Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алтыншы лекция. Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың
мақсаты мен міндеттері.
Жоспары:
1.Халық педагогикасының ақыл ой тәрбиесі
2.Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі
3. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі
4. Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиесі
5. Халық педагогикасындағы имандылық тәрбиесі

Мақсаты: Қазақ этнопедагогикасының тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен
міндеттерінің мәнін ашып көрсету, талдау.

1.Халық педагогикасының ақыл ой тәрбиесі

Тәрбиенің негізгі қағидаларының болуы заңды құбылыс. Сондықтан халық
педагогикасының негізгі қағидаларына мыналар жатады.
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын
тілеу.
Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке
зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Отбасы үлкендердің бәрі
жаңа туған жас баланы отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды.
Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға
баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. Ақылын, жасын
берсін деп, жаңа туған баланы қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы
өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығару
ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың
балаларға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт,
аңсау араманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.
Ол бесік жырларымен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден
өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру, отбасындағы
еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық, маңызды істерімен
ұштасқан. Ұл баланы қозы лақ, қайыруға, отын әкелуге, мал өнімдерінен
тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар жасай білуге, киіз үйдің ағашын істеу,
ұсташылық жасау, зергерлік өнерге үйрету ал, қыз балаларды ыдыс-аяқ жууға,
үй ішін таза ұстау, шай қою, төсек жинауға, кесте тігуге, өрмек тоқуға, ас
пісіруге бала күте білуге үйреткен.
3. Халық педагогикасында бірінші байлық-денсаулық деген өрнекті сөз
орын алған. Дені саудың жаны сау, Ас адамның арқауы, Ауру астан деп
рухани материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына
байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды суға шомылдыру,
маймен сылау, дене күтімінен ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы
ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән сұлулығы жасалған әрекет.
4. Халық педагогикасында баланы адамгершілік қасиеттерді баланың
бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу,ар ожданды
қастерлеу басты қағида болып есептелген. Жаным- арымның садақасы деп,
арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.
5. Гуманизммен патриотизм – халықтық тәрбиенің басты қағидаларының
бірі. Отан от басынан басталады деп ұққан ата-бабаларымыз отбасның,
ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, қарт ауруларға,
кемтарларға, көмектесуді, басқада ұлт өкілдерін силауды отбасы тәрбиесінің
өзекті принципі деп бағалаған. Атаның баласы болма, адамның баласы бол,
Жақсы-көпке ортақ, Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды деген
өсиет тәрбиеден өзекті орын алған.
6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру
қажет. Халық педагогикасында Шынықсаң шымыр боласың деп ой қорытқан ата-
бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету ( аударыс, күрес, теңге алу, қыз
қуу) арқылы дене тәрбиесіне баса көңіл бөлген.
7. Тіршіліктің тұтқасы өмірдің шамшырағы өнекр мен ғылым деп түсінген
халқымыз жастарға Өнерді өлмейді, Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан
мыңды жығады, Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра дегенді насихаттап,
ертегі, өлең жырлар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер ұсынған.
8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз
өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғат ортаны аялауға
тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жырлар, ертегі, аңыздар
шығарған. Ал бұл қағидалар, сайып келгенде, сегіз қырлы, бір сырлы,
мінезі майда, ары таза, тәні сау, өнегелі-өнерлі, жан-жақты жетілген толық
адам тәрбиелеуді көздеуден туған (3 кесте) Сегіз қырлы, бір сырлы азамат
тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап.
Мысалы, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билікте-әділ, еңбекте шебер,
өмірде бірлікшіл, сөзде-шешен, атыста мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал
деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, ізгі жүректі адамды иманжүзді, құдайы бар азамат
десе, қазақта сегіз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр,
өнерлі, өнегелі, шыншыл, әділ, адал болу дегенді білдіреді.
Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бар халықтың талап, тілегінің
ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.
Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми
педагогикамен байланысы қандай дегенге келсек.
1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере
отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай
қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, онбес жастан асқан соң ақылшы
досыңдай бағала деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп
үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл
ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке ерекшеліктерін
ескере отырып жүргізуді де ескертеді. Баланы туады екенсің, мінезді
тумайды екенсің, Бір биеден алада туады, құла да туады, Балаңа үміт
арту-әкенің парызы, ақтау-баланың қарызы деп ой түйіндеген.
3.Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың,
отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. өскен
ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская,
А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты
ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидарларымен үндесіп
жатыр.

Халық педагогикасының Сегіз қырлы, бір сырлы, Толық адам тәрбиелеу
қағидалары

№1.Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастырған.
12.Еңбек сүйгіш елгезек етіп тәрбиелеу.
23.Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу.
34. Адамгершілік қасиеттерге ізгілікке, имандылыққа,
қайырымдылыққа, адалдылыққа, т.б. тәрбиелеу
4 5. Отансүйгіштікке ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге
тәрбиелеу.
56. Жігітке жетпіс өнер аз, Өнер өрге сүйрейді деп қарап, өнер
мен білімді насихаттау.
67.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
78. Денені шынықтыруға тәрбиелеу.


4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя
білуге, оны жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген
қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған.
Ата балаға сыншы, Баланың балалығына әкенің даналығы бар, Ақырып
айтқаннан ақылмен айтқан артық деген мәтелдер ос ойды құптап тұрғандай.
Яғни тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды
санаған.
5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгінгі
педагогиканың ең көкейкесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі
асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабаларымыз Армансыз ұлан-
қанатсыз қыран, Арманы жоқтың пәрмені жоқ, деп келешекті қиялдай білетін
арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі- тәрбиенің
біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап, сегіз қырлы, бір
сырлы, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа
пайдаланған. Кез келген тәрбие құраманда таңдау жасасақ, тәрбиенің түрлері
( еңбек, ақыл-ой, адамгершілік т. б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік
жырынан, бата тілектері мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін
кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие ісін туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық
педагогикасы да, ғылыми педагогика да қуаттайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер
иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. (№4Кесте)
Халықтық педагогикада Көп талқысы-тез, Көп қорқытады, терең батырады,
Көпке қарсылық-құдайға қарсылық деп ұжымдық тәрбиені құптаған.

Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндестігі

1 Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу
2 Баланың жеке бас мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып
тәрбиелеу
3 Тәрбиенің өскен ортаның отбасы, ауыл-аймақ үлгісіне негізделу
4 Балаға жылы жүректі сезіммен қарау, ынтымақтастық идеяны сақтау
5 Баланы дамыта үйретіп тәрбиелеу, қиялдай, армандай білуге баулу.
6 Тәрбиенің біртұтастығын сақтау, тәрбие ісін кешенді түрде жүргізу.
7 Тәрбие ісінің үздіксіз жүргізілуін сақтау
8 Тәрбие ісін ұжымдық түрді жүргізуге негіздеу.

Ал ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ,
халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының
қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек нысаны ғана емес,
сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің
дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып
табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та,
ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми терминдеріне мыналар жатады:
Шәкірт, мұғалім, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта
тәрбиелеу, үлгі өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, оқыту, әдеттендіру,
жаттықтыру, жадында сақтау.
Тәрбиенің түрлеріне: дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақыл-ой
тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, әсемдік тәрбие, табиғатты аялауға
тәрбиелеу, ерлікке тәрбиелеу, ұлттжандылыққа тәрбиелеу, ұл қыз тәрбиесі
т.б.
Халық педагогикасының негізгі қағидаларымен ерекшеліктерін ескере
отырып, қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ мынандай
схема шығады:
1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері:
сегіз қырлы, бір сырлы, жан-жақты жетілген азаматты тәрбиелеу.
2. Мазмұны:
ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене,
денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
3. Әдістер:
әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, көрсету,
үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту,
жалбарыну, қарғау, сөгу, кіналау, айыптау, жазалау т.б.
4. Түрлері: ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын сауықтар.
5. Құралдары: санамақ, жаңылтпаш, өлең-жырлар, тақпақ, ертегі-аңыздар,
мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыстар, жол-жоралар, шешендік сөздер, салттар,
ырымдар, ұлттық ойындар, әңгіме, кештер, сабақтар мен үйірмелер.
6. Нәтижесі: сегіз қырлы-бір сырлы, жаны таза, тәні сау адам.
7. Тәрбиеге себепші күштер: табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр,
өнеркәсіптердін, ана-тілі, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы : отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп,
медресе.
9. Тәрбие нысаны: Бала.
10. Халық тәрбиешілері: Әке шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл
үлкендері, өнер иелері.

Әрбір ұлттың салт-дәстүрлеріндегі ұқсастық белгілері

а) Үйлену және үй болумен байланысты салт-дәстүрлер үндестігі.
Отбасы- қоғамның бір бөлшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін түтету
ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамдық құбылыс. Қалыңдық
таңдау, құда түсу, үйлену мен байланысты салт –дәстүрлер барлық халықтарда
бар және мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас рәсімдер.
Қазақта бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші
байлық он саулық деген аталы сөзі бар. Оның мәнісі денің сау болсын,
өзіңе тең жар тапта, балалы-шағалы бол. Үй болу үшін мал тап, отбасыңды
асырап-сақтарлық дәулетің болсын деген тілекті білдіру. Осындай пікір
көрші тәжік халқында басқаша берілген. Мәселен, тәжіктерде нек қию
аяқталған кезде жіпке тізген дәндерді ортадағы ыдысқа салады. Бұл осы үйде
бала көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Халық педагогикасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Пәндер