ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ГУМАНИСТІК СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

болашақ мұғалімнің гуманистік, әлеуметтік белсенді позициясын
қалыптастыру педагогикалық ЖОО-дағы кәсіби дайындықтың негізгі мақсатын
құрайды. Бұл факті социумде жалпы адамзаттық құндылықтарды және
идеалдарды мұғалімнің өсіп келе жатқан буынға тікелей әсер ететінін, яғни
қоғамды рухани жаңартуда әсері бар адам ретінде белсенді түрде
қатынасуынсыз мүмкін емес болады.
Педагог ғалым аталған мәселе жөнінде: Қоғамды ізгілендіру бағытындағы
ғылыми ізденістер, оқу орындарының жұмысын этнопедагогикаландыруға ықпал
етті. Ол – этнопедагогикадан туындап, адамның бүкіл іс-әрекетіне, әсіресе,
тәрбиелеу, оқыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен
әлеуметтік-экономикалық жағдайын салауаттандыру бағытындағы прогрессивті ой-
пікірлерді қамтиды. Бұл қоғамның өзгерту заңдылығына байланысты тарихи
дамудан өткен құбылыс, - деді. Этнопедагогикалық білім және тәрбие беру
халықтық психологиямен тікелей байланысты. Ұлттық болмысымызды сөз еткен
танымал ғалым, профессор Қ.Жарықбаев Қазақтың ұлттық мінез бітістері
мақаласында былай деп көрсетеді: Бұл - өте күрделі, әлі де толық
зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған
Н.Ә.Назарбаев былай деді: Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық,
психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние.
Студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыруда этнопедагогикалық
материалдардың алатын орны ерекше. Қазақстандық педагогика ғылымдары
алдында тұрған ұлы міндеттерін іске асыру үшін, жеке тұлғаның стандартты
емес, еркін тұлға түрде дамуын, оның таланттарын, білімінің мәнін ашу және
ғылымның сырларына енуі арқылы жоғары моральдікке, ойланып істеген
істерге, сұлулыққа, жоғары рухани көздерге ұмтылатын тұлғаның қалыптасу
мүмкіндіктерін зерттеу; ақиқаттың көптігін табиғи құбылыс ретінде тани
білетін, басқаның көзқарасын сыйлай білетін тұлғаны тәрбиелеу, сонымен
қатар осы педагогикалық құбылыстар бағынатын заңдарды зерттеу үшін кәсіби,
ғылыми және халық педагогикасының әдепті және өнімді механизмін
қалыптастыру идеясы болашақ педагогтың гуманистік құзырлылығын көрсететін
бірден-бір кәсіби өлшем болмақ .
Қазіргі уақытта ЖОО тәрбиелеудің, білім беру мен тұлғаны
қалыптастырудағы кең қолданыстағы әдіс-тәсілдері өркениеттің үздіксіз
табиғи ізденістері мен жаңалықтарын зерделеу нәтижесінде пайда болып отыр.
Гуманистік педагогиканың белгілі ғылыми жетістіктері – бұл халықтың
педагогикалық даналығының жемістері (мысалы: тәрбиелеудің біртұтас
процесінің құрамдық бөлшектері – ақыл, моральдық, еңбек, дене тәрбиесі)
халық дәстүрлеріне негізделеді, яғни олар халықтың сырт бейнесін құрайды,
оларсыз халық бетсіз бейне - деп саналады.
Гуманистік көзқарас гуманистік тәрбие қалыптастырудың басты бағдары
ретінде қандай да бір дүниетанымдық қызмет атқарады. Сондықтан ЖОО
педагогикалық процестің этнопедагогикалық білімдермен толтырылуы
болашақ маманның гуманистік көзқарасының рухани мазмұнына ізгіліктік
сипат береді, соған сәйкес нысаналы әрекеттер жүйесі анықталынады. Ал осы
әрекетті іске асыруға дайын болу үшін болашақ мұғалім өз халқының ұлттық
мәдениетінің рухани бастауларына философиялық тұрғыдан түсініктеме беріп,
оларды психологиялық негіздеуді және тиімді педагогикалық шарттар туғыза
алу және жинақталған білім мен іскерліктерді оқушыларға бере алуы қажет.
Осы мақсатта қазақ этнопедагогикасы ғылымы студенттердің рухани
құндылықтар туралы білімдері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастыруға қолайлы
педагогикалық шарттар туғызады және соның негізінде гуманистік
көзқарасты қалыптастыруды жүзеге асыру құралы болып табылады деп санаймыз.
Атап айтқанда, қазақ этнопедагогикасының рухани құндылықтар жүйесі
гуманистік көзқарас қалыптастырудың нақты себеп-салдарларының қатарында
тұру керек. Адам барлығын оның алдында бар нәрсемен байланыстырады (В.
Гумбольдт) деген сөзге қарағанда, алдымен болашақ мұғалімдердің
этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру керек, сонда ғана,
қазақстандықтардың рухани –мәдени құндылықтары белгілі бір маңызға ие
болады: а) мұғалімнің гуманды мазмұнда кәсіби ұйымдастырылған жұмыс
нәтижесінің критерийі болады; б) дұрыс қойылған мақсатқа байланысты және
оған қол жеткізудегі тиісті құралдар мен мазмұнын қолдану мүмкін болады.
Сондықтан қазақ этнопедагогикасы этномәдени білім және тәрбие беру
жағдайында тұлғаны тәрбиелеудегі дәстүрлі нормалар мен түсініктердің
мазмұнын ұлттық рухани құндылықтарға сай тұрғыдан ұғындыруы қажет. Бұл
орайда, мұғалім тұлғасының кәсіби-педагогикалық сапасының дамуы ұлттық
рухани ізгіліктер мен құндылықтар деген маңызды компоненттің енуіне
қажетті шарт болып табылады. Практикада ізгілікке бағдарланған
педагогикалық әрекеттің іске асырылуына себепкер болады, атап айтқанда: а)
транслинген (этноұлттық қауымдастығының тұтастығы мен қайта қалыпқа келуін
қарастырады; б) дамытатын (ұлттық сана-сезімді қалыптастыруы мен дамуын
қарастырады); в) сараланатын (адамның, этностық топтар мен этностардың
ұлттық-мәдени қажеттілігін табуды қарастырады; г) ықпалдасатын
(мәдениеттердің өзара баюы мен өзара бірігуін, өзара әрекеттесуін, әлемдік
және ұлттық мәдениеттің жүйесінде тұлғаның ықпалдасуын қарастырады).
Гуманистік көзқарас гуманистік тәрбиенің ізгіліктік мазмұнын анықтауда
жетекші бағыт бола алады; халқымыздың ұлттық рухани құндылықтарының
тәрбиелік мазмұны халық педагогикасында; қазақ этнопедагогикасының бай
тәрбие мұраларын ЖОО оқу-тәрбие процесіне енгізуде рухани құндылықтардың
философия, психология және педагогика ғылымдарының теориялық негіздеріне
сүйену; қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдарын пайдаланудың тиімді
шарттарын анықтау - қалыптастырушы педагогикалық эксперименттің еншісіне
кіреді. ЖОО болашақ мұғалімдердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру
процесінде қазақ этнопедагогикасынан бағдарлы білім берудің мазмұнында
өзара байланысқан 4 элементті көрсету керектігін ұсынамыз: 1) халықтың салт-
дәстүрлері, діні, тілі, тарихы, рухани мәдениеті туралы білім жүйесін
меңгеру болашақ мұғалімдердің ұлттық сана – сезімін қалыптастыруды; білім
алу мен практикалық жұмыста дұрыс методологиялық көзқарасты қамтамасыз
етеді; 2) нақты істердің көптеген түрлерінің негізі болып және болашақ
мұғалімдерге ұлттық мәдениетті сақтау мен жеткізу қабілетін қалыптастыратын
жалпы зияткерлік және практикалық білім дағдыларының жүйесі; 3) қазіргі
әлеуметтік-мәдени жағдайдағы халық шығармашылығын пайдалану бойынша болашақ
мұғалімнің шығармашылық тәжірибесі, ал оқу тәрбиелеу процесінде оларды әрі
қарай дамыту қабілетін қамтамасыз етеді; 4) қоршаған айналаға сезім-
жігерлікпен қарау тәжірибесі; барлық білім дағдыларымен бірге алғанда
болашақ мұғалімдердің көзқарасы мен құндылық жүйесін қалыптастыру шарты
болып табылады.
Студенттерге ізгілікті тәрбие беруде, олардың гуманистік көзқарасын
қалыптастыруда әрбір халық, ұлт ғасырлар бойы жинақтаған, уақыт сұрыптаған
халық ауыз әдебиеті шығармаларының орны ерекше. Сол себепті
этнопедагогиканы халық ауыз әдебиетінсіз елестету мүмкін емес.
Этнопедагогика құралы ретінде халық ауыз әдебиетінің шығармаларын
пайдаланудың мынадай басты шарттары бар. Біріншіден, жазу-сызу, қалалық
мәдениет қалыптаспай тұрған кезеңде сол ғасырлар бойы халықтың ауызша
шығарып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған өз бойына өмірден алынған халық
жаңалығын жинаған. Бұл жөнінде талай-талай ғұламалар , ойшылдар,
оқымыстылар ой толғаған. Екіншіден, халық ауыз әдебиеті халықтың
гуманизмінің жарқын көрінісі. Фольклорлық шығармаларда ізеттілік пен
ізгілік, кеңпейілдік пен жомарттық, достық пен татулық, сыйластық пен
кішіпейілдік, жақсылық пен ниеттестік, адалдық пен әділдік сынды адам
бойындағы жарқын қасиеттер дараланған. Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық
салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын,
елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат
тәрбиелеу- деген пікірін басшылыққа алар болсақ, онда сол халықтық
педагогиканың мол мұраларын студенттерге гуманистік тәрбие беруде
пайдаланудың бірқатар қырлары ашылар еді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеушілер үшін халқымыздың ғасырлар бойы
жинақталған асыл мұрасын бүгінгі және келешек ұрпақтың
игілігіне жарату басты міндет болып табылады. Бұл қиын – қыстау
тарихи кезеңдерде өзіндік болмысын сақтап, ертеңгі күнге әдет-
ғұрыптық құндылықтарын жоғалтпай жеткен мұраны танытудағы, өз
ұрпағымызға біздер осындай болғанбыз деп айтудағы нақты дәлел.
Өзіндік құндылықтарын жоғалтқан халықтың болашағы да жоқ. Халықтық
дәстүрлердің маңызы мен бүгінгі тәрбие процесіне қажеттілігінің дәлелі –
олардың сан ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келуінде, сан мың ұрпақтың
сол тәрбиелік бастаулардан еркін сусындап, адамгершілік, ізгілік нәрін
алуында, бүкіл ұлттың тәрбиесіне оң, игі ықпал ете алуында. Салт-
дәстүрлердің өміршеңдігі мен жасампаздығы қазіргі тәрбие ісіне пайдаланудың
өзектілігі хақында соңғы жылдары ерекше аталуда. Айталық, балабақша, орта
мектеп, орта және арнаулы оқу орындарындағы, жоғары білім беретін
институттар мен университеттердегі білім беру ісінде халықтық салт-
дәстүрлердің Әдеп, Ана тілі, Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы,
Эстетика, Педагогика, Психология, т.б. пәндер шеңберінде оқытылуы -
жаңа тәуелсіз мемлекеттің жас ұрпақ тәрбиесін өміршең ұлттық тәрбие
тәжірибелеріне негіздеуге деген бағытынан туындап отыр.
Салт-дәстүрлердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz