Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тарау. Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы

1. 1. Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуы . . . 5

1. 2. Қазақстандағы Ресейдің әскери-отаршылдық әрекеттерінің басталуы . . . 7

2. Тарау. Кіші жүз бен орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.

  1. Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы . . . 11
  2. Әбілқайыр ханның орыс өкіметінің өкілдерімен

қарым-қатынасы. Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі 1731 жылғы Актінің құқықтық маңыздылығы . . . 16

  1. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресей Бодандығын

қабылдауы . . . 22

ІІІ. Қорытынды . . . 25

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26

Тақырыптың өзектілігі. Мыңдаған жылдар бойы Ұлы қазақ даласында данышпан қайраткер тұлғалар Қазақ халқының тарихына орасан зор үлес қосты. Әскери дарындылық пен дана саясаткерлік қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, олар геосаяси стратег ретінде халқының және мемлекеттің тағдырын шеше алды.

XVII-XVIII ғасырлар аралығында қазақ халқының басына сұмдық ауыр кезең төнді. Ел басына күн туып, қазақ халқы көптеген шайқастарда күш сынасты, халық "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға" ұшырады. Қазақ халқының үштен екідейі қырылды. Осындай кезеңдерде, ел тағдыры таразы басына түскен замандарда халқының амандығы үшін жан аянбай күш-жігерін салысқан қазақ даласының ұлы тұлғалары саясат сахнасына шықты. .

Аталмыш кезеңді зерттеуге көп үлес қосқан ең алдымен, тарих ғылымының өкілдері. Аталмыш тұлғаларды тануда бұл саланың өкілдері өте көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ, зерттелініп отырған тұлғаны саясаттану ғылымы тұрғысынан зерделеп бағалаған еңбектер де баршылық.

Шығыстанушы ғалым, әйгілі ғылыми трактаттардың авторы Л. Н. Гумилев "Тарихтың белгілі бір кезеңімен айналысатын екі замандас зерттеушілердің оқиғаларды сипаттауымен өмір құбылыстарын бағалау жөнінде өзара толық келіскенімен сол пәнді бірдей етіп баяндап шығуы мүлде мүмкін емес. Өйткені, олардың әр қайсысы өздерінің ғылыми мақсат-мүдделеріне сәйкес сюжеттерге көбірек көңіл бөледі", - деген екен. Бұл фразаға сүйенсек, кезең бейнесін тануға арналған еңбектердің авторлары арасында қарама-қайшылығы мол ғылыми пікірлер кездеседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамын, оның ерекшеліктерін өз еңбектерінде жазған ғалымдар қатарында С. З. Зиманов, Б. С. Сүлейменов, В. А. Моисеев, Р. Б. Сүлейменов, Т. И. Сұлтанов, Х. З. Зияев сынды және тағы басқа да зерттеушілер бар.

Әбілқайырдың ата-баба шежіресін, оның ұрпақтарынан хабардар ететін, оның жатқан жерін анықтауға арналған материалдар да жарық көрген болатын. Олардың ішінде Ш. Уәлихан, Ш. Құдайберді, С. Толыбеков, Қ. Салғараұлы, М. Әбдіров және Ә. Хасенов еңбектерін атауға болады. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан әулетінің шаңырағын көтерген, жарының атын ақтауда талай мәмілегерлік келіссөздер жүргізген Бопай ханым бейнесі Ж. Қасымбаев, Қ. Есмағамбетұлы еңбектерінде айрықша суреттелген.

Курстық жұмыстың мақсаты:

ХVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  1. Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының тарихын зерттеу.
  2. ХVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының Ресеймен қарым - қатынасына талдау жасау.

3. Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауының тарихи маңызына сипаттама.

Зерттеу объектісі: ХVIІІ 30 - 40 жылдарындағы Қазақ хандығының дипломатиялық жұмыстары.

Зерттеу пәні: Қазақстанның орта ғасыр тарихы.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз материалдары.

Курстық жұмыс: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Тарау. Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы. Патша өкіметінің Ертіс өңірінде бекіністер орнатуы.

XVIII ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негізгі күші Ресей империясының қолында еді, I Петр патша Үндістан мен Қытай, сондай-ақ өзге де ірі-кіші мемлекеттермен сауда жолдарын иемденуді жоспарлады. Осы жоспарын іске асыру жолында ол, барша Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы қазақ елі, осы халықтың жері арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйіндеді.

Ресей ерте ме, кеш пе көшпенді халықты өзіне бағындыратын еді. Себебі, көшпенді халықтың жерлері арқылы Орта Азияға саяси ықпал ету мүмкіндігі мен сауда жолы жатты.

Қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның батыс бөлігінде (Кіші жүзде), солтүстік пен шығыста (Орта жүзде) . Бұл бөліктің барлығында Ресейдің әскери бекіністері тұрғызылды. Сөйтіп, қазақ елі ата-бабалар заманынан қолданып келе жатқан жерлерінен айырыла бастады. Оның салдарынан дәстүрлі көшіп-қону жолдары бұзылды.

I Петрдің Ресейді нығайтуға бағытталған реформалары мемлекеттің беделі мен қуатының өсуіне ықпал етті. Бұл мезгілде Ресейдің сыртқы саясатында Қазақстан айрықша орын алды. Өйткені, I Петр қазақ даласын "шығысқа шығаратын қақпаның кілті" деп есептеді.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың түпкі мақсаты - Ресейге бодан болу емес. Ресейді пайдаланып, әуелі жалпы қазақтық, кейін бүкіл ортаазиялық хандық құру еді.

XVIII ғасырдың басында патшалық өкімет орындары мен орыс көпестерінің шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды, бұл ретте Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі орасан үлкен қашықтықтың бәрінде өзен бойындағы шеп алдыңғы қатарға шықты.

ІІІығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар себепші болды, Жайық шебін кеңейтудің белсенді үрдісі сол Шығысқа бағытталған еді, ал Гурьев қалашығы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялардың мүшелері, саяхатшылар, ел мен жер көруге құмарлар Орта Азия иеліктерінен, Шығыс Түркістаннан, Оңтүстік-батыс Сібірден орыс қалаларына қайтқанда, Ертістің арғы жағында жатқан «азиялық елдер туралы» кейде аңызға бергісіз мәліметтер әкеліп, таратып жүрді. Ресейдің шығысқа қарай беттеуді кеңейту саясатын нығайтуда Еркеті қаласындағы (қазіргі Жаркент қаласы. ) «алтын аралас топырақ туралы» лақаптардың кең таралуы елеулі рөл атқарды.

Сонымен Ресейдің алған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмаған-да игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол жылдарда өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат - үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең кысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді. Сонымен бірге Ресейдің өзінің аса зор өзгерістері үшін өте қажетті қаржы қаражаттарына асқан мұқтаждықты бастан кешіргені, оның Ресей үшін Швециямен ұзаққа созылған соғысына байланысты болғаны мәлім. Орыс патшасының азиялық иеліктерге ұмтылысы туралы айтқанда, оның өзі алдына Үндістанды немесе қандай да болсын басқа бір елді «басып алу» жоспарын қоймағандығын есте ұстау керек. I Петрдің ниеті Азияның ірі елдерімен кең көлемді экономикалық байланыстар орнатуға деген тілегінен туған еді. Алайда оның кезінде Солтүстік-шығыс Қазақстан ауданында орыс әскери-барлау отрядтары ілгерілеуінің жандана түсуі жоңғарлардың қарсы қимылын туғызды, кейбір шекаралас өңірде қақтығыстар басталып, өзара дүрдараздықтар мен жанжалдар жиіледі.

Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған М. П. Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Патшаны Тобылдан Жаркентке дейінгі жол бойында біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы жерде, ал басқаларын «істің барысы бойынша керек етілетін» жерлерде «орыс бекіністерін салу» қажеттігіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы I Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.

1. 2. Қазақстандағы Ресейдің әскери отаршылдық әрекеттерінің басталуы.

I Петрдің Бухгольцке арнаулы жарлығында былай деп нұсқау берілген: « . . . Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару . . . - қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету, мүмкін болған жерге қыстап шығатындай етіп орналастыру керек, сөйтіп сол адамдарды келесі көктемде жинап алып, Ямышевке, Еркетіге барасындар . . . сондай-ақ кейбір жерлерде, атап айтканда өзендер маңында . . . бекіністер жасау керек . . . және сондағы тұрғындардың Дария-өзен бойындағы қандай жерлерден алтынды қалай өндіретінін де шындап біліп алындар . . . шведтер арасынан минералдарды білетін бірнеше адам табу керек». Түрлі редакциясында талай рет жарияланған патша жарлығы мәтінінің бастапқы, негізгі нұсқасы осындай болатын, Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, оны салу 1714жылдан 1720 жылға дейін созылды.

Әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Отрядты ұйымдастырушылар құрылып жатқан отрядты қаруландыруға едәуір мән берді. Белгілі әскери тарихшы В. К. Андриевичтің деректеріне қарағанда, тек 70-ке жуық әр түрлі оқпанды зеңбірек алынған. Экспедицияның құрамында тұтқынға түскен швед офицерлері, сондай-ақ шығысқа апаратын жаңа жолды игеруге тікелей мүдделі орыс саудагерлері де көп болды.

Тұтқынға түскен швед артиллериясының бұрынғы сержанты, кейіннен Жоңғария картасын жасаған Иоғанн Густав Ренат бар еді.

Отряд көп адамынан, сондай-ақ 2500 аттың 2200-інен айырылып, Тобыл керуенін күтіп алмай, солдаттар арасында тараған аурулар титықтатқан 700 адамнан тұратын Бухгольц отряды бекіністі тастап шығып, 1716 жылғы 28 сәуірде Ертіс арқылы кері қарай жүзіп кетті.

Сонымен тартысты оқиғалар жүріп жатқан қазақ даласының терең түкпіріне I Петрдің жеке нұсқауы бойынша жасалған әскери-барлау экспеди-циясы жалпы алғанда сәтсіз аяқталды.

Экспедиция ең алдымен ойрат әміршілерін бұл ел жөнінде дұшпандық ниеттері жоқ екеніне иландыра білмеген Сібір губернаторының дипломатия-лық қателіктері салдарынан өз мақсатына жете алмады. Ол былай тұрсын, мейірімсіз атыс кезінде орыс солдаттары бірнеше жоңғар жауынгерін өлтірген кезде олардың арасында Ямышевск бекінісінің құрылысы аяқталғаннан кейін Бухгольц «Қонтайшы адамдарына қарсы соғыс бастайды» деген Ресей үшін тиімсіз сыбыс таралды.

Қиратылған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухгольцтің отря-ды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.

Алайда губернатор мен Бухгольц арасындағы алауыздық барған сайын өсе берді. Соның салдарынан экспедицияны жалғастырудан үмітін үзген подпол-ковник майор Вельяминов-Зерновты Омбының коменданты етіп тағайындап, Тобылға кетті, ол жерден өзі жасаған экспедицияның сәтсіздікке ұшырау себептерін түсіндіру үшін Петербургке шақырылды, онда дала халықтары туралы, табиғи байлықтар туралы өз әңгімелерімен Сыртқы істер алқасы мен Сенаттың бейтаныс елкеге терең ықыласын туғызып, астаналық топтарда қазақ жүздерін одан әрі игеруге және Ресейдің мемлекеттік мүдделері аясына енгізуге деген ынта-ықыласын күшейтті.

Алайда өлкені отарлау, оның қыруар байлықтарын игеру міндеттері, ке-руен саудасын жүргізу мен содан кейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аудандарды Ресейге бекітіп алу жаңа бекіністер мен тірек нүктелерін салған үстіне салып, көшпелі ортамен үнемі қатынас жасауды мейлінше керек етті. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты

оңтүстік-шығыс шекараны, демек, Ресей державасының сыртқы ықпал ету

аймағын да кеңейту болып табылды.

Қазақ-ойрат күресінің күрт шиеленісуінің жаңадан өршуі дала кеңістігінің терең түкпіріне саны аз болса да, жақсы жарақтандырылған жинақы топтар жөнелтуді тездетті, олардың алдына қазақтардың негізгі күштерінің күші басым жауға қарсы үздіксіз теке-тіреспен айналысып жатқанын пайдалану міндеті қойылды. Қол жеткізілгенімен шектелмей, М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чере-довты жіберді, соңғысы губернатордың дипломатиялық құпия тапсырмала-рын орындауға жиі тартылып жүрген еді. 1717 жылдың жазында П. Се-верскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Колбасин бекіністерін салды, олар көп кешікпей тұрғындардың жеткіліксіздігі салда-рынан қаңырап қалды. Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді тандап алды.

Қазақ қоныстарының өмірлік маңызы бар орталықтарына барған сайын терендей еніп, қан төгіссіз табыстар желпіндірген Сібір әкімшілігі енді Пе-тербургтен нұсқау күтпей, 1718 жылдың жазында солдаттардан, казактардан тұратын отряды мен артиллериясы бар, тәжірибелі фортификатор Прокофий Ступенный басқарған ірі экспедиция жасақтады. Ойраттармен қақтығыстар-дың зардаптары есінде қалған кінәз тәжірибелі офицерге ойраттармен «жан-жал жасамауға» және олар тарапынан шабуыл жасалған кездің өзінде де қор-ғанып, «оларға қарсы дұшпандық ниет» жоқ екеніне иландырып бағуға қатаң әмір берді.

Қазақ-ойрат күресі неғұрлым кескілескен сипат алған сайын, Зайсан көлі жағына жаңа отрядтар жіберу соғұрлым жиілей түсті. Көп кешікпей патша-ның өз өкімімен майор И. М. Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді толығырақ зерттеу, «алтын құмды» іздестіріп, ол ту-ралы егжей-тегжейлі мәліметтер «жеткізу» міндеті жүктелді, сондай-ақ оған И. Д. Бухгольц экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егжей-тегжейін білу тапсырылды. Бұл өкім I Петрдің дала хандықтарын бағындыруға қандай

мән бергенін көрсетеді, ол мұны Швециямен соғыс туғызған қиыншылықта-рға қарамастан, Орта жүз жеріне Бухгольцті жіберіп, сонау 1714 жылы-ақ жүзеге асыруға ұмтылған еді.

Экспедицияның келе жаткан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғар-лар И. М. Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге мәжбүр етті. Орыс артиллериясынан едәуір зиян шеккеніне қарамастан, ойраттар өз мақ-сатына жетті: үш күндік атыстан кейін уақытша бітім жасасуға қол жеткізілді, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды, Цин империясының шекарасындағы Ресей әскери-инженерлік құрылыстарының жүйесінде түпкі нүкте болған ол редуттарға, маяктарға және басқа да фортификациялык кұрылыстарға сүйене отырып, едәуір аумаққа бақылау жасады; нақ сол жылы Ресей тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, үш әскери-саяси шеп - Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз калады.

Абакан острогімен (1707), Бикатун бекінісімен (1709) қатар, жақсы ма-шықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Обь-Ертіс өзендерінің аралығын Ресей иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті. Әлбетте, бұл орайда патша өкіметі «Қырғыз-қайсақ даласын» Ресейдің саяси мүдделері аясында ұстауға ұмтылып, қазақтардың Жоңғар хандығына бағынуына жол бермеуге зор мән берді.

  1. Тарау. Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.

2. 1. Әбілхайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы.

XVIII ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негізгі күші Ресей империясының қолында еді, I Петр патша Үндістан мен Қытай, сондай-ақ өзге де ірі-кіші мемлекеттермен сауда жолдарын иемденуді жоспарлады. Осы жоспарын іске асыру жолында ол, барша Азия елдері мен жерлерінің кілті мен қақпасы қазақ елі, осы халықтың жері арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйіндеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (ХҮІІІ ғ. 30-40 жж. )
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
Ресей империясының екі жүзді саясаты
Орта Азия халықтарының Ресеймен қарым - қатынасының басталуы
«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәнінен
Қазақстанның Ресейге қосылуы. Протекторат кезеңі
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Кіші жүздің ханы Ресейге қосылуы жөнінде елшілік жіберуі
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz