Қазақ эпостарының лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік тұрғыда зерттелу жайттары
Қазақ эпостарының лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік тұрғыда
зерттелу жайттары
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің
Pһ докторанты Ергубекова Ж.
Тіл мен мәдениеттің сабақтастығының, өзара байланысының айқын
көріністерінің бірі эпостық жырлардың тілінде сақталған: Тіл – тек
мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің)
арқауын құрап, негізін қалайтын, ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы
күш анықталады; ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық,
ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда қалыптасқан
төл мәдениетіміздің сақталған негізгі көздерінің бірі, алтын қазынасы –
эпостық жырлар [1, 7].
Эпостық жырлар қазақ эпостану саласында біршама зерттелді. Қазақ
эпостану ғылымында батырлық жырлардың табиғатына байланысты зерттеулер,
ғылыми ізденістер аз болған жоқ. Эпостық мұрамыздың жиналып, жарияланып,
зерттелуі Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев, Г.Потанин, В.Радлов, Ә.Бөкейханов,
М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов еңбектерінен бастау алып, одан бергі
кезеңде түрлі танымдық белестерге көтеріліп келеді. Бір кездері қаһармандық
эпостың тарихи арқауына да зейін қойылған еді. Бірақ ұзамай бұл бағытқа
тұсау салынып, оның ғылыми-методологиялықпринциптерінің теріс деп танылғаны
бар. Соның салдарынан М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Сильченко, Н.Смирнова,
Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов секілді өзге де қазақ
ғалымдарының 60-70 жылдардағы ізденістері негізінен эпостың варианттық
нұсқалары, халықтығы деген мәселелермен шектеліп, көбіне эпостану ғылымының
бұрынғы кемшіліктерін түзеуге бағышталды. Одан бергі жерде Қобланды,
Алпамыс, Қамбар батыр жырларының текстологиясына байланысты ғылыми
ізденістер, қазақ эпосының жанрлық және стадиялық, салыстырмалы-
типологиялық және жанрлық-құрылымдық талдау мәселелеріне ерекше көңіл
бөлінді. Ал 80-90 жылдардағы қаһармандық эпостың тарихилығы мен поэтикасына
байланысты зерттеулердің бой көрсетуі ғылыми танымның тереңдеп, күрделі
мәселелерге бет бұра бастағанын байқатты, - деп жазады қазақ эпосының
этникалық сипатын зерттеген фольлортанушы ғалым Т.Қоңыратбай [2, 3-4].
Жоғарыда көрсетілген зерттеулер фольклортану, яғни әдебиеттану
саласында жүргізілгенімен, фольклортануға қатысты эпостық жырларының
деректері эпос тілінің лингвокогнитивтік, лингвомәдениеттанымдық сырлары
мен қырларын ашуға мүмкіндік береді. Өйткені, шындап келгенде, фольклортану
мен тілтану ғылымдары тұрғысынан жасалатын ғылыми ізденістердің зерттеу
нысаны бір – ол эпос мәтіні, яғни эпос тілі. Әсіресе, лингвокогнитивтік
зерттеулерде қарастырылатын концептілердің табиғаты мен құрылымына тілден
тыс мағлұматтар мен мәліметтер, соның ішінде фольклортануға (фольклорлық
поэтика, текстология, бейнелер жүйесі, сюжет, композиция т.б.) жататын
мәндер мен элементтер енеді. Сондықтан қазақ батырлық жырларындағы
этномәдени мен ономастикалық концептілерді талдауда фольклортану
сипатындағы зерттеулер кеңінен қарастырылады.
Эпостық жырлардың тілдік сипаттары бірнеше диссертациялық зерттеулерде
қарастырылған. Алғашқылардың бірі болып осыдан қырық жылдай бұрын
Ж.Байзақов Алпамыс жырының лексикалық ерекшеліктерін өз диссертациялық
еңбегінде зерттеген [3]. Қазақ лиро-эпосының (Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
әдеби-тілдік ерекшеліктерін Е.Жұбанов өз диссертациясында қарастырған [4].
1989 ж Мұхатаева А.Ж. қазақ лиро-эпосының тілдік материалы бойынша
(Материалдық мәдениет лексикасы) кандидаттық диссертация қорғады [5].
Зерттеуші Тұрышев А.Қ. Лиро-эпостың стилі мен тілі (Қозы Көрпеш – Баян
сұлу және Қыз Жібек поэмасы негізінде) атты кандидаттық диссертация
қорғады [6] т.б.
Осы қысқаша шолуда аталған және аталмаған эпос тілін зерттеуге
арналған диссертациялық және монографиялық еңбектерде эпос тілінің жалпы
және этнолингвистикалық сипаттамасы берілген, ал енді эпос тілі
материалдарының негізінде лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан қазақ
этнографизмдері А.Қ. Сейілханның диссертациялық еңбегінде қарастырылған
[1].
Сипаттамалы, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан эпос
тіліне арналған зерттеулердің осы күнге дейін жеткізілген табыстары, әрине,
жоққа шығарылмайды, оны когнитивтік тіл білімінің жаңа ғылыми парадигмада
зерделенетін деректер мен тұжырымдар толықтыра, жетілдіре түседі.
Этнолингвистика, лингвомәдениеттану ғылымдарының берік ұстанатын
категориялары тіл – этнос, тіл – мәдениет, тіл – этнос болмысы
дегендер болса, когнитивтік лингвистиканың басты ұстанымдары тіл – таным,
тіл – сана, тіл – білім т.б.
Е.С. Кубрякованың пайымдауынша, когнитивистика – білім мен таным
туралы және біздің санамызда қандай да бір жағдай мен репрезентацияланып,
ментальді және когнитивті процестердің негізін құрайтын белгілі бір
мағлұматтарды таңдап келтірген түрінде жиналған адамдардың қабылдауы мен
заттық-танымдық қызметтің шешімі туралы ғылым [7, 34].
Тіл – таным мен білімді қабылдаудың және оларды репрезентациялау
(вербалдау) құралы болғандықтан, когнитивистика ғылымымен ұштаса келе
көптеген тілдік когнитивтік процестерді, қырларын қарастыра және түсіндіре
алады. Проф. Ж. Манкееваның пікірінше, тіл қызметінің танымдық
(когнитивтік) негізін айқындаудың төмендегідей үш принципі бар:
1. Қоғамдық тәжірибеге негізделу, танымның қазыналық сипаты.
2. Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі –
ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Яғни тіл арқылы
бейнелілік пен дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде,
символдар арқылы беру.
3. Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол – таным
моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды [8, 41].
Қазақ тіл білімінде когнитивтік парадигманы зерттеген ғалым Оразалиева
Э.Н. қазақ тіл біліміндегі танымдық қағидалардың ерекшелігін сөздің халық
санасында бейнелі қабылдануы, адамның сан алуан шығармашылық қабілеті, сөз
мағынасының қолданылу шеңбері, тілдік құралдардың құрылымдық табиғаты, тіл
тарихының өнегелі сипаты, қоршаған әлем мен ұлттық-мәдени дәстүрдің,
қоғамдық даму мен психологиялық қалыптасудың тілдік амалдар арқылы
суреттелуі секілді мәселелер айқындайды, - деп есептейді. [9, 7].
Ғалым Н.Уәли когнитивтік тіл білімінің мынадай сипаттамасын береді:
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, теориялық ұстанымдары, іргелі
ұғымдары, зерттеудің өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Когнитивтік лингвистика
сана, ойлау, білімнің табиғаты мен мәнін, ақиқат дүниенің санада
қабылдауының нәтижесін, адамдардың танымдық қызметін, белгілі бір танымдық
қызметін, белгілі бір білімнің адам санасында жинақталып, ой елегінен өтіп,
байыпталып ақпараттық жүйеге түскен білімін қалыптастырады [10, 42].
Когнитивтік лингвистикада тіл бірліктері тек атауыштық қызметке ғана
ие емес, сонымен қатар сөз, сөз тіркестері, таным-білім нәтижесінің тілдегі
көрінісін айғақтайтын қызметі бар. Н. Уәли атап өткендей, Тілдің
лексикалық байлығы тек атауыш сөздермен шектелмейді. Ана тіліміздегі
сөздердің енді бір қатары халықтың таным-білігі, зерттеуі, ой қорытуына
байланысты пайда болған. Ондай сөздердің номинациялық ерекшелігінен гөрі
ұғымдық қасиеті басым болады.
Эпос тіліндегі сөз, сөз тіркестері қолданыстарының ар жағында тұратын
таным, білім, ой, сана көріністерін тек концептуалдық талдаудың,
ізденістердің нәтижесінде қарастыра сипаттай аламыз. Е.С. Кубрякова атап
көрсеткендей: Тілдік концептуалдық тұрғыдан талдау тілдік категорияның ар
жағында тұратын, тілдік бірліктердің формалық, қолданыстық және
тіркесімділік ерекшеліктерінің астарында жататын ғалам жөніндегі ұғым
түсініктерді түйсінуге жол ашады. Ол ғалам бейнесінің мәнін түсінуге және
оны сипаттауға бағытталады. Ғалам бейнесі дегеніміз - өмірлік ұстанымның,
мәдени қағидалары мен стереотиптің, этикалық құндылықтар мен эталонның және
мифологияның жүйеленіп, бір бүтінге айналған тұтастығы [11].
Әр тілде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz