Зергерлік өнер


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Зергерлік өнер

Қазақ халқының мәдениетінен ерекше орын алатын өнер-зергерлік өнері. Қазба жұмыстарының нәтижесіндегі деректерге үңілер болсақ, бұл өнердің тарихы мыңдаған жыл әріде жатыр.

Қола дәуірі кезінде жасалынғанзергерлік бұйымдары формасының ерекшелігімен, Есік облысы Бесшатыр, Шілікті қорғандарынан және «Қорғалы қазынасына» жататын алтын әшекейлер зергерлік өнердің шын мәніндегі асыл мұралар болып есептеленеді. Бұл өнердің қыр-сырын әбден меңгерген зергерлік өзінен кейінгі ұрпақтарға үйрете отырып ата кәсіпті жалғастырып отырған. Зергерлік бұйымдар халықтың көркемдікке, әдемилікке деген жалғасмын қалыптастырып, рухани жом дүниесін байытты, ерлікке бастайтын жаң мазмұнды өнер адамдарды еңбекке баулады.

Қазақ зергерлік сәндік бұйымдарды түсті металдардан жасады. Көптеген сәндік бұйымдар мысалы, алқа өңіржиік, жүрік, белбау, ғана түйме т. б. сияқты кең тараған әшекейлер күмістен соғылған. Ал, ерлерге арналған бұйымдар алтыннан, күмістен жасалған. қазақ шебері сәндік бұйымдар жасау үшін алтын, күмісті өздері өндіре алмаған. Оларды Ресей, Қытай мемлекеттерінен сатып немесе айыр басқа алып отырды. Күмыс бұйымдарды жасауда халық шеберлері көптеген тәсілдерді қолдана білген оның ішінде: отқа қыздырып соғу, бізден безеу, күмістеу, оймалау, алтын денекерлеу, асыл тастардан көздер орнату және т. б.

Әшекей беріне қондырылған асыл тастарды халық тас немесе көз деп атаған. өйткені, қондырылған бұйымның көз тиюдан алдын ала сақтайтын киелік қасиеті бар деген сенім болған. Шығыс халықтарының бәріне асыл тастардың қасиеттері туралы ұғым кең тараған. «Ақық тас» жүректің толқуын басып, дүшпаныңа құсты болуына игі әсерін тигізеді. Егер жаңында ақық тас барда жаңа туған айды көрсең, келесі айда сәттілік, кеңелетіндігінің білгісі деп білген. Қазақ халықының тұрмыс дәстүрінде асыл тастардың қасиетіне сенулілік әлі де болса сақталып келеді.

Сонымен қатар қазақ халқы әйелдерге арналып жасалатын әшекей беттеріне жүргізілетін ою-өрнектің қасиеті мен киелілігіне сенген космогониялық, геометриялық, өсімдік тектес және жан жануарлар «хайуанаттарды» бейнелейтін өрнектердің де мән мағынасы әр түрлі. Мысалы: геометриялық өрнектердің үш бұрыш бейнесі бойтұмарларда көбею, өсу және тіл көзден сақтайды деген мағынасын білдіреді. Ал Ромб формасы әшекейдің сәнділік элементтерінің бірі.

Космогониялық өрнектер де жақсы ырым мен сенімдерге толы. Мысалы, сырғаларда, қапсырмаларда, билғары белдіктің жағаларында алдың бейнесі бейнеленген. Түйме, ілгіш жүзік секілді сәндік бұйымдарда күн бейнесімен орнектелген.

Өсімдік гүл тектес өрнектер . Қазақ халқы бұл өрнектерді бейнелеуде өзінен тарайтын ұрпақтары көп болады деп білген. Сондықтан гүлдің жапырақтың өрнектері слынатын өңір жиек, сәулелі тойларда киетін болған.

Жан-жануар хайуанаттарды бейнелейтін ою-өрнек . Қошқар мүйіз өрнегі ол пәле жаладан сақталу, қорғаныштың, бақытқажетелеу, байлық мол басың молаюын білдіреді деген тілекпен туындаған.

Қазақстанның Оңтүстік және орталықтарында тыныке әдісімен өңдеу көп кездеседі. Бұл әдісте бұйымдар бетіне салынған іздері шына үгіндісін ерітіп құяды. Ал, суыған соң бұйым бетін егеумен өңдеп әрлейді.

Қазақ этнографы Э. А. Масановтың зерттеу бойынша күміс бетіне қарала жүргізу өнері қазақ даласында ХІІІ-ХVІ ғасырда пайда болған. Құрамы ара салмағы аралас болатын күміс, мыс қорғасын және күкірт қоспаларын араластыру арқылы пайда болған қоймалжың затты күміс бұйымдарының бетіне жүргізілетін ою-өрнек ізінің үстіне себеді де оны қайта қыздырғанда бұйыммен бірге қатады. Суыған соң бетін түрлі әдістермен (егеумен, былғары немесе киіз ысқышпен) әрлейді.

Күміс шабу тәсілін темірден соғылған әртүрлі әшекейлер бетіне немесе ер турман әбзелдерін сәндеп әрлеу үшін қолданған немесе ағаштан жасалатын көптеген үй бұйымдарының безендіріп оюлы темір әшекейлер беттеріне күміс шабады. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарына ежелден бәрі есеңінен қолданған тәсілдердің бірі. Күміс шабу темір әшекейінің бетіне ою-өрнектер оюлап күміс қобық сырылғанда ар жағынан темір көрініп турады. Бұл әдіс «жалған қаралау»-деп аталды.

Күмістен жасалған бұйымдарының адамдарға егілі әсер ететін айрықша қасиеті бар екенін қазақ халықы ежелден ақ білген. Күміс тағумен ғана шектелінген, нәрестені шомылдаруында суға күміс теңге тастап, баланың күні күмістен жарық ьолсын деп жорамал жасаған.

Жолып, түйреуіш, қоасырма, білезік сияқты әйелдерге арналған шоғын күміс әшекейлерді сымкәптеу тәсілімен жасады. Сымкәптеу әдісімен жасау үшін таза оқ күмістен арнайы темір қалып арқылы жіңішке сымдар сазланып жоғардағыдай әшекейлер жасады.

әйелдерге арналып жасалатын әшекей бетіне Қазақстанның Оңтүстік, Оңтүстік Батыс өңірлерінде іркелеу тәсілі жүргізіледі екен. Білезік сақина, жүзік сарыс сияқты әйел әшекейлерін қазақ зергерлері таза алтыннан сыққан, сонымен қатар құю әдістерімен де жасаған. Күміс әшекейлер беттеріне - алтынмен баулау, алтын жалату немесе қақталған жұқа алтынмен көркемдеу Қазақстанның Батысы мен Оңтүстік жиірек кездеседі.

Құйма алтын, құйма күмістен жұмыр домалақ қырлы төртбұрышты және т. б. бейнелердегі заттарды жасайды. Қалыпқа құйып бедерлеу үшін, алдынмен алтын күмісті ерітіп күміс ожау, алтын, қасық, сағат, қаптары сияқты заттарда істеледі. Халық дәстүрінде «Құйма алтын» мен құйма күмісті үлкен мұра, асыл қазына деп есептеген.

Халық шеберлері алтын мен күмісті өрнектеу үшін қалыптар жасады. Бұл қалыптарда қалайыдан, жезден, қорғасыннан, немесе майдаланған саз балшықтан, қатты ағаштан және мүйізден жасады. Ал өрнекті қалыптың ішкі бетіне немесе өрнекті оюны қалыпты өрнекке қаптады, қалыпқа құйылып шыққан алтын немесе күміс сол қалыптың ішіндегі өрнектерін бедерлеп шығады. Қазақ зергерлік сақина, білезік сырға, жұмсақ матамен ысқалап жалтыратады.

Білезік -әйелдерге арналған әшекейлердің бірі. Қазақстанның әр өңірінде күмістен соғылған білезіктер әр түрлі болады. Күмістен немесе таза алтыннан жасалатын білезекті қыз-келіншектреге орта жастағы әйелдер және аналарымыз да қолына салады. Жұмырланып және төрт қырланып соғылатын білезіктер негізінен, Қазақстан Шығыс мен Оңтүстік шығыс ауданыда ал өте көлемді сырты алтынмен буланатын көзді білезіктер батыспен Оңтүстік Шығысда көп кездеседі.

Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің түрлері көп:

Олар:

  1. Тапсалы білезік;
  2. Қалқа білезік;
  3. Үзбелі білезік;
  4. Кавказ білезік;
  5. Көзді білезік;
  6. Жұмыр білезік;
  7. Қос білезік;
  8. Орама білезік;
  9. Өрме білезік;
  10. Бес білезік;
  11. Бұрама білезік.

Білезіктерің аталуына қарай олардың бетіне жүргізілген өрнектерде түрліше болады.

Тапсалы білезік екі басын тапса арқылы түйістерін жабуға ортасынан екіге қойырып алуға болатындай етіп күмістен, алтыннан жасалады.

Қалқа білезік жұмыр іші өте қуыс, болғандықтан жеңіл әрі әдемі болып келеді.

Үзбелі білезік ілмек , доғабас, дөңгелек сияқты етіп бөлек-бөлек күмістен алтыннан үзбелеп жасалады.

Кавказ білезік. Кавказ халықтарының ауысқан бұл білезікті кейде қара ала білезік деп те атайды. Кавказ білезіктің күміс қара ала болып көріну себебі оның ақ күмісіне қара көк түсті өрнек жүргізіледі.

Көзді білезік күмістің немесе алтынның бетінің бедерлі ернеулеріне түрлі түсті асыл тастардан көз орнатып жасалады. Ернеудің өзін түрлі әдістерінен өрнектеп әшекейлейді.

Жұмыр білезік. Жұмыр күмістен иіліп білезік салатын кісінің қалауынша жуандығын әр түрлі етіп істелінеді. Екі басын түйістірген шығыр формасындай етіп кейде қолдың басынан білекке қарай киілетіндей қылып жасайды. Жұмыр білезіктің жақсы өрнектерін қалыпқа құйып, соғып, егеп иеді. Сыртын неғұрлым нәзік және сирек өрнектермен қоспаға түйіскен екі басын қою шытырман өрнектермен әрлейді.

Қос білезік . Мұндай білезік алу Солтүстік Қазақстанда көбірек кездеседі. Үстіңгі беті қатарласқан қос жұмыр болып, жалпақ бауырлы тұтас келеді.

Орама білезік. Ортасына өсімдіктер, жануарлар, геометриялық фигуралар тәрізді етіп күрделі өрнектер жасап екі шеті алтын мен көмкеріліп сызықталады.

Өрме білезік. Мұндай білезіктің бетіне «Қазтабан», «Жүрекше», «Қосырғақ» өрнектерінің бірін жүргізіп сәндеп дайындалған жуан алтын күміс жіптерді өріп құрастырып жасайды.

Бес білезік . Бұл білезіктің екі бсып түйісіп түймелеп, бауыр сырты жалпақ, сағат болу сияқты болады. Білезіктің сыртқы жағында күмістен немесе алтынан шынжырлап қойып бес сақина бар білезік сияқты сақиналарға да асыл тастардан көздер орнатып әсемдеп өрнектейді. Білезікті солардан бұрын алдымен сақиналарды бес саусаққа киіп алып екі басын қайтадан түйістіріп түймелеп қояды.

Бұрама білезік . Бұл білезік түр жағынан жарасымды. әрі жасалу жағынан да өте оңай. Бұрама білезіктің үстіне асыыл тас көздер орнатып, екі басына әр алуан өрнектері бар бунақтар, бұршақтар, жиектер келтіріп, жұмыр күміс шыбықтарда қосып бұрау арқылы әшекейлеп істеледі.

Сақиналар мен жүзіктерді салтанатты жиындарда, тойларда ғана емес күнделікті тұрмыста да әшекей ретінде таға береді. Сақина жүзікті тек әйелдер ғана емес ер кісілерде тағады. Бірақ әйелдер бармақ саусағына екі үштен қосарланып сала берсе ерлер 1 ғана саусағына біреу-ақ салатын болған.

Отау жүзік, қос мұрын жүзіктердің беті, шиыршық өрнекті бұдарлы болып келеді, ал ортасына қондырылған тасы тасбақа секілді болғаннан кейін тасбақа жүзікте сақина түрінің бірі болған.

Шығыс халықтарының сенуі бойынша әйелдердің қолында міндетті түрде жүзік немесе сақина болуы тиіс.

Құдаға жүзікті өте көлемде және аса сәнді етіп Қазақстанның Батысы мен Оңтүстік Батысында жасалады. Құдағи жүзік деп аталу себебі Ұзатылған қыздың енесіне яғни құдағиларына бір жылдан соң тарту ету үшін арнайы жасатады.

Жүзікке қарағанда сақинаның жасалу жолы оңай өйткені сақинаның сыртынан бізден безеу, опқымен шеку әдісімен қарапайым ою-өрнектерден басқа еш нәрсе жүргізілмейді. Ал жүзіктің жасалу жолы анағұрлым күрделі әр түрлі асыл тастардан тұмсық, көз секілді өрнектерді жүзіктің үстіңгі бетіне өрнатып әдемі етіп әсемдейді.

Сырғалар. Сырғалар жалпақ өрнекті немесе іш жағы ойық болып келетін ай сырғалар көп тораған. Сырғаның мынадай түрлері бар; айықты сырға, ай сырға, тасты сырға, тұмарша сырға салпыншақты сырғақолы сырға, алтын күміс сырға, қарала сырға қоңырау сырға мықты сырға, күмбезді сырға, салу сырға. Сырғалардың қандай металданжасалатын сыртқы көрінісіне, жасалу тәсіліне қарай атауларына қарай қалыптасқан.

Шолпы. Қазақ халқының бой жеткен қыздары мен жас келіншектерінің сәнді әшекейлерінің бірі. Шолпаны егде тартқан әйелдер тақса ерсі болып көрінген. Шолпының салмағының әсерінен шаш ұзын болып өседі дпжәнеоны сәнді әшекейінің бірі ретінде таққан. Қазақ арасында шолпының жалпыға бірдей кең тараған түрлері өте көп.

Олар: Қоңыраулы (сылдырмақтан) шолпы, қозалышолпы, қос үзбелі шолпы, сағат шаш теңге, шашбау, шашқап.

Қоңыраулы шолпы . Күмістен жасалған бір-бірінен тізбектелген бірнеше ромбы бейнелес құтышалардың ішіне сылдырмақтар салынады да сырты әр алуан өрнектермен безендіріліп, бұрыш-бұрышына меруерт моншақ, теңгелерден салтыншақ үзбеленеді. Құтышылар мен салпыншақтың көптігіне қарай шылдырлап, сылдырлап дыбыстар шығарып тұрады.

Қозалы шолпылар да домалақ қозалардан көптеген салпыншақтардан үзбеленген ромбы тұмаршалардан тұрады. Әр түрлі ең моншақтармен қозалардың сабақтары жасалып, оны таналармен, сабақты түймелермен түрлі-түрлі теңгелермен әшекейленеді де сырғалардағы ою-өрнектер кавказдалады. Сонда неше түрлі асыл тастар күн көзіне шығылысып нұрланады да сол алуан сәулелер мен құлпырып тұрады.

Үзбелі қос үзбелі шолпыларды жасау үшін арнайы әшекейлеп соғылған шаш теңгелермен ақша теңгелерді біріне-бірін үзбелеп жалғастырады да әр бұрымға екі бөлек немесе төрт бөлек етіп жасайды.

Көзді шолпылар . Әр түрлі сопақ табақшалардан құралып, алақандары екеу үшеу төртеу болады. Жіңішке сым күмістерді алтындарды өрмелеп тоқымалап, ернеулерін ескен алтынмен көмкеріп ортасына тас қою арқылы табақшаларды сәндеп ажарландырады.

Сағат баулы шолпы . Табақшаның көбінесе жалпақ алтын күміспен өрнектеудің көзді немесе көзсіз болып келеді. Шығыс Қазақстанда мұндай шолпылар көбірек кездеседі.

Шашбау. Ортасына асыл тастардан көз қондырып теңгелердің тізбегінен тұрады да бір-біріне сым үзбелер арқылы жасалады. Салпышақтар бір-біріне төгіліп шылдырлаған сылдырлаған дыбыстар шығарып тұрғанын Қазақты «Сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосар»-деген сөз де бар.

Шашқап. Шашқапты негізінен көк жасыл, қызыл, қара, түсті мақпалдан жасалып екі басы алтыннан, күмістен зерленіп немесе кестеленіп, шашы күнге күйіп сынудан, шаң-тозаңнан сақтау үшін және жүн сабау киіз басу, ши тарту, үй тігу, мал сауу сияқты жұмысқа раласқан кезде киген.

Алқа. Қазақстанның Батыс және Оңтүстік Батыс өңірлерінде алқаның аса әдемі аса күрделі түрлері кездеседі. Бұл әшекей бір-біріне шығыршық арқылы жалғасып төрт бұрышты әшекейін құрастырады да ортасына және жиектеріне асыл тастар орнатылады. Әбден жұқарған күміс қабатының ішін қуыстап, ортасына ақ балшық толтырадыда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың зергерлік өнері
Зергерлік әшекей бұйымдар
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Әлем тарихындағы зергерлік өнер
Зергерлік өнердің зерттелу жайы
«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы
Қазақ зергерлік бұйымдарының түрлері
Зергерлік өнердің тарихы
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
Зергерлік бұйымдар сыры Қазақ зергерлік бұйымдарының шығу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz