Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ғылым мен білім беру жүйесіндегі
озықтық ұстанымдарды жүзеге асырудың бір жолы – өнер тұрғысындағы
үрдістерді іске қосу.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік құқығына ие болған күннен бастап,
қоғамдағы қарым-қатынасты ізгілендіру, демократияландыру үрдістерін
түбегейлі іске асыру барысында қазақтың халық педагогикасындағы
этномәдениетке баулудың дәстүрлері жаңғыртылып, тәжірибеге қайта ендіру
мәселесіне қолайлы жағдай туғызды. Өкінішке орай, халықтық мәдениет
ішіндегі эстетикалық, этикалық және ұлттық сана-сезімді азаматтыққа
тәрбиелеуге сал-серілердің өнері және олардың шығармашылығымен ықпал
жасауда педогогика ғылымында ескерусіз қалғаны зерттеу үдерістерінде
байқалады. Сондықтан, өткенді ғылыми тұрғыдан танып білуде мұрағат
материалдарын жас ұрпақтың, оқушылардың, тәрбие алушылардың таным-
түсінігіне сәйкестендіре отырып, мектеп бағдарламаларына, оқулықтарына
толыққанды енгізу мәселесі көкейкесті болып отыр. Халықтық педагогика
кемелдікке тәрбиелеуді ғасырлар бойы елегтен өткізген тағылым мәйегі болып
танылады. Бүгінгі таңда сонау Күлтегін ескерткішінен бастап, қазіргі
заманға қатысты халықтық мәдениеттің барлық салаларына елең еткізер
көптеген материалдар, хаттар, деректемелер, естеліктер, күнделіктер және
т.б. жазбалар сияқты маңызды нысаналар жарық көруде. Демек, қазіргі заман
талабына сай дәстүрде этномәдени арқылы білім беру және тәрбиелеуді дамыту
тұрғысында іске асырудың жолы – педагогика ғылымдарында теориялық-
дидактикалық мәнде жеткіліксіз зерттеліп, нақты шешімін таппай келеді. Сал-
серілік дәстүр арқылы этномәдени білім беру мен тәрбиелеуді дамыту
тұрғысында аймақтық құрамдардың орны және бұл мәселенің теориялық түбірінің
жеткіліксіз зерттелуі; білім мен эстетикалық тәрбиені дамытуға бағытталған
мемлекеттік құжаттарды анықталғандай педагогикалық-психологиялық жаңа
талаптарға сал-серілік дүстүрде этномәдени білім беру мен тәрбиелеуді
дамыту стандартқа дидактикалық тұрғыда мазмұнын саралап, жүйелеу арасындағы
қарама-қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындап, қазақ халық
педагогикасындағы сал-серілік дәстүр этномәдени тәтбие берудің негізі
деген тақырыпты таңдауымызға себеп болды. Біздің зерттеу жұмысымыз сал-
серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың атауы мен
педагогикалық ұстанымға қосқан тағылымдық үлестерін зерделеуді көздейді.
Сол себепті біз зерттеу нысанымызға сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени
тәрбие берудің көне заманы тарихына - гносиологиялық мазмұндық сипаттама
береміз.
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының білім беру саласында сыныптан
тыс сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында сал-серілік дәстүр арқылы
этномәдени тәрбие беру маңызының мазмұны мен әдістері.
Зерттеу мақсаты: Мектептерде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени
тәрбие беруді іске асырудың жолдарын тауып,оның оқылуына мүмкіндік жасау.
Зерттеудің міндеттері: Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие
берудің тарихын зерделеп, оның ғылыми негізін жасау;
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласында сал-серілік дәстүр
арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісін жасау;
2. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдение тәрбие берудің
тұжырымдамасын құру;
3. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру тақырыбында
монография құру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазақстан Республикасы білім беру саласында
сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру үдерісін ұйымдастыруда
Отандық мәдениетті оқушылар игеріп, сыныптан тыс уақытта ұлттық өнердің
дамуын зерделеп, Отанын, ұлтын сүйетін өлең жырлардың сал-серілік дәстүр
арқылы этномәдени тәрбие берудің және ұрпақ тәрбиелеу идеясын басшылыққа
алу, сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің негізінде рухы
биік тұлға қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер мектептегі сал-серілік дәстүрде
этномәдени тәрбие беруді іске асырудың мазмұнын саралауды оның тарихи
дамуына жүгіндірсе, Қазақстан Республикасының білім беру саласына сал-
серілік арқылы тәрбие берудің тұжырымдамасы дайындалса, сал-серілік
дәстүрде этномәдени тәрбие берудің моделі құрылса, онда сал-серілік дәстүр
арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың амалдарын іріктеуіне
мүмкіндіктер туады, өйткені сал-серілік дәстүрде этномәдени арқылы тәрбие
берудің дамуы бүгінгі рухани құндылыққа сәйкес келеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеу жұмысының
әдіснамалық негізі таным теориясы, ғылыми танымның принципреті тарихилық,
объективтік, жүйелілік; жеке тұлғаның тәрбиелеу мен эстетикалық-этикалық
талғамды дамытуға диалектикалық тұрғыдан келу; сал-серілік дәстүр арқылы
этномәдени тәрбие берудің бағытындағы оның алатын рөлі туралы ілімдері;
психологиялық тағлымдар; сал-серілік өнерді меңгерген жеке, дара тұлғалар
туралы ілім; іс-әрекет теориясы мен тәрбиенің эстетикалық құрылымы туралы
ілім негізге алынды.
Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері:
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру және тәрбиелеу
тұрғысында зерделеудің ғылыми және педагогикалық тұжырымдамаларының
ілгерілеу динамикасы қамтылған тарихи – әдіснамалық, дидактикалық тұрғыдан
қарастырылды;
Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерге Қазақстан Республикасының
білім беру саласындағы сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің
мазмұнына құрылымдық сипатта талдау жасалды;
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру және оны дамыту
тұрғысында сонау ықылым заманнанбелгілі өнер тұлғаларының шығармашылығы
жинақталып, ондағы тәлімдік мәні бар тұстарына пайымдамалар түзілді, оның
эстетикалық-этикалық мүмкіндіктеріне болашақ болжамдар құрылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
1. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің ғылыми негізі
айқындалып, оның тарихы зерделеніп, ең озық түрлері іріктелді.
2. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
түзілді.
3. Мектепте сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске
асырудың үлгісі ұсынылды.
4. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру тақырыбында
монография ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
– Қазақстан Республикасының білім беру салаларына сал-серілік
дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іс-әрекетке енгізудің
амалы оқулықтар мен әдебиеттерден, мұрағат материалдардан,
құжаттардан соны мәліметтермен толықтыру, жаңалау қажеттілігі
дәлелденеді, оның стандарттағы білім көздеріне септігін
тигізетіні дәйектеледі:
– Зерттеудің теориялық негізі сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени
тәрбие және тәрбиелеуді дамытудың моделін жасауға алғышарт
болады;
– Зерттеу жұмысының тұжырымдары, нәтижелері оқу құралдарын, тәрбие
жоспарлары дәне әдістемелік нұсқайлықтар оқушылардың эстетикалық
білімін тексеру мен бағалау үшін үлгіретінде, оқу тәрбие
үрдістерінде қолданылуға мүмкіндік береді;
– Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асыруды
әдістер, зерттеу жұмысының теориялық негіздері, құрылымдары мен
үлгілері қазіргі білім беру салаларына қосымша ретінде педагог
ғалымдарға, аспиранттарға көмекші құрал және жоғары оқу деңгейін
анықтауға ықпалын тигізеді;
– Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін және жаңа типтік
мектептердің, басқа мәдени мекемелердің, оқу, оқыту процесінде,
ұстаздардың біліктілігін арттыру институттарының тәжірибесінде
іске асады;
– Біржантану арнаулы курсының бағдарламасы және Ақансері
өнерінің қоғамда алатын орны сахналық құрылысы құрылды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы, оның
ғылыми негізі;
2. Қазақстан Республикасының белем беру саласында сал-серілік дәстүр
арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі;
3. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің
тұжырымдамасы;
Қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени
тәрбие беру тақырыбындағы монография.
Диссертацияның құрылымы:
Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми аппаратты
(зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық-әдіснамалық
негіздері, әдістері) айқындалып, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және
практикалық мәнділігі ашылып, қорғауға ұсынылатын қағидалар түзіледі.
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық
негіздірі атты бірінші бөлімде сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие
беру үрдісінде тәрбиелеу деп қазақ халқында қалыптасқан өзіне тән дәстүрлі
шығармашыл орта болған. Ол орталар әртүрлі жанрлардан тұрған. Мәселен,
жыраулардың толғаулары, ақындардың айтысы, сал-серілердің думаны,
күйшілердің сазды, әуезді күйлері, қыздар мен жігіттердің айтысы, мал
иелеріне шығарылған жырлары, ақындардың бәйіттер және т.б. Сал-серілік өнер
арқылы тәрбие беру дегеніміз тек бір-екі ғасыр кеңістігін қамтитын ұғым
емес екені ескеріледі. Ол қазақ жұрты болғаннан бері жанрлық мәнде дамып
отырғаны зерделенеді. Нәтижесінде этникалық өнерден этникалық тарихы
құрылатыны байқалады. Өнер мектебінің зерттелімінің негізгі нысаны –
халықтық әлем, дүние, ғалам туралы көз алдына елестейтін суретінің
көрінісі. Тарихи кезеңдерін зерттеу пәнінің өзі екі негізгі типтерден
тұратыны ұсынылады. Бірінші кезеңді космоцентрикалық (дәстүрлі); екінші
кезеңді әлеуметтік орталық (қазіргі) деп көрсеткен. Этникалық философияның
өнерге деген қатыстығын зерттеу үшін жан-жақты біліктіліктің қажеттілігі
айтпаса да түсінікті. Мұнымен бірге зерттелген мәселелеріне жоғары
деңгейдегі жинақтау іс-әрекетін ұйымдастыру көзделді. Сал-серілік арқылы
тәрбиелеудің философиялық тарихын зерделеген бірқатар ғалымдарды атап
өткені де зерттелген үрдерістің нақтылық сипатын арттыра түседі.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асыру жолдары
атты екінші бөлімде қарап отырғанымыздай, сыныптан тыс оқу үдерісінде
жасөспірімдердің мектеп көлеміндегі алған біліктілігін кешегі өткен мәдени
мұра қорымен толықтыруға аталғандай бағалап, сал-серілікке кешегі кеңестік
дәуірде қалыптасып қалған көзқарастар кедергі келтіріп, өнердің біліми-
ғылыми сипатын төмендетуге бірден-бір қырсықты тұжырым болғаны
анықталады.
Сал-серілік дәстүрдің шығу тегін зерделеудің өзі педагогика саласында
айрықша қиындық туғызатыны зерделенеді. Біржан сал мен Ақан серілерге
дейінгі дәуірлерде де серілер мен салдардың болғаны анықталады.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің амалдары
айқындалып, Сал-серілік тәрбие беру монографиясы, Біржантану курсы және
Ақан сері шығармашылығын оқытудың көріністері құрылыды.
Қорытындыда – диссертациялық зерттеу бойынша тұтастай қорытынды
жасалады және практика жұмыстарымен айналысушылар үшін әдістемелік
кепілдемелер ұсынылады. Зерттеу проблемасын перспективасы анықталады.
Тұжырым түзілді.
Диссертация көлемі 96 беттен және 87 әдебиеттер тізімінен тұрады. 1
кестеден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тәрбие мен білім беру іс-әрекетінде әннің, өнердің алатын орны бөлек.
Ән айту арқылы адам өзінің кейбір сезімінің кезеңдерін сыртқа шығарады.
Негізінде өнер қуу үшін ән шырқалмаған. Серілік пен салдық дәстүрдің нысаны
болып келетін ән алдын ала жасалған, құрылған жоспармен жүзеге аспайтыны
белгілі. Олай болса, сал-серілік дәстүрдің басымдық көрсеткіші – оның
жағдайға байланысты туатыны. Сал-серілік өнерін кеңестік дәуірде дәріптеу
Ахмет Жұбановқа оңайға түспеген. Оның бір мысалы ретінде Тәттімбеттің
серілік өнерінің оңтайлы тұстарын талдай отырып, қорытындысында былай деп
бағамен тұжырымдайды:
➢ Түсіндіре кетуді тілейтін жай – Былқылдақты башпайымен тарту былай
тұрсын екі қолдың саусақтармен тартып шығуға да оңай түспейді;
➢ Домбыра тартуда аспапты басына қайтып қағу, артына ұстап отырып
ойнау, домбыраның бетін тықылдатып шерту – бәрі де тек көзбен көріп,
фокус ретінде ләззат алмаса, дыбыстық, музыкалық жақтарынан ешбір
этикалық нәтиже бермейді.
➢ Еркек пен әйел айтысса да, домбыра тартылса да, үнемі еркекке ғана
жеңілдіретін кешегі әйелді қорлаған заманның заңының денесінде қалған
таңбаның айғағы.
Көріп отырғанымыздай, Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдіңөзіне таптық
дүниетаныммен баға беріп отыр. Біраз талдаулары оңтайлы болғанымен,
зерттеушінің ең соңғы бөлімдерінде жоғарыда келтірілгендей ой-тұжырымдар
ғалымның Кеңес үкіметінің саясатына алаңдап отыруы мен олардың кейбір
талаптарын қанағаттандыру мүддесіни байқай аламыз.
Егер А.Жұбановтың жоғарыда біз талдап өткен материалдары болмағанда,
сал-серілер жайлы ғылыми негіз жасауымыз қиынға соғар еді. Кеңестік дәуірде
таптық дүниетанымды қару ретінде пайдаланып, Тәттімбеттің салдық өнерін
кейінгі ұрпеққа мәдени мұра ретінде алып қалғаны бүгінгі этномәдени
тәлімнің мазмұны ретінде қолдануға толық мүмкіндігіміз бар.
Бүгінгі зерттеушілер мен көне көз қариялардың айтуына қарағанда
әншілік, ақындар мен сал-серілік өнер арасында әжептәуір айырмашылықтар
бар. Серілердің сыртқы киім кийістері салдармен салыстырғанда әлдеқайда
бірқыдыру тұрақты. Олардың дәстүрінде елден оқшау киіне, айшықты-айшық,
әлем-жәлем сәнмен, жарқ-жұрқ етпе көрініс-пішіннен бойларын аулақ ұстау
байқалады. Ал, салдар болса, неғұрлым әшекейлі киім кисе, соғұрлым өзерінің
басқалардан оқшау бағыт-бағдарын айқындай түседі. Ер адам болғандарына
қарамай, шалбарларының балақтары кең болып, жарқылдақ моншақтармен әрленіп,
әлемішті жасаулары мен мұңдалып тұрады. Жалпы бас киімдерінен бастап,
барлық кийімдері әртүрлі түстерден кең пішіліп, сүйретіліп жүретін сәнде
болады. Бас киімдеріне қалың үкі қадап, қымбат тастармен көмкеріліп келеді.
Салдар сарілермен салыстырғанда топ-тобымен, атқосшы-жолдастарымен мүретіні
байқалады. Әсіресе, ойын-сауық бар жерлерге әуестігі аңғарылады. Оны біздер
М.Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы Біржан салдың Абай ауылына келеуінен
байқаймыз.
Этникалық мәдениетте антологиялық сарын басым болып келеді. Оның басты
себебі дала, сахарадағы адамның табиғатқа деген, оның тылсым күшіне деген
дүниетанымы, болмыстық деңгейі өркендеп отырған. Жалпы алғанда қазақ
этносының жырларында бас қаһарманы – тәңірден тілеп алған жалғыз ұл. Оның
өзін де әке, шешесі діңкелеп қартайған кезде және баласыздықтың зардабы
өткен кезде барып көреді. Кейбір жырларды әулие-әнбиелерге түнеп, бала
солардың шапағатымен дүниеге келеді. Олар кейде Баба Түкті шашты Әзиз,
кейде Ғайып ерен Қырық шілтендер. Бұл – әрідегі көк тәңір, берідегі ислам
нанымдарының нышаны.
Этностық код әуез әуеніне негізделеді. Оның бәрі дерлік әнмен өріліп,
жыр өрнегімен айтылады. Жырдың басқа жанрлардан ерекше өзіне тән сарыны
болады. Бартырлық дәстүрді насихаттаушы осы жырлар ерекше нақышпен
айтылатын барлық жырлардың ортақ оқиғасы төмендегіде:
1. Болашақ батырдың шешесі, кейде аюдың, кейде айдаһардың етіне,
кейде жолбарыстың жүрегіне жерік болады.
2. Батыр ұл дүниеге келгеннен-ақ, басқа балалардан ерекше көзге
түсер қасиеттері кездеседі. Бала айлап емес күндеп өседі. Ат
жалын тартып мінгесін-ақ, ол елін жаудан қорғауын арман етеді.
3. Батырлардың бәрі өзінің батырлығын жасынан танытады. Халқын басқа
елдердің шабуылынан аман сақтауды негізгі мақсат тұтады. Жолда
қанша қиыншылық көрсе де төзіп, ақыры жеңіп тынады. Кездескен
бөгеттерде кейде өжет ерлігімен, кейде айласымен тіпті,
тәжірибелі жандардың көмегімен де құтылады. Қиындыққа мойып,
жасып қалмай, тез шабуылға әзірленеді.
4. Әуезбен айтылатын бұл жырлардың қазақ халқына тән кодының бір
пернесі – елдік мәселесі. Анықтап айтсақ, құлаққа жағымды әуез
бен патроиттық тілек-мүдде мәністерді тыңдармандардың жүрегіне,
сезімдеріне оң әсерін тигізеді. Елдің күші – бірлігінде деген
этностық код басымдық мәнде.
5. Өз елін терең сүю мотиві жыр өрілімінде ерекше сезіммен айтылады.
Психологиялық жағынан басқа халықтарда кездеспейтін үдемелету
үрдісі аңғарылады.
6. Ұлттық нақыштың бір сипаты – батырлар жырындағы әйелдер мәселесі.
Көбінесе, батырларлың ерліктері үйлену, немесе жау алып кеткен
әйелдерін іздеумен тікелей байланысты. Батырлар жырында жар іздеу
мәселесі ғашықтықтан тған мотив емес, отбасын құру амалы іспетті
болып келеді. Отбасын құрудың басты мақсаты – келешекке батырдың
өзіндей, не өзінен асып түсетін ұрпақ қалдыру тілегіне келіп
тіреледі. Қобыландыдан: Бөгенбай, Киікбай; Алпамыстан: Жәдігер;
Тарғыннан: Әжігерей, Айтқожа т.б. Бұлардың кейбірі ерлігін
әкесінен де асырып жібереді.
7. Қазақ халқының кодын айқындайтын тағы бір ерекшелігі – батырлар
жырында кездесетін жорыққа мінетін аттарының айрықша бапталып
күтілуі. Олардың сұлулығы, қуса жетіп (әні шапшаң ырғақпен
айтылады), қасша озатын жүйріктігі, жуан-жуас беріктігі шебер
сурет реңімен келеді. Кей тұста тәңірлік наным нышаны аттарда
ерекше қасиеттер дарытып, әр нәрсені күні бұрын болжағыштық ес
бітіріп сипаттайды. Жалпы қысылғанда қанат беретін дәрежеде
бейнеленеді. Жырларды жақсы атқа көп орын беріліп, оларды әр
жағынан алып, батырмен қоса дәріптеп жырлайтыны байқалады.
8. Қазақ халқының онтологиялық кодын айқындай түсерлік тағы бір
белгісі – батырлар жырындағы аңшылық. Мәселен Қамбар батырдың
негізгі кәсібі аңшылық болып сипатталады. Бұндай құбылыстан
әрісінде халықтың бастай кәсібі, күнкөріс қамы аңшылық болғаны
даусыз.
Қорыта келгенде, қазақ халқының XV ғасырда Алтын Орда құлаған соң
құралған Ноғайлы деп аталған хандық тұсында,ы Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат,
Үйсін, Арғын, Найман, Алшын руларының батырлары жайлы ауызша-жазбаша шыққан
жырлардың әуездік сарыны адамгың әлем тану іскерлігіне бағытталған.
Сондықтан бұл нысанда онтология аспектісіне жатқызуды біздер орынды деп
есептеп, сал-серілік өнер барлық өнердің даму шегінің өркендеуінен туған
бөлігі деген қорытынды жасауға мүмкіндік алдық. Оның алғашқы алғашқы
әдіснамасы онтологиялық деңгей екені айқындалды.
Егер, әлемтану іс-әрекетінде рухани құндылықты әлемтану үдерісіне
қабыстырып сана-сезімге жинақтай алса, әр биоәлеумет өнер саласының айтайын
деген ішкі мұратын авторлардай түсінері сөзсіз. Өкінішке орай, әр адам
өзінің жеке басының танымдық өрісін басқалардан биік қойып отыратындықтан,
өнер саласының кереметтерін ұға алмайтын деңгейде қалады. Өнер мектебінің
сан-салалы жанрларының әрісінен бергі заманға дейінгі алатын орны,
әлемтануға көмегі ерекше екеніне тоқталу артық. Әлемтану өнер кеңістігінде
әрбір жеке тұлғаның әлеуметтік өміріне жағымды әсер етеді. Өнер мектебінің
педагогикалық әдіснамасын көбінесе ескі өмірден осы заманға әкелер тарихи
желінің куәсі ретінде ауыз әдебиеті жанрларынан ізденген орынды. Алдыңғы
онтологиялық деңгейдегі өзіндік этностың көзі бар екеніне көзіміз жеткен
сияқты. Сол секілді гнесиологиялық деңгейде де халықтың тек өзіне тәне коды
жеке тұлғалардың ішік қабылдау мүмкіндіктеріне бағынышты екендігі
анықталды. Мұнымен бірге халықтық сипат арқылы сол халықтың білімі, өнері,
тарихы, діні, нанымы, тәлім-тәрбие нышандары байқалатыны зерттеу барысында
аңғарылды. Халықтық сипат өзінің бойын толып жатқан сипатты сыйғызып
жататыны, дәуір тынысын танытатыны гнесиологиялық деңгейге қозғаушы күш
екені де белгілі болды. Жырмен айтылатын шығармалардың шығуы мен дамуынан
тарихи ақиқаттар да байқалып отырады. Сол дәуірдегі тарихи шындықтардың
көмескі болса да сілемелерден көрініс табылады. Әрине, аталған жырларды
тудырушылар, бірақ олардың аттары бимәлім тұлғалар өздерінің әлемтану
үдерісінің шама-шарқымен жырларды өмірге әкелгені белгілі. Міне, осы
нысаналы ішкі қалыпты гнесеологиялық деңгей дейміз. Танымдарының тағылым
деңгейі.
Сал-серілер арқылы тәрбие беру амалын жүзеге асыру үшін қазақ халқы
арнаулы мектеп ашпаса да, оның орынын ел-жұрат, орта ауыстырып отырған. Сал-
серілердің табиғат аясынан өздеріне рухани нәр алуы, табиғаттың бір бөлігі
ретінде өздерін сезінуі онтологиялық деңгейге жеткізген.
Сол секілді коршаған ортасына, әлеуметтік сипатқа ақиқатты тұрғыда ән
шығару, күй арнау, қойылымдар құру және т.б. амалдар арқылы танымдық
тағылымдар түйінделіп отырған. Бұндай іс-әрекет сал-серілерді
гнесеологиялық деңгейге бағдарлаған.
Өзінің өнеріне ортадағы болып жатқан құндылықтардан қуат алуы және
жамандардан бойларын сақтауы сияқты амалдар сал-серілердің аксиологиялық
деңгейге ұмтылуына қолайлы жағдай туғызған.
Көріп отырғанымыздай сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие
берудің теориялық негізіне қатысты біздер тарихшы-философтардың және
өнертану ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап өттік. Талдау барысында
байқағанымыз, сал-серілік дәстүр жайлы оның этномәдени тәрбие берудегі
тарихы турады уәжді, ғылыми тұжырымды кездестіру қиын. Сал-серілік дәстүр
арқылы тәрбие берудің тарихына көз жүгіртсек, бізден бұл материалдардан
кезеңге бөлгендегі немесе оның ғылыми негізін жасаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы
«Біржантану» арнаулы курстың мазмұны
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді іске асырудың үлгісі
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің қазіргі көрінісі мен жағдайы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары
Салдық өнер
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Эстетика туралы
Пәндер