Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі - Ә.Қастеев

Әбілхан Қастеев (1902—1973) — Қазақстанның халық суретшісі. Ол бұрынғы
Талдықорған облысы Жаркент ауданындағы Шежін ауылында дүниеге келген. 1921-
1932 жылдары Алматыдағы И.Г.Хлудовтың студиясында, 1934-1937 жылдары
Мәскеудегі Н.К. Крупская атындағы Халық шығармашылығы үйі жанындағы
көркемөнер студиясында оқып, көркемөнерге деген бейімділігін шыңдай түседі.
Ә.Қастеев өзінің алғашқы суреттерін туысқандары мен жақындарының шағын
портреттерін салудан бастаған. Сол кездің өзінде, суреттерінде жеке
бейнелердің мінездік ерекшеліктерін айнытпай бере білді. Ағасының,
қарындасының, С.Қисықбаевтың портреттерін қырынан, біркелкі күңгірт фонда
салған. Тігін үстінде, Көк камзолды қыз сияқты жанрлық портреттері
шуақты ашық кеңістікте алынған. Олар өмір шындығына сәйкес дәл бейнеленген
көркем туындылар болып табылады.
Автопортрет деген шығармасында байырғы Түрксіб құрылысшыларының бірі
— Ә.Қастеевтің сол кездегі түр-тұлғасы дәлме-дәл бейнеленген: үстінде жұмыс
киімі, басында тымақ. Оның қадала қараған көзінен қарапайымдылық пен
қайырымдылық, сезімділік байқалады. Маңдайындағы терең қатпарлар, жақ
сүйегі мен иегіндегі әжімдері оның ерік-күшінің молдығын, табандылығын
танытқандай. Портреттің жалпылай жарасымды бітімі, бояулардың жұмсақтығы,
бейненің толыққанды, тартымды болып шыруы көрермендерді бірден баурап
алады.
Ә.Қастеев алады.
Ә.Қастеев. "Ғани Мұратбаев"
Қазақ халқының өміріндегі түбірлі өзгерістер Ә.Қастеевтің көз алдында
өткен. Оның жеке басының тағдыры сол өзгерістермен терең тамырлас,
суретшілігі де туған республикамыздың өмірімен бірге өсіп-өркендеді. Халық
өмірі көріністерінің сан түрлі қырларын қырағылықпен салыстыра бақылай
отырып, біраз шығармалар тудырды. Олар: Тасаттық кезіндегі молда, Радио
тыңдаушылар, Кедейге ескі мектепте орын болмадыә, Мектепке, Бай мен
кедей қудың басында, Сүт машинасы, т. б.
Ә.Қастеев ескі тұрмыстың кемшіліктерін көрсету үшін сюжеттер тауып,
соған лайық солғын бояулар қолданған және суреттің өн бойынан автордың
кекесінді мысқылы айқын аңғарылып тұр. Мысалы, Сатып алған қалыңдық деген
суретінде бір байдың қалың малға сатып алған жас қызды тау ішіндегі жолмен
өз ауылына әкеле жатқан сәті бейнеленген. Жаны сүймеген адам жаққа көз
салғысы келмеген қалыңдықтың теріс қарап алып мұңайып келе жатқан сәті
суреттелген. Мұнда әрбір адамның көңіл күйі айқындалып, шынайы берілген.
Қазақстанда болған барлық жаңа құбылыстарға суретші әрқашан сергек үн
қосып, көркем қолтаңбасын қалдырды. Колхоз тойы, Колхоздың сүт фермасы,
Жаңа тұрмыс деген жұмыстары үй-үйде пайда болған жаңа жасауды, электр
қуатының халық тұрмысына енуін, тұңғыш рет радио тыңдап отырған үй ішін,
сауатсыздықты жою мектебіне кетіп бара жатқан қыз-келіншектерді бейнелейді.
Ә.Қастеев көп жылдар бойы Амангелді Имановтың портретін жасаумен
шұғылданған. Оның көзі тірісіндегі суретінің жоқтығы образ жасауды
қиындатады. Халық батырының бейнесін оның үзеңгілестері мен туыстарының
айтуы бойынша жорамалмен салуға тура келеді. Жүздеген үлгілері мен
нұсқаларын жасап болған соң ғана Амангелдінің ұқсас бейнесін тауып, көркем
шығарма тудырады.
Суретші Ә.Қастеев шығармашылық жолын жалғастыруда Қызыл армияның
құрылуы, Қазақ көтерілісшілері, Амангелді еңбекшілерді митингіге
шақырудаә, Амангелді шабуылы, Торғай жорығы сияқты акварельдер және
майлы бояулы көлемді туындылар жасады. Әр жылдары жасалған Амангелді
портреттері сериясына қарай отырып, суретшінің өзіне талап қойғыштығын және
тақырыпқа әуестігінен барып туған ізденістерін бақылай отырып, осы
қасиеттеріне баға беруге болады.
Бейнелеу өнерін дамытудағы зор қызметі үшін 1944 жылы Ә.Қастеев Қазақ
КСР Халық суретшісі деген құрметті атақ алды. Туған ұжымшарының өміріне
арнап Еңбек ерлерінде қонақта, Жайлауда кілем тоқушы, Ауыспалы Қызыл
ту тапсыру деген шығармалар салды. Ә.Қастеев табиғат көріністеріне
арналған суреттерінде нағыз шеберлік пен образды бейнелеудің шыңына
қөтеріледі. Суретші Советтік Қазақстан, Қазақстан жерінде, Тың жер
сияқты, бірқатар пейзаждық-тақырыптық сериялар тудырады. Күн күйдірген
шөптер мен ыстық, сарымды, аспанды әдемі суреттеп, алтын астықты дала мен
жаңа техника туралы әңгімелейді. Бұл серияға Қызыл отау, Таулы жердің
тыңын көтеру, Шалкөде жайлауы, Егін орағы, Алтын дән, т.б.
шығармалары енген. Олардың бәрі ой тереңдігімен, бейнелеу дәлдігімен,
типтілігімен, табиғат жағдайын нәзік көрсете білуі мен ерекшеленеді.
Алматы маңындағы Медеу мұз айдыны жайында 1954 жылы Ә.Қастеев Биік
мұз айдынында, Мұз айдынына баратын жол деген кескіндеме суреттері мен
Биік таудағы мұз айдыны aтты акварельдерін салды. Ә.Қастеев табиғат
көріністеріне арналған суреттерінде нағыз шебер бейнелеудің шыңына
көтерілді.
Нәзік лиризмге толы мұндай суреттер өзіндік бейнелеу тәсілімен еріксіз
таңырқатады. Бояудың бір-біріне қарама-қарсы түстерін пайдаланудан қашып,
суретші өзі салатын жердің бедерін мұқият зерттеп, полотнодағы
кескіндеменің мүмкіндіктерін ашуға тырысқан, Суреткер үнемі шеберліктің
жаңа бір қырынан көрініп көрерменнің жүрегіне жылы тиеді.
Ә.Қастеев еңбектерінен поэтикалық әуен мен лиризм, жылы мейірім,
адамға және оның еңбегіне деген құрмет әрдайым айқын аңғарылып тұрады.
Өмірінің соңғы жылдарында ол Маңғыстау тақырыбына арналған шығармаларын
салумен айналысты. Қапшағай СЭС-інің құрылысы туралы бірқатар туындылар
жасады, Түрксіб (қосымшадағы 9-сурет) және Алғашқы, поезд атты
туындыларын қайта өңдеп салды. Амангелді сарбаздары деген тарихи
полотносында Торғай оқиғасының тақырыбына тағы да оралады.
1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz