АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 5

1. 1 Халық ауыз әдебиетінің түрлері . . . 5

1. 2 Ертегілер және оның маңызы . . . 8

2 АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТНІҢ МАҢЫЗЫ . . . 15

2. 1. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні . . . 15

2. 2. Бала тілін дамытудағы ертегілердің атқаратын ролі . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33

Сілтемелер . . . 34

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындандырып, құлағына құйып өсіру керек. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше.

Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Олар ертегілер оқып, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстыра отырып әңгімелеуге үйретіп, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге баулиды.

Қиял - ғажайып дүниесінен туған сан қилы оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - мақал-мәтелдер, ой қозғайтын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар балалар бақшасында кең қолданылатын дүниелер болып саналады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой - өрісін дамытып, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуда ертегінің рөлі зор. Ертегі - қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Одан бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Ертегі айтушының шынайы шеберлігі оның әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізуі арқылы көрінеді.

Сонымен қатар балабақша балаларын тәрбиелеуде кеңінен қолданылатын халық ауыз әдебиетінің бір саласы мақал-мәтелдер болып саналады. Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне мынадай адамдық қасиеттер өзек болған: қайырымдылық, кішіпейілділік, адамжандылық, жақсылық, ізгілік. Бұған мысал ретінде «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет», «Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі - көп кешікпей келгені», «Жақсы болсаң - жақын көп», «Ұлық болсаң - кішік бол» т. б. мақал-мәтелдерін атап кетуге болады.

Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» т. б. мақал-мәтелдердің құндылығы орасан зор.

Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр - жаңылтпаш. Сәбидің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмаса, кейде қинала айтады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бала қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтқызып, жаңылмай жаттықтыру керек. Сонда сөйлегенде де мүдірмей, анық, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.

Тәрбиешінің міндеті - жаңылпаштарды балаларды тәрбиелеуде олардың жас ерекшеліктеріне сай, сауат ашу сабақтарының мазмұнына лайықты етіп, тіл дамыту құралы ретінде дұрыс қолдана білу. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбиеші қазақ халқы мен өзге халықтардың көркем сөзді қандай жаңылтпаштары бар екенін жақсы білуі қажет, бала жанын баурап алатын, тіл дамытудың қисынды қиюластырылған көркем жаңылтпаштардың әр түрін сараптап, талдай алатындай болуы шарт.

Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол - жұмбақ. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға әсер етеді, баланың ойлау қабілетін дамытады.

Ауыз әдебиеті үлгілерінің тағы бір саласы - аңыз әңгімелер. Аңыз негізінде әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мысалы, қазақ аңыздарында Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т. б. кейіпкерлердің ұлағатты істері баяндалады. Аңыз әңгімелер балаларды батырлыққа, елжандылыққа тәрбиелейді. Ондағы кейіпкерлерді өздеріне үлгі тұта отырып, балалардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдері оянады.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
  • ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
  • оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
  • балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеу жұмысының әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, әдістемелік еңбектерді сұрыптап талдау

Зерттеу жұмысының дерек көздері: оқулықтар, журналдар, ұлы педагог ғалымдардың ғылыми еңбектері.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, сілтемелерден тұрады.

1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Халық ауыз әдебиетінің түрлері

Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс- : салт жырлары, айтыс өлендері т. б

Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде туып, бірден калыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В. Г. Белинский жоғарыда аталған еңбегінде және «Әдебиеттің түрлері» дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба өдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: « . . . Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді . . . Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді». [1]

Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың "рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың үлғайып өскен кезінде болады; әкономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады дейді.

Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т. б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр» т. б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.

Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.

Мұнымен қатар ауыз әдебиетіңде вариаиттардың көп болуын шығарманың ауызша шығарылып, халыққа ауызша айту арқылы тарауына байланысты деп білеміз. Мәселен, ертекші өзінің ертегін (немесе жыршы өзінің жырын) көпшіліктің жиналған жерінде айтады. Сол арада тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағы ертегінің (немесе жырдың) мазмұнын, оқиғасын үгып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің кей жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосып үлғайтады. Сөйтіп, ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туынды түрі, варианты шығады.

Ал жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір жазушы (не ақын) шығармасын өз атынан жариялайды, оны екінші бір автор иемденіп кетпейді. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жүртқа белгілі болып отырады. [2]

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. Ол: ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдердің тұрақталған үқсастық пен ұйқастардың жиі кездесетіндігінен көрінеді. Мысалы, ертегілердің көпшілігі:

Ертек, ертек ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні үзын екен, -

деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне үқсас келгенімен, одан кейін әңгімелейтін окиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады. Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай қалыптасқан дағдыға айналған сөз тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай бастап, өзіңше аяқтайды.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз. (Мұны, яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм -деп атайды. ) Мәселен, жыршьі ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (кұй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.

Міне, осы арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындык өнер, ән (күй) әуені, көпшіліктің алдында (сахнада) жыр айтып отырған жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты жағдай жазба әдебиетте кездеспейді. Ол тек ауыз әдебиетіне, ғана тән ерекшелік деп қараймыз.

Халық ауыз әдебиетінің мектепке дейінгі жаста балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

Денсаулық

Еңбек пен мамандық

Өнер

Имандылық пен адамгершілік

Патриоттық

Эстетикалық

Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Педагог міндеті:

Халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту.

Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.

Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Ауыз әдебиетінің түрлері:

Ертегілер

Жұмбақтар

Жаңылтпаштар

Аңыз-әңгімелер

Мақал-мәтелдер

Тыйым сөздер

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз . . .

Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. М. Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. [3] Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. [4]

1. 2 Ертегілер және оның маңызы

Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сапа қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.

Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, с. оның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.

Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В. Е. Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақьш. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т. б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер мектепке дейінгі жаста балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. [5]

Мектепке дейінгі жаста ертегілер арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға, адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды жастайынан бала бойына сіңдіруге қол жеткізуге болады.

Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А. Н. Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.

Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесік жырлары – эстетикалық мәдениет қалыптастырудың алғашқы сатысы
Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата - ананың рөлі
Қазақ ертегілері сан алуан
Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Дидактикалық ойынның балалардың оқу-танымдық әрекетін дамытудағы ерекшеліктері
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
Эпикалық жанр туралы түсінік
Отбасында баланың мерейі әке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz