Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары

Қазақ фольклорының прозалық жанрларын ғылыми негізде саралау – ұлттық
фольклортану ғылымы үшін аса маңызды әрі жауапты іс. Бұл көптеген
практикалық жұмыс атқаруды талап етеді. Ең алдымен қолда бар прозалық
шығармаларды толық есепке алып, оның типтерін, сюжеттерін, мотивтерін,
кейіпкерлерін анықтау керек. Оларды реттеп болған соң, жинақтап, жүйелеп
алу қажет. Сонан соң жанрлық саралаудың принципін айқындау керек. Принціпті
айқындау үстінде даралаудың, сондай-ақ бөлшектеудің критерилерін белгілеп
алған жөн.
Фольклордың жеке жанрларына арналған еңбектер, сөз жоқ, жанрлық
саралауға жақсы негіз бола алады. Солай бола тұрса да жанрлар типалогиясын
қарастырғанда саралаудың шарттарын анықтаудың өзі оңайға түспейді. Бұның
себебі осы уақытқа дейін жанрлардың өзара байланыста зерттелмеуінде.
Мысалы, поэзиялық жанрлар зерттеу еңбектерінде бір-бірімен байланыста
алынбайды. Әрбір поэзиялық жанр жеке қарастырылады, оның басқа туыстас және
алшақ жанрлармен қатынасы ескерілмейді. Жанрды бір жүйеге түсіріп
қарастырмайынша, жекелеп зерттеу ісі айтарлықтай табысты болмайды, – деп
жазады Г.Н.Поспелов. Бұл дұрыс пікір.
Жанрлар көркем творчество мен өнердің әрі тұрақты, әрі өзгермелі
формасы ретінде өмір сүреді. Тұрақтыға әр жанрлық топтың негізін қалайтын
жанрдың типологиялық белгілері жатады. Сонымен бірге фольклорлық проза
жанрлары бірнеше жанрлық топтардың жүйесінде өмір сүретін құбылыс
ретінде, сөз жоқ, өзара және басқа да жанрлармен қатынасқа түседі. Сөйтіп
ол өзгермелі де сипат қабылдайды.
Қазақ прозалық фольклорын жанрға саралау ісіне бөгет жасайтын нәрсенің
бірі – оның жеке жанрларының біркелкі тексерілмеуі. Айталық, қазақ
ертегілерінің жанрлары біршама зерттелген болса, халық прозасының басқа
жанрлары түгелдей арнайы түрде ғылым объектісі болып көрген жоқ. Ертегіге
жатпайтын прозалық шығармалар ғылыми топтастырылған да, жүйеленген де жоқ.
Сонымен бірге халық прозасын саралау барысында мына нәселер ескерілуге
тиісті: біріншіден, қолдағы материялдың сыр-сипаты қандай, оның қандай
ерекшелігі бар? – деген сұрақтар жауап табуы қажет. Екіншіден, бұл
материялға халық қалай қарайды, оны қалай бағалайды? – деген сауалдар
айқындалуы кежет.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің көп жиналғаны баршаға аян, бірақ,
жанрға шаққанда, қазақ фольклорының барлық жанры біркелкі жиналған деуге
болмайды. Кейбір жанрлар (айталық батырлар мен ғашықтар жыры, мақал мен
мәтел, тұрмыс-салт ертегілері т.т.) көптеген шығармалармен көрінсе, енді
бір жанрлардың жазылып алынған нұсқалары айтарлықтай көп емес. Соның бірі –
халық прозасының ертегі жанрына жатпайтын түрлері. Атап айтқанда: хикая
(быличка), миф, топонимикалық аңыз (предание). Көп ретте бұл жанрдағы
шығармалар екі-үш, әйтпесе бір рет қана жазылып алынған. Соның салдарынан
аңыздық прозажанрлары жеке жинақ болып бірде-бір шыққан емес, ол ылғи
ертегіге арналған жинақтарда қосалқы дүние ретінде беріліп жүр. Оның үстіне
халық прозасының бұл түріне арналған ешқандай библиографиялық, немесе
басқаша бір әдебиет жоқ. Ал, шындығында, қазақ арасында миф пен аңыздар,
хикаялар бұрын жиі айтылған. Оған дәлел ретінде революциядан бұрын шығып
тұрған газет пен журналдарда жарық көрген тарихи, топонимикалық аңыздарды,
әңгіме-хикаяларды атауға болады.
Жоғарыда айтқанымыздан шығатын бір қорытынды – ертегіге жатпайтын
халық прозасының үлгілері аз жазылып алынған. Оның себебі бірнеше: бірінші
себеп, жалпы қазақ фольклорының ғылыми мақсатпен жүелі түрде өте кеш
жиналуы. Шынтуайттап келгенде, біздің ұлттық фольклорымыз тек совет
дәуірінде ғана жаппай жиналады.
Екінші себеп, жинаушылар ғылыми дайындығының аздығынан және уақыт
талабын ескеруіне байланысты көбіне-көп көркем фольклорды, атап айтқанда
батырлар мен ғашықтар жырын, тарихи жырды, дастандарды, жұмбақ пен мақал-
мәтелдерді, ертегілерді жазып алуға тырысты. Үшінші себеп, қазақ ауыз
әдебиетін жаппай жинауға кіріскен кезде (яғни 30-40 жылдарда) ел арасында
көркем фольклордан басқа шығармалар айтылудан қалып, ұмтыла бастаған еді.
Мүлде ұмытылмаса да, өмірлік қабілеті әлсіреп, таралу шеңбері тарылған еді.
Тағы бір себеп ретінде айтатын нәрсе – көркем фольклордан тыс мұраға
тұрпайы социология тұрғысынан қарап, жинаушылар да, зерттеушілер де
ертегіге жатпайтын прозалық фольклорға айтарлықтай көңіл бөлмейді, оның
ғылыми маңызын жете түсінбеді.
Қазақ халық прозасын жанрлық саралаудың тағы бір қиыншылығы қолда бар
материялдың ерекшелігіне байланысты. Ол ерекшелік – бүкіл қазақ ауыз
әдебиетінің табиғатына тән жанрлық синкретизм мен көпсатылық
(полистадиальность) және әрсатылық (разностадиальность). Басқаша айтқанда,
қазақ фольклоры жанрларының арасында көзбен көріп, қолмен ұстайтын жік жоқ.
Олар әу бастағы тектік туыстығын жоғалтпаған, сондықтан бір-біріне оңай
кірігіп, ортақ белгілер мен қасиеттерге иемденеді, синкреттік сипатта
болады.
Сонымен қатар, бүкіл қазақ әдебиеті сияқты, прозалық фольклор көп
дәуірде туған шығармаларды қамтиды, тіпті оның бір жанры мен бір
шығармасында бірнеше дәуірге тән ойлау мен көркемдеудің көп сатысы бар,
яғни көне формалармен бірге жаңа формалар да қатар өмір сүреді. Прозалық
фольклордың құрамында сондай-ақ әр дәуірдің таңбасы бар. Әр түрлі заманда
туған сюжеттер мен мотивтер кездеседі, әр дәуір болмысының көріністері
сәулеленеді.
Жалпы, халық прозасының жанрлық жіктері туралы айтқанда, мына жағдай
есте болуы шарт. Прозы жанрларының өзара өте жақын болуы, олардың бірінен-
біріне оңай кірігіп кетуі екі себепке байланысты. Біріншіден, көне жанрлар
пайда болған кездегі тектік жақын қасиеттерін жоғалтпаған, екіншіден,
жанрлар ұзақ уақыт бірге өмір сүру кезінде өзара байланыста, бір-бірімен
тығыз қатынаста болған да, түгел бір жанрлық жүйе құраған.
Осы екеуінің ішінде, яғни жанрлардың синктері халық прозасын саралау
мен оларды атайтын терминдерді анықтауда едәуір қиындық туғызады. Мысалы,
орыс халақ прозасында сказка, предание, сказ, легенда, быличка жанырлары
белгісі мен қасиеттері жағынан айқын жіктеліп, сараланған және олардың
әрқайсысында нақты бір терминдік атау берілген. Себебі мұнда көне дәуір
фольклорына тән жанрлар синктреттігі жойылған, жанрлық жүйе қоғам дамуының
сатысына сай қалыптасқан.
Демек, әр халық фольклорының ерекшелігі сол халықтың тұрмысына,
қоғамдық құрылысы мен мәдени дамуна байланысты. Сол себепті де орыс халық
прозасындағы жанрлар мен қазақ халық прозасындағы жанрлар толық сәйкес
келмейді, олардың атауларына сыйғызылатын ұғым да әр басқа. Айталық, орыс
фольклортануында қолданылатын предание атауына қазақ фольклористері
пайдаланып жүрген аңыз атауы сәйкес келмейді. Предание жанрына орыс
фольклортану ғылымы тарихи негізгі бар фольклорлық шығармаларды жатқызсы,
қазақ фольклортану ғылымында аңыз жанрына одан кеңірек ұғым беріледі. Дәл
айтсақ, орыс фольклортануында да легенда деп аталып жүрген шығармалар
іспетті нұсқалар да аңызға кіреді. Яғни қазақша аңыз термині орысша
предание және легенда терминдерінің ұғымын білдіреді.
Бұдан шығатын қорытынды: жанрларды жіктеп, саралағанда екі түрлі
фольклор есте болу тиіс. Ол – а ) халықтың бұл жанрға қатысы (айтушы мен
тыңдаушы илана ма, жоқ па?,шын болған уақиға деп түсіне ме, жоқ па?), ә )
жанрдың өзінің болмысқа қатынасы (ол шындықты қалай бейнелейді).
Осыған байланысты Европа халықтарының прозасын атайтын терминдер қазақ
топырағында сол қалпында емес, басқа мағынада қолданылуы ықтимал. Мәселен,
халықаралық терминге айналып кеткен миф атауы қазақ жағдайында
европалықтар қолданған мағынадан сәл басқалау болуға тиіс. Қазақ қоғамы,
қауымы, тұрмыс-тіршілігі, бүкіл болмысы Европа елдерінен өзгеше, соның
нәтижесінде оның фольклоры да басқаша. Тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті қазақ
еліне ұқсас жұрттың фольклорында миф термині европалықтар түсінігіндегі
миф емес. Қазақ сияқты, олар үшін де миф пен аңыз үлкен роль
атқарған. Ол мифтер мен аңыздарда сол қоғам ұстанатын бүкіл өмір қағидалары
мен әдет-ғұрпы, тіршілік ерекшеліктері мен әдеп-шарттары жинақталған. Сол
себепті ондай мифтер өте көне туынды болып саналады, олардың көркемдігі
ертегідей емес. Және олар үлкен мифиолгиялық жүйеге айналмаған.
Қазақ халық прозасының жанрлары мен басқа да іші түрлерін ажыратудың
қиындығы, бір жағынан, олардың зерттелмеуіне байланысты болса, екінші
жағынан, ол жанрларды атауда терминологиялық ұғымдардың бір ізге
түспегендігінен болып отыр.
Ертек терминінен басқа нақты ұғым жоқ. Халық терминологиясына
жүгінетін болсақ, онда да дәлділік жоқ. Мұнда прозалық жанрлардан басқа
түрлерге біршама тұрақты және нақты атаулар берілген. Айталық, эпосты – жыр
дейді, мұң-шер өлеңдерін – көңіл айту, естірту, жоқтау, қоштасу деп атайды,
тогй салтына байланысты өлеңдерді –беташар, жар-жар, сыңсу дейді. Ал,
прозалық жанрлардамұндай дәлділік жоқ. Ел арасында фольклорлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ прозасы және ондағы табиғат жанрының заңдылықтары
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы
Эмоцианалды - экспрессивті сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Пәндер