Ұлттық сәндік қолданбалы өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ұлттық сәндік қолданбалы өнері.

Тақырыбы: «Қазақ халқының ершілер өнері.

Ер-тұрман жасау мен әшекейлеу технологиясы »

Жұмыс көлемі

Графикалық бөлімі парақ

Түсіндірме хат бет

Диплом жазушы: ПО-10, 1 (в) тобының білімгері

Құрманалиев Ернар Кұралович

Кеңесшілер:

  1. ( )
  2. ( )
  3. ()

Жұмыс жетекшісі

Кафедра меңгерушісі

Тараз 2011ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.

бет

1. КӘСІПТІК БІЛІМГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен міндеттері 7

  1. Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары 9
  2. Кәсіптік оқыту әдістері 12
  1. ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2. 1 Шығармашылық негіздерді талдау 16

2. 2 18

2. 3 22

2. 4 Негіздеу және материалдарды таңдау

2. 4. 1 Материалдар туралы сипаттамалар мен мәлімет24

2. 4. 2 Конфекциондық карта 38

3. ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІН ЖӘНЕ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ТАҢДАУ

  1. Өңдеу режимдері 39
  2. Қондырғыны таңдау және сипаттау 44

ҚОРЫТЫНДЫ 46

Қолданылған әдебиеттер тізімі 47

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2005-2010ж білім беруді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, кәсіптік оқыту мен политехникалық білім беруге көп көңіл бөлініп жатқаны жайлы баяндалған.

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі, олардың қоғамдық танымының дұрыс қалып-тасуына талғымдық педагогикалық тәрбиенің мәні аса зор. Олардың қоршаған ортасын сыйлауына, адамдарға мейіріммен қарауына, адамгершілік қасиеттерді бойларына жинақтауына үлкен тәрбие береді. Туған елімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шаралардың басты ұстанымдарының бірі жаңа заманның болашақ жастарын ұлттық негізде, қадір қасиетін түсінген бабалар мұрасына ыждағаттықпен қарап саналы ұрпақ негізінде тәрбиелеу басты жоба, өзекті мәселе ретінде қаралуда. [1]

Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы, бабалар салған даңғыл жол арқылы өрбіп, өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын, тағылымын, өнер, білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп, дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі, біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың, өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз.

Еліміздің орта мектептерінде оқушыларға іргелі негізгі ғылымдарды оқытумен қатар, еңбек технологияларына, политехникалық дайындықтарын арттырып, еңбекке баулу арқылы тәрбиелеу жоспарланған. Алғашқы кәсіптік даярлық пен кәсіпке бейімдеу арқылы олардың еңбекке көзқарастарын арттыру мен келешек жастарды кәсіптік мамандықтармен қамту қазіргі кездің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр Кәсіпке оқытудың әдіс-тәсілдері, техникалық бөлімі оқытылған барлық пәндер арқылы қалыптасып, кәсіптік біліктілігі жұмыстың әдіс-тәсілдері, машықтану практикалық, техникалық шығармашылық сабақтары кезінде меңгереді. Қазіргі кезде мектептерде ұлттық этнопедагогикалық тәрбие жүйесінің негізі де осындай ата-баба дәстүрілері мен қолөнеріне негізделгенін, тәрбиенің негізгі көзіне көңіл бөлініуі, оқушылар мен жастарға ұлттық салт-сананы қалыптастырып, шеберлік пен біліктіліктің қайнар көзіне айналуда. [ 1 ]

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Ұлттық қолданбалы сәндік өнері. «Қазақ шеберлерінің ер жасау өнері және ер-тұрман жасау мен әшекейлеу жолдары»

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Жұмыс көкейтестілігі сәндік көркем өнерде оқушылардың рухани эстетикалық дүние танымдылық көзқарасын қалыптастыруында ұлттық көркем бұйым жасаудың алатын орны ерекше. Оқушыларға көркемдік-эстетикалық гуманитарлық тәрбие беруде сәндік қолданбалы өнері жанрларының бірі ұлттық бұйым жасау қазіргі жаңа дәуір талаптарына сай жоғары мәнге ие болып отыр. Ал ұлттық көркем бұйымдардың, оқушылардың эстетикалық қабылдаушылығы мен, көркем образдық ойлау жүйесінің артуына, дизайндық ерекше шешімін көрсете білуге және ұлтық бұйымның жасалу жолдарын, құрылымын мен қолданыс аясын зерттеуді үйретеді.

Тақырыптың мақсаты: «технология пәні бойынша теориялық және практикалық білім мен іскерлік қалыптастыру, ұлттық нақышта жасалған көркем дизайндық бұйым жасау»

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы. Қазіргі Қазақстан Республикасы түбегейлі жаңа бағытта өркендеуі кезеңіндегі жасөспірімдерді көркем-эстетикалық тәрбиелеу мен оқыту методикасы күн тәртібіне үлкен мақсат-міндеттер жүктейді.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні « технология пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері мен тәрбиелік мәні, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы »

Зерттеу объектісі: Ұлттық көркем бұйымды жобалап жасау барысында ағаш пен тері өңдеу туралы білімімді арттыру және оны өңдеудің барлық жұмыс тәсілдерін меңгеру. Ағаш жону станоктары мен электр аспаптармен, құралдармен жұмыс жасап, олардың құрылысын, жұмыс тәсілдерін, техникалық қауіпсіздік шараларымен толық таныстым. Шығармашылық жұмысым алдында жоспарланған реттілікпен орындалды, және оның сапалы болуына көп көңіл бөлінді. Келешекте алған білімімді, шеберлігімді жетілдіріп, келешек жастарға үйретемін деген ойдамын.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнінің мақсаты. Шығармашылық жұмыста өзіндік техникада, композициялық шешімде жұмыс орындау мектеп практикасында кең қолданыс табады деп есептейміз. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары педагогикалық практика кезінде қолданылып тексерілген жұмыстың әдістемелік негіздері: Жалпы адамзат дамуы қол еңбегінен басталып, бүгінгі еңбек жетістіктеріне жеткен техникалық прогресстің дамуы, адамзат қиялы мен жасалатын еңбегінің шегі жоқ екенін дәлелдейді. Халық шеберлері ұлттық бұйым жасаудың технологияларын жетілдіре отырып, жасаған бұйым сапасын, көркемдік эстетикалық әсер беруін басты назарда ұстады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәнінің міндеттері. Оқушыларға көркем өнердің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру; Көркем мәдениет пен оның қоғам өмірінде алатын орны туралы түсінікті дамыту; Оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихын, ескерт-кіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық икемділігі мен дағдыны қалыптастыру; Өмір шындығы көріністерін, табиғаттағы, және өнердегі оның сезімдік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту; технологиялыұ еңбек сабақтары барысында дамып, қалыптасқан көркемдік дағдылардың икемділіктерін тұрмыс жағдайда, еңбек процесінде қоғамдық қызметте пайдалана білуге баулу;

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдіснамасы.

Бұл дипломдық жұмысты орындау барысында практикалық іскерлік қалыптастырып, станоктар мен электр аспаптармен, әртүрлі құралдармен жұмыс тәсілдерін меңгердім. Келешекте мектеп шеберханасында оқушылармен жұмыс атқаруға көп тәжірибе жинақтадым.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын, тағылымын, өнер, білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп, дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі, біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың, өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз.

Дипломдық жұмыстың ғылыми әдіс - тәсілі.

Әрбір сабақтағы оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі ұлттық көркем өнерге оқытудың да негізі болып табылады. Технологиялық қолөнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемділігін ұштастыра білу, олардың өмір шындығы мен өнердегі сұлулықты байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, оған деген қызығушылықтарын арттырады. Қолөнер түрлерінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы, оларды белсенді еңбек етуге үйрете отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулиды. Өнеркәсіпте жасалған түрлі бұйым-заттарға эстетикалық білім тұрғысынан қарауға және тарихы - мәдени ескерткіштерді, табиғат сұлулығын қорғай білуге баулиды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жобасы. Көп жағдайда оқушыладың заңдылықтарға, салу жолдарын еліктеп, творчествалық орындау тәсілдерін естен шығарып алады. Ал бұл жағдайда олардың творчествалық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану үшін салынатын обьектіні қабылдауда және бейнелеуде оның қасиеттерін, құрылысын үстіртін еске алып, негізгі мәселені заттардың әсемдігіне, көркемдігіне олардың сезімді оятатын әсерлігіне бейімделген жөн. Оқушылардың осындай творчествалық қабілеттерін дамытуда композициялық салу жолдарын үйретіп, бейне образын, эмоциялық сезімді көрсету - негізгі басты мәселе екендігі дәлелді түрде сипаттау мұғалімнің творчествалық ізденісін талап етеді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми және шығармашылық жаңалығы.

І. КӘСІПТІК БІЛІМГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен міндеттері

« Кәсіптік оқыту» білімгерлерінің біліктілігі мен шығармашылығын арттыруда оқу барысында теориялық және практикалық жұмыстарды жете меңгерумен қатар техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық-ізденіс, білімгерлердің ғылыми-ізденіс жұмыстары, педагогикалық өндірістік практикалар, кәсібі бойынша атқарылатын модульдік тапсырмалар т. б Олардың кәсіпті терең меңгеруіне, политехникалық ой-өрісін өсіруге, педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және білім мен білікті арттыруға көп ықпал етеді. Кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыруда өтілетін сабақтардың жоғары деңгейде болуына қандай деректер әсер ететінін айтар болсақ: оларға оқылатын пәннің теориялық негіздерін жетік білуі, тарихы мен технологиялық өңдеу тәсілдерін, орындалатын жұмыс этаптары мен кезектілігін, оқу құралдары мен станок-жабдықтардың құрылысы мен басқаруын, сызба-графикалық жұмыстармен, анықтама материалдармен жұмыс атқара алуы, еңбек мәдениеттілігі мен сүйіспеншілігі, еңбек қауіпсіздігі жатады.

«Кәсіптік оқыту» білімгерлері болашақ кәсіби мұғалімдер, олар мектеп оқушылары мен жастарды еңбекке, кәсіпке даярлауға тікелей қатысады.

Сонымен қатар кәсіпке оқыту, технологиялық еңбекке оқыту, сабақтан тыс үйірме ұйымдастыру, ұлттық көркем бұйымдар жасатып, тәрбиелеу, техникалық шығармашылыққа баулу, тех. мамандықтарға баулып, қызықтыру т. б көптеген оқу іс-шараларын қатысады. Қазір заман талабына сай халық тұтынатын тауарларды өндірумен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасында ұлттық бұйым түрлерін, мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарларына көпшілік қолданатын басқа тауарларды жан-жақты сұранысын мейлінше толық қамтамасыз ету қарастырылған. Соған орай халықтың талғамы да артып, белгіленген бұйымдардың сапасын едәуір жақсартуды, көркемдік және эстетикалық талғамға сай орындау қажеттілігі туындауда. 7

Келешекте кәсіби мұғалімдерді даярлауда технологиялық еңбекті жетік меңгерген, оқушылардың технологиялық шығармашылығын жүргізе алатын, психологтық-педагогикалық әдістерді білетін, жаңа технология мен ғылыми-техникалық жетістіктерден хабары бар жаңа тұрпатты мұғалім қажеттілігі жайлы көп айтылуда. Жоғары деңгейдегі білікті маман даярлауда оқытудың барлық жетістіктерін пайдалана отырып теориялық және практикалық сабақтарда білімгерлердің білімі мен біліктілігін арттыратын комплексті оқу жүйесін жетілдіру, арқылы техникалық, конструкциялық шығармашылық жұмыстар жасауда дамып отырады. [2]

Педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдері, сабақ өтуге қажет әдістеме, көрнекіліктер, политехникалық білім, шеберлік өтілетін барлық пәндер арқылы қалыптасады да практикалық, техникалық шығармашылық жұмыстарында іске машықтану мен кәсіптік дағды калыптасады.

Қыздар мен ұлдарды кәсіпке тәрбиелеп оқытуда, өздеріне лайықты маман

иесі болуына бағыт-бағдар береді. Мектептерде еңбек технологиясы пәнін оқыту ер балалар мен қыздар топтарына бөліп оқыту қарастырылған. Ата мен ана дәстүрінен нәр алып өсіп, тәлім-тәрбие көрген, еңбекке шынығып өскен баладан келешекте қоғамға пайдалы азамат өсіп шығатыны мәлім.

Кәсіпке оқыту шараларының жетік ұлттық бағдарламаларын мен әдістемелік-оқулықтарын, оқытудың жаңаша технологияларын пайдаланумен қатар, этно-педагогикалық оқыту тәсілдері арқылы оқыту тиімділігін арттыру жолдарын қазіргі кезден бастауыш сыныптардан бастап қолға алуды қарастыру керек.

Ұлттық салт-дәстүрде, этнопедагогикалық тәрбиені көріп өскен ұл-қыздардың бойынан ақылы мен зердесі, өнері мен шеберлігі, қайрат қаруы, техникалық жетістіктерге жетуі сияқты қасиеттері қалыптасып, өз елін құрметтеп өсуіне апаратын негізгі жолдардың бірі. Жоғарыда айтылған жайттарды корыта айтсақ еңбек әрбір адамның маман болып қалыптасуына, мағыналы өмір сүруіне көп әсер ететінін байқаймыз. .

1. 2 Оқушылардың шығармашылық оқу үрдісін ұйымдастыру формалары

Қазіргі күні қоғамның дамуымен қатар, технологиялық прогресстің дамуы техника мен техникалық шығармашылық, көркемдік шығармашылыққа көп көңіл бөлініп соған сәйкес мамандар даярлау қолға алынуда. Жастарды өнер мамандықтарына бағдарлау, оқыту мәселесі айтылуда, сондықтан алдымен сол мамандарды дұрыс оқытатын педогог мұғалімдер даярлау қажеттілігі туындайды. Жеке тұлғаның мінездемесінен «Оның нені жасайтынын емес, оны қалай жасайтынын» көруге болатын жайлы белгілі ғалымдар айтқан екен.

Ғылыми- техникалық прогресс қоғамдық сипат алған қазіргі кезеңде, оны оқытумен жетілдіру, техникалық шығармашылыққа оқушыларды бағдарлау нәтижелі жүргізіліп, техникалық мектептер мен коледждерің ашылуы, техника-лық мамандықтарды көбейтіп қоймай политехникалық білім мен техникалық шығармашылықты арттырады. [3]

Қаралған біліктілікті жетілдіру мақсаттары мен сұрақтар бағдарламада қарастырылған мазмұнда лекциялық негізін құрастырып, лабороториялық практикалық жұмыстар арқылы біліктілік, әдіс-тәсілдерін қалыптастырып политехникалық, шығармашылықтары мен техникалық шығармашылық айналысуын арттыра отырып, олардың педогогикалық іскерліктерін жетілді-руді көздеп отыру керек.

Педагогикада техникалық машықтануға жетілдірудің жолдары айтылған. Оның негізгі дәйектерінің бірі оқушыларды жас кезінен шығармашылықпен

  • Политехникалық білімнің теориялық біліктілігі.
  • Техникалық құжаттар мен сызба-графикалық, анықтамалар дұрыс жұмыс жасай білуге.
  • Станоктар мен құрал-жабдықтарды қолдана біліп, жұмыс тәсілдерін меңгеру.
  • Сызба бойынша техникалық бөлшек жасай білу мен оларды құрастыра

біліп, техникалық моделдер жасай білуге.

  • Материал таңдау, материалдар технологиясы мен жұмыс операция-ларын жете меңгеруге.
  • Технологиялық еңбек пен технологиялық шығарамшылық, сабақтан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыра білуге, оларға оқу программаларын құрастыра білуге.
  • Сабаққа қажет құралдар, көмекші аспаптар мен қарапайым техникалық құрастырмалар жасауға.
  • Техникалық жетістіктердің қазіргі кездегі дамуын, бұрынғы және қазіргі техникалық жетістіктердің ерекшеліктері, техникалық шығармашылық жетілдірудің перспективасы.
  • Еңбектену мәдениеттілігі мен техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау мен нормалық талаптар.
  • Оқушылардың іздену-конструкциялық істерінің негізгі әдістерін, моделді-техникалық әдістерін және оқу-өндірістік техникалық эксперимент-терін игеру.
  • Оқушылармен топтық және жеке практикалық, тәрбиелік үйірме сабақтарды өткізе білуге.
  • Жалпы техникалық іс шаралар ұйымдастырып өткізуге, көрмелер мен, техникалық жұмыстарды жарыстарда насихаттау, онымен айналысуын қарастыру.

Оқушылардың негізгі еңбегі - оқу.

Қазіргі кезде мектептерде оларды қандай жолмен оқыту керектігі жайлы айтылып, жаңаша оқыту технологиялары енгізілуде. Оқытудың тиімді әдістерін қолданып нәтижесінде білімгер білім мен кәсіби білікке машық- танғанын тексеріп көруге болады. Қазіргі кезде көп мектептерде өкінішке орай репродуктивтік оқыту тәсілі көп қолданылады. Бұл оқытушының, оқушыларға ауызша хабарлау арқылы берілетін оқу үрдісі. Сөзбе-сөз түсіндіру мен іс-тәжірибе арқылы оқытудың айырмашылығы өте үлкен. Репродуктивті оқыту

оқушыларды жалықтырады сондықтан оны сабақтың басынан-аяғына дейін қолдану тиімсіз

. Оқытушы дайын хабарды жеткізуші аппарат сияқты болып шығады да, оқушылар пассивті еске алу қабылдағыштай күйде болады. Бұлай оқытылған білім практика жүзінде қолданылмай, ешқандай кәсіби білік қалыптаспай қалады. Білімгерлерді көзбен көріп, қолмен жасау арқылы оқытылған сабақтарға қызығушылықтары артып, одан жақсы білім мен білік қалыптастырады, сондықтан кәсіпке оқытуда іс- тәжірибелік, практикалық, шығармашылық, үйірмелік сабақтардың тиімділігі көп болады.

Кәсіби еңбекке оқытуда ауызша түсіндіруді қолданылмайды деуге болмайды мысалы: техникалық эксперименттерді, станок-жабдықтар құрылысы, техникалық-графикалық есептер, кинематикалық схемалар, технологиялық жобалар, тех қауіпсіздік ережелерді түсіндіру керек екенін ұмытпау керек. Техникалық кәсіптік оқытуда техникалық шығармашы-лықпен айналысатын жеке тұлғаны тәрбиелеп оқытуда, сабақ кезінде жасалған еңбектің нәтижелі өнімділігіне көңіл бөліп, жасаған тапсырмалары бойынша қортындылануы тиіс.

Өнер мен еңбек - егіз, оның бір - бірінсіз дамып жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін емес. Сондықтан оқушыларды мектеп қабырғасынан-ақ білім мен ғылымға, өнер мен еңбекке баулып тәрбиелеудің үлкен мәні бар. Этнопедагогикалық тәрбиенің алға қойған мақсаттарының бір саласы ұлттық өнер мен салт - дәстүр арқылы тәрбиелеп оның санасына өзінің халқын сүюге, дәстүрі мен өнерін сіңіруге негізделген. Өнер мен еңбекке үйретуші оқытушының кәсіптік шеберлігі мен жаңа технологияларды меңгеруі, өзінің оқытушы шәкірттерінің шеберлігін, білік - дағдысын, политехникалық ойын, еңбекке қызығушылығын арттырып белгілі бір мамандық таңдауға ықпалын жасайды, бағыт бағдар береді. Жаңаша білім беруде кәсіптік білім пәндерінің мұғалімдері теориялық және практикалық білімді жетік меңгерген, шебер әрі іскер, озық технологиялар мен ақпараттық технологияларды меңгерген, оқушы жастармен тіл тауып жұмыс жасай алатын, жаңа педагогикалық әдістәсілді меңгерген саналы маман болуы қажет.

Жас мамандар өзінің шәкірттерін өнер мен еңбекке баулу, еңбек арқылы тәрбие жүргізе алуы қажет.

үйірме жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра білуге қалыптасуы қажет.

Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері.

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре білу, түсіне білу, жасай білу адамдардың рухани өмірін байытады, қызақты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сөзін, нәзіктігін, көркемдікті әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жамандықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мақсат-мұраттарының болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысында зеиін салуды, күн сайын өсіруді талап ететін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, әсем табиғаттың да ықпалы көп әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатын рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылутән нәрсе. Олар әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастарылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне сезімталды- ғын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей

әрі жанама қатынасы бар. Бұлбіздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс, адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған- дығынан туындайды. Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтылыну жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында белгілі дәрежеде эстетика

лық көзқарас болуын талап етеді. Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу

Оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен

өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндей әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Балаларды эстетикалық тәрбиелеудің негізгі жолдары

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы- өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып, және солар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін айтпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу -адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай, саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мақсаттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Киімнің негізгі міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Батик өнерін үйрету әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz