Қазақ халқының қолөнернің даму жолы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Қазақ халқының қолөнернің даму жолы
  2. Қолөнер ұлттық-тәрбиенің негізі
  3. Қолөнер түрлеріАғаш ұсақтауҮйшілер өнеріОю-өрнек өнері

3. 4. Тоқыма қолөнері

3. 5. Кілемше қолөнері

  1. Ши тоқыма
  2. Түрлі матадан құрақ құрау
  3. Кесте тігу
  4. Киізден жасалған бұйымдар
  5. Зергерлік өнер
  1. Қазақ халқы қолөнерінің тәрбиелік дәстүрі

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қазақ ежелден өнерді қастерлеген халық. Ата-бабамыздң асыл мұрасын жалғастыру, оның қадір-қасиетін ұрпаққа таныту, оған деген махаббатын арттыру, ұлттық тәрбиенің негізгі міндетінің бірі. Дәстүрден тыс қалмаған дәстүрлі қолөнер түрлерінің әдемі де әсем таңғажайып тартымдылығын балаларға жеткізе бейнелеу өнері сабақтарының еншісіне тиеді.

Қолданбалы өнердің тәрбиелік мәнін бала санасына біртіндеп ұялату үшін, сол өнердің мән мағынасын түсініп, тәрбиелеудің әдіс, тәсілдерін таңдап алу қажет. Балаларды өнерге баулу күрделі де нәзік те, ұзақ процесс. Сондықтан қазақ халқының қолданбалы өнерін келе жатқан мұраларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен салалы міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында “Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оның уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу-жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастық қрапайым тәрбиесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлқының мәдениетіне жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды” делінген.

Әсемдік тәрбиеде халықтың қолданбалы өнерінің алатын орны ерекше. Өйткені өнер халықтікі, оны тудыратын да, бағалайтын да оның өзі. Өнер халықтан қолдау тапса ғана өмір сүреді. Қазіргі кезде егеменді елімізде жастарға әсемдік тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасы айырықша рөл атқарады.

Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер - айналадағы орта мен өнермен, еңбекпен тығыз байланысты болумен анықталады. Қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды. Ол сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруін, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан тұрады.

Қазақ халқының сәндік қолөнер және қолданбалы қолөнер туындылары әрқашан халықты күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтеуі үшін жасалған, ал оюлармен, өрнектермен әшекейлеу сол тұрмыстық көңілді, әсем болуына ықпал жасайды. Қолданбалы өнерде ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке бір түрі өрнек түрі болып келеді. Үй -ішін, үй тұрмысына қажетті заттарын, ұлттық киімдерді тері бұйымдарын әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек салу. Ою-өрнек әр халыққа тән өнер.

Халық шеберлері ою-өрнек арқылы өздерінің ой сезімдерін, заттар, өсімдіктер мен жан-жануарларды бейнелеуде үлкен өнер танытқан.

Баланы жастайынан сағын сындырмай, жүйкесін тоздырмай, талантын ұштауға, қабілет мүмкіндігін ашуға, жан дүниесін байыту үшін тәрбие жұмысының түрлерін, әдіс-тәсілдерін олардың әрқайсысының талабына сай түрлендіріп жүргізу тиіс. Оны тек тәрбиелеп, оқытып, білім беріп қана қоймай, шығармашылық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға ұмтылу керек. Балаларды қолданбалы қолөнерге баули отырып, ата-аналар тек өзі үшін ғана емес жалпы адамзат игілігі үшін еңбек етуге, қолөнері құрметпен қарауға, әр затты жасағанда оның әр бөлшегінің әсемдігі мен эстетикалық ләззат алатындай және оның мазмұнын түсініп, сенуге, патриоттық сенімін оята білуге үйретуді көздейді. Мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәндері шын мәнініде қазақы тәлім-тәрбие беруге бағытталып, ұрпақ өз халқының қолданьбалы өнерінің қажетін жетік түсініп, игеріп өсуі керек.

Оқушылардың эстетикалық сезімі мен ұғымын, көркемдік қабілетін үздіксіз дамту әр педагогтың борышы. Күнделікті еңбек қызметінде халқымыз өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырған. Заттық обьектіге тағы басқаға көңіл аудару көп жағдайда оқушылардың қоршаған ортаны тануға жетістікке жеткізеді, себебі, ол көзбен қабылдаудың толықтығын және тереңдігін қамтамасыз етеді. Ойлау активтілігіне құбылыстың қандай да бір обьектісін үйренуі үшін оқушының ерік күшінің жинақталуына жағдай жасалады.

Негізгі бөлім

“Кек асылы жерде, сөз асылы елде” дегендей, қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихына бойласақ, халқымыздың қолөнерінің өзіндік өсу, даму жолы болғандығын көреміз.

Қолөнер халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмірімен біте қайнасқан өміршең өнер. Ел іші ешуақытта он саусағынан өнер тамған өнерпаз саусақтарға кенде болмаған. Оларды жасаған өнер туындылары айналадағы өмір құбылысына, табиғи құбылысты, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай ұрпақтан ұрпаққа мирас болып уақыт өтсе де өшпей, ізі жоғалмай бүгінгі күнге жетті. Өркенниетті өнер әрқашанда биік. Әсемдік жеміне болашақ ұрпақты жетектеген өнердің адамға берері мол.

Қазақтың сәндік қолөнері халықтық мәденитіміздің құрамдас бөлігі. Шебердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өміріне, тұрмысына бөліп қарау мүмкін емес. Бұл заттар ел тұрмысынан сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Өнер арқылы адам өмірді көреді, байқаған заттардың, жайларын ұға, қорыта білуге үйренеді.

Қазақ халқы қолөнер түрлерін балаларға үйрету негізінде оларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейді, еңбек етуге дағдыландырды. Балалар қолөнер бұйымдарын жасауды үйрене отырып, еңбекте шыңдалды, күн көріс қажетін өтеді, еңбек етудің мәнін түсінді. “Еңбек” ұғымында “жұмыс” және “кәсіп” түсінілетіні сияқты «қолөнер» ұғымында да «жұмыс» және «кәсіп» түсініледі.

Қолөнер туындылары жазба мәдениеті болмай тұрған кезеңде-ақ пайда болғандықтан ол қазақ халқының балаларын еңбекке баулып қана қоймай ақыл-ойын өсіруге, адмгершілікке, әдемілк пен сұлулыққа тәрбиелеудің де басты құралы болған.

Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтжесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа түрлі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.

Қазақ халқы - кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жерінде жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сөйтіп келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сол толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде Х!Х ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғарғы деңгейге көтерілді.

Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмірі, біртіндеп отырықшылық көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Россиямен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсіресе айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінң қаламен байланыс болмады. Сондықтан олдардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болғандықтан негізінен халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнері шеберлері, көбінесе кедейлер әулеті арасынан шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізіне күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде, өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан, айталық; “Балаңа ер қосып берем”немесе “Cықырлауық жасап берем”- деп қарауға мал алып, қажетіне жұмсады. Нәтижесінде, айтулы шеберлерінің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу жолында өмірлері өтетін.

Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі -олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, етікшілер тағы да басқа ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберханалар көбінесе қысы- жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен жайында жатып істеді. Мұнда шеберлердің бұйым жасайтын шикі заты да құрал саймандары болды. Сондықтан олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал енді, киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба -шана, жер ағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары тас өңдеушілер, көбінесе, қысқы мекенінен кете алмай жатақта қалады. Сондықтан, бұлардың кейбіреулерінде, әсіресе ұсталарда, арнайы қарапайым дүкендер болды. Ал тастан там салып құлыптас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасты . Мұндай шеберледің жазда жайлауға көшуіне бір жағынан көліксіздік кедейлік мүмкіндік бермесе екіншіден олардың негізгі кәсібінің өзі көш-қонға тым қолайсыздық туғызды.

Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға тайақша сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа сүйек керамика мен түсті металлға жасау жиhаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектермен әшекеулеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті. Тарихи жазба дамыған ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан жеріне қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың творчествосы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған.

Республиканың әр жеріне қазіргі кезде кездесетін күмбез, төрт құлақ сағана ескерткіштер мен ғимараттар өздерінің әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашық та, айшықтылығымен бүкіл бір архитектуралық ансамбль ретінде айырықша сүйсіндіреді. Бұлардан жекеленген өнерпаздардың шеберлігін ғана емес күллі бір суретшілік үрдісті, архитектуралық мәдинетті көреміз. Торғай, Қорғалжын өңіріндегі, Маңғыстау, Қаратау төңірегін, Оңтүстіктің Қазақстан мен Талас, Шу, Сағыз, Жем алабын, Жетісу, Сырбойын жайлаған өлкеден Тарбағатай, Алтайға дейінгі ғимарат нұсқаларының әсем үлгілері қазақтың біз кезде өресі биік, өресі кең өнері, мәдинеті болғандығын дәлелдейді.

Қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірбие үшін де маңызы өте зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдинетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Ілім қағидалар бойынша, үлкенді-кішілі қай халық болсын дүниежүзілік мәдинет қорына аз әлінше үлес қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық мәдинеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері де жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы мұра.

Халық қолөнері дәстүрлерін мәпелеп сақтау және олардың сан алуан салаларын қазіргі жағдайда творшествалық түрде дамыту мәселесіне ұдайы көңіл бөліп келеді. Мәселен, Кеңес Өкіметі жылдары 1966. 1968, 1975 және 1968-жылдары халықтық көркем өнер кәсібін дамыту мәселесіне арналған қаулылар қабылданды. Бұл қаулыларды халықтың күнделікті тұтыну заттарын өңдіру ісін одан әрі арттыру, жергілікті жұртшылықтың ұлттық ерекшеліктерін ескеру, әсіресе, қолөнер кәсібіеің өнімін молайтумен бірге өнім түрлерін де мейлінше көбейту мәселесін көтерді. сондай-ақ, халықтың қолөнердің ағаш, тас, керамика, металл түрлерін көркемдеп өңдеу, кілем тоқу, кесте тігу сияқты сан алуан дәстүрлі түрлерін мұқият зерттеп, оны жаңа жағайға ыңғайлап дамыту шараларын белгілеп береді. Осы қаулыларда көрсетілген нұсқауларды орындау барысында Қазақстанда көптеген көркемөнер кәсіпорындары іске қосылды. Оның ішінде Алматыдағы Сувенер, Түс киіз фабрикалары мен Эксприментті көркем керамика заводын және басқаларды айтуға болады және Қазақстанда халықтың қолөнері негізінде маманданған он шақты өндіріс кәсіпорны, көптеген чехтер ашылды. Х1Х-ғасырдың - жартысында Ш. Уәлиханов, Муса Шорманов, Мухаммед-Салық Бабажанов Құдабай Қастақаев сияқтықазақ авторлары халық өмірін этнографиялық тұрғыда қарастырып, бірқыдыру еңбектер жазды. Оларды қазақ қолөнеріне байланысты біраз деректер берілді.

Қазақстан жеріндегі архитектуралық ескерткіштер түрлерін зерттеуде де соғыстан кейінгі жылдарда біраз жұмыстар жасалды. Атап айтқанда Т. К. Бәсеновтың Батыс Қазақстандағы архитектукралық ескерткіштер туралы жазған еңбектері мен М. М. Меңдіқұловтың Маңғышылақ пен Батыс Үстірттегі архитектуралық ескерткіштер туралы жазған кітабынан тас өңдеуөнеріне байланысты құрды деректер табуға болады. Қазақ халқының киіз үйі туралы академик Ә. Х . Марғұланның көлемі шағын еңбегімен М. С. Мұқановтың Альбом-кітабы, сондай-ақ, қазақ өнері мен қол өнері туралы Н. Нұрмедхамедовтың еңбектері жарық көреді. Олардың әрқайсысы өнер тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.

Қазақ халқы өнер адамдарын кейінгіге үлгі өнеге етіп, күнкөрісте шеберлікте, қолөнердің құпиясын, қыр-сырын толық меңгеруі үшін баланы жастайынан баулып, өнерге икемдеп тәрбиелеген.

Балалардың халық шеберлерінің бұйымдарын сүюге, патриоттық сезімін қалыптастыруға, әр түрлі ескіден қалған бұйымдарға қашқорлықпне қарай білуге үйретуде қолданбалы қолөнердің зор ықпалы бар. Халықтың және қолданбалы қолөнерді танудың педагогикалық құндылығы мынадай маңызды себептермен түсіндіріледі өнердің бұл түрінің шығармалары оқушыларда қоршаған ортаны қабылдаудың белгілі бір мәдинетін қалыптастырады, эстетикалық қарым-қатнасының қалыптасуына себепкер болады, өнердің басқа түрлерін көркем көрсете біліп, тереңірек түсінуге көмектеседі. Оқушының көркемөнерге бейімділігін практикалық жолға бағыштау өткен ғасырлар мен қазіргі уақыттағы қолданбалы қолөнер туындыларының эстетикалық құндылығын ашуда әртүрлі өнер салаларының байланысы өзінің үлесіне қосып жүр.

Әшекей -өрнек өнерінің бір мәндерінің өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдинеттерін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді -дейді. Сондай-ақ, Пазырық қарағанынан табылған, біздің заманымыздан бұрынғы 2-мың жылдықта жасалынған кілемдер, түскиіздер, құмыралар, сәндік әшекей заттардағы ою-өрнек өнерінің жалғасы істетті .

Бұдан қоса осы тұста қолданбалы өнерде зоморфтық стильде басым қолданылады. Сол сияқты, осы кезеңде қолөнер бұйымдарына гиометриялық өсімдік тектес ою-өрнек түрлерінің жиі салынғандығын берел обасынан табылған әшекейлер дәлелдейді.

Қазақ халқы ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерін балаларына үйретуде ауыз әдибетті шығармашылығын кеңінен пайдаланды. Мәселен Өнердің күші ертегісінде ақылды қыз Дүрияның ханның баласы Ыдырысқа қолыңнан ешнәрсе келмейді, қолөнерінің бір түрін үйренбесен мен саған күйеуге шықпаймын. Бірде-бір қолөнерің үйренбеген адам ол бақытсыз. Адам қолөнеріне меңгергенде ғана басқа шынға көтеріліп ағынға қарсы жүзе алады . . . -деп айтуының қолөнерінің адам өміріндегі қаншалықты пайдасы аңғарылады. Одан әрі ертегі де осы сөздердің мағынасы ашыла түседі. Дүрияға үйленгісі келген Ыдырыс бас киім тігу өнерін үйренеді. Кейіннен Дүрия Ыдырысқа бас киімге өрнек салуды көрсете отырып, әрбір ою белгісі бір әріпті сөзді білдіретінін түсіндіріп, бұл өнердің бір күндерде бәрі бір қажет болатынын айтады. Осыдан біз бір ғана ертегіден ою-өрнек өнерінің қаншама тәлім тәрбиелік тұстары байқалып отыр

Ұлттық тәрбиені талдағанда қазақ халқының бұрын соңғы даналарының ұлағатты сөздеріне жүгінсек ағаштан түйін түйген, темірден түрлі құйма жасай білген зергер ұсталары мен ата-әжелеріміздің қазақ топырағына тән бірегей қолөнеріне соқпау мүмкін емес. Халқымыз күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырған.

Қолөнердің түрі көп. Жүнен, киізден жасалатын бұйымдар, өрнек тоқу, тері өңдеу, ши тоқу, кілем тоқу кесте және көркем тігу зергерлік өнер тағы басқа.

Қазақ қолөнері ғасырлар бойғы көркем ой. Халық талғамымен үздіксіз дамып келеді. Халық шеберлерінің танымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді.

Қолөнерімен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады.

Шебер-ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.

Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.

Қазақтың ұста зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, термелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын-күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асыл тастардан көз салынған шолпылар меншашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер. Қазақ халқының кесте өнері біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, қайып тігу болып бөлінеді. Біз кесте шым және әредік кесте деп екі түрге бөлінеді. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдық бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан үй жиҺазының басты бір түрі жүкаяқ пен ағаш төсек. Жүкаяқ дегеніміз-төрт сирағы, үстіне көрпе, жастық тағы басқа жүк жинайтын тұғыр ағаш. Ағаш төсек-жатып демалу үшін пайдаланатын үй жиҺазы.

Қазақ халқында ағаш төсектің үш түрі кең тараған. Олар; Екі басы қайқылау келген. төрт сирақты ағаш төсек; Екі басы қайқылауалты немесе сегіз сирақты ағаш төсек. Бірақ жақ басы сүйеніш қарапайым төрт сирақты ағаш төсек.

Ағаш адам баласы тұтыну құралдарының негізгі матиралы болып табылады. Өйткені бүгінге дейін үй жиҺаздарының басым көпшілігі ағаштан жасалды. Сондықтан ағаштың тұрмыс тіршілігімізде алатын орны ерекше. Оймашы шеберлер төсек, жүкаяқ тағы тасқа . Үй жиҺазын жасайтын кезде ең алдымен оған қажетті ағаштарын әсірлеп алады. Ал жиҺаздарды жасау жұмыстарында жұмыс түріне қарай арнаулы құралдарды пайдаланады.

Ағаштан жасалған бұл жиҺаздарды көркемдеу үшін оның бетіне сүйектен, темір, күміс, мыстан ою-өрнектер салған. Ағаштың өзіндегі өрнектік қасиетті орынды пайдаланған жөн.

Шеберлер қасықпен тостағанды ойғанда ағаштың табиғи өрнегін көркемдік тәсіл ретінде ұғымды пайдаланған.

Ағаш ою дегеніміз кез-келген бұйымды ағаштан шауып, ойып жасай салу емес. Ол нағыз үйлесімдік шығармашылық жүйені талап етеді. Әрбір ағаш шеберінің ағаш өңдеуде өзіндік тәсілі, қол таңбасы болады.

Ағаш оюды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп екіге бөлеміз. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетін өрнектеуді. яғни ағашқа бедерленетін бариельвті атауға болады. Бедерлеп оюдың өзі орындалу тәсіліне қарай қиып ою, кертіп ою деп атайды.

Тұтас жұмыр ағаштан жасалатын бұйымдар өрнектеу тәсілі жұмыр ою деп аталады.

Ағаш ұқсату.

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ғаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын оры ерекше Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылдыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдарының түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арабшы, ұста деп даралады. Ал бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібіне басқа да уақтүйек бұйымдары көптеген түрлері металл және сүйек өңдеу кілемде айналысты.

Үйшілер өнері.

Ағаш өңдеу өнерінің ішінде аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды керек ететін түрі-киіз үй сүйегін жасайтын үйшілердің ісі. Мұны халық тілінде, үй басу деп те атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың қолданбалы өнері
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
Қазақ халқының тарихына шолу
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Уақыт және тарих
Қасым ханның қасқа жолы заңдары
Қазақстан азамат соғысы жылдарында туралы мағлұматтар
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Елбасының қазақ әдебиетіндегі бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz