Қазақ халқының аштыққа ұшырауы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Қазақ халқының аштыққа ұшырауы
  2. Мал басының кеміп кетуі

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған деректер тізімі

Кіріспе

Саяси әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі - мүлдем үнемсіз қалу да,

Екіншісі - үнемі шала құрсақ болып жүру.

Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады. Ашаршылық жеке адамның немесе бір отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемлекеттердің басына түсетін нәубет. Оның соңы жаппай адамдардың қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр-түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті ашаршылықтарға жиі ұшырап тұрған. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африка елдерінде болған ғаламат ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демографиялық дүмпуінен кейін ХХІ ғасыр экономикасы әсіресе ашаршылық артта қалған кейбір дамушы елдерде жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен болашақта өркениетті елдердің өзара халқыаралық ынтымақтастығы нәтежиесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.

Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған. Тек «ақтабан шұбырынды»сияқты жаугершілік жылдары саны ⅓ ге дейін кеміген.

  1. Қазақ халқының аштыққа ұшырауы.

Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы 1921-1922 жылдары болған. Ашаршылықтың басты- басты екі себебі бар: Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтың күйзеліске ұрынуы.

Екіншісі-табиғи апат, қолайсыз ауа- райы салдарынан орын алған жұт. Республикда 1920-1923 жылдары жүргізілген ашаршылық санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С. П. Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30% ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100 %- ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенде қырылып қалды. Санақ маериалдары 1921-1925 шарушылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23, 8 процентке қысқарғанын Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылықта Батыс Қазақстан халқының 31, 4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр.

Екінші ашаршылық 1930-1933 жылдары болды. Оның себебі -Қазақстанда жүргізілген сталиндік -голошекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жеке меншігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық тағы басқа ашаршылықтың өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1926-1937 жылдары және 1939 жылдардағы санақтар материалдарындағы олқылықтар осы ашаршылықтағы адам, басқа шығындар санын дәл анықтауға кедергі келтіріп, ғылымдар арасында әр түрлі пікірлердің өрістеуіне себеп болды. Дегенмен осы ашаршылықта Қазақстандағы ауыл халқы саны кемуі туралы Қазақ АКСР халық шарушылығы есептеу басқармасының әр түрлі жанама есеп - статистикалық құжаттар сондай-ақ 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы мәліметтеріне сүйенген ресми дерегі бар. Осы деректер бойынша Қазақстанның ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн 379, 5 мың адамға кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып тастасақ 1930-1933 жылдардағы аштық құрбандары 2 млн 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қ. Р. жоғарғы кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қортындысында былай деп жазды. «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2млн 200 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 48 % айырылды». Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштенбірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы ауыр болды. Қазақтардың саны жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл ашаршылық «қызыл қырғын», «галощекиндік геноцид» деген тарихи атқа ие болды. Галощекиндік зұлматтың қазақ халқына алып келген әлем тарихында гитлершілердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара- пар келіп, Компучиядағы «қызыл кхмерлер» зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20 ғасырда адам баласына жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақсан халқы осы «қызыл қырғын» құрбандарын еске алады. Сөйтіп күштеп колхоздастыру мен отықшыландыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 1928 жылы 45 миллионға жуық мал болса, ол он еседей кеміп 4, 5 миллионға дейін азайды. Малы жоқ тақыр кедейлер көьейді. Осының салдарынан Қазақстан халықтары 1931-1933 жылдары аштыққа ұшырады.

1931-32 жылдары қуаңшылық болды. Бұл шаруашылықты одан сайын күйзелтті. Ашаршылық жылдары сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысына жуығы қырылды. Бұл екі миллиондай қазақ деген сөз. Басқа халықтарда ашаршылыққа ұшырады. Бірақ бірде-бір халықтың қазақстар сияқты тең жартысы қырылған емес. Ашаршылық деген, оның үстіне миллиондаған адамның бейбіт уақытта қырылуы деген халық үшін аса зор апат. Бұл аптақа кім кінәлі? - деп сұрақ қойсақ оған кім кінәлі - Кеңес өкіметінің басшылары, солар жүргізген солақай саясат деп қана жауап беруге болады.

Ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайы тәптіштеп суреттеп, сендердің жүректерінде жараламай ақ қояық, балалар шер тамағы тауысылып, ашыға бастаған адамдар бала-шағаларын ертіп өзен көлдерді жағалады, бақа-шаянды теріп жеді. Жолға түсіп ауылдарға қалаларға беттеді. Жол нөнекей жәндіктерді, ти пен мысықты қорек еткендер де болды. Әбден адам ашыққанда ақыл-есі азайып көзі қараутады.

Мұндалар адамдарды жеуге дейін барды. Ашаршылық әсіресе қалалардан, темір жолдардан қашық орналасқан қазақ ауылдарында қатты болды. Ашаршылыққа әсіресе балалар көбірек ұшырады. Ашаршылықатн ертерек құтылуға тырысқан халық Республикалардан тыс жерлерге кетті. Олардың жалпы саны 1 миллиннан астам. Оның 400 мыңдайы қайтып оралғаны мен қалғаны келмеске кетті. Босқындар Өзбекістанға, Түркменістанға, Тәжікстанға, Қырғызтанға және Ресей жеріне өтті. Сондай-ақ Қытайға, Монголияға, Ауғаныстанға, Иран, Туркияға да мыңдаған қазақтар қоныс аударып барды. Олар да жол жөнекей көп қиындықтарға ұщыраған, қырылғаныдары да болған. Олардың көбі өздерінің ата-қонысына осы кезге дейін қайтып келе алмай жүр. 1930-33 жылдары Республикада жыл сайын халық пен мал саны қаншалықты кемігенін төменгі кестеден көруге болады:

Әр жылдың санына қарай
Халықтың азаюы
Мал басының кемуі
Әр жылдың санына қарай: 1930
Халықтың азаюы: 317, 373
Мал басының кемуі: 11 904 900
Әр жылдың санына қарай: 1931
Халықтың азаюы: 754, 888
Мал басының кемуі: 20 935 924
Әр жылдың санына қарай: 1932
Халықтың азаюы: 769, 160
Мал басының кемуі: 3 676 682
Әр жылдың санына қарай: 1933
Халықтың азаюы: 690, 020
Мал басының кемуі: Мәлімет жоқ
Әр жылдың санына қарай: барлығы
Халықтың азаюы: 1 831, 441
Мал басының кемуі:
  1. 517 506
  1. Мал басының кеміп кетуі.

Қазақтардың қоныстануы мен шаруашылығының шайқалуына негізгі себептердің бірі - мал басының кеміп кетуі. Қазақстанда мал басының кеміп кету салдарынан егжей тегжейлі ашып көрсетіп, оны қалпына келтіру шараларына тоқталған болатынбыз.

1932 ж. ақпан айында жүргізілген Бүкілодақтық мал санағының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 1928-1929 жж. 40 миллион бас малдан санақ кезінде 5397 мың бас қана мал қалған. Соның ішінде 1931 ж. ақпанның 1932 ж. ақпанға дейінгі аралықта мас басы 55 процент кеміген. Өлке бойынша асыл тұқымды жылқының саны 30 % азайған. Қарағанды құрысында 1932 ж. 286 жылқы өліп, 30 жылқы ұрланған.

Қазақстанның мал шаруашылығы совхоздарында да мал басының сақталуы жоғынан жағдай өте нашар, 1931-1932 жж. қысында бұл совхоздарға малдың өлім-жетімі мен талан-таражға салынуы өте көп болды және ол әлі де жалғаса түсуде.

Қазақтардың қолында 1929 бар малдан 6 % жетер-жетпесі ғана қалса, қазақтардың шаруашылығы неліктен шайқалып отырғаны түсінікті шығар. 3 миллионнан астам қазақ халқынан Қазақстанның өзі ішінде жалдана жұмысқа орналасқандар 135 мың адам, Бұл өлкетегі - барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің 28, 4 %, ал қалған халықтың бәрі ауыл шаруашылығымен айналысады.

Орталық Комитет өз шешімінде Өлкелік комитеттің көпелі және жартылай көшпелі қазақ халқының отырықшыландыру жөніндегі бағытын дұрыс деп таниды, атап айтқанда, отырықшыландыру ісі бірте-бірте жүргізілуін ұсынады, сондай ақ поселкелер мен колхаздарды көлемі мынадай болуы керек деп халыққа орынсыз танудан, руларды жөн-жасықсыз біріктіруден сақтандырады. Отырықшыландару жөнінде негізгі бағыт дұрыс болғанымен, алайда отырықшыландыру ісінде елеулі қателіктер де бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Ашаршылықтың демографиялық салдары
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
«Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметінің алғашқы кезеңі»
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
Бақытжан Қаратаев және Ресей мемлекеттік Думасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АУЫР ЗАРДАПТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz