Қазақ халқында балалардың алатын орны және бала тәрбиесі мен балаларға қатысын әдет- ғұрып,салт –дәстүрлер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І - тарау.

Қазақ халқында балалардың алатын орны және бала тәрбиесі мен балаларға қатысын әдет- ғұрып, салт -дәстүрлер

  1. Бала тәрбиесі және бала тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі.
  2. Қаақ халқында баламен байланысты әдет ғұрыптар.
  3. Ағайын жұрт
  4. Қазақ балалары мен жастарының ежелгі және қазіргі ойындары мен

әр түрлі түстер жайлы.

ІІ- тарау

Балалар бейнесінің көркем образын кескіндеме арқылы жасау идеясы,

композиция және колориді мен орындалу техникасы .

2. 1. Балалар бейнесін жасауда композиция таңдаудың рөлі.

2. 2. Балалар бейнесін салуд жалпы балаларға және адам бейнесіне қатысты кескіндеме шығармасының идеялық мазмұны, ұйымдасытру әдістемесі .

2. 2. Бала тәрбиесіне қатысты әңгіме сабақ және сыныптан тыс тәжірибелік іс- шаралар.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Иллюстрациялар.

Кіріспе

Алдымен «Балалы үй базар » атты тақырыптағы сүретініміз жайлы әңгімелес бұрын балалардың отбасында және адам өмірінде алатын орны жайлы әңгімелеген жөн болар.

«Балалы үй базар, баласыз үй мазар » демекші ұрпағын жалғастырушы перзенттің салихалы да салауатты болып өсіп, жақсылық - қызығын көру әрбір ата- ананың арманы екені бесенеден мәлім.

Ұл-қыз ата- ана үмітін ақтап жатса игі. Жалғанда жаратқаннан жалбарынып жүріп, тілеп алған баласы он бес жиырма жылдан соң адам баласыныңғ ойына келмейтін істерді жасап. Ата- анасының мазасын алса ше ? Әрине өкінішті - ақ.

Бала әке- шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл- қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды.

Ойнаса ойынға тоймайтын, тәтті десе есі шығатын, қуанса жарты әлемді шаттықа толтыратын, еркелігі таусылмайтын, тілі мен қылығы балдай, қайғы мұңды білмейтін сәл нәрсеге мұз болып нәрседен қылтия қалатын қайран балалыққа не жетсін ! Қайбір ересек кісі болсын, балалығын есіне түсіргенде жібімей, жыламай тұра алған ба ? Әйтеуір жыл өткен сайын, алыстаған сайын бұрынғысынан да тәтті қызық көріне беретіні несі? Мүмкін қайта оралмастығынан ба ? Бәлкім қылаудай құлық сұмдығы жоқ, періште пәк тазалығынан ба ? Тазалық адалдық кімге ароман болмаған ? Әттең есейе келе, осы жолдан, құдай берген осы болмыс - бітіммен, осы адалдықтан ажырай беретініміз ауыр да . Қайтесің, өмір, тағдыр заңы . Ұлылар даналар көбіне - көп осындай адал да аңғырт, бейкүнә да ақжүрек тиазалығын, ендеше, балалықтың жақсы қасиеттерін бойымызға сақтай білейікші .

«Балалы үй базар » атты суретімнен апасының гүлі мен әкесінің құлынын, шешесінің қозысы мен көкесінің «тентегін » әкесінің сәні мен ағасының жанын, ата әжесінің көзінің ағы мен қарасын, нағашысының айқан сойқан еркетай жиенін көріп, жылы жымиясың !

Жалпы бұл суретімді мен бейнелеу өнерінің заңдылықтарына сүйене отырып салдым.

Мен суретімді барынша қызықты етіп салуға тырыстым. Мен бұл суретімде қазахи отбасындағы балалар бейнесін көрсетуді мақсат тұттым. Бұл суретте қызығы мен шыжығы мол қарапайым, балалардың базарындай болған бір отбасы. Сәбиін құштарлана тербеткен ана, ботақан қолын алған әке бейнесі мен олардың кішкентайлары.

Бұл суретімде мен бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен басқада техникаларын қолданып салдым. Суреттегі басым түс яғни колориді қоңыр.

Осы сурет арқылы балаларға адам бейнесін бейнелеу мен заңдылықтарын түсіндіруге болады, яғни көрнекілік құрал ретінде. Көркемдік білім, тәрбие, этикалық және эстетикалық тәрбие беруге болады.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, "Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, "Қасымның қасқа жолы" (1511-1518), "Есімнің ескі жолы" (1598-1628), Әз Тәукенің "Жеті Жарғысы" (1680-1718) сияқты көрнекті заңдардың өзі қағазға түспеген. Бұл - заңдық құжаттар.

Ата - заңды аттаған азғындарды "етігін кесіп, елден қу" деген қағидамен аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Бала тәрбиелей отырып, артына із, өшпес мұра қалдырған.

Қазақстанда 17 жасқа толған бозбала мен бойжеткен ресми түрде кәмелетке толған ересек адамдар қатарына қосылады. "Бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы (ҚР Конституқиясы 27 бап) . Қазақ халқы бірінші туған баланы тұңғышым, одан кейінгілерін "ортаншы", ең соңғы туған перзентін "кенже" деп атайды. Бұрынғы дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. Оның үйі қара шаңырақ деп аталады. Балалар ата-аналарын асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс.

Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта-жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жарылардай қуанған (аңсаған перзентін көргенде, қуанышта жүрегі жарылып, өліп кеткен шеше де, әке де, ата мен әже де болған), содан кейін "Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін" деп, әлпештеп өсірген. Перзент ауырып, не басқа бір қатер төнгенде, "Өзімді алып, баламды аман қалдыр!" -деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. "Бала - ата-ананың бауыр еті", "Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар", - деген сияқты толып жатқан мақалдарда да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па ?!

Ата-анаға көз қуаныш -

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой өлкесі, -

деп, ұлы Абай баланың ата-ана қуанышы, гүлденген үміт - арман екенін тебірене жырлайды. Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тербірене айтпағаны, жазбағаны аз деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер қанашама!

Осындайда тағы да дана Абайдың сөзі ойға оралады: "Адам ата анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады" - деген.

Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы - мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.

Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі, әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата-анасының қас-қабағына қарап, қал жағдайларын айтқызбай аңғарады және олардың жеп-ішу, киім-кешек, ұйқы-демалысын қадағалап, әр нәрседен көңілдерін тауып, мерейлерін өсіреді.

Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеп аялауға - міндетті, сәби шағында өзін қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды солай алақанға салып мәпелеуге борышты.

Әдепті де адал ұл-қыз ата-аналарына көзі тірісінде қызмет көрсетулерімен қатар, дүниеден қайтқаннан кейін де оларды жиі-жиі еске алып, олардың өсиет - аманатын қалтқысыз орындап, қалып қойған қарыздарын өтеп, замандас-достарына құрмет көрсетіп, зиратына барып тұрады. Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу - зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдық пен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қарсылық қарсылықты туғызады деген физиканың заңы бар ғой. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке - шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені - ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.

Сосын "ақырзаман тастүйнегі, тіл «алмайтын безбүйрек" деп бар кінәны жастарға үйіп-төгеміз. Қазіргі уақытта баланың сана-сезімін улайтын түрлі ұрыс-керіс, атыс-шатыс және алдау-арбау мен оп-оңай тонай салу секілді бейне көріністер мен автомат ойындары және т. б сол сияқты алдамшы батыстық желөкпе желігіне бой алдырғанымыз жасырын емес.

Бұлардың қай-қайсысы болмасын бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Осының кесірінен ойнап жүріп от басқан еліктегіш балалар қаншама. Бірақ осылардың барлығының алдын алатын көпшілігіміз аса көңіл бөлмейтін бір қарапайым ғана ақиқат бар. Ендеше әттегенімізді бір ғибратты оқиғамен өрбітсек.

Ыстамбұл шаһарында Сүлеймен мен Шахзадабасы мешіттері арасында Уафа Хазретінің қабірі бар. Өз заманында аты баршаға мәшһүр болған Бұл кісі бай мен кедейге бірдей мейірбан да әділ болған. Күндердің бір күні бір сүт сатушы әйел Уафа Хазіретінің құзырына келіп, тізе бүгіп отырды. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап болғанын байқаған Хазірет сатушыдан:

- Балам, бір бұйымтаймен келдің бе?- деп сұрады.

- Тақсыр, сізге қалай айтарымды да білмей отырмын, -деп бастады сатушы.

- Қысылмай, айта бер, - деді Уафа Хазіреті.

- Мен сүт сатып күнелтіп жүрген адаммын. Сіздің ұлыңыз менің сүт тасып жүрген шелегімді тесіп тастады. Бүгін міне, алтыншы шелегімді бізбен тағы да тесті. Өзіңіз көріп отырғандай мен бір кембағал жанмын. Енді не істерімді білмей отырмын, - деді сатушы.

- Әзірге мына ақшаға бір шелек ала тұр. Мен істің себебін анықтайын, - деп сатушыға азын-аулақ ақша ұстатты.

Сатушы одан сайын қысылып, басын көтермеген күйде алғысын айтып үйден шығып кетті. Уафа Хазіреті үйіне жеткенше: "Балам неге мұндай бұзақы іске барды екен? Оған не себеп болды?"- деп ойланумен болды. Үйіне келісімен әйелін шақырып: "Ақылдасатын шаруа бар. Біздің баламыз бір бейтаныс сүт сатушының шелегін тесіп, бұзақылық жасапты. Бұған не себеп болды екен?"- деді. Әйелі: "Үйге азық-түлік сіз алып келесіз. Егер арам нәпақаның кесірінен болса, оған сіз кінәлісіз, - деді.

Ол кісі байсалдылықпен әйеліне: "Мен көп ойландым, бірақ қандай қателік жасағанымды білмедім. Сен де жақсылап есіңе түсірші. Бұл қателік сенен яки менен болуы мүмкін", -деді. Әйелі сыртқа шығып кетіп, көп ұзамай қайта кіріп:

- Отағасы, менің есіме түсті, - деді басып төмен салып. Мен осы балама аяғым ауыр кезімде көрші әйел тамаққа шақырған болатын. Сол үйде қонақта отырып, дастархан үстіндегі апельсинге көзім түсіп, көңілім қалап, жегім келді. Сол жерде үлкен әжелердің: "Аяғы ауыр келіншек жерік болған нәрсесінен ауыз тимесе, баласы әлжуаз болып туылады", - деген сөзі есіме түскені.

Жеріктік лергі және оған қоса үлкендердің сөзінен соң баламның бір ағзасы кем болып қалама деп те қорықтым. Бірақ, үй иесінен сұрауға ұялып, батада алмадым. Сосын одан бір шыны су алып келуін сұрадым. Осы сәтті пайдаланып, жағамда түйреулі тұрған түйрегішпен әлгі апельсинді тесіп, сорып іштім, -деп сөзің бітірді.

- Міне, міне бар бәле, бар кілтипанның көкесі де осында ғой. Енді сенің қателік жасағаның белгілі болды. Сен тез арада сол көршіден барып, кешірім сұра, -деді Уафа Хазіреті.

- Қойыңызшы, арада қанша уақыт өткенде сол болмашы нәрсеге бола ма? Қалай сұраймын, - деп жұбайы наразылық білдірді.

- Жоқ ол көрші әйелден міндетті түрде кешірім сұрауың керек. Аллаһ алдында біреудің ақысының үлкен-кішісі болмайды. Сен не болып жатқанын білесің бе? Біздің ұлымыз қазір небәрі алты жаста. Осы оқиғадан кейін 5-6 жыл өтпей жатып сенің қолыңдағы түйрегіш бізге, ал апельсин шелекке айналды. Сенің жасаған қателігің баламызды бұзық іске жетелеуде, - деп әйеліне мән-жайды ұқтырды.

Ақыл иесі үшін бұл қысқаша ғана хикаяда қандай кең мағына, мол ғибрат бар десеңші. Неліктен ұл-қыздарымыз мұндай теріс қылықты болып барады деген сауал тілге тиек, сезімге тірек болып баршамыздың көкейімізде шырақтай алаулап тұрғанымен оның себеп-салдарын іздейміз бе?! Шынтуайтында, хикая кейіпкері тақуа, діндар Уафа Хазіреті тәрізді әрбір ата-ана бала тәрбиесіндегі кемшілікті өз бойынан іздеп, жіберген ағаттығын түсігіе білсе нұр үстіне нұр.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" деп бабалар перзент тәрбиелеуде әке-шеше маңызды рөл атқаратынын дөп басып айтқан. Демек бала тәрбиесі ана құрсағынан бастау алып, ананың ақ сүтімен дарып, әкенің үлгі-өнегесімен жол таппақ. Әбу Һурайрадан (р. а. ) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с. ғ. с) : "Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ" (Имам Бұхари мен имам Мүслим), -деген.

Бала тәрбиесі маңызды және күрделі мәселе. Сол себепті әуелі ата-ана өзінің тапқан табысына, жеп-ішкен тағамына тағы басқа іс-әрекеттеріне аса мұқият болуы қажет. Бұл баланың биязы, көркем-мінезді және ең бастысы иманды ұл, ибалы қыз болып өсуіне қосар үлесі айрықша.

Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.

Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.

Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит дәуіріндегі еңбектін жер өңдеу мен қол еңбегі - өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті, Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды. Бұл әсіресе қыш өңдеу өнерінде көрініс тапты. Осыған байланысты оқыту әдістері де пайда бола бастады. Қолөнер шеберлері өзінің шәкірттерінің еңбегіне бейжай қарай алмады. Ол үшін керегі шәкірт, ұстаз өнерін үйреніп, оны жалғастырғаны, көмекшілікке жарағаны болды. Ұстаз шәкіртіне қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын, өрнектермен безекдіруді бірнеше рет қайталап көрсетуіне тура келді. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде оқытудың әдіс-тәсілдері шыға бастады. Бірақ, оұл кезде қалыптаскан оқыту принқиптері болған жоқ. Нағыз өнерге оқыту, мектептерді ұйымдастыру тек қана қивилизақия дәуірінде пайда болды.

Қазақстандағы бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесінін дамуы 20 ғасырдың 60 жылдарында педагогикалық институттардан «бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындаумен тығыз байланысты. 1964 жылы абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында, республикада алғаш рет «бейнелеу өнері мен сызу» пәнінің мұғалімдерін дайындау қолға алынды. Бұл 1969 жылға дейін еліміздегі бейнелеу өнері мен сызу мұғалімдер дайындайтын жалғыз жоғарғы оқу орны болды. Кейіннен де бұл оқу ордасы көшбасшы қызметін көрсетіп, көлемді әдістемелік іс шараларды атқарумен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дамуына ерекше үлес қосты.

  1. Бала тәрбиесі және бала тәрбиесіндегі отбасының атқаратын

рөлі.

Отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Адамның жеке басының алғашқы қальптгасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондыктан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

• бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

• өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

• отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;

• отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

• отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

• отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

• отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

• отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса кажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?

Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы - шағын мемлекет,

Мен - президент, сен - премьер,

дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың теориялық әдіснамалық негіздері
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақ салт - дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz