Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы.
Лекцияның жоспары:
1. Ш.Уалиханов – қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы.
2. Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
3. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.
I. Ш.Уалиханов – қазаң халқының салт-дәстүрлері туралы.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардан
бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым
ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық
тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зерттеу
еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс,
батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының Э.С.Вульфсон, П.С.Баллас,
А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, т.б.
жазбалары десек, екінші —XX ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі
ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатұлы,
Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б.болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының
ғылым ретінде туып қалыптасу кезеңі деп қараймыз.
Үшінші кезеңі – 35 - 40 жылдық үрдістен кейін 1970-1995 жж қазақ
этнопедагогикасының қайта жанданып даму дәуірі деп аламыз.
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы XIX ғасырдың екінші жартысында
өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары: Ш.Уалиханов,
Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланыста
болғандықтан қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық
мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуымыз қажет демекпіз.
Ш.Уалиханов - қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін жан-жақты зерттеп,
ұлттық ағарту ісінің негіздеріне ғылыми еңбектерімен үлес қосқан дарынды
ғалым, Әль-Фараби, Ж.Баласағұннан соң жеті ғасырдан кейінгі қазақтың XIX
ғасырдың тұңғыш ғалымы. Шығыстану ғылымына елеулі үлес қосқаны үшін Шоқан
22 жасында орыс География қоғамының толық мүшесі болды.
Данышпан ғалым қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары
бағалады да, сондай қабілеті бар халыққа сауаттылық пен ғылым үйренудің
қажет екенін дәлелдеп берді.
"Халықтың мұңы мен сырын, арманын жалғайтын жыраулардың жырлары-
өнегелік бірден-бір құнды құбылыс", дейді Шоқан. Сөйтіп ол жыршылардың
ерекшеліктерін айқындайды.
"Тәңір" туралы тәлімдік еңбегінде Шоқан атты құдірет деп тану, отқа май
құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға
қарап тілек айту, малдың сүйегін баспау, малдың сүтін төкпеу, т.б. сол
сияқты имандық дінге байланысты халықтың салт-санасына айналған ырымдар мен
тыйымдардың зор тәрбиелік мәні бар екенін дәлелдеп, ол тәрбиелік
мақсаттардың орындалғанын өмірден көріп, оның жақсы жақтарын қуаттай сөз
етеді де, ұлттық тәрбиенің өзекті мәселесі етіп көрсетеді.
Ол Шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын, діни наным-сенімдерін, фольклорлық шығармалардың шығу тарихы мен
өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге арнап "Сібір қарамағындағы Қазақтардың сот
реформасы туралы запискасы", "Жоңғария очерктері", "Қырғыздың манас жыры
туралы", "Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдығы" т.б. деген еңбектерін
жазды.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде
қастерлейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп танып,
қатты қастерлейтініне сүйене қарап ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір
қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз
малының "сілекейін сүртіп алып қалуы" малды сүю ғана емес, оны киелі деп
есептеп мал күту шаруашылығына келешек ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп
көрсетеді.
Сондай-ақ, "аққуды атпа", "үкіні үркітпе", "көк қарғаның ұясын бұзба",
"құстың жұмыртқасын жарма" деген тыйымдардың зор экологиялық-патриоттық
тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі-өнеге тұтады.
Дарынды ғалым қазақ даласындағы тәлім-тәрбиенің басты құралы -жыр
өлең, терме, тақпақ, т.б. деп, жырдың түрлеріне талдау жасап, жоқтау,
қайым өлең, қара өлең, терме, эпостық жанрлары, ғашықтық жырлар олардың
дүниетанымдық тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Шоқан баланы ерте үйлендіру,
оны оқытпау-үлкен қателік деп, қазақ халқының отбасылық тәрбиесіндегі
келеңсіз жағдайларды қатты сынады. Қазақ халқының ғарыштық ұғымдарын Шоқан
дүниетанымдық үрдістер деп бағалады, "жұлдызды адам", "темірқазық", "жеті
қарақшы", "үркер", "шолпан", "құс жолы", "ай" туралы халықтық ұғымдардың
астрономиялық мәні зор екенін айта келіп, халық мектебінің дүниетанымдық
мәнін ашып көрсетті. Шешен, өнерпаз, меймандос, ырым-тыйымы мол халыққа
білім беретін мектептер, академиялар керек екенін армандаған Шоқан өз
ұсынысымен Қостанайда бірнеше мектептің ашылуына себепші болды.
Шоқанның "Алты шаһардың шежіресі", "Қазақтың көші қоны", "Даладағы
мұсылмандық", "Шаман дінінің сарқыншақтары", т.б. ғылыми еңбектері-қазақ
халқының мәдениет тарихын айқындап, ағарту және ұлттық тәлім-тәрбие ісіне
себебін тигізетін бағалы еңбектер болды.
Ұлы ғалымның данышпандық ой-мақсаттары-қазақ халқының ұлттық
педагогикасына бір арна болып қосылған асыл мұра болып табылады.
Ұлтжанды Шоқан өз құлағымен Орынбай, Жанар, Шөже, Нысанбай сияқты айтыс
ақындарының жырларын тыңдап, Біржан, Ақан, Үкім Ыбырай т.б. әнші ақындардың
жырлары мен әндерін бағалап, Тәттімбет, Тоқа, Қанқожа т.б. күйшілердің
күйін тыңдап, қазақтың ақындық, өнерпаздық ерекшеліктерін жоғары бағалады.
Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық дарынын ол ұлттық мәдениетіміздің негізі
деп түсінді.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен діни наным-сенімдерін зерттеу
еңбектерінің құндылығы мынада:
Біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түседі. Ол ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ.
арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек
жазып, пікір айтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейндорф,
А.Левшин, Д.Банзаров т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып,
салыстыра отырып, тарихи шындықтың бетін ашуға тырысқан.
Екінші, Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, түркімен,
қарақалпақ, маңғол, қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып,
олардың бір-біріне тигізетін игі әсерің жан-жақты сөз еткен қай халықтың
болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық
кәсібі мен мәдени тұрмыс тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер
әсерінің сөзсіз болатынын мұқият ескерген.
Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларға сын көзімен қарап бағалаған,
салт-дәстүрлердің озық үлгілерін тозығынан бөліп қараған.
Төртіншіден, Шоқан салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың
тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, оны халыққа оқу-білім беру ісімен
байланыстыра зерттеген.
Қорыта айтқанда, Шоқан халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарындағы озық үлгілерді мәдени мұра етуді мақсат тұтып, надандыққа
қарсы күрес жүргізді. "Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген" қазақ
ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз
әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлтының ұлы қасиеттерін дамыта
беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.
П.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
Қазақ халқының Әль-Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар
едебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын, жазушы Ы.Алтынсарин 1850-1857
жылдарында Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де,
қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп,
оны қазақ халқы үшін пайдаланды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып,
қалыптастыруды арнап кетті. Ол үшін ұстаз кирилица нұсқасын алып, оған
қазақ дыбыстардың әріптерін белгілеп қосуды ойлады. Сөйтіп, алғашқы
хрестоматиясы "Қазақ хрестоматиясы" — "Киргизская хрестоматия", 1979
шығарды. Өйткені мың жылдан астам қазақ жазуында қолданылып келе жатқан
араб әліппесі Қазақтың ұлттық формасына сәйкес ендірілмеді. Бұл жайды
белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынов та кейіннен кеңінен зерттеп, төте оқу
әліппесін түзген болатын. Қазақ мектептерінде 1940 жылдан қолданыла
бастаған қазіргі әліппе арқылы қазақтың ұлттық жазуы жамып, қалыптасты.
Ұстаз ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін
жалғастыратын балалар әдебиетінің негізін қалады. Жаңаша мектептер ашып,
жаңаша білім беру жүйесін құруға көп еңбек сіңірді.
"Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" 1879 деген
еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.
Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп,
оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу-дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол
үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқуда
жеке сөздерді оқи білуте, өз мәнерімен айтуға үйрету, әрбір сөздің
мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік мағынасын терең
түсіндіру, яғни әрбір ұстаздың әдістемелік жаңаша нұсқалары еді.
Оқыту әдістемесінде Ыбырай Алтынсарин тіл дамыту ісіне көп көңіл бөліп,
тіл дамытуда ең әуелі сөзді дұрыс айта білуге үйретуді уағыздады. "Әрбір
оқушы айта білген сөзін жаза да білу керек" дейді ұстаз.
"Мұсылмандықтың тұтқасы" деген еңбегінде Ыбырай Алтынсарин діннің
тәрбиелік мәнін жоғары, "түсінбей жаттау-күнә" деп діни уағыздарды түсінбей
босқа жаттап алып, "молда" болу ел мәдениетіне, тәрбие ісіне жат екенін
ашына айтады.
Ол қазақ тарихында отқа табыну, пұтқа табыну, аллаға сыйыну бәрі де
тәрбие құралы болғанын, ал ұрпақты "сенім" деген құдіретті күшпен
қаруландыру үшін оның сенетін нәрсесіие көзін жеткізу керек екенін
дәлелдеді.
Ы.Алтынсариннің "Мұсылмандықтың тұтқасы" кітабын жазып шығаруына екі
түрлі жағдай себеп болды.
Біріншіден сол замандарда қазақ ауылдарында оқытылатын діни кітаптар
"Иманшарт", "Кәлем шариф", "Әптиек" араб тілінде жазылғандықтан, оның
мазмұнын не молда, не оқушы түсінбей, құрғақ жаттаумен болды.
Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүние молдалар дін-
шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін. Ыбырай
Ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық,
қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді
көздеді.
Екіншіден, XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында тараған әдеби
кітаптардың бәрі дерлік Қазан, Уфа қалаларында басылып шығарылғандықтан,
қазақ әдебиетінің үлгілеріне татар тілдерін араластырып, тіл шұбарлана
бастады. Ал, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты қазақтың ойшыл оқығандары ұлт
тілінің тазалығы үшін күресті.
Ы.Алтынсариннің "Мұсылмандықтың тұтқасы" атты еңбегінің құндылығы
мынада:
Біріншіден, мұсылман дінінің шариғат заңдарына ана тілінде түсінік
беруі.
Екіншіден, діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салуыңда.
Үшіншіден, шариғат заңын өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз
байланыстыра талдауында болып отыр.
Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады.
Адамның мінез-құлқының, жеке басының қалыптасуы тәрбиеге байланысты деп
қараған Ыбырай Алтынсарин өзінің осы пікірін "Бақша ағаштары" деген
әңгімесінде өте орынды келтірген.
"Бағып-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өсіп
ғибарат алғайсың, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате
істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, ол сен менің айтқанымды ұғып,
орнына келтірсең, жақсы түзу кісі болып өсесің, бағусыз бетімен кетсең, сен
де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсесің", - дейді.
Біз бұл әңгіме арқылы автордың педагогикалық көзқарасын айқын
аңғарамыз. Ыбырай "адам мінезін түзеп болмайды, сүйекке біткен мінез,
сүйекпен бірге кетеді" дейтін теріс көзқарасқа қарсы адамның жақсы, я жаман
болуы тәрбиеге өскен ортасының игі әсеріне байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Халық педагогикасы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Пәндер