Қазақ этнопедагогиқасының мақсаты, мазмұны, түрі, оқыту мен тәрбиелеу әдістері
Қазақ этнопедагогиқасының мақсаты, мазмұны, түрі, оқыту мен тәрбиелеу
әдістері
XVII ғасырдың бірінші жартысында қазақ этносы хандар мен билердің билік
үшін құрссі, оған халықтардың беріліп, соңынан еруі сияқты себептер
әсерінен, біртіндеп территориясын, тілін, дінін, тарихын, әдеті мен
дәстурін белгілеп, өз алдыңа ел болғанын бүкіл әлем мойындайды. Халықтардың
негізі этнос болғандықтан, оған түсінік берген орынды.
Этнос - гректің ctnos — таипа, халық деген сөзінен алынған. Бұл терминнің
тарихи түрі — тайна, ұлыс, ұлт ұғымдарын түгел қамтиды. Оның үстіне
халық сөзінің бір топ адам деген мағынасы бар екені белгілі. Осыған
орай этнос деген сөз орынды сияқты. Мұның мәнін Л.Гумилев зерттей келіп,
этнос — жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның
бірлігінде жатқан салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-
құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы деп анықтама берген.
Этностың пайда болуы тың жаңалықтардың ашылып, орасан көп мәліметтердің
жинақталуы ғылым саладарының кеңейіп, тармақталуына мүмкіндік берді. Осылай
табиғаттың (оның ішінде этностың) даму зандылықтарын зерттейтін
жаратылыстану ғылымының салалары (өсімдіктану, жануартану, тәнтану),
қоғамның дамуын айкындайтыи тарих, қоғамтану, саяси экономика, социология,
тарихи және диалектикалық материализм және ұлттық ерекшеліктерді зерттейтін
этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары жеке-жеке ғылым түрлері
болып бөлініп шыкты. Осылардың ішінде этнопедагогика - этностың мәдени,
әдеби, тарихи, этнологиялық және тәлім-тәрбие ісіндегі тәжірибелердің
кірігуі нәтижесінде тұлғаның ұлттық тұрпат қасиеттері мұғалімнің кәсіби
қызметін ұлттық негізде қалыптастыруға ыкпал ететін педагогика ғылымдарының
айрықша саласы. Өмірде халықтық педагогика, этнопедагогика деген
ұғымдар қатар пайдаланғанмен, олардың айырмасы бар, қазақ ұлтына тән салты
мен тұрмысына, тіршілік кәсібіне, сана-сезіміне, ұлттық мәдениеттің озық
үлгілеріне лайықты жан-жакты жетілген, үйлесімді азамат етіп тәрбиелеу
–этнопедагогиканың алдына койған мақсаты болып саналады. Этнопедагогика
арнайы ғылым саласы болғандыктан өзіне тән ұғымлары (категориялары) бар.
Оларға: этникалық тәрбие, этникалық оқыту, этникалық қауымдастық, этникалық
икемділік, ұлттық тұрпат. т.б. жатады. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзіндік
түсінігі бар. Мысалы, этникалық тәрбие — этностың тұлғаны қалыптастыруда
атқарылған істер, ол білім беруден тыс емес, сондықтан өмірде этникалық
тәлім- тәрбие деген сөзді жиі айтамыз. Этникалық білім — тұлғаның
айқындалуына ыкпалын тигізетін отбасында баға тәрбиелеу тәжірибесін, халык
ауыз әдебиетін, этнологиялық материалдар туралы түсініктер, теориялар,
заңдар мен тәжірибелерді біріктіретін ақпараттар жиынтығы. Этникалык
қаумдастық - тұлғалардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол ру, тайпа, этнос-
ұлт, ұлыс, халық, түрінде ерекше тарихи жағдайда құрылған адамдардың
бірлігі. Этникалық икемділік - этникатық тәрбие мен білім нәтижесінде
тұлғаның өмірге жарамдылығын таныту қасиеті. Ұлттық тұрпат — тұлғаның ұзақ
уақыт өмірсүрген қоғамдық-экономикалық, географиялық, мәдени ортасы мен
тарихи даму ерекшеліктерін санада, психикада қалдырған ізгі қасиеттері. Ол
тұлғаның ділі, зиялылығы, ұлтжандылығы, тәуелсіздігі, кішіпейілділігі
арқылы көрінеді, 1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау
кезінде Елбасы — біз құруға тиісті ен жоғары кұндылық — деп айтуы жай
болмайтын. Себебі тәуелсіздік әрбір тұлға үшін өзін-өзі басқаруын, біреуден
сескенбей іс-қимылды жасауын, бостандығын білдіреді.
Этнопедагогиканың мазмұны Орхон - Енисей жазбаларындағы ерлік істер
өнегесінен басталып, отбасында бала тәрбиелеу мәселесін, әдт — ғұрып пен
салт дәстүрге байланысты балаларға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене,
денсаулық, енбек, табиғатты аялау тәрбиесі, ерлік, ұлтжандылық тәрбиесі, ұл
мен қызды тәрбиелеу жолдарын, мінез - құлықты қалыптастырумен қатар,
қазіргі кезеңдегі халықтардың тәрбие ісіндегі жаңа ой - пікірлерді,
этнопедагогика материалдарын оқу - тәрбие ісінде пайдаланудың артықшылық
жақтарын қамтиды. Атанған этнопедагогикалық тәлім-тәрбие мазмұны оқу —
тәрбие ісінің мына түрлері: ойындар, тойлар, еибек мерекелері, ойын-
сауықтар, жарыстар арқылы шешіледі.
Жастарға этнопелагогикалық білім беру, икемділікпен дағдыға үйрету үшін
қазақ халкының іс-әрекетінен орын алған тақпақ, ертегі мен аңыздар, мақал-
мәтелдер, ырымдар мен жол-жоралар, жұмбақтар, айтыстар, әнгіме - кештер,
сабақтар, ұлттық ойындар сияқты құралдарды пайдапанып жеткен. Айталык,
батаны ойлауға, нәрсені тануға, киялдауға ұйрету үшін жұмбақтарды
пайдаланған. Мысалы, төменде көрсетілген:
Бір жануар көрдім аласа, Түрі басқа тамаша. Ешбір жанға қосылмай, Жүреді
өзі жиырылып, Тіктеп біреу қараса.
Ине мен біздей кірер еді Жөның тіктеп қадаса.
Жұмбақты балаға (оқушыға) айтқаннан кейіп, бұл сенің ойыңша қай жануарға
ұксайды деп (түсіндіру әдісі) белгілерін атап шығады (әнгімелесу әдісі),
мұғалім оқушыға жануарларды салыстыруғаижағдай жасап (талдау әдісі), оқушы
жануардың кірпі екенін шешеді. Болмаса, мақал-мәтел, нақыл, өсиет түріндегі
философиялық ойдың тұйін сөз мәйегі екенін балаға жеткізу үшін: Екпей егін
шыкпас, үйренбей білім жұкпас деген сөздің бірінші қатары пайымдау, екінші
қатары ой қыртыңдысы екеніне балалардың көзін жеткізеді (салыстыру, кеңесу,
сендіру әдістері). Демек, қазақ баласын мектепке бармай тұрып, оларды
тәрбиелеу арқылы оқытқан, яғни сөздің мазмұнын түсінуге, қимыл-көзғалысты
аңғаруға, жан-жағын көріп пайымдауға көңіл бөлген. Мұндай ұғымдарға жауап
берген балаға көңлі толып Бұл бала емес, дана той деп таңдалған, ал жауап
бермесе Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді деп реніш білдірген. Осылай
тәлім-тәрбие ісінде тақпак, өлең-жыр, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік сөздер,
ырымдар, жол-жоралар т.б. түсінік пен ұғымды терең менгеруде тәлім-тәрбие
құралы қызметін атқарса; келесу, сендіру, үйрету, өнеге көрсету, әңгімелесу
мадақтау т.б. этнопедагогиканың әдістері ретінде қолданды.
Қазақ этнопедагогикасы заман талабына сай тәрбиелеу мен оқыту ісінде
ұлттық мәдениеттің озық үлгілері мен қазіргі педагогика ғылымдарының
жетістіктерін пайдалана отырып, жүйелі оқытып келеді. Бұл істегі маңызды
нәрсе-болашақ мұғалімдерді кәсіби – педагогикалық әрекетіне лайыкты білім
беру. Себебі, қазір білім берудің мәні жоғары, яғни оқыта отырып тәрбие
беріледі. Қазақстан Еуропа кеңістігіндегі елдер қатарлы білім берудің 12
жылдық жаңа жүйесін қабылдамақшы. Онда жеке тұлғаның сапалы жоғары білім
алуға деген мүдделерін қанағаттандыруға ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан
халқымыздың тіршілігінде жинақталған тәлім-тәрбие жүйесінен осы күнгі
оқытудың дидактикалық заңдылықтары мен әдістемесіне сүйене отырып,
этнопедагогикалық білім беру біздің міндетіміз болып саналады.
Қазақ жырауларының: Асан қайғы, Қазтуған, Шәлкиіз т.б. педагогикалық
ойлары
Қазақтың ақын-жыраулары өз заманыңда халықтың мұн- мұқтажын, ой-өрісін,
салт-санасын, қайғы-қасіретін, қуа- ныш-сүйінішін бейнелей көрсетіп, келер
ұрпакты қажымай- талмай енбек етіп, жаудан елін, жерін қорғауға шақырды.
Мұндай ой-пікірдің бастауы дала филососфы Асан қайғы поэзиясынан орын
алған. Ол XV ғасырдың 20-жылдарында Алтын Орда мен Ақ Ордада ел басқарып,
кейін елдің бұзылуына байланысты Керей және Жәнібек хандардың сөзін сойлеп,
елді Шу және Талас өзендерінің аралығына қоныстандырып, алғашқы қазақ
мемлекетін құруға қатысқан жауынгер ақын. Асан қайғы адамды мүлкіне қарап
бөлмей, адамгерішілікке, бірлікке, бауырмашылдыққа қарай бөлінуін қуаттап,
адамның ойының мыктылығын, қай кез болса да ойдың тоғысатынын былай
жырлады: Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады, Таза мінсіз асыл сөз Ой
түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытсеа шығады, Ой түбінде сөз
Шер толқытса шағады — деп жырласа, қоршаған ортаның сан-килы
қозғалысы мен құбылысына таң қатыгі, оларды қорғау қажеттілігі туралы:
Құйрығы жоқ, жалы жок, құлан қайтіп кұп көрер, Аяғы жоқ, қолы жок,
жылан қайтіп күн көрер? Шырын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер.
Жалаңаяқ балапан, қаздар қайтып күн көрер!? -деп тебіреніп, оларға көмек
көрсету қажетгілігін көрсетеді. Асан қайғы бірынғай әділдікті жырлаушы ақын
ғана емес, ол заманында хандарға кеңес беріп, халқын тура жолға бағыттап
отырғандығын былай білдіреді:
Ойыл көздің жасы еді Ойылда кеңес қылмадың. Ойылдан елді көшірдің. Ерлер
жортып күн көрген. Еділ деген қиянға Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың
Кеңестің түбі нараду,-десе, хандардың алауыздығын, олардың қарапайым
халыққа тізесін батырып отырғанын өркөкіректігін бетіне басып:
Ай, хан, мен айтпасам білмейсін, Айтқаныма көнбейсің. Мастанып қызып
тергейсің, Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көзден көрмейсің. Қымыз ішіп
қызарып,
Өзіңнен басқа хан жоқтай Ереулеп неге сөйлейсін?! - деп айтқан. Ол
шын мәнінде халқына берілген ақын болатын, өйткені олардың малына жайлы,
ырысты, жері шүйгін қоныс жерұйыкты, Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын шат-шадымен аймақты желмаясына мініп алып іздестірген.
Бірақ ондай Жерұйықтытаба алмай, Ұлытаудың орта шеніне келгенде дүнние
салады. Аты анызға айналған Асан қайғы, өз заманында халықтың қамын ойлап,
елді бірлікке, адал еңбекке шақырған шыншыл - гуманистік көзқарастағы жырау
болатын. Оның есімі тек қазақ халқына ғана емес, сонымен бірге қырғыздарға,
қарақалпақтарға, ноғайларға кеңінен тарап, оның мәйекті сөздерін тәрбие
ісінде пайдаланып келеді.
XV ғасырдың 30 - жылдарында Астрахань облысының Красный Яр қаласының
маныңда көшпенді шонжарлар әулетінен шыкқан Қазтуған Сүйіншіұлы дүниеге
келген еді. Ол Еділ өзенінің салалары Актұнба, Бөзан бойын жайлаған түркі
тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болған. XV ғасырдың екінші
жартысында қарауындағы рулармен Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына
өткен. Қазтуған туралы деректер аз сақталған, Қазақ энциклопедиясында: Ол
жорық жыршысы, артына өмір, болмыс туралы, ата-мекен, туған ел және әскери
тұрмысқа қатынасты сан алуан жырдан мал мұра қалдырған. Бұлардың көбі
сақталмаған деп түсіндіреді. Расында бізге жеткен бес-алты өлеңінде халық
туралы терен ойланып, оның қамын жеген ақылгөй, қамқоршы көсем болғанын
білдіреді. Ол:
Айдаса койдың көсемі, Сойлесе қызыл тілдің шешені... Мұнар болған кұнді
ашқап, Мұсылман мен кәпірдің
Арасын өтіп бұзып діңді ашқан Сүйеніш ұлы Қазтуған!, - деп өзін ел —
жұртына таныстырады.
Қашанда халық өз қамын жеген ерлерді ұмытпай қастерлеп отырғаны тарихтан
белгілі. Сондай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz