ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Білім беру үдерісінің мақсат-міндеттерін
қазіргі заман талабына сай, яғни ұлттық және жалпы адамзаттық мұрат-
мүдделерді ескере отырып жүргізу және білімді, кәсіпқой мамандарды
әзірлеуді жетілдірумен айналысу - өте қажетті мәселе. Өйткені, қоғамда
жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістердің стратегиялық барысы нақ осы
өсіп келе жатқан жастардың білімінің сапасымен, ұлттық дүниетанымының
деңгейімен, мәдени сауаттылығымен және белсенділігінің жоғары дәрежесімен
өлшенетіні белгілі. Тәуелсіздігіміздің баянды болуында өсіп келе жатқан
жастардың рөлі өте зор екені анық.
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі – ұрпақ
тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой-пікірлері мен іс-
тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ
рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді
халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін,
рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық,
балажандылық, қонақжайлылық, әдептілік, әсемдік т.б. қасиеттерін танытатын
тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама
ойшылдар, би-шешендер және ақын-жыраулардың саналық болжамдарының,
психологиялық пайымдаулары мен педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі
жатыр.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Қоғамдық ойдың тағы бір бағыты
дәстүрге, халықшылыққа сүйенеді. Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар
жарамсыз болып қалған кезде неге назар аудару керек? Сірә, қарапайым әрі
түсінікті, сонымен бірге әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани
негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек,-деп көрсетуі сөзіміздің
айғағын айқындай түседі.
Осы орайда елімізде халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап игеру,
оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып
табылады. Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың
озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала
бастады.
Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Қазақстан
Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-
шаралары, ғылым мен мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін Конституциясы,
еліміздің мәдени-әлеуметтік дамуына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға
жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде адамгершілік-эстетикалық
тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деген
сенімдеміз. Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен
әдістеріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік
тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау етіп, бұл мәселелерге қазақ
ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, т.б. үлкен мән
берген.
Бүгінде Қ.Бөлеев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, т.б. көптеген
қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын,
оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр
ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.
Кез келген жас ұрпақ адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі
мәдениеттілігі болса, оны игеруге өмір бойы алатын білім жүйесін толықтырып
отыруға міндетті болуы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттілік, яғни
ұлтымыздың бойындағы кішіге ізеттілік, үлкенді сыйлау, өз орнын біліп,
адаммен қарым-қатынас жасауы, байыпты сөзі, биязы мінезі, салмақтылығы мен
сабырлығы, адаммен тіл табысуы, өзін-өзі ұстай білуі, әсемдік пен ізгілікке
ұмтылуы т.б. жеке бастың, ар-ожданының қорғаны болуға бағытталуы керек.
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бойынша кейінгі жылдары іргелі зерттеулер
жүргізіліп, ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазір де соңғы педагогикалық
тәжірибелер, сондай-ақ, психологиялық, дидактикалық және қолданбалы
педагогикалық, озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие мәселесін
одан әрі ғылыми негіздеп, қайта жаңғырту мен дамыту бүгінде өмір талабы
болып отыр. Ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын мектептегі оқушылар ұжымдарының
іс-әрекеттерінде барыншы пайдалану – қазіргі кездегі педагогикалық
талаптардың бірі.
Осы орайда салт-дәстүрлердің бүгінгі күнге дейін жетіп, ұрпақ
тәрбиесіне елеулі әсер тигізіп отырғаны белгілі. Жас ұрпақты тәрбиелеу
процесінде халықтық педагогиканың орны ерекше. Оның мазмұны мен маңызы
жөнінде белгілі ғалым С.Ұзақбаева: Халықтық педагогика – тәрбие мен оқыту
саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының
жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы
(поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнері) беріліп отыратын әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты – жас
ұрпақты ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу,- деп
көрсетеді. Сондықтан халықтық педагогикадағы жастарға адамгершілік-
эстетикалық тәрбие беру ерекше орын алады. Бұл арада студенттерге
этнопедагогика негіздерін үйретуші оқытушы халықтық салт-дәстүрлердің
адамгершілк пен көркемдікке, ізгілікке құрылған ең озық үлгілерін ұсынуы
қажет деп есептейміз.
Қазақ этнопедагогикасындағы тәлім-тәрбие мәселесін зерттеуге елеулі
үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева,
Ж.Наурызбай, М.К.Балтабаев, З.Әбілова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев, Ж.І.Асанов,
С.Т.Иманбаева, П.Оршыбеков, Е.Сағындықов, Қ.Ж.Қожахметова, І.Халитова,
С.Ғаббасов, Қ.Болатбаев, М.Құрсабаев, М.Оразаев, Р.К.Төлеубекова т.б.
Дегенмен, жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми еңбектерімен таныса
келе, біз зерттеп отырған мәселе жеке-жеке зерттелгенмен адамгершілік-
эстетикалық тәрбиені сабақтастырып қарастырылуы әлде де жеткіліксіз деп
есептеп, жоғары оқу орындарындағы студенттерге қазақ ұлттық құндылықтары
негізінде адамгершілік-эстетикалық тұрғыда білім беріп, оларды жалпы білім
беретін орта мектепте бұл бағытта жұмыс істеуге дайындауды көздедік.
Адамгершілік мұраттың эстетикалық тұрғыдан бейнеленуі адам
тіршілігінің саналалығын айқындауға мүмкіндік беретін бұлтартпас
белгілерінің бірі – оның болмысқа деген эстетикалық қарым – қатынасы. Адам
бойындағы табиғи сезімдердің баршасы осы қарым-қатынас барысында туындайтын
алуан ықпалдарға байланысты көрініп, түрлі рең алатыны, әдебиет пен өнер
шығармасында соған сәйкес өзіндік көрінісін табатыны мәлім. Рухани
кемелдену осынау процестің қаншалықты жүйелі, жемісті жүргізілуіне, саяси,
тарихи, қоғамдық-әлеуметтік факторлардың сол процеске қаншалықты қолайлы
жағдай жасалуына тәуелді. Міне, осы ретте рухани кемелденуге бастайтын
рухани қажеттілікті – адамгершілік мұрат мәселесі еш уақытта күн тәртібінен
түсіруге болмайтын мәңгілік көкейкесті проблемалардың бірі.  Сонымен бірге,
жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие тәжірибесін бақылау барысында жастарға
адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру мәселесі этнопедагогикалық тұрғыдан
жеткілікті зерделенгенімен, бүгінгі күнде болашақ ұрпақтың эстетикалық
талғамын, адамгершілік қасиеттерін, халық педагогикасының тағылымдарын
пайдаланып, жастардың адами-көркемдік тәрбиесін қалыптастыру қажеттілігі
арасында белгілі бір дәрежеде кейбір қайшылықтар туып отыр. Сондықтан қазақ
этнопедагогикасы негізінде болашақ ұрпақты адамгершілік-эстетикалық тұрғыда
тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындауға себеп болды. Аталған
қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын Қазақ этнопедагогикасындағы
адамгершілік-эстетикалық тәрбиесі деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: халық педагогикасының материалдары негізінде
студенттердің адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың теориялық
және әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу пәні: халық педагогикасы тағылымдары негізінде студенттердің
адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан талдау; оқу-тәрбие үдерісінде этнопедагогика
материалдарын пайдаланудың әдістемелеріне сипаттама, жоғары оқу орындарының
оқу-тәрбие жұмыстарын бақылау, алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелерді
жинақтау, қорыту; сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент жүргізу,
оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық статистикалық жағынан
өңдеу.
Зерттеудің болжамы: егер жоғары оқу орнында тәрбие үдерісін ұлттық
тұрғыда ғылыми негізделген бағытта ұйымдастырса, онда студенттердің
адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін дамыту мүмкіндіктері туындайды.
Зерттеу міндеттері:
• қазақ халық педагогикасының тағылымдары арқылы студенттердің
адамгершілік-эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық
негіздерін айқындау;
• қазақ ғұламалары мен ағартушылар мұраларындағы адамгершілік-
эстетикалық идеяларды болашақ жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие
үдерісінде пайдаланудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін
тәжірибе жүзінде айқындау;
• студенттердің адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруды
жетілдіру мақсатында арнайы курс бағдарламасын жасау, оның
тиімділігін тәжірибеде айқындап нұсқау беру.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының ресми материалдары
(Заңдар, Конституция), Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің нормативті құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар),
зерттеу проблемасы бойынша философиялық еңбектер, этнопедагогика және
этнопсихология ғылымдарының жетістіктері, оқушылардың адамгершілік-
эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын іс
жүзінде пайдалану жайындағы мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2008-2009 ж.ж.) зерттеу мәселесі бойынша
философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогика және
этнопсихолгиялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; жеке
тұлғаның адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың жағдайы
анықталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды.
Екінші кезеңде (2009-2010 ж.ж.) зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған
материалдарды талдау жалғастырылды; студенттердің адамгершілік-эстетикалық
тәрбиесін қалыптастырудың қазіргі жағдайы айқындалды. Зерттеу тақырыбы
бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді, оның нәтижесінде
студенттердің адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін қалыптастырудың тиімді
әдіс-тәсілдері айқындалды. Жинақталған материалдар мен тәжірибелік-
эксперимент жұмысының нәтижелері сараланып, магистрлік диссертация түрінде
рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
• қазақ этнопедагогикасындағы адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің
теориялық негіздері тәжірибелік-эксперимент жасау барысында
дәлелденді;
• оқу үдерісі мен аудиториядан тыс жұмыстарға қазақ
этнопедагогикасының материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары
айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:
• халық педагогикасының материалдары оқу-тәрбие үдерісінде
пайдаланылады;
• зерттеу материалдарын педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру
институтында пайдалануға болады;
• арнайы курс ұсынылды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру.
Зерттеу нәтижелері бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды (Қызылорда
мемлекеттік университетінің Хабаршы журналы №28-29, 2010 ж).
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты,
нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдiснамалық және теориялық
негiздерi, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен
теориялық маңыздылығы, практикалық мәнділігі және зерттеу нәтижелерінің
дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.
Қазақтың этнопедагогикасындағы адамгершілік-эстетикалық тәрбие
берудің ғылыми-теориялық негіздері атты бірінші тарауда қазақ
этнопедагогикасындағы қазақтың ғұлама ойшылдары және ағартушылары
шығармаларындағы адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру мәселесінің зерттелу
жай-күйіне талдау жасалып, студенттерге адамгершілік-эстетикалық тәрбие
берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері анықталады
Этнопедагогика арқылы болашақ мұғалімдердің адамгершілік-эстетикалық
қасиеттерін қалыптастыру атты екінші тарауда студенттерге адамгершілік-
эстетикалық тәрбие беру бойынша жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде
жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелеріне
талдау жасалынады.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне
негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан негізделді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ халқы, түрлі қоғамдық сатыларды басынан өткере отырып, өзіне тән
адамгершілік-эстетикалық мәдениетінің алтын қорын жасап келеді. Ол
құндылықтар: ауыз әдебиетінің сан алуан жанрлары мазмұнында, ақын-жыраулар
толғаулары мен ғұламалардың қанатты сөздерінде, теңдесі жоқ тарихи-
сәулеттік ескерткіштерінде, Қорқыт ата қобызынан бастап халықтың мұң-
мұқтажы мен көңіл-күйін домбыра үнімен күмбірлеткен күйлері мен ұлт
табиғатымен біте қайнасқан ән-жырларында, жүн мен теріні, ағаш пен мүйізді,
алтынды аптап, күмісті қаптап жасаған қолөнер туындыларында, табиғат
сұлулығын танып білудің сапалы жемісі саналатын, біздерге мәңгілік мирас
болып қалған айшықты ою-өрнек өнерінде сақталған. Міне, осы бай
құндылықтар, қазақтың ұрпақ тәрбиесінде пайдаланып келген тәлім-тәрбие
құралдары, асыл арналары саналады.
Қасиетті ата-бабаларымыз өз бойындағы барлық асыл қасиеттерін
ұрпақтарының сана-сезіміне сіңіруді басты мақсат ете отырып, ұрпағының
ақылды, адамгершілігі мол, мейірімді, сыпайы мінезді қалыптасуымен бірге,
оның бойынан сымбаттылықты, сұлулықты, өнерге деген бейімділік пен
шеберлікті көруді арман еткен және сол қасиеттерге баулудың жолдарын,
құралдарын, әдістерін жасап отырған. Осылардан халқымыздың арманы мен талап-
тілегін көреміз.
Қазақ халқының адамгершілік-эстетикалық тәрбиесінің басқа халықтарға
ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-
балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп,
толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер
дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас
мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.
Халық педагогикасында ең негізгі қағида адамнан, адамның өмірінен
артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты
ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай
құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. Адам деген ардақты ат, Адам
болып туған соң, адам болып өлу ләзім, Атаның баласы болма, адамның
баласы бол, т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық
екенін дәлелдейді.
ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі
өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын
күрделі мәселелері жеткілікті. Ғаламдану өріс алған қазіргі заманның тәрбие
жүйесіне ұлттық тәрбиені дарыту одан да өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан
алғанда, қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен тәрбие
тәжірибесінің ауқымды бір саласы - ата-бабадан мирас болып қалған ұлттық
құндылықтарымыз.
Қазақ этнопедагогикасының алтын діңгегін адамгершілік тәрбиесі
құрайды. Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына байланысты
гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі
ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кең пейілділік, басқалардың
мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ
кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік
ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа
айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде
неғұрлым кең мағынада да қолданылады.
Жалпы түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық
ой-пікірлер, оның шініде адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру жайлы құнды
ой-тұжырымдардың дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың
алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата
тағылымдары, т.б.) болып табылады. Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі
болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан
(Күлтегін, Білге қаған т.б.) басталады. Одан кейінгі қолжазба, баспа арқылы
бізге жетіп, оқу-жазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік
ойлар тарихы өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) дамып
ғылым болып қалыптасқанын көрсетеді.
Орхон-Енисей ескерткіштерінен кейін түркі тектес халықтардың алғашқы
педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы Қорқыт есімімен байланысты. Қорқыт ата
кітабында ел басына қиын-қыстау күн туғанда халқын жаудан қорғап, қамал
бұзған қас батырлардың ерлігі, халқына ақыл-өсиет айтып, өз заманында елге
ұйтқы болған ақылгөй даналардың, дуалы ауыз шешендердің өнегесі жырланады.
Сонымен бірге аталмыш шығармада тәлім-тәрбиелік мәні зор афоризмдер,
қанатты сөздер мен ұстаздық тағылымдар жиі кездеседі. Мұның өзі баба
кітабының тарихи-этнографиялық шығарма ғана емес, сол дәуірдегі түркі
тектес халықтардың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін
айқындайтын педагогикалық туынды екендігін білдіреді.
Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын
жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында
Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама
ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-
Фарабидің алатын орны ерекше. Әл-Фараби алғашқы педагогикалық ой-
пікірлердің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре білді. Халық даналығы
туғызған данышпандық ой-пікірлерге, шығыс мәдениетінің озық үлгілеріне ден
қоя отырып, өзінің төл педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Адамгершілік,
ізгілік қасиеттер әл-Фарабидің педагогикалық идеясының негізгі өзегі
болған, ғұлама білім берудің ізгілендіру принципіне негізделуі қажет
екендігін өз уақытында ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлерімен айқындап
кеткен. Міне, бүгінгі таңда әл-Фарабидің көрегендігі мен ғұламалығы
дәлелденіп, мыңдаған жылдар өтсе де, жаңа білім беру парадигмасы ретінде
ізгілендіру танылып отыр.
Педагогикалық ойлардың тарихында әл-Фарабидің эстетикалық ой-
пікірлердің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Оның шығармаларының ішінде
Музыканың үлкен кітабын ерекше атап өтуге болады. Қазіргі педагогика
ғылымында білім беру мазмұнының әрбір түріне тән меңгерудің белгілі бір
тәсілі бар екендігі анықталған. әл-Фараби Музыканың үлкен кітабы
еңбегінде музыкалық білім беру мазмұнын меңгерудің тәсілдері мен
деңгейлерін анықтап береді.
Жалпы педагогиканың бір саласы болып табылатын тәрбие теориясының
әдіснамасын әл-Фарабидің тәрбиенің заңдылықтарын, принциптерін, мақсатын,
мазмұнын, әдістерін, құралдарын, нәтижесін тұжырымдамалық тұрғыдан
негіздейтін жетекші педагогикалық ой-пікірлері айқындайды.
XI ғасырда өмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің
Құтты білік еңбегінің негізгі идеясы педагогиканың ең маңызды мәселесі
тәрбиеге негізделіп, оның мазмұнында педагогиканың жалпы негіздері,
дидактика және тәрбие теориясының негізгі мәселелерімен қатар, жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене,
құқықтық, т.б. тәрбие мазмұны қарастырылады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алып қарасақ, Құтты білік
дастанының бүгінгі адамзат қоғамы үшін құндылығы мынада болып табылады: 1)
Құтты білік - халықтың құты, ырысы болған ілім; 2) әрбір адамға бақыт
сыйлайтын, құт әкелетін білім; 3) ғасырлар бойында көзі ашық, көкірегі ояу
кемел ұрпақтың бойына адамдық, азаматтық қасиеттерін, адалдық дәстүрлерін
сіңіріп, жан-дүниесіне рухани күш дарытатын тәрбие тұжырымдамасы. Ғұламаның
Кітап атын Құтадғу білік қойдым – Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың
деген ой-пікірі дастанның әрбір адам үшін құндылығын аша түседі.
Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан
ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридің Түрік сөздігі еңбегін оқып-үйрену
және теориялық тұрғыдан талдау бұл тек сөздік, немесе тілтану мәселелерін
ғана қарастырған еңбек еместігін, онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі
бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы
негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның адамгершілік тәлім-тәрбиелік
идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім
берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған. Сондықтан оның педагогикалық
тұжырымдамасының негізгі өзегі - орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі -
ұлылыққа ұмтылған, білімділікті іздеген, даналықты таңдаған,
біліктіге серік болған, бабалардың әдеп-ақлақты насихатын ұстанған ірі
тұлға. Зерттеу барысында қазіргі педагогика ғылымындағы тәрбие мазмұнының
М.Қашқари ілімінде тұжырымдалуы ашып көрсетіліп, теориялық тұрғыдан
негізделді.
Данышпан, кемеңгер ақын ағартушы Ахмет Йассауи жазған Диуани Хикмет
(Даналық кітабы) кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі
көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған. Қожа Ахмет өзінің
атақты Даналық кітабы аталатын циклді өлеңдерін жазған.
Диуани Хикмет бастан-аяқ үлгі-өнеге, ақыл-насихат түрінде келеді.
Жақсылық пен жамандық, әділетсіздік пен адалдық, мейірімділік пен қаталдық,
ізгілік пен жауыздық, ерлік пен ездік, сараңдық пен жомарттық, дастық пен
кәрілік тәрізді жауабы күрделі мәселелердің кең жырланып, байыппен
сипатталуына осы Диуани хикметтің әсер-ықпалы ерекше болды.
Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет
Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының
бүгін де жастарды имандылыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеуде және
рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.
Қазақтың біртума ғұлама ғалымы М.Х.Дулати педагогика ғылымының
дамуына, оның ішінде адамгершілік, ізгілік қаситтерді дәріптеу, әсемдікке
баулу жайлы іргелі тұжырымдар қалдырған. Оның Тарих-и Рашиди атты әлемге
әйгілі еңбегі – XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше
ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек.
Қазақ халқының данышпан ғалымы, белгілі би Қадырғали Қосымұлы Жалайыри
еңбектеріне де тоқталып өткен жөн. Ол 1600 жылы өзінің Жами ат-тауарих
(Жылнамалар жинағы деп те аталады) атты шежіре кітабын жазуға кірісіп,
оны 1602 жылы аяқтаған
Қазақ дүниетанымында ақын-жыраулар поэзиясының, оның идеологиялық
мәнінің орны ерекше.
 ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан
ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын
аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары,
мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті,
тәрбие тағылымы өзекті орын алады.
Ақын-жыраулардың шығармашылығын талдау олардың өз заманы үшін белгілі
бір деңгейде рухани көсем ролін атқарғаны, өз руластарының моралдық
бағдарына жауап бергені көрінеді.
Жыраулар поэзиясы әрекет еткен кеңістік өзінің барлық тәжірибесін сөз
арқылы бейнелеуге тырысатын көшпенділердің эстетикалық ойлауының ерекше
типіне негізделді. Негізінен жыраулар қалыптасқан этникалық қауымдастықты
(қазақтардың) біріктіру идеясын қалыптастыру функциясын атқарды. Сонымен
қатар жыраулар поэзиясының этикалық және эстетикалық құндылықтар мен
символдар қалыптастырудағы ролі ерекше болды. Жыраулар өз шығармаларына рух
аристократизмі мен даңқты өзек етті. Оның символдары ретінде бостандық,
еркіндік, адамгершілік, батырлық, сөзге беріктік алынады.
 Ақын-жыраулар шығармаларын бірнеше аспектіде қарастыруға болады.
Өйткені жыраулар поэзиясының ауқымы дәстүрлі поэзия ауқымына қарағанда
кеңірек болып келеді. Мәдени-философиялық аспектіде қазақ мәдениетіндегі
гуманистік принциптердің қалыптасу мәселесінің жыраулар шығармашылығындағы
көрінісі қарастырылады. Бұл жерде сонымен қатар мәдениеттегі даралық
мәселесіне, оның ішінде мәдениеттің рухани дәстүрлеріндегі даралықтың және
даралық сананың көрінісі мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жыраулар поэзиясының әлеуметтік-тарихи аспектіде қарастырылуы адам
даралығының қалыптасуының әлеуметтік тұжырымдарын қарастырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақ этнопедагогикасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі туралы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Халық педагогикасындағы ақыл - ой тәрбиесі
Пәндер