Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мүмкіншіліктері


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мүмкіншіліктері
2. 2. Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдары
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І КІРІСПЕ
«Қазақстан - 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазақстанның оқу орындарында оқушыларға қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, оқу орындарындағы оқушылардың міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, оларға патриоттық тәрбие беру бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды және оқушылардың патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас болып табылады.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында оқушыларді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге жойылды.
2. 1. Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мүмкіншіліктері
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып калыптасып, өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары - ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Ұлттық «мен» дегізерлік қасиеттерді сақтап қалудың кепілі - әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен «Атамекен» деген киелі атқа ие туған жер. Бұлар - қазақтардың ұлттық менің қайнар көзі, таусылмас бұлағы. Қай заманда, қай дәуірді алып қарасақ та, біртұтас халықтың, ұлттық ерлігі не жеке қаһармандардың батырлык істеріне осылар қозғаушы күш болып отырған
Патриотизмнің мәнін ашу барысында ең алдымен осы патриотизм идеяларының ерте замандарда туып қалыптасқаны мен ол туралы сөздіктер, энциклопедияларда берілген анықтамаларды және зерттеушілер мен ақын жазушылардың еңбектерін қарастыра кеткен жөн.
Бүгінгі күнге дейін сақталып, Егемен мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастан жерін, елін, тілін, дінін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы Күлтегін жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым . . .
Түркі иелігінен айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты . . .
Жазбадан патриотизмнің халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, дін бірлігін қорғау екекдігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы патриотизмнің қуатты күші.
Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы - сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендік саз, айтыс өлендері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса, тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашак отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылык, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүрін негізге ұстансақ, өте ұтымды болар еді.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір касиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т. б. айтқан болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен «Қорқыт ата кітабында» тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздык ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып. өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды. өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық»- деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің «Азаматтық саясат», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу», «Риторика», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізін дәлелдеп берген. Сонымен бірге Әл-Фарабидің отанына деген сүйіспеншілігін сағынышын мына бір өлеңінен байқаймыз:
Кеткенім жоқ, елім сенен,
Атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жалғыз, жұртым шалғай,
Ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді,
Келгенінше шамамның.
Ассамдағы сексен жастан,
Сәбиіңмін, балаңмын . . .
Айналайын, атам қыпшақ,
Туған жерді сағындым.
Өз атыңа, құрметіңе,
Қайда жүрсем табындым!
Ж. Баласағұни ата-ананың ең басты парызы - баланы өткенге парасатпен, терең сезім құрметпен қарауға тәрбиелеп, ата-баба әруағын ардақтауға, салт-дәстүр сияқты киелі нәрселерді құрметтеуге, отбасылық, қоғамдық дәстүрлерді түсіну сезіміне баулу екенімен бірге: Ақылды - ұлы, біл, білімді - білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті . . .
«Ақыл пайда болса, ұлылық толады»,
Білім кімде, сол білікті болады.
Ақылды ұғар, білімділер біледі,
Түгел болар білімді, есті тілегі . . . деп оқу-білімді өсиет еткен.
Оның білімді болсаң ғана өз еліңе, жеріңе, қала берді өз ошағыңа пайдаң тиеді, оларды сыртқы жаудан қорғай аласың деген өсиеттері бүгінгі ұрпақ тәрбиесімен де ұштасып жатқанын байқаймыз.
М. Қашқаридің - «Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады, Отаннан күдер үзу болғанмен, дәстүр-салтты аттап кетуге жол жоқ» - деген мақала ұлттық дәстүр мен ұлттық мәдениетті аңғартады. Сонымен қатар: - Жау қамалы алынды,
Қызыл байрақ қағылды,
Дұшпан шөптей шабылды,
Құтылмайды қашса да,
Талқандадым ерлерін,
Қансыратты шеңгелім,
Алтындардан теңдедім,
Бізден отер жау бар ма? - деп, ерлік жасауға үлгі болған ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы күресін, батырлардың қуат-күшін, майдан даласындағы шайқастарын, олардың соғыс өнеріне жетік екенін көрсетеді.
Қазақ даласында өсіп-өнген ақын-жыраулар халыққа өнегелі сездерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды.
Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көрністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халыктың береке бірлігін, ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы өз Отанын жаудан қорғау екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау: Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы - деген екен.
2. 2. Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдары
Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді . Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды.
Ал Қазақстан - әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан халықтық педагогика негізінде оқушылардің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы бар.
Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-тәрбиені ұйымдастырғанда оқушыларге патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориясы өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.
Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой-пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын-жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да қарастырылып келеді.
Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі қазақ халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.
Біз жұмысымызда егемендікпен қоса келген «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «қазақстандық патриотизм ерекшеліктері» мен «ұлттық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап, жоғарғы оқу орындары оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен бағыттарын айқындадық.
Ұлттық және жалпы қазақстандық намысты ояту мәселесіне келгенде, қазіргі қоғамда демократиялық өзгерістерге орай жаңаша патриоттық беруде қазақ этнопедагогикасы оқушылардің рухани азығына айналып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz