Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің
гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ...
1 ЖОО студенттерінің гуманистік көзқарасын қазақ этнопедагогка
құралдары арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... 11
1.1 Гуманистік көзқарас қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық
негіздері 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың
құрылымдық мазмұны мен бүгінгі жайы 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. ... ... ... ..
1.3 Қазақ этнопедагогикасы құралдарының гуманистік сипаты мен
ерекшеліктері 44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .
2. ЖОО студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
2.1 Қазақ этнопедагогикасының құндылықтары негізінде
студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру тәсілдері 99
... .
2.3 Студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру жұмыста-рының
тәжірибелік-эксперименттік 108
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...121
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап
етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын
өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана
білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның
негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан
Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім
жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде,
гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр [1].
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір
сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен
практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырағаны айқындалды. Ол дағдарыс:
құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижеліліктің
деңгейлерінің барлығында да көрініс тапты. Осындай тарихи-қоғамдық формация
жағдайында, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалынған талдау жаңа
қоғамдық формацияның даму және қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстанда
жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастыру
арқылы болашақ маманның адами сапасын арттырудың аса маңызды міндеттердің
бірі екендігін көрсетіп беріп отыр [ 2].
Жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпығылымилық,
әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық
процестердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі
талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті
мәселе ретінде қарастырылуда. Оқу-тәрбие процесін гумани-тарландыру арқылы,
яғни болашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір
студенттің тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік
сипатын анықтайтын өзіндік рухани байлықтарының сапасын арттыру жүзеге
асырылады деп саналады [3].
Білім беру мен тәрбие арқылы жас ұрпақтың гуманистік көзқарасы мен
дүниетанымын қалыптастыру педагогика тарихында кең қаралған мәселелер
қатарына жатады. Педагогика тарихында жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын
қалыптастыру адамзаттың ізгілікті-прогресшіл бағытта дамуының басты алғы
шарты екендігі Я.А.Коменский [4], К.Д.Ушинский [5], В.А.Сухомлинский [6],
Г.Н.Волков [7], Ы.Алтынсарин [8], А.Құнанбаев [9], Ж.Аймауытов [10],
А.Байтұрсынов [11], М.Жұмабаев [12], т.б. еңбектерінде айтылған болатын.
Диссертацияда жоғары оқу орындарында білімді мамандарды дайындау және
олардың гуманистік көзқарасы мен тәрбиесін қалыптастыру мәселесі бойынша
жасалынған ретроспективті талдау педагог-ғалымдардың аталған мәселені
шешуде түрлі аспектіден қарағандарын көрсетті:
- жоғары білім беруді гуманитарландыруға арналған ғылыми
еңбектерде (А.Г.Асмолов, А.Абдулханова-Славская, В.Г.Афанасьев,
Ш.А.Амонашвили, А.А.Бодалев, В.И.Бакштановский, Д.Бок,
А.П.Валицкая, Г.С.Георгиева, К.Геллерт, В.Е.Давыдовия,
А.Ю.Закгейм, А.А.Леонтьев, А.Ф.Лосев, А.А.Мелик-Пашаев,
Е.Н.Степанов, О.В.Медведева, Г.К.Нурғалиева, М.Раджаев,
С.М.Разин, А.И.Субетто, А.С.Сластенин, В.Е.Шукшинов, Е.А.Шиянов,
Т.М.Шамова және басқалар) жеке тұлғаны әлеуметтендіруге,
гуманистік көзқарастар қалыптастырудың көпаспектілігіне басты
назар аударылған;
- Қазақстан Республикасы жоғары мектеп педагогикасы саласында
болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың түрлі аспектілері бойынша
зерттеу жұмыстары (А.П.Сейтешов, М.М.Құлдыбаев, А.А.Бейсенбаева,
А.Е.Әбілқасымова, А.А.Құдайқұлов,
О.С.Сәлімбаев, Л.Х.Мажитова, В.Н.Косов,
Г.А.Уманов, Т.К.Кенжебаев, Э.М.Мамбетакунов, Н.Д.Хмель және
т.б.) ұлттық кадрларды қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздерін анықтап берсе;
- жас маманның гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ұлттық
мазмұнын қамтамасыз ететін қазақ этнопедагогикасының тәлім-
тәрбиелік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктері туралы Н.Наурызбай
[13], Қ.Жарықбаев [14], З.Әбілова [15], Ә.Табылдиев [16],
С.Қалиев [17], Қ.Бөлеев [18], С.Ұзақбаева [19], К.Қожахметова
[20], А.Қалыбекова [21], М.Сарыбеков [22], А.С.Мағауова [23],
А.Әбдікәрім [24], Т.Қоңыратбаева [25], К.Сейсенбаев [26],
Р.Төлеубекова [27], Ж.Асанов [28], Н.Көшеров [29],
С.Кенжахметұлы [30], А.Құралұлы [31], А.Сейдімбек [32] және
т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттеулер жүргізілген;
- жас ұрпаққа гуманистік тәрбие беру – адамгершілікке
тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негізі ретінде
А.А.Бейсенбаеваның [33],
К.К.Жампеисованың [34], К.Б.Жарықбаевтың [35], А.А.Калюжныйдың
[36], Л.К.Керимовтің [37],
Б.И.Мұканованың [38], Г.К.Нұргалиеваның [39], В.А.Кимнің [40],
В.В.Трифоновтың [41], С.А.Ұзақбаеваның [42], Н.Н.Ханның [43],
Н.Д.Хмельдің [44] және т.б. зерттеу жұмыстарында мұқият
қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру
тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық
құндылықтар мен ұлттық құндылықтар мазмұнында қалыптастырылуы тиіс
делінген. Осы тұрғыдан қазақ философтары: Ә.Нысанбаев
[45, С.Ақатай [46], М.Сәбит [47], С.Нұрмұратов [48], А.Қасымжанов [49],
т.б. еңбектерінде адам бойындағы ізгі ниет пен ізгілік қасиеттердің
қалыптасуы гуманистік бағыттылықты көрсетеді десе, педагогтар: А.П.Сейтешев
[50], Г.М.Храпченков [51], Г.А.Уманов [52], Р.Ержанова [53], Л.А.Байсерке
[54], Т.Ахметов [55], Э.А.Орынбасарова [56], С.О.Нұрмұқашева [57],
А.К.Меңжанова [58], Е.З.Батталханов [59], А.Н.Көшербаева [60],
С.Оспанова [61], т.б. педагогтар оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру
гуманистік тәрбиенің ізгіліктік компоненттері арқылы жас ұрпақ бойында
гуманистік көзқарасты қалыптастыруы міндетті шарт болуы тиіс деп
тұжырымдайды. Онда: Гумандылық – тарихи алмасатын адами көзқарастар
жүйесі, рухани құндылықтарды жеке тұлға ретінде мойындаушы, оның
бостандыққа, бақытқа, дамуы мен өзіндік қабілетті көрсету құқығы, адам
игілігі әлеуметтік институттардың қызметтік бағалау белгісімен есептелетін,
ал теңдік, әділеттілік, адамгершілік принциптері адамдар арасындағы
көңілдің тілектелген нормасы болып табылады – деп айтылған тұжырымның
өміршеңдігін зерттеу маңызды педагогикалық мәселе екендігі бүгінгі күні
есепке алынған.
Арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге жасалынған
талдаулар гуманистік көзқарастар қалыптастыру жөнінде алыс шетелдік
ғалымдар мен кеңес ғалымдарының гуманистік тәрбие туралы қатынастарында
белгілі бір айырмашылықтардың бар екенін көрсетіп отыр. А.Маслоу мен
К.Роджерс ұсынған гуманистік модельде жеке тұлғаның сапалық қасиеттерінің
ең жоғарғы сатысы олардың өзін-өзі актуальдандыруы болып табылса, Ресей
(И.Колесникова, Е.Бондаревская, т.б.) ғалымдары жеке тұлғаны бағдарлы
дамыту арқылы гуманистік тәрбиеге қол жеткізуге болады деп санайды.
Жоғары оқу орындарында педагогика пәнін оқыту барысын жан-жақты зерттеу
нәтижесінде студенттердің гуманистік көзқарасын, дүниетанымын
қалыптастыратын халық педагогикасының рухани-ізгіліктік элементтерін енгізу
қажеттігі мен оларды оқу-тәрбие процесіне енгізу мүмкіндіктерінің арнайы
зерттелмеуі; гуманистік көзқарас қалыптастыру мазмұнының ғылыми-теориялық
тұрғыдан негізделмеуі мен оның рухани-ізгіліктік құндылықтарының кең
қолданылмауы арасында түбегейлі қарама-қайшылық орын алып отыр.
Аталған мәселенің өзектілігі диссертациялық зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы ЖОО студенттерінің
гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары деп таңдауға
мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы педагогикалық
жоғары оқу орны студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеу нысаны: педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттердің
гуманистік көзқарасын қалыптастырудың оқутәрбие процесі.
Зерттеу пәні: қазақ этнопедагогикасы құралдарының көмегімен болашақ
педагогтардың гуманистік көзқарастарын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қазақ этнопедагогикасындағы жеке
тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру жүйесін ғылыми педагогикалық
тұрғыдан қарастырсақ, онда жеке тұлғаның адами немесе рухани құндылықтарды
қабылдауына қандай да бір арнайы ұйымдастырылған педа-гогикалық шарт ықпал
ететінін пайымдаймыз. Бұл шартқа сәйкес жеке тұлғаның гуманистік
көзқарасының қалыптасуы аталған процесті басқару қызметінің ерекшелігіне
тәуелді болады. Бірнеше кезеңді қамтитын осы процесс жеке тұлғаның
гуманистік көзқарасын қалыптастыру әрекеттерінің рухани құндылықтар
мазмұнын, олардың ізгіліктік бағытын тәрбие мақсатымен сәйкестендірумен
анықталынады. Гуманистік көзқарастың бүкіладамзаттық құндылықтарды
қабылдаудың жетекші күші екендігі анықталып, оны қалыптастырудың
этнопедагогика ғылымындағы білімдік және әрекеттік мазмұнын анықтау
мүмкіндігі туындайды.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы студенттердің гуманистік
көзқарасын қалыптастырудың мәнін ашу және оны теориялық тұрғыдан
негіздеу.
2. Гуманистік көзқарас қалыптастырудың ұғымдық-түсініктік аппаратын анықтау
және оларға ғылыми негізделген түсініктер беру.
3. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесінде қазақ
этнопедагогикасы құралдары арқылы студенттердің гуманистік көзқарасын
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан негіздеу.
4. ЖОО қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы гуманистік көзқарас
қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-
эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: педагогикалық ЖОО студенттерінің гуманистік
көзқарасын қалыптастыруға қазақ этнопедагогикасы құралдарының ұлттық
құндылықтар мазмұнының рухани-ізгіліктік және рухани-өнегелілік құрылым
элементтерін анықтап, олардың оқу-тәрбие процесінде жан-жақты қамтылуы мен
түрлі ұйымдастыру формаларында қатар жүзеге асырылуын қамтамасыз ету басты
негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне табиғат, қоғам және
адамзат дамуының жалпы заңдылықтары, халық педагогикасының тәрбие
жұмысындағы орны туралы ілімдер, жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтардың өзара бірлігі жөніндегі қағидалары, жеке тұлға туралы теория
және оны дамытудағы халық педагогикасының мәнін айқындайтын философиялық,
психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар жатады.
Зерттеудің дерек көздері: философтар, педагогтар, психологтар,
әдебиеттанушылар, саясаттанушылар, тарихшылардың т.б. зерттеу мәселесі
бойынша жарық көрген еңбектері, әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың
тәлім-тәрбиелік мұралары, ҚР үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің
құжаттары (оқу-тәрбие жөніндегі заңдар, жарлықтар, қаулылар, қазақ
этнопедагогикасын дамытуға арналған тұжырымдамалар, тәлім-тәрбие
тұжырымдамасы, тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы, гуманитарлық білім
беру тұжырымдамасы, жалпы білім беру тұжырымдамасы, жалпы білім беретін
мектептер тұжырымдамасы т.б.) Қазақстан – 2030 Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауы, мектеп пен жоғары оқу орнының озат тәжірибелері,
диссертанттың ЖОО-да білім беру ісіндегі тәжірибесі (14-жыл).
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық,
психологиялық, философиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық
талдау жасау; типтік жоспарларын талдау және салыстыру; педагогикалық
эксперимент жұмысы; эксперимент нәтижесін математикалық статистика әдісімен
жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын өңдеу және бағалау.
Зерттеу базасы: зерттеу жұмыстары Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қ.А. Ясауи
атындағы МҚТУ Тараз институты, Әулие-Ата университетінде, Орталық-Азия
университетінде іс-тәжірибелерге енгізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (1998-2002 жылдар) гуманистік көзқарас туралы
философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге талдау
жасалынып, жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік тәрбиесін
қалыптастыру мәселесі теориялық және әдіснамалық тұрғыдан негізделді.
Зерттеудің нысанасы, пәні, мақсаты мен міндеттері және ғылыми болжамы
анықталынды. Гуманистік көзқарас қалыптастыру ұғымы және одан туындайтын
бірнеше жаңа ұғымдардың анықтамалары нақтыланды, зерттеу бағдарламасы мен
әдістері құрылды, қазақ этнопедлагогикасының құралдарының гуманистік
көзқарас қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды.
Екінші кезеңде (2002-2004 жылдар) зерттеу міндеттеріне сәйкес анықтаушы
және қалыптастырушы педагогикалық эксперименттері ұйымдастырылып,
студенттердің гуманистік көзқарас туралы білімдері, түсініктері және қазақ
этнопедагогикасы пәнінің гуманистік көзқарас қалыптас-тыру мүмкіндіктерінің
бүгінгі жай-күйі анықталды. Қазақ этнопедагогикасының құралдарын пайдалану
негізінде ЖОО студенттерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың
құрылымдық нобайы әзірленді. Студенттердің гуманистік көзқарасын
қалыптастыру критерийлері мен көрсеткіш өлшемдері айқында-лынып, ғылыми
болжамның міндеттері нақтыланды. Арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, жоғары
оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне енгізілді.
Үшінші кезеңде (2004-2006 жылдар) ЖОО студенттерінің гуманистік
көзқарасын қазақ этнопедагогикасының рухани құндылықтар мазмұнын пайдалану
арқылы қалыптастыру бойынша ұсынылған әдістеменің және оны ұйымдастыруға
арнайы тудырылған педагогикалық шарттардың тиімділігін тексеру үшін
тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Алынған зерттеу
нәтижелері бойынша ЖОО студенттерінің гуманистік көз-қарасын қалыптастыру
туралы қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдалды, зерттеу жұмысын
жетілдірудің жолдары анықталды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қазақ этнопедагогикасы құралдарының рухани құндылық мазмұны
арқылы студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың мәні
ашылды және ол ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді;
- студенттерде гуманистік көзқарас қалыптастырудың ұғымдық-
түсініктік аппаратының құрылымы айқындалынып, олардың
әрқайсысына ғылыми негізделген түсініктер берілді және олардың
байланыстық қатынас дәрежелері көрсетілді; гуманистік көзқарас
қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтары ашылып, олардың
әлеуметтік-педагогикалық табиғатына сипаттамалар берілді;
- жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінде қазақ
этнопедагогикасы құралдарының рухани-ізгіліктік және рухани-
өнегелік мазмұндары арқылы студенттердің гуманистік көзқарасын
қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық
шарттар анықталды ;
- ЖОО қазақ этнопедагогикасының құралдары арқылы гуманистік
көзқарас қалыптастыру әдістемесі дайындалды және оның тиімділігі
тәжірибелік-эксперименттік тексеруден өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- ЖОО педагогикалық мамандықтары студенттерінің гуманистік көзқарасын
қалыптастыру мақсатында Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы
студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру арнайы оқу курсы
әзірленді;
- Қазақ тілі және әдебиеті, Тарих және география, Педагогика және
бастауыш мектепте оқыту әдістемесі мамандықтары бойынша оқытылатын
педагогика және этнопедагогика пәндерінің бағдарламаларына қосымша
материалдар дайындалды;
- ЖОО аудиториялық және аудиториядан тыс оқу-тәрбие жұмыстарында
студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыруға арналған лекция
курстары мен практикалық-тренинг сабақтарының материалдары дайындалып,
оқу процесіне енгізілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру ұғымына және оның
ұғымдық-түсініктік аппаратына ғылыми-педагогикалық тұрғыдан
негізделген сипаттама;
- қазақ этнопедгогикасы құралдарының рухани құндылықтар мазмұны және
оның гуманистік көзқарас қалыптастыру әлеуетіне әдіснамалық негіздеме;
- қазақ этнопедагогикасы құралдарының рухани құндылықтар мазмұны арқылы

нобайының құрылымы;

жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары;
- студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру әдістемесінің
теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негізделуі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі:
Зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге
сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, теориялық және тәжірибелік
материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, кешенді әдіс-тәсілдерінің
қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен,
педагогикалық пәндерді оқыту процесінде рухани құндылықтар мазмұнын
пайдалану арқылы гуманистік көзқарасты қалыптастырудың тиімділігі
эксперименттік тәжірибе түрінде тексеріліп, ЖОО оқу процесіне енгізілумен
қамтамасыз етілген.
Зерттеу жұмысының сынақталуы. Жұмыстың негізгі мазмұны
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Қазіргі кезеңдегі
білім қызметін тұтынушыларының талаптарына сай мамандар дайындаудың сапасын
жетілдіру атты профессор-оқытушылары құрамының ғылыми-әдістемелік
конференциясының материалдарында (Тараз, 2003 ж.), Евразия гуманитарлық
институтының Воспитание и развитие личности в системе непрерывного
образования атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
материалдарында (Астана, 2004 ж.), Шымкент қаласы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Шымкент институтының Физиканы, математиканы және информатиканы
инновациялық оқыту: өзекті мәселелері және болашағы атты халықаралық
ғылыми-әдістемелік конференциясы еңбектерінде (Шымкент, 2004 ж.), Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60-
жылдығына арналған жас ғалымдар, студенттер мен оқушылардың Жас Ғалым –
2005 Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында (Тараз,
2005 ж.), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Қазақстан
халықтарының мәдени-тарихи мұраларын оқып үйрену және дамыту мәселелері V
Халықаралық Дулати оқуларының материалдарында (Тараз, 2005 ж.), әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан мен Қырғызстан жас
ғалымдарының этнопсихология және этнопедагогика саласындағы ізденістері
атты ІІ мемлекетаралық ғылыми-теориялық конференция еңбектерінде (Алматы,
2006 ж.) және автордың ғылыми басылымдарында жарияланған мақалаларында
көрініс тапты.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, суреттерден,
кестелерден тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, дәйектілігі, мақсаты,
нысанасы, пәні, болжамы, зерттеудің міндеттері мен әдістері тұжырымдалып,
оларды шешудің теориялық және практикалық ұстанымдары мен әдістемесі
айқындалды. Зерттеу жаңалықтары мен алынатын нәтижелердің дәлелдігі мен
негізділігі расталып, қорғауға ұсынылатын қағидалар анықталды.
ЖОО студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық
негіздері деп аталатын бірінші бөлімде жоғары оқу орындары студенттерінің
тәрбие жүйесінің негізгі бағыттары айқындалынып, жеке тұлғаны бағдарлы
тәрбиелеу мазмұнын гуманитарландыру мәселесінің шешілу жағдайы
зерттелінген. Гуманистік педагогика саласының ізгіліктік тәрбие беру
мазмұнын анықтаудағы гуманистік көзқарас қалыптастыру мәселесінің алдыңғы
орында қарастырылуы бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік талапты қанағаттандырудың
басты шарты ретінде алынғаны ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарына
талдау арқылы анықталынғандығы тұжырымдалған.
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы ЖОО студенттерінің гуманистік
көзқарасын қалыптастырудың әдістемесі атты екінші бөлімде қазақ
этнопедагогикасы құралдарының гуманистік сипаты мен рухани құндылықтары
мазмұнының құрылымдық ерекшеліктері және олардың тәрбие процесінде
атқаратын қызметі туралы материалдар жинақталынған. Қазақ
этнопедагогикасының гуманистік көзқарас қалыптастырудағы тиімді
педагогикалық шарттары айқындалған және оны жүзеге асыруға дайындалған
әдістеме теориялық және практикалық мәнділігі жағынан зерттелінген.
Қорытындыда зерттеу мақсатының орындалу барысы мен тетіктерінің
тиімділігі, алынған нәтиженің дәйектілігі мен шындыққа жақындығы және
ғылыми болжамды растауы тұжырымдалған. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың
мәліметтері талқыланып, әдістемелік нұсқаулар дайындалған.
1 ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАСЫН қазақ этнопедагогика
құралдары ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

негіздері
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі
жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап
білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі
арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің
өндірісті қамтудан мәдени-шығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі
міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені олар жеке тұлғаның
дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр
кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуетін
ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және
тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық,
әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал
етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың
өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы – қоғамды ізгілендіру, яғни
әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне
байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы – зиялылықты
қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік
құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан
қырлы процесс – гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні
өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ
мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген, білімді азаматтар
деңгейінде даярланғаны қажет.
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарлан- дыру
тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның
ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы
мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [2].
Қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік
деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігі
дәлелденіп отыр. Біздің бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс
идеяологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер
саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен
қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін
ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу,
жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану
рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты. Халықтың мәдени-тарихи мұрасының
тұтас қаттаулары жадымыздан қағыс қалдырылды.
Жоғары оқу орындарында оқу жоспарларынан гуманитарлық пәндердің
жекеленген курстары негізсіз қысқартылып, алынып тасталынды, оларды оқыту
көлемінің қысқартылуына жол берілді, сол себепті қазіргі кезде жалпы мәдени
білімнің тапшылығы барынша сезіліп отыр.
Көптеген білімгерлердің әлемнің және Отанымыздың мәдениетінің
негіздерін білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы
қарапайым түсініктерінің жоқтығы, адамдардың қарым-қатынас жасаудағы
этикалық және психологиялық тұрлаулы дағдысының әлсіздігі немесе болмауы,
дүниені түсіну жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге
және ондағы өз орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі – жастардың
гуманистік көзқарасының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті
көңіл бөлмеу салдары.
Қазақстанда жоғары мектепті гуманитарландыру мәселесі қоғам дамуының
алғы шарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында
жұмыс істеуге әзірлеуге қатысты шешілетіндіктен, кез келген жоғары оқу
орнын бітіруші игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер
мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығының мазмұнын анықтау қажет. Қазақстанда
білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында болашақ маманның гуманистік
көзқарасын қалыптасты- ратын білім, біліктілік және дағдылардың мазмұнын
анықтау төмендегіше берілген:
- дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын, дүниені түсіндіру
қабілетін іске асыратын, өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін
философиялық білімдер;
- нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер
негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер;
- әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды
білу; мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру;
- әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға
талдау жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті; тарих
субьектілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның
әлеуметтік құрамы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы институттардың
құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; әлеуметтік-
технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу. Аталған
мазмұн жүзеге асырылу үшін елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласын
реформалау саясатында мынадай қағидалар тұжырымдалған:
1. Білім берудің гуманитарлық сипатын бағамдау, яғни барлық оқу
пәндерінің гуманитарлық әлеуетін айқындап, оларды оқыту әдістемелерін
тиісінше өзгерту;
2. Қазақстан халықтарынң өзіндік этномәдени болмыс-бітімін танып білу,
оны дәріс алушы ортаның этникалық мұқтажына сәйкес реформалау,-яғни ұлттық
және жалпыадамзаттық рухани құныдылықтардың өзара кірігуін қамтамасыз ету;
3. Әрбір адамның қоғамда имандылық пен зиялылық ахуалының орнығуына
жағдай жасау;
4. Өркениеттік нарыққа ену, гуманитарлық білім беруді, нарықтық пайымы
биік кадрларды тыңғылықты даярлауды талап ету, яғни гуманистік көзқарасы
жоғары маман даярлау арқылы адамгершілік қасиеттің тозғындауына, мәдениет
пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұра алатын адамзат тәрбиелеу
керек [62].
Жеке адамның гуманистік көзқарасын қалыптастырудың түрлі кезеңдеріне
сай мәні, мақсаты, жүзеге асыру құралдары болады. Сондықтан да гуманитарлық
көзқарасты қалыптастырудың алғы шарты – талаптар мен стандарттарды әзірлеу
болып табылады.
Бірінші қағидалық тұжырымдарға сәйкес теориялық ұстанымдар мен зерттеу
жұмыстарын талдау барысында қоғамның және білім беру жүйесін
гуманитарландыру процесі бүкіл адамзаттық құндылықтардың өзгеруімен
байланысты екені, тек адам ғана өзінің жеке-даралық ерекшеліктерімен бірге
өзекті-потенциалды тұтас дүние ретінде жоғары құндылық болып қарастырылады,
ал жеке тұлғаның өзін-өзі таныта алуы өзекті әлеуметтік проблема болып
қарастырылатыны айқындалды. Бұл жаңа көзқарастар негізіне тұлғалық-бағдарлы
білім беру идеясы Е.В.Бондаревская [63], Э.Н.Гусинский [64], В.В.Сериков
[65], Ю.И.Турганинова [66], И.С.Якиманская [67], А.Маслоу [68], К.Роджерс
[69], О.С.Газман [70], В.А.Сухомлинский [71], Ш.А.Амонашвили [72], т.б.,
гуманистік тәрбие мен оқытудың тұлғалық-дамытушылық парадигмасы
(В.Сластенин, М.Берулова) жатады. Білім берудегі гуманитарландыру
тұжырымдамасының негізінде тәрбиенің құндылық- тарына қайта мағына беру
керектігі байқалады. Гуманистік тұлғалы-бағдарлы тәрбиенің басты
құндылықтары болып тұлғаны өсіруші және тәрбиелеуші орта ретінде адамның
өзі алынады. Сол себепті жоғары оқу орындарында жеке тұлғаның гуманистік
көзқарасын қалыптастыру белгілі бір адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық
бағдарларға сүйенуі міндетті. Білім берудің гуманитарлық сипатын қайта
бағамдау қажеттілігінен қазіргі қоғамдағы философиялық көзқарастар
эволюциясына мұқият назар аудармасқа болмайды. Соңғы уақытқа дейін дәстүрлі
көзқарастар бойынша жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері тек сыртқы
факторларға тәуелді делініп, оның түрлі субъектілерімен байланысы
шектелініп келді. Тәрбиеленуші немесе оқушы сыртқы ықпал, әсер, стандарттар
мен нормативтер көмегімен басқарылатын инженерлік - технологиялық обьект
санатында қарастырылды.
ХІХ ғасырдың қарсаңында ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде қоғамдық
сана, ғылыми ой мен оның практикалық жүзеге асу барысын сәйкес дәрежеде
қабылдай алмады, адамның мәнділігі туралы ой технология мен ғылыми-
техникалық прогрестің көзсіз дамуына ілесе алмай сыртта қалып қойды.
Дәстүр бойынша жеке адам тұлғасы алдында үш жақты проблема өз
инстинктарымен, табиғат күштерімен және қоршаған адамдармен өз қарым-
қатынастарын реттеу тұр десек, онда жаңа қоғам адам мен оның өндірген
өнімдерінің арасындағы қалыптасқан қарама-қайшылықтарды шешуге мәжбүр
болды.
Ғылыми-техникалық прогрестің антигумандық логикасы ғаламдық
техникаландыру адам өміріне сыналап еніп, шындықты бұрмалады және адамның
өзі жаратқан құндылықтарды одан да жоғары ретпен дәріптей бастады. Сол
себепті қоғамның гумансыздануы философтар, мәдениеттану шылар, педагогтар
мен әлеуметтанушылардың назарына зерттеу нысанасы ретінде алынды. Дағдарыс
жағдайынан шығу жөніндегі олардың зерттеулері гуманистік ойды дамытудың
тұтас кезеңдерін қамтыды. ХХ ғасырдың ірі гуманистерінің бірі Хосе Ортега-и-
Гассеттің айтуынша өмірлік адасу (дезориентация) атты феномен тіркелді:
Бізге, кешегі өмірлік кеңістігімізге бағыт беруші ұлы мақсаттарымыз өз
нақтылығын, тартымдылығын, күші мен билігін жоғалтты деген ой келсе не
болатынын бір минут ойлаңызшы. Мұндай кезеңдерге біздің қоршаған кеңістік
тарап кеткен, тірексіз, индивидтің айналасында тербелген, әлсіз, сенімсіз
және санақ нүктесі белгісіз күйде болып көрінеді [73,512].
Осындай қоғамда адамзатта тек өндірісті барынша арттыру мен оның
өнімдерін пайдаланудан басқа мақсат қалмайды. Құндылықтардың осылай
деформациялануы адамзаттың ядролық қарудан ғана емес, рухани
әрекетсіздіктен қырылуына алып келеді.
Ғасырлар бойы гуманистік тәрбиенің әлемдік теориясы мен практикасында
жалпы түрде қабылданған басты мақсат жан-жақты және гармониялы дамыған
жеке адамды қалыптастыру болып келді. Бұл мақсат идеал ретінде жеке адамның
статикалық сипатын береді. Ал оның динамикалық сипаты өзіндік-даму және
өзін-өзі пайдалана алу (самореализация) процестерімен байланысты. Сондықтан
осы процестер гуманитарлық тәрбиенің ерекшелігін анықтайды: жеке адамның
өзімен және қоғаммен гармониялық байланыста өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі
пайдалана алуы үшін жағдай (шарт) туғызу қажет болып табылады [74].
Гуманистік дәстүрлерде жеке адамның дамуы рационалды және эмоционалды
өмірдегі өзара байланысты өзгерістер процесі ретінде қарастырылады, оның
өзімен және әлеуметтік ортамен үйлесімдік деңгейі арқылы сипатталынады
[75].
Гуманистік тәрбиенің мақсатын осылай өрнектеуге сәйкес адамның өз
өміріне, өз құқығына әсерін және өз қабілеттері мен шығармашылық
потенциалын ашуға жауапкершілігін, өзін-өзі дамыту мен пайдалана алуын
таңдау еркіндігі және оған қоғамның әсері арасындағы қатынасты түсінуді
қайта бағалау мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі түсінік бойынша гуманистік
тәрбие мақсаты негізіне планетарлық сана мен бүкіладамзаттық мәдениеттің
элементтерін қалыптастыру мүмкіндігі алынған [76].
Жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық,
әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік-мәдени және адамгершіліктік-эстетикалық

мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғы шарты басты гуманистік
құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға ретінде тұлға бойында қайырымдылықты,
шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылымының
прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар, әсіресе, тәрбие
практикасында бүгінгі күні жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарды анықтау,
бекіту үшін аса қажет [77]. Болашақ мамандарды даярлау барысында негізгі
мақсат-шығармашылықпен жұмыс істей алатын, гуманистік көзқарасы мен
сенімдері қөалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру арқылы болашақ маманға
бүкіладамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы, әрбір білімгерлердің тек
білімі, біліктілігі және дағдысын ғана емес адамгершілік сипатын анықтайтын
өзіндік рухани байлықтарының санасын арттыру жүзеге асырылады. Болашақ
маманның адами сапасының қалыптасу дәрежесіне байланысты оның маман
ретіндегі кәсіби деңгейі айқындалынады. Сондықтан кәсіби білім, іскерлік
пен дағды білімгердің тек тұлғалық ерекшелігінің элементарлы негізі болады,
ал қабілеттері мен құндылық бағдарларының жан-жақты дамуы жоғары және
өнімді қалыптасу деңгейі болып табылады, яғни тәрбиелілік мәдениеттің
жоғарылауының, бүкіладамзаттық құндылықтарды меңгеру арқылы гуманистік
көзқарасының тұрақталуының көрсеткіші болып алады. Білімгерлердің
жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері мен гуманистік көзқарасын
қалыптастырудың ең тиімді, мүмкін болатын құралы – берілетін білімдерге
адами және рухани сипат беру болып табылады [78,257].

практикасы мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырады. Ол: құндылықтық, мақсаттылық,
мазмұндық, технологиялық, нәтижелілік деңгейлердің барлығында да көрініс
тапты. Осыдан он жыл бұрын жарық көрген К.Н.Шварцманның Философия және
тәрбие атты кітабында батыс елдеріндегі кездескен мәселелер біздің ХХІ ғ.
педагогикасының өзекті мәселелері болып алдымыздан шықты [79]. Өкінішке
орай, алғаш рет адамзаттың мыңдаған жылдар бойы жас ұрпақ бойына сіңіруге
бағытталған гуманистік, ізгіліктік принциптері қажетсіз болып қалды.
Нарықтық экономика әлемінде Ноосфералық ақыл-ой дәуірі мен этикаға жауап
беруге қабілетті тұлғалардың бүкіладамзаттың қажеттіліктері мен қазіргі
қоғамда үстемдік етуші және халықтың өзіне бүкпесіз бағыну саясатын
насихаттаушы, өзімшіл, әлеуметтік-рулықты басты мақсат етуші адамдардың
арасында тұрақты қарама-қайшылық қажеттіліктері қалыптасты. Күрделі
әлеуметтік және рухани қарым-қатынастарда өмір сүре алу үшін жас ұрпақ
үнемі өзгерісте болатын өндірісте, бизнесте, қоғамдық-саяси өмірде, түрлі
қатынастарда бағдарлана және соған лайықты әрекет ете алуы тиіс. Ол үшін
оған өзінің табиғилығын, имандылық бастауларын, өзін құрметтеу және
басқаларды сыйлау негіздерін жоғалтпауы керек, өзін-өзі тани білу мен үнемі
жетілу қабілеттерін дамытуы тиіс.
Классикалық педагогикада тәрбие ұғымына үш түрлі түсініктер берілген
және олардың зерттеу нысанасына қатысты салыстырмалығы айтылған [80].
Әлеуметтік өлшем бойынша тәрбие жас ұрпақтың мәдениеті мен оның түрлерін
меңгеру үшін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты – бағытты процесс. Бұл
жүйенің педагогикалық ықпалы халықтың ірі әлеуметтік топтарына, олардың жас
және әлеуметтік ерекшеліктеріне қатысты қоғамдық институттарға бағытталған.
Бұл түсінік бойынша тәрбие процесінің үздіксіздігі, олардың құрылымдық
тұтастығы жүйе элементтері ретінде жанұяда, мектепке дейінгі мекемелерде,
мектепте, жоғары оқу орындарында, қоғамдық ұйымдарда қамтамасыз етілуі
тиіс.
Тәрбиені педагогикалық процесс деп түсіндіретін деңгейде тәрбие-
адамның ішкі дүниесіне әсер ететін барлық педагогикалық ықпалдардың
кірігуі (интеграциялану), яғни адам бүкіл өмірінде өзіне қатысты тәрбиелік
функцияларды атқарушы адамдар арасында болады және олардың ықпалын
тиімділік дәрежесі бойынша қабылдауы - деп тұжырымдауға болады [81,158].
Тәрбие жүйесінің әрбір звеносы тәрбиеленуші үшін өзіндік тәрбие ықпалын
тигізеді. Тәрбиені кәсіби қызмет ретінде түсіндіретін үшінші анықтамада
педагог-тәрбиеші қызметі тәрбие субьектісі ретінде алынады және түрлі
тәрбие звеноларында нақты әрекеттер жүйесімен қызмет етеді.
Тәрбие ұғымының түрлі анықтамалары мен түсініктерін қазіргі тәрбие
көріністері контексімен салыстыра отырып, Б.Т.Лихачев тәрбиені адамның
сапалық қасиеттерімен бағалау арқылы жаңа гуманистік анықтамасын берген жөн
деп санайды [82]. Аталған логика бойынша тәрбие – адамның сапалық деңгейін
мәндендіруші, оның тұрмысының мән-мағынасы мен өмір сүру әдістерінің өзгеру
динамикасынан туындайтын педагогикалық өзара әсерлесу нәтижесі деп
түсіндіруге болады.
Тәрбиеге гуманистік сипат беру мақсатында біраз ғалымдар оны
әлеуметтендіру жеткілікті, яғни бағытталған әрекет арқылы индивидке саналы
түрде қажетті қасиеттер мен белгілерді сіңіруге болады (И.С.Кон) десе [83],
біразы (Изотов М.З, Фромм Э) жеке тұлғаның қажеттіліктерін қалыптастыру мен
оларды қанағаттандырудың мүмкін болатын әлеуметтік тәсілдерін анықтау
жеткілікті [84], [85], ал Г.С.Батишев - адамға өзін-өзі танып білу мен өз
қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін беру қажет, сонда ғана тәрбиеде
гуманистік мазмұн бола алады деген [86]. Дәстүрлі түсініктерде
(Я.А.Коменский, В.Зенковский) тәрбие ұстап отыру механизмі немесе мінез-
құлықтық шектеу делініп [4], [87], этностық, туыстық қарым-қатынастар
жүйесінде өмірдің талабы мен ережелерінің, мәңгіліктік заңдарымен байланыс
тәсілі ретінде бағаланады, ал Р.Тагордың еңбектерінде адамзаттың
данышпандығының шексіз ішкі бастауларын сыртқа шығарушы деген тамаша
анықтама беріледі [88].
Жоғарыда келтірілген анықтамалар мен түсініктерге жасалынған талдау,
тәрбиенің атадан ұрпаққа біржақты берілетін тәжірибе мен бағалау
тұжырымдары деп қабылданбай, адамдардың бірге өмір сүруінің қарым-
қатынастық және әрекеттік әсерлесуі ретінде түсіндірілуі дұрыс деп
санаймыз.
Тәрбиені осылай түсіну тәрбиеленушіде өз өміріне қажетті мәселелерді
имандылық жолмен таңдау іскерлігін қалыптастырады, яғни өзінің ішкі
табиғатына, жан қуатының бастауларына сүйенуді міндеттейді. Бүл жағдайда
тәрбие мақсаты тәрбиеленушінің басқа адамдардың өмірімен салыстыра отырып
өз өміріне қатысты пайымдаушылық, шығармашылық, ізгілік қарым-қатынас
қалыптастыруға бағытталған. Орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша
осы мақсатты: Өмірдің барлық кездейсоқтарының соққыларына төтеп бере
алуға мүмкіндік беретін білім адамды зиянды, әрі оны бұзақы әрекеттерден
құтқарушы және барлық қарым-қатынастардан қайырымды, жағымды нәтижелер ала
алатын мүмкіндікке жетелейді- деп өрнектеуге болады [89].
Осындай түрде келтірілген мақсат педагог-тәрбиеші үшін басқа мазмұнға
сәйкес сенімді болуы мүмкін, өйткені ол нақты сипаттамалармен мінез-құлық
нормаларының тиісті жиынтығынан бас тарту немесе басқаша сапалық мазмұнға
ұмтылатын өзіндік тәрбиелік стандарт болып өрнектеледі.
Бұл жағдайда сөз талап етілетін қасиеттер мен сипаттамалардың
стандартты жиынтығы туралы емес, адамда тәрбие жұмысының педагогикалық
ықпалы көмегімен қалыптасатын тұрмыстық басымдылықтар (доминанттар) туралы,
яғни мағынасы мен мазмұны адамның басты тұрмыстық ұстанымдарын таңдауды
қамтамасыз ететін педагогикалық әсер ету туралы болады. Аталған
таңдаулардың тізбегі адам санасының өзектілену динамикасын әрбір жекеленген
жағдайларда анықтап бере алады.
Тәрбие мақсатында осындай көзқарас ХХІ ғасырдағы адам тұлғасының
ғарыштық мәселе екендігін негіздейді. Бұл мәселеге қатысты әлдеқайда үлкен
еркіндік дәрежесі мен адамдардың түрлі көріністері талап етіледі. Тек қана
еркіндік шартына сәйкес адамда - өзінің шын бет-бейнесін саналы түрде
көрсету қажеттілігі мен мүмкіндігі туындайды. Яғни, Е.Н.Трубецкойдың
пікірінше: Адам қайырымдылықты шын, еркін жасай алмас еді, егер ол
қайырымдылық немесе зұлымдықты таңдауға қабілетті болмаса [90].
Гуманистік тәрбие беру көзқарасының түрлі сипаттамаларына, олардың
түрлі мазмұндарына қарамастан тәрбиешіні тәрбиеленушінің ішкі саналық
қасиеттерінің бағыттылығы қызықтыруы керек. Шын мәнінде бұл бағыттылық
рухани дамуға жол сілтейді, яғни адамның өзінің тұрмыстық деңгей шеңберінен
асу (шығу) арқылы толық қанағаттануға жақындау болып табылады.
Рухани даму, яғни адамзаттық құндылықтарды жеке адамның өмірлік
өлшеміне айналдыру тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастырады. Орыс
философы И.А.Колесникова рухани даму туралы: Жердегі өлшемге сәйкес адамға
өлшеп берілген өмірлік рольдердің барлық диапазонынан толық өтпей, жақын
адамына сүйіспеншілік көрсетпей туыстық пен жолдастық, шәкірт қатынасын,
Отан және өз халқының тағдырына жауапкершілікті, дінді - адамзат деп
аталатын, тұтас әлемнің бір бөлшегі ретінде сезіну мүмкін емес- деп
гуманистік көзқарасты қалыптастырудың рухани критерийлерін көрсетеді
[91,163].
Аталған рухани критерийлер мағыналы болады, егер адамның құндылықтар
жүйесінде төмендегі ұстанымдары бар болса:
- табиғат, табиғат заңдылықтары және олардағы тіршілік белгілері;
- адам және оның денсаулығы;
- Отан, туыс, жанұя, тіл, әлеуметтік тұрмыстың түбірі болып табылатын
дәстүрлер;
- еркін еңбек және оның нәтижелері, олардың мәдени және өркениетті
жетістіктерінің заттануы;
- адамзат қатынасы мен адамзаттың өмір сүруін қамтамасыз етуші
махаббат пен бейбітшілік;
- сұлулық пен үйлесімділік, шындық пен қайырымдылықтың критерийі
ретінде.
Осы айқындалған мазмұн бойынша гуманистік тәрбие беру мән-мағыналармен,
құндылықтармен, адамның қарым-қатынастар жүйесімен, оның еріктік-сезімдік
сферасымен және рефлексивті (пайымдау) сферасымен жүргізілетін жұмыс;
негізгі әрекет критерийін ұят деп, өз тұрмысының сапасын негіздеуші, өзін
басты фактор санайтын балада, жеткіншекте, жас адамда, ересектерде
түсінуді, сезінуді бағалауды қалыптастыратын жұмыс болып табылады.
Отандық және шетелдік педагогикада гуманистік дәстүрлер әрқашанда адам
бойында жүрек көрегендігі, рухани сезімдердің нәзіктігі, яғни адамның
субъективті әлемінің кеңістігінде дамуы мен тәрбиеленуіне ерекше көңіл
бөлуі кездейсоқтық емес. Сондықтан ХХ ғасырдың соңында философтар мен
педагогтардың білім беру мен тәрбиеге жаңа көзқараспен қарап, олардың
әлеуметтік функцияларын анықтауға көңіл бөлді. Онда тәрбиенің гуманистік
функциясы арқылы қоғамдық сананың барлық сферасында көрініс табады және
қоғамдық санада адам тағдырына қандай орын берілуі, оның мемлекеттік
қатынасқа тәуелді екендігі және сол арқылы әлеуметтік құндылықтардың рухани
мазмұны анықталатыны шешіледі. Басқаша сөзбен айтқанда, жас ұрпақтың
мәдениет негіздерін таңдау, оқыту және тәрбиелеу процестерінде адамның
өзіне және басқаларға қатысты қалыптастыратын гуманистік көзқарастары мен
сенімдері – адам өмірінің барлық сферасын гуманитарландырудың кепілі деп
санауға болады [92].
Соңғы жылдары педагогика ғылымында тәрбие мақсатын анықтауға арналған
әдіснамалық зерттеу жұмыстарында үш деңгейлік жіктеулерді қолданып жүрміз
[93]. Оның үшінші деңгейі - гуманистік парадигма тұрғысынан қарастырылатын
– адам өмірінің мақсаты мен мән-мағынасы, оның өзі мүмкіндіктерін жүзеге
асыру қажеттілігі деп танылады. Адам, оның мүмкіндіктері, оның өз өмірінің
мағынасын түсінуі-барлық әлеуметтік ғылымдар ішінде педагогика ғылымына
жақын, өзекті мәселе. Сондықтан үшінші деңгейдегі мақсат - тұлғалық,
бағыттылық педагогикасын қажетсіну арқылы тек адамның алған тәлім-тәрбие
мазмұнын қайталап беруге (репродукция) емес, оның адам табиғатына және өз
тәжірибесін толық сезіну тәсілдеріне бағытталған құндылықтарға сай
шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызады.
Осы деңгейде тәрбие мақсатын қазіргі психологиялық-педагогикалық
көзқарасқа сай мына мазмұнда өрнектеуге болады: бұл - жеке тұлғаның өзін-
өзі дамыту қажеттіліктері мен қабілеттерін дамытуға әсер ету, яғни тәрбие
процесінде тәрбиеленуші бойында өзін-өзі танып білу, өзіндік Мен талабына
қызығушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін қалыптастыру, өз қарым-
қатынастары мен мүмкіндіктерін, мақсатын өзінің даму бағытымен
сәйкестендіру, өз әрекетін өзі ұйымдастыру, психикалық және дене күйлерін
реттей алу, өзін-өзі бағалай алу, басқалар арқылы өзін дамыту болып
табылады.
Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен нысаны бойынша білімгерлердің
гуманистік көзқарасын қалыптастыруды осы үшінші деңгейге сай жүргізген жөн
деп, тәрбие моделі ретінде гуманистік модельді таңдадық.
Гуманистік модель - тәрбиеленушінің тұлғалық және даралық
ерекшеліктерін есепке алатын, өзара қарым-қатынас негізінде
ұйымдастырылатын, тәрбиеленушіні өз мағынасында, қалыптасқан қадір-
қасиетімен қабылдайтын, оған сенімділік, қолдау және қорғау көрсететін
атмосфера туғызушы принциптер мен әдіс-тәсілдерді анықтайды. Бұл модельді
жақтаушылар: Э.Фромм [94], К.Ясперс [95], К.Роджерс [69], А.Маслоу [68]
және т.б.
Жеке тұлға бойында гуманистік көзқарас, сенім және дүниетаным
қалыптастыру ұзақ, әрі күрделі процесс.Тәрбие және білім беру процестерін
гуманитарландыру тұтас педагогикалық процестің негізгі принциптерінің бірі.
Бұл принцип жеке тұлғаның әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге
бағытталған. Гуманистік идеялар философия және педагогикалық ой-пікірлерде
көне дәуірлерден басталған. Мұғалім мен оқушының, тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасының гуманистік негізін дәл, нақты,
айқындаған философтардың ең алғашқыларының бірі, біздің дәуірімізге дейін
өмір сүрген қытай философы Конфуций (557-479 б.д.д.) болды. Конфуцийдің
гуманистік принципі Өзіңе не тілемесең, басқаға да оны тілеме, жасама
мазмұнында беріліп, адам туралы, оны дұрыс тәрбиелеу арқылы одан идеалды
тұлға қалыптастыруға болатыны жөнінде тұжырым жасайды. Адамгершілік,
гумандық принциптер рухани қабылдауға бағытталып, адам бойында:
ізгіліктік, шындық, әділдік, құрметтеу секілді имандылық қасиеттерді
тәрбиелеу қажет тәрбие мақсатын ашып көрсетеді және оған мынадай
тұжырымдама жасайды: Адамдарды қызығушылықпен емес, табиғи қалпында
қамқорлық немесе немқұрайлылық танытпай, төмендетпей шын сүю керек,
олардағы жақсы қасиеттердің дамуына көмек бере отырып, кемшіліктері мен
әлсіз жақтарына көз жұмбау керек [96].
Орта ғасыр өркениетінің көрнекті өкілі, Екінші ұстаз атанған Әл-
Фарабидің (873-950 ж.) философиялық және педагогикалық ой-пікірлерінде
гуманистік дүниетаным басым болды. Оның білім беру және тәрбие туралы
идеяларында Тәрбие - халықты білімге негізделген ізгіліктік-этикалық
өлшемдермен қамтамасыз ету тәсілі,- деп, мұғалімнің жас адамдар бойында
имандылық нормаларын қалыптастыру және оларға ғылым, өнер, кәсіптерді
меңгерту қызметін атқару қажеттігіне назар аударған. Әл-Фараби имандылық
тәрбиесін бірінші орынға қояды, өйткені ол адамның жоғары жетістіктерге
шығаруына және бақытты болуына кепілдік бере алады дейді. Ал имандылық
қасиеттері орта және тәрбие ықпалымен қалыптасады. Гуманды, ізгілікті,
қайырымды адамға 4 кедергі бар: тәртіпсіздік, имансыздық, құбылмалылық,
адасу. Иманды болу және аталған кедергілерді жеңу үшін адам алдымен өзін-
өзі танып-білуі тиіс деп тәрбие арқылы ғана жағымды қасиеттерді, әдеттерді
қалыптастыруға болады деді. Тәрбиеде өлшемді, норманы сақтауға шақырады,
өйткені өлшемнен ауытқу - не артықшылық, не кемшілік- деп нақты жағдайда
өлшем әрбір әрекетті талдауға мүмкіндік береді дейді [97].
Гуманистік ойлар мен принциптерді тәлім-тәрбие процесінде жүзеге асыру
атақты педагогтар мен ағартушылар: Я.А.Коменский [4], Ж.Ж.Руссо [98],
И.Ф.Гербарт [99], Л.Н.Толстой [100], К.Д.Ушинский [89], т.б. еңбектерінде
қарастырылған және гуманистік тәрбиенің қажеттігі мен оның мазмұндық
құрылымдарына түсініктер берілген.
Педагогикалық процесте гуманистік принципті басты ұстаным ретінде
ұсынған Кеңестік педагогика болды. А.С.Макаренко [101], П.П.Блокский [102],
С.Т.Шацкийдің [103] педагогикалық еңбектері гуманистік принципке
негізделіп, жеке адам тәрбиесінің ұжымдық, қоғамдық мәнділігін ашты.
Коммунистік қоғамның жалаң ұранына айналудан құтқарған А.Сухомлинский
болды, ол өзінің басты гуманистік идеясын: Әлем адам ғасырына еніп келеді.
Қазір қайбір уақыттарда, кезеңдерде қарым-қатынастан адам жанына (рухына)
не бере алатынымызды ойлауға міндеттіміз,-деп тұжырымдап, баланың рухани
өмірі деген ұғым енгізді, яғни адамды өзін-өзі тәрбиелеуге, қиыншылық пен
жалқаулықты жеңуге, парыз бен жолдастары алдындағы жауапкершілік,
еңбекқорлық қабілетін қалыптастыру қажеттігін дәлелдеді[71]. Жеке тұлғаның
имандылық қасиеттері ретінде гуманистік көзқарасты қалыптастыратын:
қайырымдылық, сезімталдық, жанашырлық, кішіпейілдік, анаға және отбасының
басқа да мүшелеріне сүйіспеншілік сапаларын адам бойына сіңіру қажеттігін
уағыздайды. Гуманистік көзқарас жан-жақты жетілген тұлғада және мынадай
мәселелерді біртұтас жүйеде жүзеге асыру арқылы қалыптасады дейді: оқу-
тәрбие жұмысын жеке тұлғаның имандылық саналарын өзін-өзі ізгілікті
әрекеттерге бейімдеу арқылы дамыту жолына бағыттау; білім беруді ең маңызды
құндылыққа айналдыру; рухани және материалдық қажеттіліктер мәдениетін
тәрбиелеу; өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетінше білім алуға қажеттілікті
қалыптастыру; жанұя, отбасының жоғары педагогикалық мәдениеті; моральдық
есеюді қамтамасыз ету арқылы В.А.Сухомлинскийдің гуманистік педагогикасы:
балаға деген сүйіспеншілік-адамның рухани өміріне әсер еретін күш; баланы
оны қоршаған зұлымдықтан қорғау- адамның болашаққа, өзіне деген сенімін
күшейту; баланың түсінуі-тәрбиенің мәні; білім беру арқылы тәрбиелеу -
оқытудың жетекші міндеті туралы педагогикалық негіздерге сай құрылды
[71,14].
Кеңес дәуірі және қазіргі уақыт педагогикасының басты бағыттарының бірі
болып табылатын ынтымақтастық педагогикасының өкілдері: В.П.Шаталов [104],
С.Н.Лысенкова [105], Е.П.Ильин [106], М.П.Щетинин [107], В.А.Караковский
[108], Ш.Амонашвили [72] және т.б. оқу тәрбие процесін гуманитарландыру
педагогикалық процестің екі жағының (мұғалім мен оқушы қызметі) өзара қарым-
қатынасын адамдандыру, яғни адамзат құндылықтарының жетекші рөлін мойындау
деп, оны жүзеге асырудың төмендегідей тетігін көрсетеді:
- тәрбиеленушінің педагогикалық өзара қарым-қатынасын қорғау және
оған эмоциональды қолайлы жағдай тудыру;
- тәрбиеленушінің құқығын толық мойындау және оған қажеттілік
деңгейінде құрмет көрсету;
- тәрбиеленушінің жағымды қасиеттері мен сапаларына сүйену;
- табысқа жету жағдайын жасау.
ХХ ғасырдың 80-90 ж.ж. педагогика ғылымының базалық білім беру
модельдерін өзгерту қажеттігі туралы, педагогикалық шығармашылыққа еркіндік
беру, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz