Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тауасарова Макпал

Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Дипломдық жұмыс

050103 – мамандығы Педагогика және психология

Түркістан 2011

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:
Жалпы педагогика және этнопедагогика
кафедрасының меңгерушісі:
п.ғ.к., доцент _________ Кайбульдаева Г.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие
беру

050103 – мамандығы бойынша Педагогика және психология мамандығы

Орындаған:
ППП-711 тобының студенті ____________________ Тауасарова М

Ғылыми жетекші:
магистр-оқытушы ____________________ Куралбаева А.

Түркістан 2011

Мазмұны

Кіріспе 3
I Бөлім
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің теориялық негіздері
Патриоттық тәрбиенің педагогикалық және психологиялық негіздері 7
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің мүмкіншіліктері 23
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің жолдары 35
II Бөлім
Оқушыларға қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие
беру әдістемесі
2.1. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру жүйесі 41
2.2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың 49
ерекшеліктері мен әдістемесі
Қорытынды 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан – 2030 Жолдауында Республика
Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін
танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен
тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса,
осыған сәйкес қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм оқушылардың
тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның
саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған
идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды.
Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және
республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне
жағдай жасады [1].
Қазақстанның оқу орындарында оқушыларға қазақ халқының этностық
ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-
қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және
оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран,
мәліметтік сипатта болып, оқу орындарындағы оқушылардың міндетті түрде
қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, оларға патриоттық
тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде оқу
орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және
оқушылардың патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды
көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл
бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы
білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани
мұрадағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген
ғылыми көзқарас болып табылады.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған
қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп,
шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға
ықпал етті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл
болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды
елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын
мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату,
өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында оқушыларді тәрбиелеудің
арқауы болған социалистік патриотизм ұғымы сол идеологиямен бірге
жойылды. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта
құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін
бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау
кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске
бар күшті ынталандыру болып табылады. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты
патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз
етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі
күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-
бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар
арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек
етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың патриоттық тәрбиесіне
ерекше мән беру, олардың бойында патриотизмі қалыптастыру қоғам болашағының
өркендеуін, елімізде тыныштық пе бейбітшіліктің мәңгілік қанат жаюын
қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін
күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және
террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және
әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен,
тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен,
іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді [2].
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу
жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе
оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының
зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын теориялық биіктен талдап,
ғылыми көзін ашуда.
Оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру, болашақ мамандарға тәлім-
тәрбие беру мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар
Қ.М.Арынғазин, Қ.Ж.Аганина, Ш.Ә.Әбдіраман, Б.Әбдікәрімұлы, С.Ә.Әбдіманапов,
Ғ.З.Әділғазинов, Е.З.Батталханов, А.А.Бейсенбаева, В.В.Егоров, С.Т.Каргин,
Б.Т.Кенжебеков, Ғ.М.Кертаева, М.С.Мәлібекова, Г.Ж.Меңлібекова,
Б.К.Момынбаев, Н.Ә.Мыңжанов, Л.А.Шкутина, Н.Д.Хмель, т.б.еңбектерін ерекше
атап өтуге болады.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау,
мамандардың этнопедагогика және этномәдениет негізінде кәсіби даярлығын
жетілдіру мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдар М.Х.Балтабаев,
Қ.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай,
С.А.Ұзақбаева,т.б. еңбектерінің арқауы болды.
Жастарға интернацоналдық-патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеумен
республикамызда бірқатар ғалымдары айналысып, мына бағыттарда зерттеулер
жүргізді:
- ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық,
интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі - С.Ешімханов, Р.С.Елубаева,
Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, С.Нұрмұқашева, Н.Р.Рамашов т.б зерттеулері;
- қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизмді қалыптастыру -
К.Т.Әбілғазиева, Ғ.Б.Базарғалиев, Ж.Бөжиг, Д.С.Құсайынова, т.б.
зерттеулері;
- халық педагогикасы арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру –
А.А.Бейсембаева, Ж.Н.Қалиев, М.Ж.Құрманбаева, т.б. зерттеулері.
Қазақстанда оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беру
мәселесіне А.К.Қалимолдаева, Е.С.Салтанов, Ү.К.Санабаев зерттеулері
арналды.
А.К.Қалимолдаева зерттеуінде қазіргі жағдайда тұтас педагогикалық
процесте болашақ мамандардың патриотизмін қалыптастыру мәселесі зерттелді.
Е.С.Салтанов әскери кафедра материалдары негізінде оқу орындарының оқу
үдерісінде әскери-патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздерін анықтап,
әдістемесін жасаған.
Ү.К.Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты
ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің
педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне жасалынған
талдау зерттеп отырған мәселенің әлі де болса толық шеміні таппағанын
байқатты. Осыдан келіп, қазіргі жаңа қоғамда оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде
қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады. оқу орындарында патриоттық тәрбие
беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге
оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында оқушыларді
патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық
тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде оқушыларді ел жанды, отанының
нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын
пайдаланудың қажеттілігі, қазақ этнопедагогикасы арқылы оқушыларға
патриоттық тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың оқу орындарының
педагогикалық үдерісінде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар
туып отыр. Сондықтан оқушылардың оқу-тәрбие процесін қазақ
этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу
біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.
Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын Қазақ
этнопедагогикасының негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: оқушыларға патриоттық тәрбие беру үдерісі.
Зерттеудің пәні: қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушылардың
патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға
патриоттық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін
жасау.
Зерттеудің міндеттері:
– қазақ этнопедагогикасын оқушылардың патриоттық тәрбиесінде
пайдаланудың теориялық негіздерін ашу;
– оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм
мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;
– қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің әдістемесін жасау.
Зерттеудің негізгі көздері: әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың
тәлім-тәрбиелік мұралары; Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы; Қазақстан Республикасы орта
және білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан
Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (2000); оқу және тәрбие процесінің
бағдарламалары; психологтар мен педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс
ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық,
әдебиеттерге талдау жасау; оқушылардың оқу-тәрбие процесін бақылау;
оқушылармен әңгіме жүргізу; сауалнама алу әдістері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми
аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу көздері, зерттеу
әдістері берілді.
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің теориялық негіздері атты бірінші тарауда патриоттық тәрбиенің
педагогикалық және психологиялық негіздері, қазақ этнопедагогикасы
негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мүмкіншіліктері, қазақ
этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдары
сипатталды.
Оқушыларға қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру
әдістемесі атты екінші тарауда мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру
жүйесі, оқушыларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері
мен әдістемесі көрсетіледі және оның нәтижелеріне талдау жасалынады.
Қорытындыда әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған
мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
I БӨЛІМ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Патриоттық тәрбиенің педагогикалық және психологиялық негіздері

Қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндет - өмірдің қай саласы
болмасын әлемдік кеңістікке ену. Ал, әлемдік кеңестікке енуде әр қоғамдық
құрылым өздігінен енуі керек. Бұл құрылымдықтың өзіндігі оның теориялық
негізгі ұлттық сана, дәстүр, салт мәселелерімен тығыз байланысты болады.
Қалыптасқан ұлттық сана, дәстүр, салт біздің қазақ халқында тәрбиенің
пәрменді құралы болып табылады, сондай-ақ, қоғамдық өмірде айрықша орын
алады. Әсіресе, қазіргі таңда елжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
мәселесінің барынша нақты қойылып отыруының өзіндік үлкен мәні бар.
Еліміздегі ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында,
қоғамдық өміріміздің барлық салаларына патриоттық тәрбие берудің
қажеттілігі айқын сезіле түсуде және бұл қажеттіліктің онан әрі өсе
түсетіндігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бүл - мемлекетіміздің
Ата заңы, Республикамыздың егемендігі және қазақ жерін мекендеген ұлттар
мен ұлыстар, түрлі халық өкілдерінің бірлігін сақтау - Отансүйгіштік,
елжандылық пен патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізі болмақ.
Республикамызда қабылданған Білім беру тұжырымдамасы, Білім берудің
дамыту бағдарламасы талаптары деңгейінде жаңаша мән бере қарауымыз керек.
Тәрбиенің кең салаларының бірі - патриоттық тәрбие екенін еліміздің түңғыш
президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының өзекті мәселелердің қатарына
қойып қарауы тегін емес және Қазақстандық патриотизмнің теориялық негізін
тереңдете түсті [3].
Патриотизм өткеннің тәжірибесінсіз, сол тәжірибенің негізінде
қалыптасқан дәстүрсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бұл, негізінен, өткен
тарихи тұлғалардың іс-әрекет мен қарым-қатынасының нәтижесі ретінде
қалыптасқан тәжірибеге тәуелді болады. Біз, қазақ халқы, өз тарихында жас
ұрпаққа үлгі боларлық алып тұлғаларға бай халықпыз.
Тәрбие – көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен
нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз.
Сан ғасырдан бері қазақ халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен
істері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі отансүйгіштік сезімнен
бастау алып жатыр. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын
жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістермен қолданып, өмір тәжірибесі
сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік,
мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат
көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат
тәрбиесінде патриотизмнің қандай рөл атқаратындығын көрсетеді.
Халықтың даналық ойлары ұлттық патриотизмнің шамшырағы болған. Ата-
бабамыз ұрпағының бойына мақал-мәтел, ертегі-өлең, жыр түрінде, ақын-
жыраулардың, шешендердің сөздері, толғау, өсиет өлеңдері арқылы
отансүйгіштік сезімін сіңдіре білген. Ұлан-ғайыр сайын даласын ақ найзаның
ұшымен, ай балтаның күшімен қорғай білгендігінің өзі - осы патриотизм
жемісі. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін
жазбаларында былай деп суреттеледі: Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне
деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді.[4] Демек,
патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін
көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы да,
міне осында. Жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктер сонау
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен басталады. Тарихи мұрамызда ұлттық
нақышымыз былай бейнеленеді: Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз
бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты
өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің... ер жүрек
халық – күшті халық... бізге жеңіс әперген жер-суымыз – Отанымыз деп білу
керек. Мінекей, ескерткіштен патриотизмнің халықты көбейтіп, байыту үшін
еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл
білгірлігін қорғау екендігін байқаймыз. Жоңғар сияқты алып империямен
алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуылға жетелеген
де осы патриотизмнің қуатты күші.
Егеменді еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың өн
бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін,
Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы
ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін негізге ұстануды қажет етеді.
Ықылым заманнан бізге жеткен Қорқыт ата кітабы - түркі тілдес
халықтардың барлығының ортақ игілігі. Аталған еңбекте тәлімдік мәні күшті,
қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: Анадан
өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел
басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. ...Ата даңқын шығарып, өзінің
тегін қуған балаға ешкім жетпейді. [5]
Халыққа білім беруді армандаған, адамзат бойында ағарту мен дамуды
біріктіргісі келген ұлы баба Әбу Насыр Әл-Фараби ұстанған мұраттың бір
парасы мынадай: Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге
негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз... тәрбиелеу
кезінде халықтар мен қалалықтарға білімге негізделген қасиеттерден туатын
іс-әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке
жігерлендеріледі, осы әрекетті жасау тілегі қоздырылады, сөйтіп, осы
қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер [адамдардың] жан дүниесін
баурап алатындай және [адамдарды] осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы
көзделеді [6]. Сонымен қатар, Отанына деген сүйіспеншіліктің, сағыныштың
ерен үлгісін Әл-Фарабидің мына бір өлеңінен байқаймыз:
Кеткенім жоқ, елім сенен, атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жұртым шалғай жерден ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,
Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын.
Атамекенге деген құрметті, туған жерге деген ыстық сезімді, халқына
деген қалтқысыз сүйіспеншілікті халқымыздың би-шешендері, жыршы-жыраулары
Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Шалкиіз, Бұқар және
Махамбеттердің шешендік сөздерінен, өлең-жырларынан табамыз.
Ерлік жасауға үлгі болған ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы
күресін, батырлардың қуат-күшін, майдан даласындағы шайқастарын, олардың
соғыс өнеріне жетік екенін көрсетеді. Қазақтардың патриотизмін жоңғар
қонтайшысына Қазыбек би былай деп сипаттаған: Біз – қазақ деген мал баққан
елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын
деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір
дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса,
құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! Ұл мен
қызды қаматып отыра алмайтын елміз. ...Танымайтын жат жерге танысқалы
келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен – қабылан болсаң,
мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар – жарысқалы
келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп
бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт! [7]
Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ХVІ-ХVIII ғасырдағы күресі Отан соғысы
болып табылады. Ш.Уәлиханов Абылай ғасыры - ерліктің ғасыры деп
атап көрсеткендей тарих майданында талай батыр сынға түсіп,
қайталанбас ерекше сипатымен халықтың жадында мәңгі сақталды.
Халықтық ерлік мұралар - халықтық, педагогиканың ең биік тұғыры. Қазақтың
жауынгерлік дәстүрін қазақ халқының көшпелі тіршілігіне,
коғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастыратын болсақ
жауынгерлік дәстүр - қазақ қолының тұтас жауынгерлік сипаттағы әзірлігін
үзбей ұстауы. Бұл жерде қазақ халқы ұлт болып қалыптасу дәуірінен
бастап, күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп өз елін,
жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап, отыруға тура келді. Сол себепті
қоғамның қолына қару ұстауға жарайтын азаматы кез-келген уақытта қазақ
әскерінің жауынгері болып табылатын. Қоғамдық болмыс өзінің
қайталанбас тұлғаларын тудырып отырды. ХVШ ғасырда елдің
бірлігін, жердің тұтастығын сақтап қалған Абылай хан, Қабанбай
батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Қанкелді батыр, Қойгелді батыр,
Көкжал Барақ, Байғозы батыр, Баян батыр, Қасабай батыр, Ер Жәнібек т.б.
ерліктері ұлттық ерлік мұрамыздың алтын арқауы болып табылады. Ұлы
тұлғалардың қаһармандық жолдары бүгінгі жас ұрпақты ерлікке
баулудың темір қазығы іспеттес. Жауынгерлік замандағы жыр-
жоқтаулар, аңыз-әңгімелер үлкен тәрбиелік мәні бар білім мен өнегенің
нағыз қайнар көзі. Ауыз әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармасының тәлім-
тәрбиелік мәні болуымен қатар, сол кездегі өмір сүрген ірі түлғалардың
өзіндік орындарын айқын байқауға болады [8].
Халқымыздың ауыз әдебиеті мұралары арқылы бізге жеткен ұлттық ерлік
дәстүрлерінің ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше. Халқымыздың жауынгерлік
және ерлік дәстүрлерінің мол тарихын ескере отырып ұлттық сананы
қалыптастыруда, қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық ерлік
дәстүрінің негізгі элементтерін, оның ішінде адамгершілік тәрбиесінің
негізгі бағыттарының бірі ерлік жөне жауынгерлік тәрбиенің мазмұнын жан-
жақты қарастырып, кеңінен енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасы әскери докторинасы мен әскери Құрылыс
түжырымдамасында елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған
кешенді бағдарлама қажет деп атап көрсетуі халқымыздың ерлік дәстүрін
ғылыми негіздей отырып ұрпақ тәрбиесіне пайдаланудың негізгі стратегиялық
бағыты болып табылады. Еліміздің ертеңі үшін жас ұрпақты ұлттық рухта
тәрбиелеуде бабаларымыздың ерлік істерін үлгі-өнеге ету аса қажет.
Халық батыры Б.Момышұлы Бұрындары жасалған ерліктерді сыйламай,
қадірлемей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік. ...Солдаттардың бойына
жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары
мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екеніне көзім жетті дей келе,
жауынгерлердің бойындағы ерліктің қалыптасуына ықпал ететін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасқан ұлттық мұра екенін және әскери өнерді ғалым ретінде
ғылыми тұжырымдайды [9].
Түркі халқы — батыр халық, түрік халқы арыстан ер халық деп бабамыз
Мұстафа Шоқай айтқандай, Күлтегін, Тоныкөк батырлардан бастау алған
Жалаңтөс, Қарасай, Ақша, Кожакелді сынды баһадүрлеріміздің ерлік істері
бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне негізгі тәлімдік құрал болып табылады [8].
Патриотизм ұғымы ХV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры
Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншылармен күресіп, өз Отанының
дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болған.
Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап
алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының Қазақстан
мұраты деп аталатын бөлімінде – еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни
мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы
күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық,
патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді – деген құнды пікірлер айтылған [1].
Қазақ халқының бертінгі тарихында бірқатар кемшіліктерге бой алдырып,
дәрменділігі төмендеген жүйе - патриоттық тәрбие жүйесі. Бұл бір жағынан –
қазақ елінің жат жұрттың бодандық шырмауына түскендігінен болса, екінші бір
жағы – кейінгі КСРО империялық, мемлекеттік саяси – идеологиялық тұрғыдан
басқарған тоталитарлық жүйенің жеке адамның Отанына, бабалар мұраты мен
халық дәстүріне сүйенген патриоттық тәрбие көздерін жалған идеология арқылы
бұрмалауында еді. Жалпы адамзат өркениетіне тән ізгілікке жеткізер жолдың
бастауы – патриоттық тәрбие түп негізінен айырылып, тоталитарлық мүддеге
қызмет етті. Соның салдарынан жеке адамның Отанына, халқына деген
сүйіспеншілік негіздерінің бірі болып табылатын патриоттық сезім, ой-сана
қуғынға ұшырады. Шығармашылығына патриоттық сезімдері қуат берген ақын
О.Сүлейменовтың АЗиЯ еңбегі үшін, ақын Ж.Молдағалиев: Мен қазақпын
мың өліп, мың тірілген, - деп жырлаған Мен қазақпын поэмасы үшін
әкімшілік қысымға ұшырады. Сондықтан да, республикамыз тәуелсіздік
алғаннан бері балалардың, жасөспірімдер мен жеткіншектердің оқу-тәрбие
ісінің әлі де болса назар аударып, жіті қарауды қажет ететін салаларының
бірі – патриоттық тәрбие екендігін баса айтқымыз келеді [10].
Мәселенің шешімін өркениеттілікке, ізгілікке ұмтылудан қарастырғанымыз
жөн. Сол жағдайда ғана патриоттық тәрбие жаңа сапаға көтеріліп, уақыт
талаптарына жауап бере алады, жаңа идеологияны қалыптастырушы нысандардың
алдыңғы қатарында болады.
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі
ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары – ана
тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Ұлттық Мен
дегізерлік қасиеттерді сақтап қалудың кепілі - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен
Атамекен деген киелі атқа ие туған жер. Бұлар қазақтардың ұлттық Менінің
қайнар көзі, таусылмас бұлағы. Қай заманда, қай дәуірді алып қарасақта,
біртұтас халықтың, ұлттық ерлігі не жеке қаһармандардың батырлық істеріне
осылар қозғаушы күш болып отырған.
Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі дүниежүзі халықтарының
барлығына да ортақ. Жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол
үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу-
тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай
болса, жастарға патриоттық тәрбие беруде - өткені мен бүгінгі күнді және
болашағын байланыстыру қажет. Патриотизм гректің (раtris) – Отан, ел деген
сөзінен шыққан. Соңғы кездері оның қолданылу ауқымы кеңіп, ол Отанға, елге,
туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіретін, жиынтық ұғымға
ұласқан.
Кеңес заманында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы қатаң идеологиялық,
саяси бағыттарды ұстанды. Еліміз бен партия бейбіт революциялық идеяны
ұстана отырып, барлық елдердегі коммунистік қозғалыстарды қолдап, құнттап
отырды. Жалпы 20-жылдардағы ғылыми педагогикалық еңбектердің творчестволық
ізденіс үстінде болғаны байқалады. Сол кездегі ғалымдар өз еңбектерінде
К.Маркстің, Ф.Энгельстің [11], В.И.Лениннің [12] шығармаларына сүйенген.
Патриотизм тәрбиесінің әр саласының үзіліссіз байланыста болу
қажеттілігі жайында кезінде М.И.Калинин, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,
А.С.Макаренко баса көрсеткен. Патриоттық тәрбиенің көптеген саласы Кеңес
үкіметі жылдары ғалым-педагогтердің, философтардың, тарихшылардың
(П.Н.Федосеев, Г.Н.Волков, Г.Н.Филонов және т.б.) еңбектерінде зерттелген.
Н.К.Гончаровтың, М.А.Даниловтың, И.С.Марынконың, Э.И.Моносзонның,
М.Н.Скоткинның және т.б. жалпыпедагогикалық еңбектерінде патриоттық
тәрбиенің мәні мен теориялық әдістемесі және эмпирикалық зерттеу
проблемалары қарастырылған.
Ғалым-психологтар Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев
және тағы басқалардың жұмыстары патриот-оқушы психологиясын айқындауға
ықпал етеді.
Мұнымен бірге сабақтан тыс уақыттардағы оқушылардың, жасөспірімдердің
тәрбиесін В.И.Кожокарь, И.С.Прус, К.И.Степакина тәрізді авторлар зерттеген.

Б.З.Вульфов, С.В.Дармодехин, А.В.Иващенко, З.В.Коваленко,
В.В.Лебединский, М.М.Поташкин, В.М.Тырышкин, С.Е.Хозе, С.И.Чистякова,
Б.Е.Ширвиндт, М.М.Ященко және т.б. еңбектерінде комсомолдардың мектеп
өміріндегі патриоттық тәрбие аспектісі зерделеніп, академик белсенділігінің
қалыптасуы теориялық және тарихи аспекті де қарастырылып, комсомол
қызметіндегі тәрбие жүйесі айқындалды.
Мектеп қабырғасындағы комсомолдардың патриоттық және интернационалдық
тәрбиесіне 30 жыл бұрын жазылған В.А.Сластенин еңбегін атап өткен орынды.
Патриоттық тәрбиенің жүйесіне Л.Т.Рудченко талдау жасаған.
Бірқатар ғалымдар (К.Ш.Ахияров, М.И.Богатов, Л.Я.Бондарев, А.Ю.Гордин,
И.И.Зарецкая, Т.П.Иванченко, П.П.Костенков, И.П.Майорова, Н.И.Остапенко,
Ю.П.Сокольников, В.И.Ширинский т.б.) оқушылардың еңбек тәрбиесінің ерекше
жүйесін тұтастықта зерттеген И.Д.Чернышенконың ғылыми еңбегінің орны бөлек.

П.Р.Тутов, Н.П.Булатов, С.И.Гореславский, К.А.Иванович, А.Г.Дубов,
А.А.Шибанов, Д.А.Энштейн, т.б. өздерінің зерттеулерінде оқушылардың еңбек
қызметін политехникалы оқу жүйесінде зерделеген. Бұлардың зерттеу
жұмыстарының тұжырым-түйіндері жалпы білім беретін мектептердің еңбек,
демалыс лагерлеріне негізгі бағдар болды. К.И.Волков, И.Ф.Гончаров,
Н.Г.Ничкало аталған лагерлердің ұжымдарының қалыптасуы мен еңбек
барысындағы коммунистік көзқарасын ұйымдастыруын педагогтық ауқымды
қарастырды. Мұнымен бірге патриоттық сана мен оқушылардың еңбектегі іс-
әрекеттерінің тәртібін өмір талабына сай қалыптасып, даму барысының
көкейкестілігі кейбір ғана еңбектерде зерттелген.
Патриоттық тәрбие мәселесі жалпы психологиялық-педагогикалық еңбектерде
(Э.И.Моносзон, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, В.В.Лебединский, Б.Г.Ананьев,
Л.С.Выготский, Л.И.Божович және т.б.) біраз орын алған. Оқушылардың
патриоттық тәрбие проблемаларының кейбір салалары да арнайы ғылыми-
педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды, С.Р.Раджабовтың,
А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, А.Жұмақановтың,
С.Нұрмұқашеваның, И.Меликованың, К.Құнантаеваның, С.Ұзақбаеваның (халықтық)
еңбектерінде кең баяндалады.
Орыс революционер демократтары да бұл мәселе жөнінен көптеген құнды
идеялар көтерді. Мысалы, В.Г.Белинский: Жалқыдан жалпы басталатыны сияқты,
олардан таным қабылдауы да патриоттық ұтшылдықтан азат- дейді. Өз Отаныңды
сүю деген - сол Отаныңда бүкіл адамзаттық мұраттардың жүзеге асуын қызу
қолдау және шамаң келгенше соған көмек көрсету.
Халықтар ұлы адамзат әулетінің бір мүшесі екендігін мойындап, ұлттық
рухани қазыналарын бір-бірімен тең бөлісе бастады. Бір халықтың қандай да
бір табысын екінші бір халық тез игеріп алуда- десе, Чернышевский оның осы
ойын жалғастыра: отан деген, ең алдымен, халық. Белгілі бір жерде тарихи
қалыптасқан халық, сол жерге тер төгіп, өз еңбегімен түрлендіретін халық,
сол жердің бостандығы мен тәуелсіздігін қан төгіп нығайтатын халық, тек сол
халық қана жерді әлеуметтік мағынада толтырып, Отан деп аталатын ұғымға
айналдырады – дегенді айтады. [13] Барлық халық өзінің әдебиетінде,
өлеңінен бастап, мақал-мәтелдеріне дейін, ертегіден драма мен романға дейін
адамның қандай болуы керек деген жеке түсінігінің сенімінде көрініс береді.
Ол өзінің бар жақсы рухани қасиеттерімен әсемдеп, әдемілеп мұраттық
деңгейде сипаттайды – деген К.Д.Ушинский.
К.Д.Ушинский әр халықтың тілін қорғап, оның өз ана тілінде сөйлеуге
толық құқығының бар екендігіне, ана-тілінің құдіретті күш сенімділігіне,
өзіне дейінгі қоғамдық ой-тұжырымдарды саралай отырып, мынадай баға берген:
Өмірден адам өткенімен, ол жасаған сөз халық тәрбиесінің мәңгілік
сарқылмас қазынасы болып қалады; өйткені, әрбір сөзі, іс-әрекетінің
нәтижесі, сол арқылы сөзде ... халықтың тарихы бейнеленген [14].
Жоғарыда көрсетілген анықтамалардан, көрнекті ғалымның педагогикалық
тұжырымынан халықтың тек психологиялық, педагогикалық категорияларын
аңғармаймыз, мұнымен бірге туған елінің қоғамдық-экономикалық өзіне тән
материалдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени-ағартушылық мақсатын
өмірде жетістікке жеткізу үшін жиған әдіс-амалдарды байқаймыз.
К.Д.Ушинскийдің бұл сөзі қазақ халқына да тікелей байланысты. Қазақ
халқының да бала тәрбиесінде өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олар
да балаға талап қоя білген.
Ал Добролюбов: Жанды, жігерлі патриотизмнің ерекшелігі сонда, ол кез-
келген халықаралық жауласуды жоққа шығарады және осындай патриотизмнен
сусындаған адам, егер пайдалы бола алса, бүкіл адамзат үшін еңбек етуге
даяр. Қызметің өз елі шекарасымен шектелуі – оның менің нағыз орным, мен ең
пайдалырақ болатын жер – осында... деген сүйіспеншіліктің жек көрінісі
тәрізді, жеке бір ұлыстарға деген жек көрушілік сезіммен қатар өмір сүре
алмайды,- деп тұжырымдайды [15]. Байқап қарасақ, революционер–демократтар
патриотизмнің тарихи тамырларын зерттеуге, оның халықтарды жақындастыру
идеясымен тығыз байланыстылығын түсіндіуге материалистік тұрғыдан кіріседі,
патриотизмге қарсы күресуші расизм, шовинизм, т.б. күштерді сынға алады.
Егер Е.И.Ткачеваның Англияның буржуазиялық педагогикасындағы
азаматтарды тәрбиелеу мәселелері деген еңбегіне көз жүгіртсек онда
азаматтық және еңбек мектебі педдагогикасы деген атпен тарихта белгілі
болған педагогикалық ағымдар XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
Англиядағы мектептерде діннің күшімен, оқытылатын пәндер қатаң тәртіппен
жүргізілді. 1897 жылы бұл мемлекетте Адамгершілікке тәрбиелеу Лигасы
құрылып, онда педагогтар мектептің маңызды мәселелерін тілге тиек етіп
келелі мәселелерді қозғады. Лиганың мүшелері ағылшын мектебінің тарихында
тұңғыш рет 7-14 жас аралығындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге
қатысты бағдарлама қабылдады. Бағдарламаны жасаушылар мынандай мәселелерге
мән берді: басқа адамдардың құқығын сыйлау, әділеттілік; еңбексүйгіштік
және Өз Отанын сүйіп оған қызмет ету.
Жасөспірім жеткіншектерді патриоттық рухта тәрбиелеуге қатысты идеялар
Англияда ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қайта жалғасын тапты. 20 жылдары
П.Нанн, С.Норвуд, Дж.Адамс еңбектерінде тәрбиені - әрбір тұлғаның рухани
тұрғыда жетілуі деп қарастырды.
30 жылдардағы ағылшын педагогикасында өз Отанының патриоттарын
тәрбиелеу мәселесіне айрықша ден қойылды. Бұған көптеген тарихи жағдайлар
себеп болды. Ең бастысы фашистік Германияның басқыншылығы еді. Сондықтан да
төніп келе жатқан соғысқа қарсы тұрып, туған жері мен елін жат жаудың қанды
тырнағынан қорғай алатын патриоттар өсіріп шығару мәселесі күн тәртібіне
қойылды.
Ағылшын филосолфы әрі педагог Р.Ливингсон азаматтық деген сөзге
түсінік беріп мұның астарында өз мемлекеті мен жеріне деген патриоттық
сезім жатқанына назар аудартты.
Ал, Лондон университетінің профессоры адамгершілікке тәрбиелеудің
негізгі мәні демократиялық қоғамның азаматтарын тәрбиелеу деп
тұжырымдады. Ол жасөспірім жеткіншектерді азаматтық және патриоттық рухта
тәрбиелеудің аса қажеттігін дәлелдеген.
Л.А.Морозовтың француз орта мектебіндегі азаматтық тәрбие берудің
кейбір мәселелері атты жұмысында Франциядағы қоғамдық-педагогикалық ортаны
азаматтық мәселені қатты толғандыру себептері қаралған. Франциядағы
көптеген педагогтар тарих, философия және азаматтану пәндері жасөспірім
жеткіншектерді еңбекті сүюге, өзгелерді сыйлауға және әр оқушының жеке
тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуі керек деп есептеген.
Францияның көптеген мектептерінде оқушылардың бойына патриоттық сезім
ұялату үшін патриоттық тақырыптардағы көркем фильмдерді көріп, талқылаулар
өткізу дәстүрге айналған.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ГДР-де әрбір оқушының жадына Отан қорғау
туралы түсініктерді сіңірумен қатар, олардың саясат, техника т.б. ғылым
негіздерімен қаруландырып дамыту қажеттігіне жете көңіл бөлінді. Патриоттық
тәрбие беру мәселелеріне бүкіл қоғамдық ұйымдар мен баспасөз, мектеп және
бесқа да мекемелер бірлесіп кірісті. Бұдан патриоттық тәрбиеге айрықша
көңіл бөлініп маңыздылығы артқаны байқалады.
1970-80 жылдары Болгариядағы патриоттық тәрбие жүргізудің қандай
ерекшеліктері бар болғаны туралы Х.Л.Христова Жоғары сынып оқушыларына
әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды тіні – бастапқы әскери тәлім
деген еңбегінде дұрыс ашқан. Мұнда патриоттық тәрбие берудің негізгі жүйесі
анықталған. Әсіресе, әскери патриоттық тәрбиеге баулудың әртүрлі тәсілдері
айқындалған.
Көптеген шетелдіктердің патриоттық тәрбие берудегі тәжірибесіне ден
қойсақ, бастауыш мектеп жасындағы балаларға туған жер, өскен өлке туралы
көркем шығармаларды оқып таныстырудың патриоттық сезім қалыптастыруға үлкен
әсер ететіндігі дәлелденген. Сонымен қоса, жаңа оқу жылы басталған кезден
бастап, оқытушының жеке жұмыс жоспарында патриоттық тәрбие беруге
бағытталған жүйелі бағдарламасы болу қажет. Онда оқушылардың шығармашылық
ойлануына жол ашатындай тәсілдер қамтылуы керек.
Сонымен шетелдіктердің жасөспірім жеткіншектерді патриоттық рухта
тәрбиелеу тәжірибесінде әртүрлі формалардың бар екеніне көз жеткіздік.
Алдағы уақытта кейбір озық тәсілдерді біздің елімізде де тәжірибеге кіргізу
артықтық етпейтін тәрізді.
Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі – онымен етене байланысып
жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Ұлттық рух
пен патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті,
өз халқына деген сүйіспеншілігі, адам өз халқымен қан жағынан да және
шыққан тегі, аумағы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық
және этностық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да,
әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де
байланысты. Мұның бәрін міндетті түрде есепке алу үшін әрі бұл сезімді
әскерлерге күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып,
патриотизм, отанға, ұлтқа сүйіспеншілік ұғымының жалпы арансына бағыттап
жіберу үшін білу қажет, - дейді [16]. Кімде-кім халыққа, оның болашағына
сенбесе, өз тағдыры үшін де үрейленеді, өз Отанын жат жұрттықтардың жаулап
алуынан қауіптенеді, Отанының патриоты, батыры бола алмайды.
Отан – халық топтары өмір сүріп, еңбек ететін белгілі бір саяси,
мәдени, әлеумекттік және аумақтық орта. М.С.Жүнісов Отан құрылымы үш
элементтің берік байланысы ретінде түсінілуге тиіс деп дұрыс баға берген.
Олар:
1. Халық тарихымен ұштасқан, сол халық субъект ретінде, тарихты жасаушы
ретінде көрінетін туған жері, этностық аймағы.
2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, дәстүрлері бар белгілі бір халық.
3. Мемлекет түрін анықтайтын қоғамдық – экономикалық және әлеуметтік-
саяси құрылыс [17]. Патриоттық сана отандық атрибуттардың жалпы санада
бейнеленуінің нәтижесінде қалыптасады. Отан деген ұғымға белгілі бір
жеке адамның, адам топтарының, жалпы халықтың ден қоюшылығы мен
қажетсінуі тұрғысынан қарағандағы шынайы маңызы бар қоғамдық тұрмыстың
элементтері кіреді.
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-
дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық
қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғы да көрініс табады, өйткені
әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді.
Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі
үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз отанының жалынды
патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары.
Өз отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін отан мүддесіне
арнаған адамға тән терең сезім. Волгадағы шайқас барысында Совет
халықтарының патриотизмі, Отанға деген сүйіспеншілігі майдандағы әскер
арасында, тылда еңбеккерлер арасында айқын көрінеді. Мұндай тұлғалар тек
бізідң Совет елінде ғана ұлы интернационализм мен советтік патриотизм
топырағында өсе алады – деп қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
көрсетілген [18].
Қазақ совет энциклопедиясында патриотизм – дегеніміз (грек patriotеs
– отандас, patrio – Отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы
күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана
тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм
элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды – деп көрсеткен [19]. Үлкен
совет энциклопедиясында социалистік қоғам азаматының патриотизмі өз
Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақтастығына берілгендік пен
адалдықтан тұрады – делінген [20].
Бұл берілген түсініктемелердің барлығы жалпы патриотизмнің мән-
мағынасын ашып береді, бірақ оны әлі де болса толықтыра түсу қажет.
Патриотизм деген ұғымға бүгінгі ғылыми еңбектерде бірқатар түсінік –
анықтамалар берілген. Мысалы:
- ... патриотизм - өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік...
пролетарлық интернационализммен берік байланысқан [21].
Патриотизм... (грек тілінен аударғанда – Отан) әдетте Отанға
сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық
сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан-
Анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип
[22]. Социалистік патриотизмге өзінің социалистік Отанына, оның
мәдениетіне, дәстүрлеріне деген шексіз сүйіспеншілік, социализм
жеңістеріне деген мақтаныш, өз мемлекетінің экономикалық және саяси
қуатын арттыруға бағытталған әлеуметтік белсенділік, Отанын, оның
бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тән [23].
Патриотизм ұғымына берілген түсініктердің бәрін де қолдауға болады,
олар сөздің мән-мағынасын ашып көрсетеді. Патриотизм ұғымының
мазмұнына Отанға, туып өскен жерге деген сүйіспеншілік, халықтың
тарихи жеңістеріне деген мақтаныш сезімі кіреді, Патриотизм -
ғасырлар, мың жылдықтар бойы нығайтылып бекітілген ең терең
сезімдердің бірі, - деген сөздері де өз маңызын жоғалтқан жоқ [24].
Әйткенмен де, біз барлық түсініктерді қолдай отырып, өз түсінігімізді
беруге талпынамыз.
Бауыржан Момышұлы: патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген
сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық-мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді
екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін
мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды,
оның жеке адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді [9].
Зерттеуші Д.Құсайынованың көзқарасы бойынша, “патриотизм” – адамның
туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тарихи қалыптасқан,
Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді- деп
түсініктеме берілген [25]. Ғылыми – зерттеу жұмысын патриоттық-
интернационалдық тәрбие мәселесіне арнаған Ә.Жұмахановтың еңбектерінде
тәрбие мәселесін кешенді түрде тәрбие бағыттарымен ұштастыра отырып жүргізу
көзделеді [26]. Патриоттық интернационалдық тәрбиені адамгершілік, саяси-
идеялық тәрбиелермен және пән сабақтарының мазмұнымен байланыстыра жүргізу
қарастырылады. Ғалымның соңғы шыққан еңбегінде аға ұрпақтың ерлік және
еңбек дәстүрі арқылы жоғары сынып оқушыларының патриотық сезімдерін
жетілдіру, дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген.
Патриоттық сезім адамдардың, халықтардың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс
жағдайы әсерімен пайда болады. Бұл жағдайлардың өзгеруі патриотизм
мазмұнының өзгеруіне апарып соғады.
Әрбір халық өз Отанының, яғни өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси,
мәдени, әлеуметтік ортаның әлеуметтік және мәдени дамуына мүдделі; әрбір
халықтың Отанын, туған тілін, мәдениетін жат елдік басқыншылардан қорғауға
байланысты белгілі бір ортақ мүддесі бар.
Патриоттық сезімнің ұрпақтан-ұрпаққа дамып, нығайып жететін себебі -
әрбір халықтың Отанын қандай да бір тарихи кезеңде халықты тонап, құлдыққа
ұшыратып, аяусыз езгіге салғысы келген жат жерліктердің басып алғысы
келгендігі.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын ғасырлар бойы ата-бабаларымыз
ұйымшылдықпен аман сақтап, нағыз отансүйгіштік қасиет көрсетті.
Патриотизм әрбір адамның өз халқына, Отанына деген сүйіспеншілігіне,
мүдде ортақтастығына негізделеді. Патриотизм өз халқының шығармашылық күші
мен болашағына деген сенімсіздікпен қатар өмір сүре алмайды.
Ұлы Отан соғысы советтік патриоттық сезімнің дамуына өзінің игі әсерін
тигізді. Барша халық неміс басқыншыларына төтеп беру үшін бар күш-жігерін
аямады.
Жалпы білім беретін мектептегі сабақта және сабақтан тыс уақыттарда
оқушылармен жүргізілетін іс-шаралардың мақсат-міндеттерінің мәні мен
мазмұны тек Отан қорғау идеясымен тікелей байланысты болды.
Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық өнеге істері халқымыздың ерлік даңқын
асырды. Отан қорғау жолында өмірін қиған ерлерді еске алып отыруды,
әкелердің ерлік істеріне құрметпен қарауды жас буынға үйретіп отыру қажет.
Сондықтан да оқушыларды халқымыздың ерлігі рухында тәрбиелеу – бүгінгі
мектептің тәрбие жұмысының басты саласы болуы тиіс.
Соғыстан кейінгі жылдары да жастарды патриотизмге тәрбиелеу мәселесі өз
өзектілігін жойған жоқ. Бұл жылдары Орталық комитет идеология мәселелеріне
байланысты жас жеткіншектер тәрбиесін жетілдіру мен бүкіл Одақ
еңбекшілеріне бағытталған қаулы-қарарлар шығарылды. Одақтас
Республикалардың барлығында осы қаулы-қарарларға байланысты оқу-тәрбие
жұмыстары халықтар достығы мен кеңестік патриотизм рухында жүргізілді.
Соңғы жылдары “қазақстандық патриотизм” ұғымына зор мән берілуде.
Бұл Қазақтан Республикасының қайталанбас, ерекше мемлекет екендігімен
байланысты.
Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі
ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін
қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен
намысын тәрбиелеу.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы – көпұлтты, іргелі ел.
Сондықтан Қазақстан Республикасындағы көп ұлтты халықтардың патриоттық
этностық ерекшеліктерін қамти отырып, олардың барлығына ортақ, ортақ ел мен
мемлекет тәуелсіздігіне игі үрдісін тигізетін, оның болашақ дамуына үлес
қосатын қазақстандық патриоттық идеологияның, идеяның алғы шарттарын түзу
қажет. Әрине осы орайда азшылық ұлттардың да патриоттық тәрбиеге
мүдделілігі ескерілуі тиіс.
Қоғамда Қазақстан – біздің отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді
деген қарапайым ойды қалыптастыру керек - деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай ұлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы, ең алдымен,
біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы. Құрамындағы
ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер
әлі де аз емес. Сонымен қатар, бұл елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары
дамыған, қоғамда мемлекеттік рәсімдерге құрметпен қарау қалыптасқан.
Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда ант қабылдағанда, көптеген бұқаралық
іс-шаралар кезінде Мемлекеттік ту көтеріп, Әнұран орындалады [27].
Қазіргі кезде республикамызда болып жатқан түрлі әлеуметтік-
экономикалық процестерде: халықтың ұлттық сезімін оятуды, тарихи мұраға
аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды,
жеткіншектерді ұлттық мәдени мұра арқылы патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын
жақсартуды талап етеді.
Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиеттерді қалыптастыруды
көздейді: Отанын сүю және өзінің азаматтығын мақтан тұту; өз Отанының
болашағы үшін, амандығы үшін қызмет ету; ана тілін жетік меңгеріп сүйе
білу; халқының салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білу, сақтау, дамыту; өз
Отанының тарихын, табиғатын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін білу; дінге,
тарихи мұраларға құрметпен қарау; өз отандастарына, сондай-ақ басқа ұлт
өкілдеріне гумандық көзқарас білдіру.
Қазіргі кезде, егеменді еліміздің білім беру жүйесін реформалау
барысында жастарға патриоттық тәрбие беруде ұлт мақтанышы болған жеке
тұлғалардың өмірлік тәжірибелері мен халықтық мәдени мұралары айрықша орын
алады. Қазақ халқының өмірлік тарихи жолында өскелең ұрпағын өзіне дейінгі
қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана
отырып, шынайы туған жерге елге, отанға, туыстары мен ағайындарына, әке-
шеше, аға-іні, әпке-сіңлісіне, достарына деген сүйіспеншілік, бауырмашылық
қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Қандай халық болса да оның ұлттық бейнесі, өзіндік әуесі, жекелік
қасиеті, ұлттық болмысы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін
қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып
ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан екшеленіп өткен, бүгінгі өмірге
жеткен салт, дәстүрлерге халықтық қасиет, ұлттық намыс жөніндегі
мәселелерді кеңінен қамтитын патриоттық тәрбиенің қырларын жетілдірудің
маңызы зор болып отыр.
Еліміздің болашағы - өскелең ұрпағы ұлттық рухта елжандылыққа,
Отаншылдыққа баулу патриоттық тәрбиенің басты міндеттерінің бірі.
Патриоттық - Отанға, туған халыққа деген жоғары сапалы асқақ сезім,
туған жердегі тарихи қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық, саяси
және мәдени орта мен халықтың тұрмысы, еңбегі, өнері, тілі, ұлттық
дәстүрімен байланысты екенін таныту. Өз халқы үшін әділеттілікке, кайсарлық
пен табандылық көрсетіп күресе білуге, отандастарына сүйіспеншілік,
бауырмашылдық сезімін дамыту патриоттық тәрбиенің басты мақсаты болып
табылады. Қазіргі қоғамның ең басты талаптарының бірі әрбір адам өмірінде
өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты дамытуға үлесін
қосу. Жеке тұлға Отан өміріне адал, саналы қатысуы қоғамның бүгінгі өмір
салтының алғы шарты болып табылады. Ол үшін адам патриотизмге лайықты
тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мүмкіншіліктері
Бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін халық ертегілері негізінде тәрбиелеу
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана – сезім қажет
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Халықтық педагогика түрлері
Пәндер