Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
І Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың
теориялық негіздері
1.1 Қазіргі жағдайдағы халық қолөнері мәселесінің педагогикалық зерттелу
жағдайлары мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...7
1.2 Халық қолөнері арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 13
3. Халық қолөнері материялдарын бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесінде
пайдаланудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
ІІ. Халық қолөнері арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу әдістемесі
2.1 Бастауыш сыныптағы еңбекке баулу пәнінің мазмұны мен сипаты ... ..35
2.2 Халық қолөнері арқылы бастауыш сынып оқушылырын тәрбиелеудің
әдістемелік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 42
2.3 3-сынып оқушыларына еңбекке баулу сабақтарында ұлттық қолөнер
материалдары арқылы тәрбиелеуді жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..50
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына арнаған жолдауында “Біз өз мәдениетіміздің
құндылықтарын, бірлігімізді, ұлтаралық және дінаралық татулығымызды, саяси
тұрақтылығымызды сақтай отырып байыппен алға жылжый беретін боламыз” деп
атап көрсеткен болатын [1].
Қоғамда болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ
елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани
мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Сондай
қажеттілктің бірі- халықтың қолөнері “өнерден қуат алмаса тіршіліктің
шырағы өшеді” – деп М. Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға
өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру – педогогтардың қазіргі
кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.
Қазақ халқы ағаштан үй жасады жүннен мата тоқыды, теріден
былғары иледі, метальдан ыдыс аяқтар, зергерлік бұйымдар жасай
білді, киім тікті, киіз басты, кілем тоқыды. Бұл қолөнер
бұйымдардың бәрі тәрбиелік маңызы да ерекше болғандығын айта кету
керек. Сонымен бүгінгі мақсат-өздернен бұрынғы өмір сүрген аға буынның
тәрбие мәселесіндегі жинақталған бай тәжірбиесіне сүйене отырып келер
ұрпақты өнер білімге баулу өмірге белгілі бір кәсіпке бейімдеу.
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
М. Жұмабаевтар жас ұрпақ тәрбиесіне еліміздің рухани негіздегі байлығын
халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл
бөлген.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8-ші бабының 1-ші
тармағында “Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы
азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” керек делінген.
Сондай-ақ қазіргі архитектуралық іздену экспедициясының қазбаларында
табылып жатқан түрлі заттар, өрнекті күмбезді үйлер, Қожа Ахмет
Ясауи, Арыстанбаб, Айша бибі кесенелері өз заманында жасалған
қолөнердегі асқақ шеберліктің тамаша үлгісі, сонымен бірге қазақ
ұлтының өркендеген мәдениеті мен қолөнер жетістігі халқымыздың
эстетикалық биік талғамдарын дәлелдейді.
“Өнер түрі елде мол, өнім түрі жерде мол” дегендей өнер түрлері
халықпен жасай береді. Казіргі кезде де халық қолөнерінің бай
мұраларына жаңаша түр сипат беріп, оларды жасаудың технологиалық
әдістерін жетілдіріп, ел арасында тартып жүрген шеберлер көп.
Солардың бірі - 69 жастағы М. Әшірбайқызы Ол жүннен жасалатын үй
жиһаздарын жасауды жастар арасында насихаттап келеді. Сондай- ақ
“Кестелі орамал”(1998 жылы) “Әлем желілер көзімен ”(2002ж) Деген
байқаулардың бірнеше дүркін лаурияты болып дипломдармен марапатталған.
Қ. Құлақбаев қазақ қолөнер бұымдарын жаңа бағытта дайындаған. Халық
музыйкалық аспаптарын жасаушы, танымал шеберлік К.Қаробдолов,
М.Закринов, Б.Омаров, Ш.Маханбетов, Зергерлік бұйымдар жасаушы
К.Медетбеков, А.Желдебаев, А.Жанатбаев сияқты зергер іскерлер, ыдыс-аяқ,
торсық, саба жасайтын танымалы шеберлер С.Бекнасаров, М.Мәмбетқұлов
еңбектері көрмелерді көз қуантады.
Қазақ елі шебер, іскер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара
алмайды дегенімен, оқушылдарды олармен, олардың жасаған бұйымдарымен
таныстыру жақтары көңіл қуантарлық дәрежеде емес. Осы орайда
халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлының мына ойы еске түседі,
“Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп
жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші
немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюнан қорқам. Үшінші дәмді,
дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді . Оның қолына қылыш берсе,
кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды, үйреніп
жатқан бала жоқ , үйретіп жатқан әже, әке жоқ”- деп зиялы азамат
кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына
үйретіп, кілем тоқып, ұршық иірумен айналысып отыратын апалар,
әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оған
қызықтыру үшін ең алдымен, оған үлгі алатындай жағдай туғызып,
халық қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажеттелігін, біздің
диплом жұмыс тақырыбын “Халық қолөнері арқылы бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеудің мүмкіндіктері” деп таңдауымызға негіз болады.
Зерттеудің нысаны: - Бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде
қолөнерді пайдалану жүйесі.
Зерттеудің пәні: - Бастауыш сыныптағы оқу - тәрбие үдерісінде
қолөнерді қолдану.
Зерттеудің мақсаты:- Бастауыш сынып тәрбие үдерісінде қолөнер
пайдаланудың үлгілерін жинақтау.
Зерттеудің міндеті: - Қазіргі ғылыми еңбектерді халық қолөнері,
оның мән-мазмұны мәселелерін топтау,
талдау жасау.
- Бастауыш сынып тәрбие үдерісінде қолөнер үлгілерін пайдаланудың
тиімділігін арттыру мақсатында үлгілі тәжірибелерді жинақтау, тексеру.
-Халық қолөнері арқылы бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудің
мүмкіндіктері көрсету.
Жұмысты орындау әдістері:
- дипломдық жұмыстың тақырыптық мазмұнына сәйкес қол өнер арқылы
тәрбиелеудің, тәрбие саласына арналған педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік әдебиеттерді оқу, талдау;
- ұлттық дәстүрлі өнердің мәні, мазмұны туралы ғалымдардың еңбектерімен
танысу;
- бастауыш мектептің еңбек пәндерінің оқу бағдарламалары мен
оқулықтарын, педагогикалық басылымдардан, бұл өнерге балаларды баулу,
эстетикалық тәрбиеде пайдалану саласына арналған озық тәжірибелерді
талдау, тақырыпқа сәйкес пайдалану.
арнай сабақтар үлгісін дайындау.
Жұмыстың ғылыми болжамы: Дәстүрлі қолөнер табиғаты, өзіне тән жасалу
жолдарымен, адам өміріндегі атқаратын қызметімен ерекшеленеді. Сондықтан,
бастауыш сынып оқушыларының жасына, танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес, бұл
халық қолөнердің туындыларын эстетикалық қабылдаудың, оның мәнерлік
құралдары мен бейнелі тілін игертудің арнайы оқу-тәрбие тәсілдерін тиімді
пайдаланылса, оқушылары тәрбиелеудің мүмкндіктері арнта түседі.
Дипломның құрылымы: - Кіріспеден, тараудан, қорытындыдан,
пайдаланаған әдебиетер тізімінен тұрады.
І. Қазақ халықы қолөнерін бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде
пайдаланудың шарттары.
1.1 Қазіргі жағдайдағы халық қолөнері мәселесінің педогоикалық
зерттелу жағдайы мен дамуы.
Қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын мектеп сол қоғамның
талаптарынан туындайтын әлеуметтік сұранымды орындап, соған сай
бағыт - бағдар ұстайтыны белгілі. Қазақстан мектептерінің бүгіні
таңдағы мақсат мұраты “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында
айқын көрініс тауып отырғаны белгілі. Аталған ресми мемлекеттік
құжатта: “Олар бабаларының игі дәтүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманға
нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болды. Олар жылдам
өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің
потриоттары болды. Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады... Оның
саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды...”
деп атап көрсетілген [2].
Қоғам дамуының жаңа үлгі-нұсқасы айқындалған бұл тұжырым
жоба, халық қолөнері материалдарын тәрбие үрдісінде пайдалануда
“Қазақстан - 2030” стратегиясын алға тартты.
Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай
тауларында бейнеленген суреттер, Ұлытаудан табылған керамикалық
ыдыстары дәлел бола бастады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың
тұрмыстық кәсіптерінің бірі – саяатшылық болғаны мәлім, оның сан
түрлі көріністерін Қаратау шоқпарларына салынған суреттерден көруге
болады.
Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, қаладан,
ағаштан, теріден жасалған қолөнер туындылары мен зергерлік бұйымдардан,
яғни ежелгі қолөнер ескерткіштерінің барлығында дерлік ою-өрнек бейнеленген
көне дәуірдегі шеберлер оның қиялдағы немесе шынайы бейнелерінен сан
түрлі мүсін жасаған. Жан – жануар мен аңдар, құстар бейнеленген мүсіндерді
не қолөнер туындыларын скифтердің “аң стиліне” жатқызуға болады. Кеңес
дәуірінің ғалымы С.И.Руденконың пайымдауынша, шебердің зоморфтық стильде
жасаған қолөнер туындысында, яғни мүсінінде аңның, жануардың кішірейтілген
басын бейнелеу көп кездеседі, - дей көне қола дәуірінің шеберлері:“Бейнесі
салынып отырған нәрсеге немесе жануарға тән белгілерді мейлінше дәл беруге
тырысты”, - деп көрсетті.
Сақ қол өнершісі көбінесе аңның, құстың, жан – жануарлардың мүйізін
спираль тәрізді дөңгелетіп, ою- өрнекке айналдырып отырған.
Ал алғашқы қауымдық дәуірде өмір сүрген сақтар қолөнер туындылары
ретінде әйелдердің зергерлік бұйымдарын жасай бастады. Олар: білезік,
жүзік, сақина, алтыннан жасалған моншақтар. Зергерлік бұйымдар негізінен
ғарыштық геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерімен бедерленген.
Алматы облысы, Шелек ауданынан табылған тарақ ежелгі сақ мәдениетіне
жатады. Тарақтың тістері сирек, ал ұзындығы 3-4см және үстіңгі тұсында
“қошқар мүйіз” өрнегі ойылып салынған. Бұл өрнек ғасырдан ғасырға өзінің
бастапқы нұсқасын сақтап, бізге жеткен.
Қолөнерге ерекше нақыш беретін ою-өрнек өнері еліміздің әр түкпірінде
әр қилы дамыды. Көптеген орыс, еуропа ғалымдары зерттеген Маңғыстау,
Үстірт, Жем бойында қойылған ескерткіштердің безендіру ерекшілігімен XIX
және XX ғасыр басында қойылған төбелі күмбездер, сағанатомдар, құлыптастар
мен қойтастар көркемдігімен көз тартады, ал оларға салынған мәнерлі ою-
өрнек негізінен стильденген “сыңармүйіз”, “түйетабан”, “өркеш”, “мойым”
және өсімдік жапырақтары мен геометриялық бейнелер ұтымды үндестік
тапқан.
Қазақ қолөнерінің, ою-өрнектердінің тарихын қазақ ғылымдарының
ғылыми саралай бастағанына да не бары елу жылдың ғана жүзі болатын.
Қазақ халықының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен
өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс
өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп
ғылыми еңбек қалдырды.
Қазақ қолөнерінің, ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғылымдарының ғылыми
саралай бастағанына да небары елу жылдың ғана жүзі болыпты. Төл өнерімізді
зерттеуге В.Вансолов,А.Хедона, саяқатшы Дженкинсон, Р. Корутц, С. Дудин, В.
Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М.В. Рындын т.б с. сияқты көптеген орыс
және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты.
Қолөнер туындыларын ғалымдар өте жоғары бағалады. Белгілі өнертанушы
В.Чепелев: “Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты”, - деп
жазған еді. Шынында да, қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласын
табу қиын, ол қисса жырларыңызбен де етене байланысып жатыр. Эпостық жырлар
мен дастандар, батырлардың, ат- әбзелдерін немес арулардың киімі мен
күймесін суреттегенде оқушының көз алдынан ғажайып нақыштар өтер еді.
Осындай әсемдік әлемін көзімен көрген ғалым А.С. кілемді терең зерттей
келе, Азияны “үлкен этнографиялық”, музей деп атады, сол музейді
зерттеуден үлкен әсер алғанын, жазады. Ал С.Дудин: “Фабрика-зауыттардың
шығарған тауарларынан кейін қолөнер мүлдем жойылып кетуі тиіс”, - деген
еді, бірақ олай болған жоқ, халқымыздың мәдени шежіресін – ою-өрнекті
фабрика – зауыттар жоя алмады. Ол өзінің өмір шеңдігін жасампздығын паш
етті. Рухани қайнарларымыздың бірі болған осынау құндылық, бүгінде
азаттығымыздың нышаны-көк байрағымызды да көріктендіріп тұр. Көп жағдайда
халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап,
қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз [3].
Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туындылары мұражайларда
ғана сақталды. Көбнесе бұл өнер туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде
карады.
Қазір егемендік елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңа көрініс
тапты, ол жаңа түрге жаңа мазмұнға ие болуда.
Кезінде белгілі этнограф Садық Қалисанов екі жүздей ою - өрнектің
атауы мен елуге жуық ою - өрнектің мазмұнын баян етсе, белгілі архитектор
Төлеутай Бесенов өсімдік тектес ою - өрнектің сұлбасын қағазға түсірген
еді.
Ал бүгінгі таңда білікті суретші-шебер, оюшы Сапар Төленбаев
қазақтың төл ою нұсқасын сабақтастыру арқылы бірін-бірі қайталамайтын екі
мыңға жуық ою -өрнек түрін дүниеге әкелді. Суретші көнеден қалған ою
элементтерін ұтымды пайдалана және ұлттық нақышты ырғақты берік сақтай
отырып, аралас нұсқалардың жаңа түрлерін жасады. Суретші өзіне дейінгі
дәстүрлі ою- өнерінің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны бүгінге дейін дамытып
келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі таңда арта түсуде.
Ендігі міндет-ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер
саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде
пайдалана білу, жас ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелеу.
Қазақ қолөнері оның ою-өрнегі әлі түбегейлі жан – жақты толық
зерттеле қойған жоқ, дүниемен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге
келтіруге этнограф, өнертанушы Садық қасымов пен архитектор – ғалым
Төлеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Садық Қасиманов 200-ге
жуық ою -өрнектің көне атауларын қағазға түсіріп, елуге жуық оюдың
мазымұнын ашып берді, ал Т.Бәсенов оюлардың даму тарихын зерделеп, өсімдік
өрнектерінің жаңа үлгілерін сызды. Т.Бәсеновтың пайымдауынша, ою
элементтері аса көп емес, сол бірнеше мүйіз элементтерін түрлендіріп,
оюлардың шексіз түрлерін жасауға болады. Оның пікірінше, қарапайым
элементтен құралған оюдың санаулысын ғана үнемі қолданыста болады деген
ұғым алдамшы. Сан алуан ою-өрнек әрбір қолөнер туындысында жаңа түре не
болды және қолданыста бірін-бірі қайталамайды. Қарадүркін бұл өнер
туындысында өнердің басқа түріндей аса талғампаздық пен бай мазмұн
кездеспейді. Соған қарамастан ою - өрнектің тілі өте күрделі, ал құрым аса
қарапайым.
Белгілі суретші Сапар Төленбаев бұл өнерге тың бағыт әкелді, ал
ежелгі қазақ оюларын бүгінгі талғаммен сабақтастырып, оның элементтерін
пайдалана отырып, мыңдаған жаңа ою-өрнек нұсқасын жасады. Халқымыздың
ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа үзбей жалғасып келе жатқан құндылығы ою-
өрнек салу дәстүрі жеке кітап болып шықты. Ою-өрнек өнері эстетикалық
жағынан жоғарғы деңгейге көтеріліп, кеңінен қолданыс тапты.
Республикамыздың барлық сәнгерлері мен өндіріс орындары тоқсаныншы жылдрдан
бері С. Төленбаевтың жаңа оюларын өз бұйымдарына кеңінен қолданып жүр [4].
Қазан төңкерісіне дейнгі қолөнер шеберлердің арнайы білімі болмасада,
бұл өнер түрі атадан балаға жалғасып, өлермендігін көрсетті. Кеңес үкіметі
кезінде ұмыт болған өнерді жаңғартуға қатысқан қолөнер шеберлері он шақты
ою түрін пайдаланумен ғана шектелген болатын. Жетпісінші жылдардың басы
осы өнердің дамуының жаңа кезеңі болды.
Бізде этнограф-ғалымдар көп жағдайда мұражайлардан қазақ қолөнері
бұйымдарының суретін алып, альбомдар шығарумен, оларды жай ғана
таныстырумен айналысты, ал бұл өнер саласына терең ғылыми зерттеулер
жүргізілген жоқ. Бірен-саран ою-өрнек атауларын Ә. Марғұлан, Т. Бәсенбаев,
Ө. Жәнібеков, Ә. Тәжімұратов, сол сияқты ою- өрнек саласын және қолөнерді
түбегейлі зерттеген этнограф ғылым С. Қашманов еңбектерінен кездестіруге
болады. Бұл ғылымдардың ою-өрнектердің даму тарихы мен теориясына қатысты
ғылыми зерттеулер жоқ.
Сондықтан қазақ халықының қолөнерінде ғасырлар бойы пайдаланып
келген бейнелеу өнері, ою -өрнектер туралы мағұлыматты орыс, еуропа т.б
ғалымдарының еңбектерінен жыйнастырып, бір жүйеге келтіруге тура келді.
Бұрын шеберлер мал өсіру мен аңшылықты, жер, су, көшіп қону
көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттың сыртқы пішінін
бейнелесе, қазіргі заман шеберлері осы қазыналы өнерімізді түрлі салаларда
тимді пайдаланып жүр. Мемлекет рәміздерінен, сәулет өнерінен, графика
өнерінең барлық саласынан, кітап пен журнал беттерінен т.б
Нақышты ою-өрнектерді жиі көріп жүрміз. Еліміздің белгілі суретшісі
Әбілхан Қастеев бұл өнерді кімнен, қайдан үйрендің деген сауалға:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген екен.
Біз де, біздің қазіргі және болашақ ұрпағымыз да өнер атты құндылықты
осылайша үйреніп, рухани қайнар ретінде сусындауымыз керек.
Әр халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзінің тән ерекше мәдени
мұралары бар. Ал қазақ халықының мәдени мұраларының бірі - ұлттық сәндік
қолданбалы өнер әлеуметтік – эканомикалық сатыдан өтіп, ұлттық сәндік
қолданбалы өнерінің небір ғажайып үлгілерін қалдырған болатын.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік, сан
сапалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырға жеткен жоқ. Қазіргі
кезге дейін жеткен тас бетіндегі суреттер, тас мүсіндер, сәулет мұралары,
қол өнер туындылары т.б. өздік тұрғыдыда айрықша орын алды. Осы мол
қазынаның бірі - Қазақстан мәдениетіндегі қол өнер туындылары.
Демек ертедегі түрік дәстүрі VI – VII ғ.ғ.б.д.д. көшпенділер мәдениетін
бейнелейді: атты жауынгер, балбалдар, құлпы тастар. Түсініктері бойынша;
аспанға табыну, күн көзіне табыну қажет. Оныжаратушы құдай – ұмай және иер-
суб-жер мен су т.б. болып табылды. Түрік - араб- ислам дәстүрінде қолөнер
кәсіби саласында тіршілік иесін бейнелеуге рұқсат берілмеген. IX–
XIVғ.ғ.б.д.д. (орта ғасыр.)
Адай дәстүрі ( қазақ мәдениеті) жаңа уақыт XVIII - XIX ғ.ғ. болып
табылды. Сонымен қатар VIII ғ.ғ.б.д.д. ортасында түрік халықы он екі
тайпадан тұратындығы жария етілген. Түрік аңұзақ дала көшпенділерінің
біріккен тайпасы. Олардың генетикалық тілі бір, генетикалық тайпалардың
туыстығы осыдан келіп шығады. Осы мәселе бойынша С.Г. Кляштроный, Т.И.
Сұлтанов өз еңбектерінде археологиялық мәдениетті үшке: табытты жерлеу
рәсімдерінің реті, заттарды безендіру және сәндеп әшекейлеу,-деп бөліп
қарастырады. Бұларға Енесей-қырғыз мәдениеті Шығыс Қазақсат және Солтүстік
Алтай жатады. Жалпы ертедегі орта мәдени даму тенденциясы Оңтүстік Сібірге,
шығыстан батысқа иновациялық ерекшелікте тараған делінген. Жалпы ою-өрнекті
алып қарастыратын болсақ, бұнда да ұқсастықтарды көруге болады. Бұдан
сызықтардан бастап, кампозицияның ішкі және сыртқы формадағы бейнелеп-
мәнерлену т.б ұқсастықтарды байқаймыз.
Енді ою-өрнектің тарихына тоқталатын болсақ, “Ою салуда, оның жиегі
әр түрлі заттардан жуан немесе тереңдетілген сызықтармен жүргізілген”.
Грецияда заттың негізгі формасын ою-өрнекмен ерекшелік қасиетін көрсете
отырып, жалпы тұтастық заңдылықты қолданып, үлгі ретінде қалдырған.
Римдіктер пайдалы жағына ден қойып, көңіл бөлген. Өмірдегі сымбаттылықтан
гөрі практикалық жағына көп көңіл бөліп, комфорт пен байлықты көрсетуде
кеңінен қолданылған. Қытайда ою-өрнек арқылы сәулет өнерін дамытуды мақсат
етіп қойған. Сонымен қатар, ою-өрнектер өнеркәсіпте қолданылып,
натуралистік мотивте, нақтыланған живописьте жазылған, ал жапондықтар ою-
өрнегі геометриялық негізде, сызықтық комбинация берілген. Сонымен, қытай
мен жапондықтар өмірге фарфор ыдыстарын эмалдық жипоисьте әшекейлеуді
ендірді. Үнді өнершілері бір түрлі инструцияны енгізіп, ою- өрнектерді
күміс немесе алтын фолгалардан жасаған. Персиялықтар монументалды құрлыста
ою-өрнектерді қолдануды ендірген. Барлық ою-өрнек сюжеттері өсімдіктер,
фауна, жануар.т.б. құрастырылған. Қазақтардың өрнегіне тән ерекшелік
көрінісін береді, ол сызық тар мен иректер және оның тегіс етіп салынып
боялуында. Шығыс Орта Азияда арабөнерінде курсив шрифтісін ою-өрнекретінде
ретінде, құранды дәріптеу мақсатында қолданылған. Түріктердің ою-өрнегінің
ерекшілігі түстік шешімдерінің қара және жасылдығында. Ирландия ою-
өрнегінің ерекшелігі түстік шешімдерінің қара және жасылдығында. Ирландия
ою-өрнегі таспалық оралымда, геометриялық фигуралармен түзу немесе бір-
бірімен байланыста көлбеу немесе спираль түрінде көрініс тапқан. Византияда
(532-537жж.) бірінші әулие София атындағы Константиноноль шіркеуін салуға
имератор Канстантин барлық елдердің суретшілері мен шеберлерін шақырып,
грек өнерін қайта өркендетті. әр халық өнершілері осыдан өздерінің ең
көркем бай ою-өрнектерімен үлесін қосты. Осы кезде грек-латындар қосылумен
басталған византиялық өнер стил жарыққа келді. Осылайша тарихта византия
өнері ғасыр дамуын бастады. Сол ғасырдан бастап християн идеялары, формасы
мен стильде сәулет ескерткіші, құрақ, миниатюра т.б. өнер түрлері негізін
қалады. Византия түсті марморға бай орнаментальды құрақпен тарихқа жаңалық
әкелді. Орыс ою-өрнек живописі россияның ескі қабырғалары мен төбелер
қалдықтарында көрініс тапқан. Бұндағы жеңішке иректер, үлкен жапырақтар
және қанық түсті гүлдер көп несе шығыс елдерінің мативтерін еске түсіреді
делінген. Дегенмен адамдардың өзін қоршаған ортаны танып табиғат
заңдылықтарының сұлулығын симетрия, ырғақта байқап, оны өрнекке айналдырып,
өзінің санасын толықтырып отырған.
Қазақтардың шыймай өмірдің дамуы, оның ала түстегі көрінісі – қара
қылды қақ жарған әділеттің белгісі. “Күн мен түннің тоқтаусыз алмасып
отыруы ” неміс философы Гегельше “шыймай – дамушы қозғалыстың формасы”.
“шеңбер – күннің белгісі, тіршіліктің көзі ” Грек философы Аристотельше –
“шеңбер–арқылы, оның айналымы - ойлау”; Әл-Фараби “тіршілік – от ұшқынынан
деген”; Үш бұрыштың белгісі “катеті – жер мен күн, сүйір бұрыш жұлдыз”;
Абай үшкілі – қайрат, ақыл, жүрек.
Ғалымда: ауа, күн, су – тіршіліктің көзі. Әлемді біріктіру. тік төртбұрыш –
сенің жерің, ағып жатқан суың, ұмай-өнер, қолөнер, ғылым - өз жеріңнің
шекарасы; “гүл-өсімдіктер сюжеті – ауыз біршілікті білдіреді”;
“құс – аспан жақ, көгершін – бейбітшілік белгісі”, - деп айта келіп, қай
уақытта болсын адам заттардың негізін табиғаттан тауып, өңдеп, өзінің
қажетіне жаратып отырған. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін пайдалануға
болашақ бастауыш сынып мұғалімдері даярлаудан басты назар аударатын мәселе
дүниені құраушы тектер. Олар: (1–от; 2–су; 4–жер; 5– аспан) “дененің қатты,
сұйық, газ, плазма күйі”.
Қ.Ақпанбек өз еңбегінде осы тектерді ата-бабамыз төрт түлік малдың
қасиеттеріне теңей отырып, бала тәрбиесінде кеңінен қолданғанын айтып
кеткен. Осы тектерді одан әрі қарастыратын болсақ, олар үш негізден тұрады
(электрон, протон, нейтрон). Олардың бір-бірінің қосындысынан келесі бір
жаңа зат құрылып отыратынын ғылым дәлелдеп берді. Мысал:
“Бір протон, бір электрон сутегінің атомын құрса, ал екі сутегінің атомы,
бір оттегі атомы су малекуласының H2O” құрайды. Сусыз - өмір, тіршілік
болмайды, дүниенің төрт құбыласын да су қоршап тұр. Қазақстан суды ирек
сызықтармен белгілеп, заттардың шетін иректеп әшекей ретінде қолданса, енді
бірде төрт құбыламыз да сумен қоршалған деген мағынаны білдіреді. Осылайша
тарихи белгі, философиялық ой-тұжырым әлі күнге дейін жоғалтпай “су” өрнегі
заттарда кеңінен қолданылып келеді.
Сонымен төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- ою өрнектерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда, оны қалықтық педогогика
және этнопедогогикалық түзгіштермен ұштастыру керек;
- символдардан бастауыш сынып оқушыларының ою-өрнектерді өздігінен
құрастыра білу білігін шыңдастыру керек;
- оқушының сәндік – қолданбалы өнерден білімдерін кеңейту, білік,
дағдыларын қалыптастыру керек;
- оқушылар символдардың жан-жақты талдап, мәнін аша білулері керек.
2. Өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың
мәні мен мазмұны
Адамдардың шығармашылық ой-өрісін дамыту арқылы, олардың қоршаған өмір
шындығына деген адамгершілік-гуманистік, эстетикалық дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру, әрбір тұлғаның алдыңғы ұрпақ жасап қалдырған
көркем-материалдық, рухани-эстетикалық құндылықтарды, қоршаған ортаның
сұлулығын жоғары көркем-эстетикалық талғам деңгейінде танып білуге,
сақтауға, құрметтеуге жетелейді. Сол құндылықтарды өзінің күнделікті
өмірінде қолдануға, халыққа таратуға, насихаттауға белсенді ат салысуға
тәрбиелейді.
Жас ұрпаққа көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие беру ісі - біздің
еліміздің бүгінгі және болашақтағы қоғамдық дамуымен, сол дамудың көптеген
талаптарымен ұштасып жатқан қажетті - әлеуметтік, мәдени, рухани дамудың
өзекті мәселелерінің бір саласы болып табылады. Өйткені, еліміздің жаңа
ғасырда өркениетті елдер арасында болуы, тек экономикалық жетістіктермен,
саяси белсенділікпен ғана емес, сонымен бірге, мәдениет, өнер, білім мен
ғылым саласындағы жетіктіктерге де байланысты. Ал адамдардын рухани,
мәдени, эстетикалық, көркемдік дамуына, күнделікті және қоғамдық іс-
әрекеттерді орындауда аса қажетті эстетикалық тәрбиенің және психологиялық
дамудың бір саласы - көркемдік талғамды қалыптастыру аса қажетті
педагогикалық мәселе.
Философиялық, өнертану, эстетикалық тәрбие мәселелеріне байланысты
педагогикалық, психологиялық еңбектерде эстетикалық талғам және оның
қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен құралдар туралы мағлұматтар
берілген. Ал көркемдік талғамның мәні мен оны қалыптастыру мәселелері
эстетика ғылымына байланысты жазылған еңбектерде (А.Буров, И.Маца, А.Зись,
Л.Коган, А.Салтыков, В.Скатерщиков т.б.) көрініс тапқан. Арнайы
әдебиеттерде талғамның басты мақсаты: қоршаған өмір шындығындағы, өнердегі
сұлулық пен келеңсіздікті ажырата білу деген ұғымда белгіленген.
Талғам жеке тұлғаның қоршаған өмір болмысын эстетикалық жағынан
қабылдауға, эмоциялы сезінуге, танып білуге, сол арқылы оның ішкі әлемін,
мінез-құлқын оятуға, өз ісін және басқалардың әрекеттерін бағалауға әрі
пайымдауға әсер ете отырып, оның эстетикалық санасын, мұқтаждығын,
талаптану деңгейін нақтылы сипаттап белгілеп беретін құбылыс.
Сәндік-қолданбалы өнер тарихы мен теориясын зерттеуші орыс ғалымы
А.В.Салтыков: Көркемдік талғам дегеніміз – әсемдікті ажарсыздан, нағыз
сұлулықты жалғаннан ажырата білу қабілеті, - деп белгілейді. ( 30).
Эстетикалық және көркемдік талғам мәнін қабілеттілік тұрғысында танып білу
үшін, алдымен сол қабілеттіліктің табиғатын, оның қалыптасуына, дамуына
мүмкіндік туғызатын әсерлі күшті айқындап алу қажеттілігі туралы
В.Скатерщиков, Б.Қазыханова, М.Балтабаев еңбектерінде баяндалады. Көркемдік
талғамды қалыптастыру және дамыту мәселелерін зерттеушілер, негізінен,
адамның эстетикалық сезімінің, шығармашылық ойы мен әсемдікті түсіну
қабілеттіліктерінің қалыптасу мен дамуына зор ықпал жасайтын көркемөнердің
бай мүмкіндігіне жүгінеді. Сойтіп, көркемдік талғамды - өнер туралы және
басқада эстетикалық құбылыстарды танып білу, пайымдау қабілеттілігі
тұрғысында қарастыру қажет, өйіткені өнердің атқаратын қызметі барысында
адам бойында қалыптасатын көркемдік талғам арқылы эстетикалық талғам өрісін
кеңейте дамытуға мүмкіндік жасалады. Жалпы эстетикалық тәрбие міндеттерін
жүзеге асыруда да бұл кезектілік сақталуы тиіс десе, енді бір авторлар -
көркемдік талғам эстетикалық талғамның одан әрі дамуына қызмет етеді деп
нақтылай түседі.
Ж.Аймауытов Жан және өнер таңдау атта еңбегінде ең алдымен адам
қабілетінің табиғатын зерттеген. Ол: Адам туа белгілі бір өнерге бейім
болып келеді, әр адамның бір нәрсеге талап, ыңғайлы қабілет әрекеті болады
деген ойы талғамды қалыптастырудағы қабілеттің мәнін аша түседі [6].
Психологияға сүйенсек, сапалы танымдық деңгейдегі пайымдау, шындық пен
өнерді толық қабылдау үрдісі аяқталмай тұрып жүзеге аспайтынын, эстетикалық
сезім әсері де тек мақсатты қабылдау үрдісі кезінде пайда болатынын
білеміз. Бұған дәлел: адам әдетте үстіртін көргендері мен естігендерінен
нақтылы пайымдау немесе түсінік бере алмайды, ол үшін сол факторларға толық
қанығуы және қабылдауы керек. Шындық құбылысы мен өнер туындылары туралы
толық, нақтылы түсініктің болмауы қабылдаудың сапалы болмауына кері әсер
етеді, тіпті оны жоққа шығаруы да мүмкін. Ал көркемдік қабілеттіліктер
үрдісінде әсемдік, сұлулық, жарасымдылық, үйлесімділік сияқты қасиеттерді
танып, ажаырататын көркем-эстетикалық талғамның қалыптаспауы шығармашылық
қабілеттіліктің сапалы болуына мүмкіндік бермейді.
Көркемдік талғам табиғатына, оны қалыптастыруға ықпалды әсер ететін:
қабылдау, әсерлену, сезім, ойлау, таным, пайымдау, талғам т.б. сияқты түрлі
психикалық процесстердің өзара мәні мен бірлігіне сүйене отырып, бұл
құбылыстың эстетикалық тәрбие сапасын қажетті деңгейге көтеретін
педагогикалық мәселе екенін айқындаймыз.
Көркемдік талғам – адамның өнер туындыларын талапқа сай қабылдай және
бағалай білу қабілетін айқындайтын құбылыс. Ол жеке тұлғаның қоғамның
көркемдік тәжірибесін қорытындылайтын, айқындайтын процесс ретінде өнердің
тікелей әсері етуі арқылы қалыптасады. Жеке тұлғаның көркемдік талғамын
оның танымдық қабілетінің дамуымен тікелей бірлікте қарастыру қажетті
мәселе. Әсемдікті сезіну, түйсіну, олардың өзіндік заңдылықтарын білуді әрі
сезімталдықпен қабылдауды талап етеді.
Эстетикалық тәрбие жүйесінде сезіну мәдениетін және табиғаттағы заттар
дүниесін, адамдар әлемі болмысының әсемдігін эмоциалық қабылдауды
қалыптастыру маңызды орын алады. Ойткені, эстетикалық тәрбие қоршаған өмір
шындығын, табиғатты және өнерді эстетикалық мәнде қабылдай және бағалай
білетін, әсемдік түсінігіне сәйкес өмір сүру әрі қоршаған ортаны
шығармашылықпен қайта түрлендіруге қабілетті, дамыған адамды қалыптастыруға
бағытталған тәрбие жүйесі екені педагогикалық, эстетикалық әдебиеттер мен
оқу құралдарында белгіленген.
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,
эстетикалық тәрбиеде баланың өнерге қызығушылығын сол арқылы қабылдауын,
танымын, ойлауын жетілдіру эстетикалық сезімнің дамуына әсер етеді. Жас
бала әшекейліге, жарқырағанға, құбылғанға, айшықты бояу түстеріне немесе
сондай бояумен көркемделген заттарға қызыққыш, еліктегіш келеді. Қызығу –
баланың бір нәрсені не көріністі танып білуге деген айрықша ынталануы. Ол
тәрбиенің ықпалымен дамып жетіледі.
Таным – шындық болмыстың адам миындағы сәулеленген көрінісі ғана емес,
ол білмеуден білуге, шала түсініктен толық түйсінген түсінікке қарай
ұмтылдыратын ой қозғалысының күрделі қызметі. Ол – ойлау қабілетін
толықтыратын құбылыс.
Ойлау – таным үрдісінің ең жоғары сатысы. Ол заттар мен құбылыстардың
жалпы сипатын, табиғи байланысын, қатынастарын психикалық жағынан
белгілейді. Бұл процесс баланың көркемдік талғамын қалыптастыруда, оның ой-
өрісінің кеңейіп, жаңа сапаға көтерілуіне тікелей ықпал жасайды. Ойлау
арқылы баланың пайымдау, әсемдікті түйсіне сезіну, ұнату, бағалай білу
қабілеті пайда бола бастайды [7].
Эстетикалық сезім кең ұғым. Ол ең алдымен адамның қоршаған орта
көріністерін дұрыс қабылдап, орынды бағалай білу қабілеті. Баланың
эстетикалық сезімін дамыту, олардың келешекте жарасымды дамып қалыптасуына
көмектеседі, Әсемдікке құштарлық сезім көркем құнды заттарды жасайтын
көркемдік еңбек үрдісінде қалыптасып дамиды [8].
Психологиядан, сезімнің бір нәрсеге немесе құбылысқа жағымды немесе
жағымсыз (әсем-ажарсыз; сұлу-көріксіз, айшықты-сүреңсіз т.б.) сияқты екі
түрлі бағалау өрісінде өтетінін білеміз. Эстетикалық сезім адамның жан-
дүниесін, эмоциялық көңіл-күйін, бір нәрсеге деген қатынасын көрсетеді. Бұл
құбылыс пен қажеттілік, адамның материалдық рухани дүниеден, өнер
туындыларынан, қоршаған өмір бейнелерінен әсемдікті,икелеңсіздікті,
жарасымдылықты, қайшылықты ажырата, түсіне білу қабілеттілігін айқындайтын
эстетикалық талғаммен тығыз байланысты.
В.К.Скатерщиков Эстетикалық талғам туралы атты еңбнгінде талғамды
адамның эстетикалық шығармашылық іс-әрекеттері, қоршаған өмірді эстетикалық
қабылдау қабілеттілігін реттеп отыратын күш ретінде қарастырады.
Сонымен, қорыта айтқанда, эстетикалық талғам - өмір шындығының барлық
жақтарын қамтитын құбылыс болса, көркемдік талғам табиғаты - өнер туралы,
қоршаған шындық болмысының өнер тувндыларындағы айшықты бейнесін қабылдау,
сезіну, тану қабілеттіліктерн қамтитын үрдіс.
Көркемдік талғамның ерекше сипаты – көркемдік қабылдаудың ерекшелігімен,
сапалылығымен айқындалады. Эстетикалық көзқарас тұрғысынан көркемдік
талғамның сезімдік мәні – талғамның сапасын дамытуға ықпал ететін жеке
тұлғаның көркемдік тәжірибесінің қалыптасуына тікелей байланысты.
Көркемдік талғам табиғатын қабілеттілік тұрғысынан қарастырудың басты
объектісі - өнер және оны жасау барысындағы түрлі көркем-шығармашылық іс-
әрекеттер. Өнер – шындық болмыстың құбылыстарын жаңғырта көрсетудегі
ақынның, жазушының, сазгердің, суретшінің, қолөнер шеберінің ақыл-ойы,
қиялы, сезімі, эмоциялық әсерлі көңіл-күйі және көркем бейне жасаудағы
шығармашылық қабілеті мен іс-әрекеттері арасындағы талғамдық байланыстың
нәтижесі.
Өнер түрлері, өзіне тән сан-алуан мәнерлілік құралдарымен, көркемдік
образдар арқылы қоршаған өмір шындығын, сұлулықты, табиғатты, оның
құбылыстарын кескіндей отырып, адамдардың әсемдікті, тарихи-әлеуметтік
құбылыстарды, халықтың өткені мен бүгінгі өмір-тіршілігін, дүниетанымдық
белгілерін танып білуіне ықпал етеді. Олардың өзі өмір сұріп отырған өмірге
деген эстетикалық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік
жасайды.
Өнерге баулу арқылы жеке тұлғаның эстетикалық талғамын дамыту
шығармашылық ізденіске баулу мәселелерді эстетика, социология, психология,
педагогика ғылымдарының мамандарының зерттеу нысанасынан түскен емес.
Өнерді игерту барысында, жеке тұлғаны рухани-эстетикалық қалыптасуына
дамыта отырып, оның көркем-эстетикалық талғам өрісін кеңейтуге мүмкіндік
туады. Жалпы, өнер арқылы көркемдік немесе эстетикалық талғамды
қалыптастыру, адамның бойында қалыптасқан рухани-эстетикалық, мәдени
тәрбиесінің деңгейін практикалық-шығармашылық іс-әрекеттер арқылы
жаңғыртуына деген ықыластығын туғызады.
Талғамды қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымдар – М.Мұқанов,
М.Балтабаев, С.Ұзақбаева т.б. талғам табиғат, адам өмірі, оның сұлулығы,
өнердің эмоциялы әсері, материалдық рухани қазыналар сияқты қоршаған
шындықтың бар болмысын қамтиды деп тұжырымдайды. Зерттеушілер талғамды
қалыптастыруда адам сезіміне, танымына, ой-өрісінің дамуына әсемдік туралы
түсініктерінің кеңеюіне зор ықпал ететін өнердің бай мүмкіндігіне жүгінеді.
Өнерді игеру барысындағы көркемдік іс-әрекеттердің айқындалуы, сол іс-
әрекеттер арқылы шығармашылық ойдың кеңеюі, өнер туындылардың қабылдау
барысында әсерлену сезімінің оянуы, көркемдік танымның, талғамның
қалыптасуы адамның сәбилік шағынан бастап, оның әр жас кездеріне сәйкес
мақсатты түрде жүргізіліп отыратын педагогикалық жұмыстың барысындағы
үзіліссіз көркемдік білім берудің жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Көркем-эстетикалық тәрбие беру, туған елінің мәдени құндылықтары мен
эстетикалық дәстүрлеріне деген танымдық, талғамдық қатынасты қалыптастыру
жанұя, балабақшадан бастап, білім мен тәрбие беретін балабақша бастауыш,
орта мектеп, колледж, арнайы оқу орындарында жүзеге асырылатын имандылық-
эстетикалық тәрбиенің басты міндеті болып саналады.
Бұл мәселенің нәтижелі деңгейде шешімін табуы, мектеп мұғалімдерінің,
педагогикалық, әдістемелік қабілеттіліктері мен бірге, өнер саласынан
кәсіби деңгейінің жоғары болуын да талап етеді.
Әр кезеңдегі педагогиканың дамуына байланысты педагогикалық ой-пікірлер,
теориялық тұжырымдар, әдістемелік тәжірибелер арнайы әдебиеттерде мол
жинақталған, Ол тәжірибелер, бүгінгі және болашақтағы жастарға көркемдік
білім мен эстетикалық тәрбие беру жүйесін, заман талабына сай, қайта
қарауға мүмкіндік беретін әдіснамалық негіз болып табылады.
Жеке тұлғаның рухани-эстетикалық дамуына көркемөнердің зор ықпалы
туралы мағлұматтар мен тұжырымдарды санау ерте дәуір ойшылдарының
философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінен, Батыс Еуропаның атақты
суреткерлері, қайта өрлеу дәуірінің титандары Леонардо, Рафаэль,
Микеланджело, Дюрер трактаттарынан, өнердің әлеуметтік мәнін айқындап,
тәлім-тәрбиелік сипатын ашып көрсеткен ағартушы-педагогтар Ж.Ж.Руссо,
И.Песталоцци, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский еңбектерінен көреміз. Олардың
жеке тұлғаның эстетикалық сезімталдығын, әсемдік қиялын, шығармашылық ойын
дамытудағы көркемдік білімнің белсенді әсері мен маңызы туралы
педагогикалық тұжырымдары, көркемөнерге баулуды ерте жастан бастау керек
деп санауы, жалпы жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру үшін
бағалы пікір.
Көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие саласындағы тарихи
еңбектерден (Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. 1-2 том),
ХХ-ғасырдың алдыңғы ширегі, өнердің түрлі ағымдары арасындағы әсерінен,
көркемдік білім беру жүйесінде де түрлі бағыттардың болғаны айтылады. Олар:
Ұжымдық – лабораториялық, Бригадалық, т.б. және Бостандық тәрбиесі
ағымдары еді. Бұл бағыттар, өнерге оқыту жүйесінде ғылыми-педагогикалық
негізден алшақта, ол білім мен тәрбие әдістеріне сүйенеді.
Мектеп оқушыларын өнерге баулу арқылы көркемдік білім мен эстетикалық
тәрбие мазмұнын жаңарту саласында А.Луначарский, Н.Крупская, А.Бакушинский,
С.Шацкий т.б. бүгінгі күні де құндылығын жоймаған педагогикалық еңбектер,
тұжырымдар қалдырды.
С.Шацкий: Өнер өз табиғатымен баланың сезіміне жеңіл әрі аса қажетті.
Тек оны бала бойына сіңіре білудің жолын табу керек, - деп балалардың
көркем-эстетикалық дамуына өнердің зор әсерін айқындайды.
Мектеп оқушыларына өнер арқылы көркемдік білім беру ісінің кейінгі
кезеңдеріндегі, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда, жаңа мазмұнға
ие болуы, бұл мәселемен айналысып, зерттеулер жүргізген ғалым педагогтардың
ісі еді (Н.Дмитриева, Г.В.Лабунская, В.К.Скатерщиков, В.Н.Шацская т.б.)
Бұдан кейінгі жылдарда эстетикалық тәрбие жүйесі мен оны жүзеге асырудың
практикалық мазмұны туралы – В.В.Алексеева, И.Л.Любинский, И.А.Ветлугина,
Н.П.Сакулина т.б. педагог ғалымдар мен психологтардың ғылыми еңбектері
жарық көріп, мектептегі көркем-эстетикалық тәрбие мәселесін жақсартуға үлес
қосты.
ХХ-ғ. 70-90 жылдарында түрлі өнер саласында көркемдік білім мен
эстетикалық тәрбие жұмыстарын жақсартуда шешімін таппай келе жатқан ғылыми-
педагогикалық өзекті мәселелерді анықтауда – Б.Т.Лихачев, Б.М.Неменский,
Е.В.Квятковский, В.А.Разумный, Б.П.Юсов, В.С.Кузин сияқты педагог ғалымдар
тәжірибелер жүргізіп, еңбектер жазды.
Олар тәжірибе арқылы: көркемдік білім беретін іс-әрекеттердің атқаратын
тәрбиелік міндеттері қандай болу керек; эстетикалық тәрбие өзіне тән жеке
пәнге, әдіс-тәсілдерге ие ме, әлде ол мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының бір
бөлшегі ме? Казіргі кезде балалардың көркемдік іс-әректтерінің мақсаты,
педагогикалық жетекшіліктің міндеттері қандай болу керек? Деген сұрақтарға
жауап іздеді.
Тәжірибелердің қорытындысы бойынша, олар, балалардың өнерге, сұлулыққа
деген құштарлық қатынасын қалыптастыратын, өнер шығармаларын эстетикалық-
эмоциялық мәнде қабылдау, түсіну, танымдық білімділігін дамытатын және өнер
арқылы туған жері мен халқының көркемдік мәдениетін, әдет-ғұрыпын, ұлттық
дәстүрлерін игеретін пәндер болуы тиіс деп тұжырым жасайды.
Мектеп өмірінде эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім беру негізінен
әдебиет, көркемдік еңбек, музыка, бейнелеу өнері сияқты эстетикалық мәндегі
пәндер арқылы жүзеге асырылады. Осы пәндерді оқыту барысында оқушылардың
өнерге, оның туындыларына деген ықыластығын, қызығушылықпен, әсерлі
сезіммен қабылдауын дамыту, өнерден ләззәтануға мүмкіндік жасау, өнерден
әсемдікті тануға, оны өз қолымен жасауға деген мұқтаждыққа, шағармашылық
ізденіске жетелейді.
Мектептегі Ана тілі, Қазақ әдебиеті пәндері, ана тілі,
көркемдік білім негіздері арқылы оқушыларды ұлттық рухани-эстетикалық,
мәдениет құндылықтарымен қауыштыратын, оларға имандылық-адамгершілік,
эстетикалық тәрбиеге баулитын тұғырлы сатысы. Қазақ әдебиеті пәні, өзінің
мәндік, мазмұндық ерекшелігіне қарай, оқушылардың, әдеби туындылар
мазмұнымен араласа отырып, өмір құбылыстарына деген өзіндік эстетикалық
қатынасын қалыптастырады, өмір мен шығарма мазмұны арасындағы
жарасымдылықты, үйлесімдікті, келеңсіздікті сезіне отырып бағалауға
жетелейді, туған халқының рухани, мәдени құндылықтарын игеруіне мүмкіндік
береді.
Жас ұрпақтың эстетикалық дамуы мен көркемдік талғамының қалыптасуына
әсерлі ықпал жасайтын өнер – музыка. Музыканың, оның ішінде халықтың
дәстүрлі музыкасының жанрларының, көркем мәнерлілік тілінің сан-алуандығы
жеке тұлғаның әсемдікті сезіну, таным, талғам өрістерінің шығармашылық
деңгейге көтерілуіне, сонымен бірге, эстетикалық дамуына зоз мүмкіндік
жасайды.
Өнер түрлерінің ішінде адамдардың қоршаған өмір шындығынын болмысын,
әсемдігін көрнекілікпен танып білуге жетелейтің өнер - бейнелеу және сәндік-
қолданбалы өнері. Бейнелеу өнері, өзінің түрлі жанрларымен, әсемдікті жасау
құралдарымен адамның рухани дүниетанымын кеңейтуге, эстетикалық тәлім-
тәрбиесін қалыптастыруға зор мүмкіндігі бар өнер. Сондықтан, мектептегі
Бейнелеу өнері пәні, жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуына, олардың
өздерін қоршаған орта сұлулығын, адамдар өмірінің қызықты болмысын танып
білуіне, өздерінің шығармашылық іс-әрекеттері арқылы айналасына сұлулық
енгізуге баулитын тәлім-тәрбие құралы. Сонымен бірге, бейнелеу өнері пәні,
өзіне тән түрлі көркемдік іс-әректтер арқылы мектеп оқушыларын туған
халқының мәдени мұраларын, әсемдiк дәстүрлерін игеруіне, танып білуіне жол
ашады.
Бейнелеу өнері пәнін мектепте оқыту, басқа пәндерге қарағанда өзіндік
ерекшелігі бар пән. Жалпы адамдарды өнерге баулу ұзақ та күрделі
педагогикалық, психологиялық процесс. Өйткені, бейнелеу өнерін оқыту
мазмұны, оқушыларға тек сурет салдырудың қыры мен сырын игертумен ғана
шектелмейді. Бұл пәнді оқыту барысында, оқушылардың жалпы көркемдік, рухани-
эстетикалық дамуына зор ықпал жасайтын – қабылдау, эмоциялық сезім,
ықыластылық, таным, ойлау, қиялдау, талғам сиқты психологиялық факторлардың
ескертілуі аса маңызды мәселе.
Көркемдік білім беру тұжырымдамасын дайындаған ғалым педагогтар,
бейнелеу өнерін оқытудың мазмұны оқушылардың бейнелеу өнеріне тән
терминдерді, түсініктерді игеруімен немесе бейнелей білу дағдыларын,
іскерліктерін қалыптастырумен ғана шектелмеуі тиіс, ал басшы мақсат пен
міндет, негізінен, балалардың санасына, ойына әсер еткен көркем бейнелерді,
қоршаған шындық сұлулығын қабылдаудың барысында әсемдікті танып білуге, оны
өз қолымен жасауға деген құлшынысын, белсенді қызығушылығын дамыту арқылы,
шығармашылыққа баулу, өнер мен өмір шындығына деген эстетикалық талғамы мен
қатынасын қалыптастыруды жүзеге асыру деп тұжырымдайды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің басты мақсаты: балалардың
әсерленушілікке бейімділігін пайдалана отырып, оларды қоршаған ортадан өнер
туындыларынан әсемдікті қабылдауға, түрлі көркемдік іс-әрекеттер арқылы
олардың эстетикалық сезімі мен танымын көркемдік талғам деңгейіндегі
шығармашылыққа жетуге баулу. Бұндай мазмұнда оқыту, оқып үйрету
тапсырмаларының ашық сипатта болуын, өнердің ұлттық, тарихи формаларының
бірлігін ашық сипатта бағытталған мүмкіндіктердің кеңдігін, оқушы мен ұстаз
арасындағы диалогтық қатынастың сапалық мәнің т.б. қамтамасыз етеді [10].
Бүгінгі күнге дейін жарық көрген педагогикалық, әдістемелік оқу
құралдарының, жинақталған тәжірибелердің және Бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесінің тарихы пәнінен алған білім мазмұнына көз жүгіртсек, ұзақ
жылдар бойы Бейнелеу өнері пәні тек балаларға графикалық сауаттылықты
дамытуды көздейтін Сурет салу сабағы негізінде жүргізіліп келгенін
білеміз. Тек 1964 жылы Сурет пәні Бейнелеу өнері пәні деген атқа ие
болды, бірақта, Сурет аталған кездегі пән мазмұны, Бейнелеу өнері
пәніне айналғанда да, еш өзгеріссіз қалып келді. Әсіресе, егеменді ел
болғанға дейін қазақ мектептерінің оқу бағдарламалары, сол кездегі Ресей
мектептеріне арналған оқу бағдарламаларының дәлме-дәл аударма-көшірмесі
болды. Сөйтіп, оқу мазмұны қазақ халқының төл өнерін көркемдік дәстүрлерін,
ұлттық мәнді ерекшеліктерін ескермеді.
Бейнелеу өнері, жалпы кеңестік дәуірдегі мектепте оқыту мазмұнын, ғылыми-
техникалық прогрестің талабына сәйкес, осы өнердің өзіндік атқаратын
қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін негізге ала отырып қайта қарау,
жаңғырту ісі кеңестік кезеңнің 70-90 жылдары жүзеге асырылады. Бүл кезенде,
көркемдік білім беру саласындағы педагогтар мен шығармашылық Одақтар
өкілдерінің бірлесе отырып жүргізген кең аумақты тәжірибелері, ғылыми-
зерттеулері нәтижесінде, бейнелеу өнерін оқытудың жаңа мазмұны, мақсаты мен
міндеттері айқындалып, оқу бағдарламалары мен оқу құралдары жарық көре
бастайды.
Кеңестік кезенде Б.П.Юсов, Б.М.Неменский басқарған арнайы ғылыми зерттеу
тобына біріккен ғалым-педагогтар, мектеп мұғалімдері, бейнелеу өнерін оқыту
қайта жасауға бағытталған тәжірибелерінің нәтижесінде Бейнелеу өнері
(1981) және Бейнелеу өнері және көркемдік еңбек (1986) атты оқу
бағдарламалары дүниеге келді. Бұл бағдарламалар, сол кездегі жеке
республикалардың да оқу бағдарламаларының мазмұнын, жергілікті мектеп
өміріне, халықтың көркем-мәдени, өнер сипатының ерекшелігіне сәйкес,
көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие мазмұнын, мақсат-мәндеттерін,
айқындай отырып, оқу тәрбие жүйесін қайта құруға мүмкіндіктер тұғызды. 1990-
2000 жылдар аралығында республикамыздың жүргізілген (Қ.Ералин, Балкенов Ж.,
Қ.Әмірғазин, Б.Әлмұхамбетов, Ә.Қамақов т.б.) арнайы ғылыми-зерттеулер
нәтижелерінен Бейнелеу өнері пәнінің оқу бағдарламалары (1992), оқу
құралдары мен 1-6 сыныптарға арналған оқулықтары жасалды. Бейнелеу өнерін
қазақ мектептерде оқыту мәселелеріне арналған көптеген ғылыми, әдістемелік
мақалалары жарық көрді.
Қазақ мектептеріндегі бейнелеу өнеріне бауладың бірден-бір мақсаты:
оқушыларға өнер арқылы қоршаған өмір шындығының сұлулығын танып, білуге
жетелей отырып, сол сұлулықтың өнер туындыларында жасалу ерекшеліктерін
меңгерте әрі әсемдікті, бейнелеу құралдары арқылы, өз қолдарымен жасау
іскерліктерін дамыту, - деп тұжырымдайды республикамыздың ғалымдары.
Сонымен бірге, бейнелеу өнерін оқыту барысында, оқушылардың ұлттық мәдени,
көркемдік мұраларды игеруін қамтамасыз ету – қазақ мектептеріндегі
көркемдік білім берудің өзекті мәселелерінің бірі деп санайды. Бұл өзекті
мәселе, еліміз егемендік алған алғашқы жылы республиканың ғалымдары
дайындаған. Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде
имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы және Қазақстан
мектеп оқушыларына көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің
тұжырымдамасы атты педагогикалық құжаттардың мазмұндық жүйесін құрады.
Бұл құжаттарда, ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген кемшіліктерге сын
тұрғасынан талдау жасалады және алдағы кезеңде қазақ мектептеріндегі
көркемдік білім беру ісін жақсартудың жолдары мен міндеттері, талаптары
белгіленген.
Құжаттарда, негізгі өзекті мәселенің бірі ретінде, өнер арқылы көркемдік
білім мен тәрбие беру саласында – ұлттық өнерге, халықтың ғасырлар бойы
жинақтаған көркем-эстетикалық дәстүрлеріне баса көңіл аударуды ұмытпау
қажеттігі белгіленген. Өйткені, кез-келген ұлттық мектеп оқушысының бейнелі-
ойлау қабілеті туған халқының көркем өнерінің ықпалымен, ал көркемдік ой-
өрісі, әсемдік туралы ұғымы – тұған халқының мәдениетімен, ұлттық
дәстүрлерінің, туған жер табиғатының сұлулығымен, бояуларынын әсемділігінің
әсерімен қалыптасады. Егер бұл мәселелерді, білім мен тәрбие беруде
басшылыққа алмасақ, онда ұлттық мәдениет пен өнерді игертуде үлкен
қателіктерге тап боламыз. Ол – оқушылардың өнердегі дәстүрлерге деген
немқұрайлылығы, туған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz