Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық негіздері


Тақырыбы:
Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық негіздері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І Тіл мен таным мәселесі
1. 1. Халықтық таным . . . 6-16
1. 2. Тілдік сана . . . 16-25
ІІ Қазақ этнонимдерінің танымдық бағытта зерттелуі
- Қазақ этнонимдерінің зерттелуі . . . 26-31
- Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық
негіздері . . . 31-59
Қорытынды . . . 60-61
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62-64
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімінде әлі де көп зерттеу мен ғылыми талдауды керек ететін ғылыми мәселелер бар екендігіне күн артқан сайын ғалымдар көз жеткізіп келеді.
Түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде онамастикалық мәселелер біршама зерттелген. Ономастиканың бір бөлігі ретінде саналатын этнонимия саласын зерттеу тіл ғылымы алдындағы міндеттердің бірі болып саналады. Осыған орай этнонимдерді бүгінгі таңда тіл білімі ғылымының жаңа бағыттары тұрғысынан ғылыми зерттеулердің әлі де аз екендігін байқаймыз.
Тіл білімінде танымдық бағыттың қалыптасуы, ғылыми теориялық тұжырымдары, ұстанымдары, т. б. зерттеу енді-енді қолға алына бастады.
Ономастика саласындағы этнонимдерді танымдық тұрғыдан қарастыру, тіл мен таным байланысына негізделген мәселелерді халықтық-мәдени негіздермен айқындау тақырыптың өзектілігін танытады. Яғни ру, тайпа, халық, ұлыс, ұлт атауларының қалыптасуын танымдық бағытта зерделеу бүгінгі күні тілтанымда негізгі мәселелер ретінде қарастырылады.
Ру, тайпалардың атауларының шығу тегін зерттеу лингвист-ғалымдар үшін маңызды дүние.
Қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың бірі Т. Жанұзақтың сөзімен айтқанда, этнонимдер тіл тарихы үшін аса қажетті құнды материал болып саналады. Этнонимдердің лексикасын және шығу төркіні мен мән-мағынасын, жасалу ерекшеліктері мен грамматикалық, яғни морфологиялық құрылымын зерттеудің ерекше мәні бар. Әсіресе этноним болып отырған сөздердің мағынасын, ол қайсы елдің сөзінен жасалған, қай кезде қойылған деген мәселелердің бетін ашудың өзіндік орны мен мән-жайы ерекше [1, 91] .
Жалпы қазақ лингвистикасында этнонимия саласының зерттелуіне шолу жасасақ, біз ең алдымен ру, тайпалар туралы азды-көпті мәліметтерді орыс түркологтарының еңбектерінен көре аламыз. Атап айтсақ, Н. А. Аристов А. Харузин, Р. Н. Потанин, А. Левшин, Н. М. Гродеков, В. В. Бартольд, А. Бернштам, С. Г. Кляшторный, О. А. Зуев, Н. Я. Бичурин т. б. Орыс тіл ғылымында бұл мәселе ХІХ ғасырдан қолға алына бастаған [2, 21-22] .
Қазақ этнонимиясының қалыптасуының көш басында тұрған ғалым ретінде Ш. Уәлихановты айтамыз. Ш. Уәлиханов - қазақ халқының қалыптасуы жайында тұңғыш қалам тартқан ғалымдардың бірі.
Қазақ тілі этнонимиясын зерттеуде көп үлес қосқан тілші-ғалымдарымыз ретінде Ә. Қайдар, С. Аманжолов, Т. Жанұзақов, А. Әбдірахманов, Г. Сағидолда т. б. атап көрсетуге болады. Тіл білімінің ономастика саласын зерттеуде негізінен топонимдер мен антропонимдерге қатысты зерттеулерді кеңінен жүргізген, алайда этнонимдерге қатысты еңбектердің өте аз екендігін байқаймыз.
Жоғарыда атап көрсетілген ғалымдарымыздың этнонимия саласына қосқан жаңалықтары аз емес, олар өздерінің зерттеулерінде қазақ ру, тайпаларының шығу тегі, тарихы жөнінде қарастырып өткен.
Зертеудің нысаны: Қазақ тіліндегі этнонимдер, олардың танымдық бағыттағы ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ тіліндегі этнонимдерді танымдық бағытта сипаттау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- халықтық таным түсінігін анықтау;
- тілдік сана туралы түсінік беру;
- танымдық бағыттағы адамның қабылдау, пайымдау, ойлау т. б. процестерінің тілмен байланысын анықтау;
- қазақ этнонимдерінің зерттелуіне шолу;
- қазақ этнонимдерінің этимологиясын танымдық тұрғыдан зерделеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Зерттеу жұмысында қазақ этнонимдері таным бағытында тұңғыш рет зерттеліп отыр. Қазақ этнонимдерінің қалыптасуындағы халықтық таным айқындалып, ғылыми негізде дәлелденді.
Зерттеу әдістері. Лингвистикалық талдаудың салыстырмалы-тарихи, синхрондық және диахрондық әдістері, ретроспективтік тәсілі қолданылды.
Зерттеу жұмысының материалдары . Зертеу жұмысында танымдық (когнитивтік) бағыттағы кешенді ғылыми теориялық еңбектер, қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың қалыптасуы мен дамуына арналған ғылыми еңбектер, ономастикалық зерттеулер, мерзімді баспасөз материалдары, сөздіктер және т. б. ғылыми жинақтар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Қазақ тіл білімінің ономасиология саласындағы этнонимдердің танымдық бағытта зерттелу негізін қалайды. Зерттеу жұмысындағы теориялық тұжырымдар, деректерді практикалық тұрғыдан жоғары оқу орындарында оқытылатын арнайы курстарға пайдалануға болады. «Когнитивтік лингвистика», «Ономастикалық зертеулердің теориясы мен әдістемесі» курстарына көмекші құрал бола алады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
- қазақ этнонимдерінің танымдық негіздерін танытуда тілдің рөлі ерекше;
- қазақ этнонимдерінің ұғымдық өрісінде қазақ халқының танымдық табиғаты көрініс табады;
- қазақ халқының танымы көшпелі өмір салтымен тікелей байланысты;
- тілдік бірлік ретіндегі қазақ этнонимдерінің табиғатын тануда танымдық қызметтің маңызы ерекше.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Тіл мен таным мәселесі
1. 1 Халықтық таным
Соңғы уақытта адам қажеттілігінің білімге сұранысының өзгеше серпінде өсуі зерттеу бағыттарының жаңа мазмұн алуына, оны қанағаттандыру қызметтерінің де жандануына, кеңеюіне әкелді. Лингвистикада тілді адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құрушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас пайда болды [3 , 3] .
Кез-келген халық тілі - сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеу қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальді құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сана қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Бұл бағыттағы когнитивтік лингвистиканың бастау көзі Аристотельдің, Платонның, кейін Гумбольдт пен оның шәкірттерінің тіл философиясы концепцияларында жатыр. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тіл туралы жаңаша зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер енгізуінде емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге танымдық тұрғыдан келуінде [3, 6 ] .
Тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз құрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды. Қазіргі лингвистикалық зерттеулер обьективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы, ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланыста зерттеуге бағытталады. «Адам және тіл» мәселесі мол өзектілікке ие, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі тілдің өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгенде ғана толық мүмкіндікке ие болмақ [4, 3] .
Тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық қызметі ерекше. Бұл - тілдің ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, зат деректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Яғни, тіл - тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың белгілі кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді [4, 11] .
Алғашқы когнитивтік зерттеулер этнолингвистикалық және лингвистикалық типологияны шендестіру деңгейінде сипат алды. Сөйтіп, тілдік әмбебап құбылыстарды терең түсінуге талпыныс Хомский Н., Джонсон М., Лакофф Дж., Лангокер Р. және Ресейде Апресян Ю. Д., Кубрякова Е. М., Караулов Ю. Н., Маслова В. А т. б. еңбектерінен басталады.
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында этнолингвистикалық зерттеулердің мәні ерекше. Атап айтқанда, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, М. Копыленко, Г. Смағұлова т. б. зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшін де құнды мазмұнға ие. Ал соңғы уақыттағы таза когнитивтік бағыттағы ізденістер жалпы алғанда нәтижесіз емес, Г. Г. Гиздатов., Б. Хасанов., С. Т. Ақаев., С. Жапақов., Қ. Жаманбаевалардың осы бағыттағы еңбектерінің маңызы зор [3, 6] .
Жалпы тіл білімінде когнитивтік бағыттың қалыптасуы шетел және орыс түркологтарынан бастау алса, қазақ тіл білімінде когнитивтік бағыттың қалыптасуының да тамыры тереңде жатқандығы ғылыми тұрғыдан толық зерттеле қойған жоқ.
Жалпы, когнитивизм терминіне тоқталып өтсек, оған В. А. Маслова өз пікірін төмендегіше көрсетеді: «В когнитивистике главное внимание уделяется человеческой когниции, исследуется непросто наблюдаемые действия, а их ментальные репрезентаций (внутренние представления, моделы) символы, стратегии человека, которые и порождают действия на основе знаний; т. е когнитивный мир человека изучается по его поведению и деятельности, которые протекают при активном участии языка, образуещего речемыслительную формируя ее мотивы и устоновки, прогнозируя результат» [5, 7] .
Ономаст-ғалым Б. Тілеубердиевтің пікірінше: «Адам баласының таным- түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да «Адам және тіл» аясына сыйғызады. Сондықтан да «Адам және тіл» когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр» [4, 11] .
«Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл - әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға септігін тигізеді. Құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісін кеңейте түспек, сондықтан бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібінен орын алуда», - деп тұжырымдайды тілші-ғалым Э. Оразалиева [6, 3] . Автордың «Когнитивті лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» атты еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттары ғылыми парадигмаларға, теориялық тұжырымдарға сүйене сөз болады. Тіл мен таным байланысына негізделген мәселелердің әдіснамалық белгілері әлеуметтік, психологиялық және халықтық-мәдени негіздерімен айқыналып, когнитивтік лингвистиканың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі, тілтанымдық универсалий мәселелерін зерделеудегі үлесі қазақ ғалымдарының пікір-көзқарастарымен тоғыстырыла беріледі [6] .
Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық- әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ [6, 4] .
Когнитивтік лингвистикада тіл арқылы адамды, адам арқылы тілді тануға бағытталса, Қ. Жұбановта мұның бір жағы субстанцияның миға әсері, сыртқы дүниенің танымдық бейне жасауға ықпалы жағын беруі басым болған . . . Тілдің танымдық қасиетін, қиюын тауып, қиыстыра зерделеген Қ. Жұбанов еңбектерінен когнитивті лингвистиканың қай жағы да табылатынына көз жеткізу қиын емес [6, 41] . Қ. Жұбанов қабылдауындағы тіл ғылымының танымдық негіздері «Тірі тіл арқылы көрініс табатын» адамзаттың тарихи қорымен әрі оның дамуын дәйектейтін факторлармен жалпы тілдік заңдылықтардың әсерімен тығыз байланыста қарастырылды. Қ. Жұбанов лексикалық сөздер мен сөз тіркестерді уақыт өте қалыптасатын белгілі бір «дүниетанымның» жемісі ретінде бағалау керектігіне өзгеше мән берді [7, 398-402] .
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ұстанымдарын бүгінгі күні жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі - Э. Д. Сүлейменованың тұжырымдары адамзат санасы, концептуалды жүйе, когнитивті феномен, әлемнің тілдік бейнесі, білім, ішкі лексикон, адамзат тәжірибесі сияқты ұғымдар табиғатын айғақтаумен тығыз байланыста дамыды. Зерттеуші: «Таным процесіндегі тілдің қызметін абсолютті деңгейге көтеру оны адамнан, танымдық әрекетінен тыс тұрған концептуалдық жүйе, өзгеше білімдер жиынтығы ретінде тануға әкелді . . . », - деп көрсете келе, тіл мен таным арасындағы байланыстарды тек ойлау арқылы ғана жүзеге асатын өзгеше қатынастар көрсеткіші ретінде танып білді, себебі, ғалымның пайымдауынша, « . . . тек ойлау жүйесінде ғана әлемнің бейнесі сұрыпталады, ал тіл ондай қасиетке ие бола алмайды, ол арнайы үлгіде ұйымдастырылған әлемдік бейненің материалдық формасын қана құрайды. Осыған сәйкес, Э. Д. Сүлейменова әлемдік бейнені де, әлемнің тілдік бейнесін де адамның ойлау әрекетінің «нәтижесі және шарты» деп қарастырды, сондықтан тілдің танымдық негізінде «жеке тұлғаның өзіндік жетістігі, когнитивтік үдерістердің жан-жақты және ұзақ байланыстарының нәтижесі, білімді ұйымдастырудың бастапқы әрі универсалды амалы, адамзат санасының қабылдау, ойлау, түсіну, есте сақтау сынды өзге де когнитивтік құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын ажырамас құрамды бөлігі тұрғысынан қабылдады [8, 82] .
Тілші Э. Оразалиева қазақ тіл білімінде тілге тек құрылымдық ерекшелік ретінде емес, адамзат болмысының өзгеше бір бөлшегі деп қарау ХХ ғасырдың басында-ақ негізделе бастағандығын, «Тіл - құрал» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, қазақ зерттеушілері тілдің әлеуметтік, психологиялық танымдық қызметтеріне назар аударғандығын атап өтеді. «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры» деген А. Байтұрсынұлының пікірі де сол маңызды бастаманың алғышарты болды. Тілші 1914 жылы Орынборда шыққан еңбегін «Тіл - құрал» деп атай отырып, атаудың алғашында өзгелерге қаншалықты жат естілсе де, болашақта соншалықты маңызды болатындығын ерекше сеніммен ескертті [6, 22] . Тілші Р. Сыздықова бұл еңбекке « . . . қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс» деп жоғары баға берді. Тек қазақ тіл біліміне ғана емес, «қазақ мәдениетіне» қосылған зор үлес тұрғысынан бағаланған бұл зерттеудің жалпы танымдық, этнографиялық, ұлттық-мәдени өзгешелігі ерекше, сол себепті автор ойын «Кітап бетінің төменгі тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі. Барлық әріптерді өтіп болған соң танымдық материалдар ұсынылады» деп жалғастырды. Таным көзін құраған сөздердің «туысқан-туған іліктес» деген тақырыпта, киімдердің, ойындар мен ойыншықтардың т. б. атаулары түрінде топталып берілгенін де тілші асқан көрегендікпен ескертті. Тілдік материалдар сол кездің өзінде-ақ таза теориялық қағидаларға ғана емес, идеялық-рухани тәрбиеге де, халықтық дүниетанымға да арқау болған [9, 22] .
«Халықтық танымның ең үздік көрсеткішін шын мәнінде, адамдардың «есімдері, олардың қойылу тарихы құрайды», - дейді ғалым С. Аманжолов. Сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы екенін де дәл байқаған ғалым қазақ есімдерінің түп-төркінін, уәжділігін жан-жақты зерттеп, семалық талдауларына арқау еткен. « . . . баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, Жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт, я Мырза деген атты қояды, - деп келген ономастикалық бірліктерді С. Аманжолов әрі танымның, әрі психологиялық қабылдаудың нысаны деп қарастырды [10, 75-76] .
«Тілде де әзір бейнелеу құралдары, халықтың қаншама ғасыр бойында әр түрлі құбылысты өзара салыстыра суреттеу, бір-біріне теңей сөйлеу тәжірибесінің ойды тыңдаушыға әсерлі етіп, көркем түрде жеткізу дағдысының нәтижесінде қалыптасқан тіркестер, афоризмдік орамдар, контексте емес, тіпті жеке тұрғанда да экспрессиясы айқын сөз де, сөйлем де мол» мол болатындығын негізге алған Е. Жанпейісов зерттеулеріндегі тілтанымдық деректердің дені «тарихи-этимологиялық барлау» арқылы тіл мен халық ұғымдарының ажырамас бірлігін анықтауға бағытталды [11, 18] . Тілдік бірліктер табиғатын этнотанымдық қабылдаудың нәтижесі деп дәйектеген ғалым М. Әуезовтің «Абай жолын» сарқылмас этнографизмдердің, халықтық дәстүр мен мәдениеттің көзі тұрғысынан зерделеп, «рухани қазынаның» ұрпақтан-ұрпаққа берілер «құнарлы арнасы» деп есептелетін құндылықтар мен эстетикалық байлықтар жігін ұлттық болмысты қалыпастырушы алғышарттар ретінде түсіндірді [11, 8-11] . Ғалым өз еңбегінде қазақ халқының танымдық болмысын айқындайтын тілдік құралдардың маңызын өзектеді [11, 157] .
Халықтық танымның өзгеше үлгісін «уақыт, қашықтық өлшемімен байланысты тіркестер мен фразеологизмдер де құрайтындықтан, ғалым олардың өзіндік жіктемесін жеке топтап берді, оларға «ет асым мезгіл, сүт пісірім, шай қайнатым, сойыл салым жер, түстік жер, төстіктей жер, ат шаптырым жер, құнан шаптырым жер, қозы көш жер, қозы өрісіндей жер» секілді ұғымдарды жатқызды [11, 135] .
Лексикалық бірліктердің танымдық мүмкіндігін сұрыптау мақсатында ғалым төрт түлік малдарына қатысты айтылатын сөздерге талдау жасады, олардың халықтық дүниетаным ұғымымен байланысын анықтады әрі мәтінде қолданылу сипатына орай қабылдану, бағалану өзгешелігін дәлелдеді [11, 59] .
Сан ғасырлар бойы мал өсіруді кәсіп ету арқылы көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқының сонау ата-бабаларынан бастап қалыптасқан шаруашылығы, әдеп-ғұрпы, тілі, ойын-сауығы, мінез-құлқы, дүниетанымы қалай дамыды және бұл құбылыстардың табиғи жағдаймен байланылыстылығы қандай болды, басқа елдермен алыс-беріс қатынастары қалай өрбіді, бөтен жұрттың кейбір сөздерін, мәдениетін қабылдады ма, жоқ па, өз тілінің басқа елдерге таратылуына себепкер болды ма, міне осы мәселелер ғалымдар назарын ертеден-ақ аударып келген.
Қазақ халқы ежелден мал өсіріп, көшпелі өмір сүрген халық. Оның көшпелі тұрмысты қойып отырықшылыққа айналғаны ХХ ғасырдың 30-жылдарына саяды. Ол да ұжымдастыру кезінде күшпен жасалынған ауыр шара еді. Солақай жүргізілген саясат нәтижесінде малдың барлығы қырылып бүтіндей елдің тең жартысы аштықтан баудай түсті, ал біршамасы шет жерлерге ауа көшті. Осы мысалдан-ақ бүкіл қазақ халқының барлық тарихы көшпелі тұрмыспен тікелей байланысты деуге толық негіз бар. Мыңдаған жылдар бойы мал бағып, көшіп, қонып жүрген халық сол тұрмысқа әбден бейімделген. Сондықтан қазақ тарихын көшпелі тұрмыстан бөліп қарау мүмкін емес. Әрине, біздің «Қазақ» деп аталғанымыз соңғы бес-алты ғасыр шамасы ғана. Оған дейін бүкіл біздің ата-бабаларымыз «Алаш азаматы» аталды. Бірақ олардың өмір сүру тәсілі, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері біздің бір халық екенімізді дәлелдейді.
Тіл халықтың менталитетіне жатады. Тілі арқылы кез-келген халықтың даму дәрежесін оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады [12] .
«Менталитет» деген сөздің бізге Батыс елдерден келгендігі белгілі. Мәселен француздар «mentalite», ағылшындар «mentality», немістер «mentalitat» дейді, бірақ түбірі бір, негізінде латын тілінен алынған. Олардың пікіріне сүйенсек, бұл ұғым жеке адамдардың, не топтардың «ақыл» сапасы мен сананың қабілетін, күшін, ойлау түрін, бағытын, сондай-ақ мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық құбылыстардан ерекшелігін ажыратып береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz