбиесінің құралы ретінде бірқатар қасиеттері болады, соның ішінде
ойыншылардың эмоциялылығын жетілдіру. Ойынға деген оң эмоция оны қайталауға
деген сұраныс туындатады, сөйтіп нәтижесінде қимыл дағдылары мен
біліктіліктері бекітіліп, жетілдіріледі.
Этнографиялық материалдар ата-анасы баланың бойында бала табиғатын
күштемей, мәжбүрлемей тәрбиелеуде деп таниды. Сол үшін балаларды ойын
ортасына баулу үшін түрлі эмоциялы тәсілдер құрастырылады, ол арнайы асық,
таяқша, жүннен жасалған доп сияқты құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Тіпті күрестен сайыстың өзі балалар арасында ойын күйінде өткізіледі.
Ересектер ойын шартын құру мақсатында түрлі амалдарды қарастырады, атап
айтқанда: арнайы алаң дайындалады. Ойыншық садақтар жасалынып, асық, ал оны
салмақты ету үшін ересектер көмегімен қорғасын құйылып, сақа дайындалады
[Л.В. Артемиев, 1990].
Ойындардың, дене жаттығуларының қыс мезгілінде табиғатта өткізілуінің
сауықтырулы маңызы бар, бұл сауықтырулы маңызды болып, балалар ағзасына
күшті шынықтырулы әсер береді. Табиғат аясында ұйымдастырылған ойындар мен
дене жаттығулары кезінде балалардың бойында тек қана мықты қимыл дағдыларын
қалыптастыру мақсатта ғана емес, осы дағдыларды қысқы және түрлі ауа-райы
жағдайларында орындауына жағымды жағдайлар жасалынады.
Қатты суық кезінде бөлмеде арнайы құралдарды қолданумен ойындар, мысалы
асық ойыны өткізіледі. Бұл ойындар кейбір жағдайларда ересектердің
көмегімен орындалады. Ересектермен бірге ойнау, олармен қарым-қатынаста
болу балалар үшін маңызды болып табылады, соның ішінде бұл тек қана
денелік емес. Мұндай жағдайларда ойын балалардың бойына үйдің жылылығын,
халықтық дәстүрлердің байлығын, рухани кеңдікті, бабалар даналығын сіңіріп,
оның рухани және өнегелі дамуына ықпал етеді [В.П. Артемиев, 1990].
Ересектердің көмегімен жүргізілетін ойындар ұйымдастырулық мәнді болып
келеді, өйткені ережелердің орындалуының біршама қатаң жүргізілуін талап
етеді. Ережелер ойын барысын, іс-әрекеттер реттілігін, ойыншылардың
арасындағы қарым-қатынасты, әрбір баланың мінез-құлқын анықтайды. Ережелер
ойын мазмұнын дене жаттығуларының орындалу тәртібін түсінуді, оларды түрлі
жағдайларда қолдана білуді талап етеді.
Ойын жағдайы мен іс-әрекеттері баланың үзбей ақыл-ой қабілетінің
жетілуін қамтамасыз етеді. Ойын барысында бала іс-әрекетті ойластырады,
оның амалдарын ойлайды. Ойын ережелері ол үшін ойлануына тірек болады.
Балалардың бойындағы тәжірибесі және шынайы өзара қарым-қатынасы үшін
ойлануының ерекше бір қасиетінің негізін құрайды да, басқа адамдардың
көзқарасына мүмкіндік бере отырып, ол оның өзіндік мінез-құлқынан асып
түседі [А.К. Атаев, 1991].
Жас ерекшелігі бойынша сатылықтың келесі деңгейі – жеті жасар балалар,
бұлай етіп бөле айта кету керек шартты түрде жүргізіледі, өйткені мұның
барлығы әрбір баланың жекелей даму деңгейіне байланысты болады.
Жеті жасар қазақ – тәжірибелі атқа мінуші болып табылады, ол ат үстінде
отырып, өз іс-әрекеттерін толығымен басқара біледі. Осы талаптар қыздарға
да қойылады. Атқа мінетін қыздардың денелік дамуы мен денелік қабілеттері
туралы айта отырып, олардың ат үстінде өздерін өте епті алып отыратындығын
атай кеткен жөн [Х. Кустанаев, 1894, б.80].
Жеті-сегіз жасар балалар бәйгеге, аламан бәйгеге қатыстырылып, спорттық
жарыстарға қатыстырылады. Олар тай-жарысқа, құнан-бәйгеге, дөнен-бәйгеге
қатыстырылды, олар біршама қысқа қашықтықтарда өткізілді [А.И. Добромыслов,
1896].
Біршама дайындалған атқа мінер балалар өздеріне берілген ұзақ және тым
ұзақ қашықтықтарда өткізілетін ат жарыстарына тән денелік және
психологиялық жүктемелерді жеңіл көтере білді [Г. Броневский, 1831,б.90].
Мұндай керемет ауыр жүктемені табиғатына және жас атқа мінерлер
ағзасының мүмкіндігіне сай деп есептелінсе, бұдан оларды үлкен жарыстар мен
спорттық шынықтырудың тиянақты ойластырылған жүйесіне қатысушыларды
дайындаудың құралдары мен әдістерінің дұрыс таңдалынып алынған нәтижесін
көруге болады. Қазақтың дене тәрбиесі халықтық педагогикасында денелік даму
мен денелік жетілудің негізінің барлық құрамдас бөлімдері қарапайым қимыл-
қозғалысты ойындардан бастап үлкен спорттық мерекелер мен жарыстарға дейін,
мықты негіздемелі түрде құрылған.
Осы кезеңде балалар өмірінің біршама уақытын ойындар алады. Ол түрі
бойынша біршама күрделі, мазмұны бойынша біршама қызықты болып келеді. Ойын
барысында балалар ең алдымен қарапайымдары, ары қарай біршама күрделі,
тіпті әскери-қолданбалы іс-әрекет элементтерін үйренеді.
Жаттығулардың басты қимылдарын табиғат аясында өткізудің тиімділігінің
мәні – олардың орындалуы үшін, жүру, жүгіру, секіру үшін кеңістік қажет.
Бұдан басқа, табиғат жағдайында балалардың қимылдары біршама табиғи және
мәжбүрсіз, өз еркімен орындалады. Қоршаған орта белсенді және шектеусіз іс-
әрекеттерге бейімдейді. Мысалы, бала кедір-бұдыр жермен еркін, адымдап
жүреді, жолында кездесетін кедергілерден қорықпай, өзгермелі кеңістікке
қуана қарап, қимылдарын түрлендіре алғандығына шаттана, олардың барысында
өзінің жастық мүмкіндігіне қарағанда біршама басым шапшаңдықты меңгереді.
Халық ішінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, көктем, жаз және күз
табиғат аясында ойындар мен жаттығуларды өткізген біршама оңтайлы болып
келеді. Бұл кезеңдерде балалар жиі орманға, далаға, тауға, өзен жағасына,
көлге серуендеуге шығады. Жүріп бара жатып, жолында кездескен кедергілерді
жеңе білуі олардан тек қана біліктілік пен дағдыларды ғана емес, ептілік
пен батылдықты талап етеді. Жолында кездескен ордан секіріп өту үшін,
өзеннен тастардың үстімен секіріп жүру үшін балалардың бойында арнайы
дене дайындығы болып, олар жақсы бағдарлануды меңгере білуі қажет.
Қазақтардың табиғат аясында өткізілетін қимыл-қозғалысты ойындары мен
дене жаттығуларының құндылығы тек қана тірішілікке қажетті қимылдарға ғана
негізделіп қоймайды, сонымен бірге қимылдар түрлі жағдайларда орындалады.
Бұл қимыл дағдыларының біршама жетілуіне, балалардың бағдарлы қимылдарын
жетілдіруге, олардың кеңістікте бағдарлануына, белсенділік пен
дербестілікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.
Бұл жаста балаларда түрлі жекпе-жек спорт түрлеріне және ұлттық спорт
түрлерінің элементтеріне деген қызығушылық біршама артады. Ұлттық спорт
түрлері және ойындар өзінің орындалуының күрделі және нақты техникасымен
ерекшеленеді, оларда сайысқа қатысушылардың жоғары денелік мүмкіндіктері
айқындалады. Балалардың мұндай сайыстарға және ойындарға деген
қызығушылықтары ұлттық спорт түрлерінің элементтерімен
қанағаттандырылады.
Садақ атуға үйретуге көп көңіл бөлінеді. Ол үшін арнайы балаларға
арналған садақтар жасалынады. Ересектердің бақылауымен нысанаға алулы садақ
атудан ойындар-сайыстар өткізіледі. Балалардың садақ атуы арқасында балалар
құстар мен аңдарға аңшылыққа шығады [Р. Карутц, 1910]. Нақты аңшылық
біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру үшін, мергеншілік пен батыл аңшылықты
үйрену мақсатымен олар салиқалы аңшылыққа үйретіледі [207].
Ойындар мен дене жаттығулары денелік және психикалық дамудың орны
ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Осыған байланысты, қазақ балалары он
жасқа келгенде оқыту мақсатында жүргізілетін шабуылдарға қатыстырылады [М.
Иордан, 1980].
Он үш-он төрт жастағы жасөспірімдердің ойындары өздерінен кішілердің
ойындарына қарағанда біршама ерекшеленеді. Бұл жаста ойындар саны бойынша
біршама қысқартылғанмен, мазмұны және өткізілетін уақыты бойынша біршама
ұзартылады. Бұл өзгерістер жастық ерекшеліктермен байланысты. Осы жас
кезеңінен өту кезеңінде жыныстық айырмашылық, біршама айқындалады,
сондықтан бұл кезеңге ертеде қатаң қараған. Қыздар бұл кезеңде өз
құрбыларының ортасында көбірек болып, олардың ойындарында рухани-өнегелі
дамуға бағытталған элементтердің маңыздылығы басымдық етеді [Х. Кустанаев,
1894, б.90].
Жасөспірімдердің ойын қызметінде алдыңғы жас кезеңіне тән көптеген
элементтер сақталынып қалады, дегенмен өзгерістер басым келеді.
Жасөспірімдер ұжымда ойнай білу тәжірибесін меңгеріп, олардың арасында
ұжымдық ойындар көбейе бастайды. Денелік мүмкіндіктердің және денелік
қабілеттердің өсуіне орай қысқа уақытта күшті ширығуды талап ететін, жаяу-
көкпар, жаяу-аударыспақ, бұқа – тартыс ойындары кеңінен қолданылады.
Көріп отырғанымыздай, спорттық бағытты бұл топтың құрылымы нақтылығымен
және айқын кейпімен ерекшеленеді. Бұл ойындарда командалар құрамы
ойыншылардың санымен шектеліп, олардың міндеттері қатаң түрде өзара бөлініп
беріледі. Халықтық спорт түрлерінің элементтері басым ойындардың қатаң
түрде бағытты ережелері болады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz