Қазақ халқының этнографиялық ескерткіштерінің мәдени-тарихи мұра ретіндегі маңызы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 39. 502. 77

Қазақ халқы этнографиялық ескерткіштерінің мұралық маңызы

М. С. Қосанбаева

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.

Қазақ халқы- өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің мұрагері және сол дәстүрді жалғастырып дамытушы ел. Ол өзінің рухани және материалдық мәдениеті болып табылатын өміршең асыл мұраларын дүниеге келтіріп, жоғалтпай жаңғыртып ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Оған әр кезеңде жан - жақтан келген рулар мен ұлыстардың, сондай-ақ Сібір және Орта Азия халықтары мәдениетінің де ықпалы болды. Өзіндік мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан түрлілігін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып, толысып отырған.

Қазіргі кезеңде елімізің ертеден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық мәдениет пен өнеріміздің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш - керуеніне ілестіріп отыру өскелең өмір талабы болып отыр. Халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын, ата - бабалардың қалдырып кеткен қол таңбасы - ескерткіш мұраларымызды өнеге тұтпай, жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Ескерткіштер - қоғам үшін маңызды тарихи дерек. Ол өмірдің құндылыққа айналған бір бөлігі. Олардың ішіндегі заманына сай мәдениет деңгейін көрсететін этнографиялық ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері бар. Кең өріс алған материалдық мәдени мұралардың алғашқы белгілері ағаш ұқсату, сүйек ұқсату, көркем құйма секілді халық шығармашылығынан бой көрсетті. Халық шеберлері жасаған тұрмысқа пайдаланатын бұйымдарды әшекейленген алуан түрлі ою беделер, сондай - ақ ұлттық өнердің нақыштары, көз тартар сәнділігімен, түс пен түрдің үйлесім табуы әрі үздік орындау шеберлігімен ерекше көзге түседі. [1, 597 б. ]

Ұлтымыз өзінің тұрмыс - тіршілігін, қоршаған дүниені, ерекше әсемдікті, өздерінің табиғатпен біте қайнасқан заманнан келе жатқан қарым - қатынасын бөлінбес бірлігін қол өнерінде көрсете білген. Қолөнер - барлық ұлттарда ескіден келе жатқан өнер. Дегенмен, қазақ қолөнерінің ерекшелігі оның өзіндік өрнегінде. Бұл өрнектер ежелгі сақтардың өнерінде молынан кездеседі. Олар бұйым - мүліктеріне аң - құстың, малдың суреттерін өрнектеп салған. Сақтардан кейін үйсін, қаңлы тайпаларының өнерінде де өрнек элементтері кптеп ұшырасады. Түрік қағанаты, қарлұқтар дәуірінде ер - тұрманды, басқа да бұйымдарды әшекейлеуде, киім - кешекте өрнек өнері жақсы дамыды. Ол мазарлық ескерткіштерде жиі пайдаланылды. Өкінішке орай, ұзаққа созылған жоңғар шапқыншылығы кезінде қол өнердің көптеген мұралары жойылып кеткен.

Қазақтардың ата - бабалары негізінен мал өсірушілер болды. Осы шаруашылықтың қыр - сырын жете меңгерген еңбекшілде, епті халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға кеңінен пайдаланды. Оның сүйегін де, мүйізін де, жүнінде, терісін де қолдана білді. Жылқы сүйегін өңдеп, қобди сандықтар бетін өрнектеді. Қой жүнінен киіз, текемет басып, кілем, сырт киім тоқыды, түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі, қымбат киім деп бағаланды. Жылқы терісінен аса бағалы «жақы » деп аталатын тон тігіп, оны «құлын жақы», «тай жақы», «құнан жақы » деп атады. Сиыр мүйізінен тарақ жасап, терісін илеп сәнді ер - тоқым барлық ат - әбзелдерін оюлап, өрнектеп, қамшы өріп кісе, белбеу жасап, сәнді етік, кебіс тікті. Қой терісінен тон, жарғақ шалбар тігіп, ең соғы теріні тулақ етіп төсеніш етті, диіірменге де пайдаланып, оны «диірмен тері» деп атады. [2, 69 б. ] . Сонымен бірге аса шебер ағаш ұсталары екендігін де бабалар қолтаңбасынан білеміз. Олардың бөренеден салынған тұрақтарының көлемі мен сипаты хақында бертінде табылған көлемі 4, 5 х 6, 5м киіз кілем хабардар етеді. [3, 9 б. ] .

Қол кәсібінің ел қажетін өтейтін тамаша үлгілері өте көп. Солардың танылмай жатқан түрлері баршылық, осндай этнографиялық өнер мұралары әлі де болса анықтауды, саралауды қажет етеді. Халық арасында үй жиһаздарын жасаудың алуан тәсілдері бар, ал олардың кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнән жоғалтқан жоқ. . [4, 94 б. ] .

Қазақтардың темір ұсталығы, тұрғындарды шаруашылық және тұрмыстық бағытта қамтамасыз етіп отырды. [5, 741 б. ] . Қолөнерінің әсемдігін айғақтауда кәсіпқой шеберлер мен ісмерлердің еңбегі ерекше екендігі белгілі. Олардың халық шығармашылығы болып есептелетін қазақ өнерін байытқан қайталанбас бұйымдық заттары бүгінгі күнге дейін жетті. Зергерлік бұйымдар, қалыңдықтың бас киімдері, ерлердің белдігі, ағаштан жасалған заттар және т. б. еліміздегі және Ресейдің, атап айтқанда Мәскеудің, Санк - Петербург, Омбы музейлерінде сақтаулы. [6, 217 б. ] .

Қазақ халқына қатысты этнографиялық мұралар шет елдің зерттеушілердің қорын іздестіру үлкен ізденісті қажет етеді. Қазақстан тарихы бойынша дерек көздерінің бірі швейцар саяхатшысы Анри Мозердің қоры. 1880 жылдары ол Орта Азия мен Қазақстанға бірнеше сапар шеккен. Осы сапарларының қорытындылары бойынша ол өзінің мемуарларын басып шығарды. Берн тарихи мұражайында сақтаулы тұрған бұл қордың Қазақстан тарихы үшін маңызы зор.

Өзінің бірінші саяхатында А. Мозер қазақ даласын Орынбор - Орск - Қазалы - Ташкент бағыты бойынша өткен. Ол генерал Черняев, Ресей империясын Бұхар әмірінің жанындағы елшісі Витгенштейн ханзада мен Санк - Петербургтагы Франция елшілігінің әскери атташесі, полковник борон де Серменің жол серіктерімен сапар шеккен. Сапар барысында ол жан жағын бақылап, жергілікті билеушілермен кездесті, қазақтардың экономикалық, мәдени өмірінің сипаттамаларын қалдырды: табиғат, ұй, киім - кешек суреттері; сол кездің көрнекті адамдары мен кездесулері жйлы естеліктер, халықтың бай салт - дәстүрлері, әдет - ғұрыптары туралы қызықты әңгімелер.

Бұл сапардан А. Мозер Бұхара, Хиуа, Ашхабат, Тигеран, Кавказ, Қара теңіз арқылы 1883 жылы Стамбулға оралды. Ол өзімен көптеген материалдар алып келді: қару- жарақ, ат - әбзелдері, киім - кешек, зергерлік бұйымдар . 1888 жылы ол әйелімен бірге Орталық Азияға қайта келді мұнда өткізген бір жылдың ішінде ол өзінің жинағын кеңейте түсті. Сонымен бірге ол Түркістанда да болған, ол туралы біз «Түркістан» атты қазақ ақсүйектері фото суреттерінің құнды альбомдарынан біеміз. А. Мозер қорында шығыс, батыс еуропалық тілдерде жазылған көптеген қол жазба папкалары мен құжаттары бар. Фотосурет, қазақтардың қолөнер үлгілері түріндегі материалдарды ерекше атап өту керек. Қазіргі таңда біздің Шығыстану институты мен Берн университеті арасында А. Мозер қорын бірлесіп зерттеуге келісім жасалған. [7, 67 б. ] .

ХVІ - ХVІІ ғасырларда қазақ хандары қол өнерге үлкен мән берген. Олар өздерінің сән - салтанатын, байлық - мұрасын қол өнер туындыларымен көрсете білген. Тіпті кейбір хан ордалары арнайы зергерлер, тігіншілер, шеберлер ұстаған. Хан сарайының дәстүрлі салтын қазақ ақсүйектерінің кейінгі буындары аға сұлтан, би - болыстар сақтап келген. Аға сұлтандар Арынғазы Жанхожин, Шыңғыс Уалиханов, Құнанбай Өскенбайұлы, Ибрагим Әділовтердің қол өнер қамқоршысы болғаны тарихтан белгілі. Қазақ ұлтының тұрмыс - тіршілігін зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектерінен қол өнер тарихы туралы аса құнды деректер кездестіруге болады. Бұйымдарды ел арасынан жинап, кеңінен насихаттауда Г. Н Потаниннің еңбегі ерекше болды. Кейінгі уақытта жергілікті ғалымдар Ә. Марғұлан, Э. Масанов, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібековтің ғылыми жұмыстары этнографиялық тарихи мұралар тарихын топшылауға елеулі үлес қосқаны мәлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің тарихи-мәдени маңызы және қазақ әдебиетінің көне дәуірі
Қазақ халқының дәстүрлі шаш қою мәдениеті: тарихи-этнографиялық зерттеу
Ата-баба дәстүрінің ұлттық тәрбие мен мәдени мұра ретіндегі маңызы
Қазақ халқының отбасы тұрмысындағы діни дәстүрлер: тарихи-этнографиялық зерттеу
Уалихановтар мекені Сырымбет: тарихи-этнографиялық мұражай және оның мәдени-тарихи маңызы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, нәтижелері және тарихи-мәдени мұраны қорғаудың маңызы
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени-материалдық мұрасы: этнографиялық шолу
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәдени мұра
М. Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық құндылықтары
Мәдени-тарихи мұра мен мемлекеттік рәміздердің патриотизмді қалыптастырудағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz