ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Мектепке дейінгі жаста қазақ халық ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлерінің ролі мен маңызы . . . 5

1. 2 Мектепке дейінгі жаста балаларды тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрлерін іріктеу және жинақтау . . . 7

1. 3 Мектепке дейінгі жаста қазақ халық ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлерінің элементтерін пайдалану жолдары . . . 12

2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.

2. 1 Салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің жайы . . . 14

2. 2 Мектепке дейінгі жаста оқушыларының тәрбиесіндегі қазақ халық ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлерін пайдалану әдістері . . . 18

2. 3 Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ана тілі сабақтарында қолдану . . . 21

2. 4 Қазақ халық ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлерінің элементтерін ойын түрінде қалыптастыру . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

Кіріспе

Қазақ халық ауыз әдебиетінің саласы мол мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету-борышымыз. Ол үшін не істеуіміз керек?

Ең әуелі ата-аналар мен жанұя ересектері мектеппен тығыз байланыс жасай отырып, үй ішінде халықтың педагогиканы дамытып, баланың өзіне батырлар жырын оқып, пікірлесіп, аңыз әңгімелерден үзінділер, айтқызып, жаңылтпаштар айтысып, ой өрісін кеңейтіп, тілін ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты көп айта алғанға ұпай жинатып, не сыйлық ұсынып санамақтар айтып, оны шешеуден мүдірмеген баланы мадақтап, мақал-мәтел жаттаудан озған балаға құрмет көрсетіп, шешендік сөздеді жаттатып, ұлттық дәстүрлерді талап ете білу керек. Халықтық ойындарды, әсіресе қуыршақ ойынын театрландырып, үй ішіне ата-ана ұйымдастыра білсе, үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. Әулет дәстүрлерін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап, игілікті істерді ұйымдастырушылар да ата-аналар мен мектеп елге белгілі болып тұрған жанұялық ансамбльдер әлеуметтік дәстүрлер мен мұралардың үлгілері болып табылады. Үй ішінде “Туған күн”, ”Ана біздің күніміз”, ”Әке қорғанымыз”, ”Тазалық күні”, ”Меймандоспыз - бәріміз” тағы басқа тақырыптарға жанұялық, той думан, қонақ күту дәстүрлерін өткізуге де ата-ана тәлімдік басшылық жасап, өсиет айтып, өнеге көрсетуге тиіс.

Қазақ халық ауыз әдебиетін пайдалану ісі одан әрі дамытылып балалар бақшасында ”Ертегілер әлемінде” бөлмесімен қатар, ұлттық-фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тіл ширату, дәрістері ұйымдастырылады. Бәрінде де ертегілер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегілерден үзілді алынып, қызықты қойылымдарды, даярлап кезінде, өремдер кейіпкерлердің бет бейнесін, тірлік-тіршілігін орнын байқап, сол бейнесін айнытпай көрсетуге тырысады.

Балалар бақшасында ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым, негіздерін өрендеуге өнеге ретінде үйретіп жаттықтырып, оны іс-жүзінде олардан талап ету керек.

Мектеп қазақ халық ауыз әдебиетінің оқу-тәрбие ісіне жан-жақты пайдалану үшін, ол іс-әрекетті кеңінен жосарлап, істеп игілікті болуына әсерін мол тигізетін ата-аналармен, балалар бақшасымен тығыз, байланыс жасап отыру керек. Мектепте өтілетін ”Жанұя этикасы мен психологиясы” деген пән күрделеніп, ”Халықтың этика” деген атпен өткізіліп, оның програмасына тек жанұялық этика ғана емес, бүкіл халықтық этика мен эстетика, салт пен дәстүрлер, рәсімдер қазақ халық ауыз әдебиеті негіздері ену керек: үлкенді сыйлау, астың алдын үлкенге ұсыну дағдысы, үлкенге сәлем беру рәсімі, тіпті той өткізу, құда-жекжат сыйлау дәстүріне дейін ұлттық тәлім, сол халықтық этика пәнінде оқу тәрбиелік өзек болуы қажет.

Көпшілік алдында өтетін ”Қыз сыны”, ”Жігіт намысы” сияқты дәстүрлік жарыстар өзегін әуелі мектептен бастайды. ”Сабантой”, ”Алғашқы қоңырау”, ”Алтын күз” ”Соңғы қоңырау” сияқты мерекелік кештер күнен, тағы басқа күндерді өткізу кезінде ұлттық дәстүрлер мен салттарды, этика (әдеп) мен рәсім дер кеңінен пайдаланып, оның тәрбиелік мән-мағнасын ұрпақтарға пайдалану тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушылардың жан аямас жауапкершілігіне байланысты.

Сөйтіп, қазақ халық ауыз әдебиеті жанұяда, балалар бақшасында, мектепте, жоғары оқу орындарында, басқа да тәрбие мекемелерінде барынша пайдаланып, тәлім-тәрбие ісінде өз орнына ие болуға тиіс.

Қазақ халық ауыз әдебиеті белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән, ерекшелігі бар дүние танымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Қазақ халық ауыз әдебиетінде өрнекті ұғым-әде. Әдеп-эстетика ғылымының ”этика” деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баласы.

Қазақ қазақ халық ауыз әдебиетінің қайнар - бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.

Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқу жазу үрдісімен, этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихи өзектестігімен ұлттың педагогикаың дамып, ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.

Егеменді еліміздің кердесі ашылмай, іркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. Ғалым Оразбекова ”Имам және инабат” деген кітабында имандылық-ұлттық тәрбиенің негізі деп көрсетіп, қазақ халық педагогикасының бір қайнар көзін ашты. М. Оразаев, М. Смайлова сияқты педагогтар ”Қазақ халқының салт-дәстүрлері” деген кітап жазып, қазақ қазақ халық ауыз әдебиетінің салт-дәстүрге байланысты саласын айқындады. Профессорлар Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиев ”Әдеп және жантану” оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен этнопедагогикасы ғылымының негіздерін айқындады. Ғалым С. Ғаппасв ”Ізгілік әліппесі”, ”Қазақ халық ауыз әдебиетінің негіздері” деген еңбектерінде қазақ этнопедагогикасының ғылыми-медициналық және танымдық ерекшеліктерін дәлелдеді. Ә. Табылдиев ”Қазақ халқының педагогикасы және тәрбие” атты еңбегінде қазақтың ауыз әдебиетімен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін аып берді.

1 ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Мектепке дейінгі жаста қазақ халық ауыз әдебиетінің салт-дәстүрлерінің ролі мен маңызы

Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, мектеп ұйымының да басты борышы.

Қоғам барлық тарихи даму кезеңдерінде қазақ халық ауыз әдебиеті жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.

Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек ізгі ниетті, ал-жданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырды. Ол үін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәрбиесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.

Қазақ халық ауыз әдебиеті дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына.

Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы жазуы Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.

Ы. Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетеді. Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсарин ұлағатты сөздерді, педагогикалық мұраларды қазақ халық ауыз әдебиетінде үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңғырту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет. [1]

Қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлттың салт санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне арнап оқулықтар, қу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

А. Байтұрсынов қазақтың қазақ халық ауыз әдебиетін жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.

Қазақ халық ауыз әдебиетінің арқауы-ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері-ұлттық тәрбиенің негізі. Міне, осы тұғырлы-тұжырымды ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеуші дарынды ақын, аудармашы, қазақ тілі бөлімінің іргетасын қалаушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттың үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама - А. Байтұрснов жан-жақты жерттеп, олардың тәрбиелік мәлін ашып берді. Ол қазақ этнопедагогикасының негізгі нұсқаларын зерлей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми теориялық негіздерін жасады.

М. Жұмабаевтың ”Педагогикасы” нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш халық этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені, Мағжан ”Педагогикасының” басты ерекшеліігі - оның қазақ топырағымен тығыз байланыстығында, өзі айтқандай, қабысып жабқанында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді даярлау туралы ой-пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде қазақ мектептерінде оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық мазмұн беру қажеттілігімен сипатталады.

Ж. Аймауытов - ақын, жазушы, драматург, сыншы, публист, аудармашы педагог. Ұстаз жазушы ”Тәрбие жетекшісі” деген педагогикалық еңбек жазып, қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіндегі келеусіз жағдайларды ашып көрсетті де, тәрбие ісінде баланы ынталандыру тәсілдерін ұсынды. Баланы шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу үшін, оған талап қоя білу, қойған талаптың орындалуын қадағалау, баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, оны арман-тілегі қарай демеуші тәсілдерді қолдау әдісін уағыздайды.

Дарынды зерттеуші 1926 жылы қазақтың ұлттық жан тіршілігін терең көрсетіп, бүкіл адамзаттық психологияның негізінде оқулық жазып, оны ”жан жүйесінің ғылымы” деп атады.

Мұхтар әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі - ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, қазақ халық ауыз әдебиетін қадірін халыққа таныта білді.

М. Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып ”Қыз Жібек”, ”Қозы Көрпеш - Баян сұлу” сияқты ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды. [2]

Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының ”Манас” эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ қазақ халық ауыз әдебиетінің кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап береді.

Қазақ халық ауыз әдебиетінің ауқымды бір саласы - ертегілер. Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, ”Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиреншікті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп сурет әсерлі болады”- деп көрсетеді. Педагог жазушы:… ”Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық, образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ хлқының тілін байытады” - дейді.

Торайғыров Сұлтанмахмұт қазақ қазақ халық ауыз әдебиетінің ой-мақсаттарын өз шығармасы арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. өз өмірінде біраз жылдар журналистік, педагогтық қызмет атқарған ақын ұлттық білім, халықтық тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерлей зерттеп, ұрпақтың үмітін озыдырып, келешегіне кемелді жол сілтеді.

Дарынды жазушы, ”Қамар сұлу” романы мен ”Кім жазықты”, ”Кедей” т. б. поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Қазақ халық ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы - ұлттық салт-дәстүрлердегі ”қалың мал” беріп еріксіз үйлендіру, еріксіз ”атастыру” т. б. кесір дәстүрлерге жол беру - ұлттық мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтып, Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы, бұл себеп ақырында қалмасқа ізі деген пікірін айтады.

Ақын ”Мен кіммін”, ”Қала ақыны мен дала ақыны” деген шығармалар арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып, ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе, халықтың қайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, ”Бишараны шын досқа санар едім” сол үшін оқ астыма барар едім” деп қайырымдылықтыың үлгісін көрсетеді. [3]

1. 2 Мектепке дейінгі жаста балаларды тәрбиелеуде қазақ халқының салт-дәстүрлерін іріктеу және жинақтау

Қазақ қазақ халық ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы - қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсім дер мен жөн-жоралғылар, рәсім дер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.

Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейіріділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық мәдени үлгі - өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады.

Қазақ халқының өсіп игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады.

Бұл - ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.

Игі әдептердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның бір жола өмір заңдылығына айналуы - салт дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр -қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің ”нұсқауынсыз” еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал ”әменгерлеп”, ”атастыру” салты бірте-бірте өмірге қолданудан қалды.

Қазақ халық педагогикасындағы салт-дәстүрлерінің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы - салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттың сананың қозғаушы күші-ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

Қазақ халық ауыз әдебиетінің мұрасының бірі - дәстүр.

Дәстүр - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.

Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани - адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ.

Ол - халықтың кәібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өмірмеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.

Адамның туған күнімен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлер бар.

Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бітіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендіігі мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты міндет. [4]

Дәстүр-адамдардың рухани тұлғасынан бөлімбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғам өміріндегі дәстүр дәстүрде, халықтар арасында ынтымақтастық, теңдікте, бостандықта, өзара көмек дәстүрде, қарым-қатынас дәстүрлерінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы-жанұялық дәстүрде, еңбек дәстүрінде.

Сонымен, қай халық болса да ұлттық үрдісі, ілікті қасиетте, өзіндік әуені, тағлымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының төл келбетті қалыптастырады. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз.

Ұлы ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамытылып, ә3 халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті күшке айналып отыр.

Соңғы кезге дейін тәрбиеде халықтық педагогикаға өз деңгейінде мән берілмей келді.

Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жутаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала бастды.

Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өшкен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың абройлы міндеті.

Жалпы тәрбие процесінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бола бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында парасатта мінез-құлық қасиеттері отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп.

Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдардың, дүниетанымдық болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері - бір тұтас ғылыми педагогикалық психологияның негізінде, этнокомплекстік тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.

Этнокомплекстік тәрбие негізінде адамгершілік тәрбиесі жеке басты жетілдірудің барлық саласын қамтиды. Адамның адамгершілік тәрбиесіндегі адам өмірінің ә3 қырынан көрініс табады.

Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тірек бұл қазақ халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы деп есептейміз. Осыған орай төменгі сынып оқушыларының бойында қазақ халық ауыз әдебиетінің озық дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиет саналарды қалыптастыруда мүмкіндік жасайтынын дәлелделеді.

Оқушылардың жас ерекшелерін еске алу негізгі қағида болып есептеледі. Мұнда ең алдымен оқушылардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдыстарына ерекше мән бердік.

Төменгі сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып біз адамгершілік тәрбие беруде негізгі жол деп іс-әрекетті ұйымдастыруды ойластырды. Осыдан оқушының өзі жолдастары мен құрбыларымен жәнек ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырдық. Тәрбие процесі үнемі білім берушілік негізінде жүріп отыру керек. Осыны ескере отырып біздің жұмысымыз мұғалім балаларға адамгершілік қасиет саналарға байытылды. Халық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп оқуға берілген тапсырмалардың орындалуына нақтылы талап қоя білді. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жайлы
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz