Қазақ деген аттың шығу тегі туралы


«Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы
«Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы көптеген ғылыми деректер бар. Солардың көпшілігі ХІІІ-XIV ғасырлардағы араб-түркі ғалымдарының, әдебиетшілерінің, саяхатшыларының жазба мұралары болып есептеледі. Бұларда түркі халықтарының, әсіресе қыпшақтардың, ру-тайпаларға бөлінуі, олардың тіл ерекшелігі туралы мағлұмат береді. Ең алғаш «қазақ» деген сөз қыпшақ тілінде кездескенімен, этникалық терминді білдірмейді.
«Түркіше-арабша сөздікте» «қазақ»
жеке жүрген кісі
деген мағынада қолданылады. Қазақ сөзі араб тілінде
«сылай-салтаң, салт басты»
,
«жеке басты»
немесе
«оқшау жүрген адам»
деген мағынаны бідіру үшін жұмсалады. М. Т. Хаутсма баспасының 86-бетінде бұл сөз неміс тілінде
«кезбе», «қыдырымпаз», «көшпелі»
деген мағынада берілген. Демек, «қазақ» сөзі кең даланы кезіп, еркін өмір сүрген кісіге қолданылады. Қазақтың этногенезін зерттеп жүрген тарихшылар да бұл пікірді жақтайды. А. Вамберидің, В. В. Бартольдтың, А. Левшиннің, Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінде «қазақ» деген этникалық атау
«қонысын аударған отырықшы»
,
«шала отырықшы ұлыстар (тайпалар) »
деген мағынада аталатынын сөз етеді.
Көптеген тарихи және лингвистикалық еңбектерде қазақ атауы қырғыздың синонимі сияқты болып қолданылады. Қазақтың қырғыз болып аталуы жөнінде П. А. Фалеев былай деп жазды:
«Түсінбеушіліктен қазақты қырғыз деп алдымен орыстар, соңынан еуропалықтар атады. Бұл жаңсақтық Сібірді орыстар жаулап алған кезде болды. Ол кезде орыстардың қазақтар жөніндегі түсінігі болмаған. Ал, Жайық пен Орал аралығында көшіп жүрген ноғайлар да өздерін орыстардан бөлек ұстауға тырысқан. Орыстар Сібірді жаулап аларда Шығысқа қарай өзенді бойлай жүріп өтіп, қазақтармен кездеспеген. Енисейге жеткен кезде, өздерін қырғыздар деп атайтын түркі тайпаларымен кездеседі. Қырғыздар өздерінің қазіргі жеріне XV ғасырда ғана келген, оған дейін Енисейдің жоғары жағын мекендеген. Жаулап алу кезінде орыстар Енисей қырғыздарымен жақсы таныс болады да, соңынан қазақтармен кездескенде, бұлардың күн көруі, тілі, әдет-ғұрпының қырғыздарға ұқсастығын көріп, қазақтарды да қырғыз деп атаған».
Демек, қазақты қырғыз деп атаудың кездейсоқ жағдайдан келіп шыққандығы басқа дәлелді керек етпейді.
Қазақ пен қырғызды тұңғыш рет ажыратқан А. В. Левшин болды. Ол 1832 жылы басылып шыққан «Қырғыз-қайсақ даласы мен ордасының сипаты» деген еңбегінде қазақ халқын өте ерте заманнан келе жатқан ежелгі халықтың бірі деп санаған.
1871 жылы В. И. Григорьев сақтардың өмір сүруі, күн көрісі қазақтарға өте ұқсас екендігін айта келіп: «Біздіңше «сақ» деген атау «қыпчақ» және «қазақ» (қассақ) деген сөздердің морфемаларында сақталған» деп жазады.
Демек, қазақ атты этникалық термин «қыпшақпен» де «сақпен» де тікелей байланысты болуы ықтимал. Сонда бұлардың негізінде «сақ» жатады да, сақ/ зақ/ /шақ болып келуі - оның фонетикалық варианттары болып есептеледі.
Осыған байланысты, қазақ халқының тарихы жөніндегі кейбір пікірлерге қысқаша тоқталуға тура келді.
Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі тайпалардың бірлестігінен құралған ең ірі тайпа - сақтар. Сақтар Сыр бойын Қаратау, Талас өлкелерінен бастап, Тянь-шань тауларына дейін созылып жатқан Оңтүстік-Шығыс беткейді мекендеген. Екінші ірі тайпа бірлестігі - массагет деп аталады да, олар Арал теңізі мен Сырдария сағасын, Амудария арнасын мекендейді. Соңынан бұл екі тайпа бір-бірімен араласып, сіңісіп кетеді.
Біздің заманымыздың VI-VIII ғасырларда түркі тілдес Жетісу тайпалары (Чұмығұн, Чуне, Чубон, Дулу) және Сырдария өлкесін, Орталық Қазақстанды, Ертіс бойын, Алтай тауын мекендеген тайпалар бірігіп, Батыс түркі қағанатын құрды. VIII ғасырда Түркі қағанаты ыдырап, оның орнына Түргеш қағанаты, одан соң Қарлұқ қағандығы (VIII-Х) орнайды. Бұл кезде қарлұқтар, шігілдер, яғмалар, ядғұлар Жетісу мен Талас бойында, оғыз бен қыпшақтар Орталық Қазақстан мен Сырдария бойында әкімшілік еткен. Печенегтер Еділ мен Жайық өзенінің арасын мекендейді. Қыпшақтар ХІ ғасырда кең-байтақ қазақ даласы мен Оңтүстік орыс даласына да үстемдік етеді, тіпті ХІІ ғасырда Днепр өзеніне дейін жетеді.
Х ғасырдың аяғында Қарахан әулеті мекендеген күшті мемлекет Қашқар мен Жетісу жерінде құралады. Бұлар Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын мекендеген халықтарды да өздеріне бағындырып алады. Міне, осы кезде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының экономикасы мен мәдениеті күрт өскен еді.
ХІІІ ғасырда қазақ жеріне моңғол шапқыншылары шабуыл жасап, Алтын Орда мемлекетін құрады, тек Жетісу бойы Шағатай ұлысының қарауында қалады. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті құлап, оның орнына Ноғай ордасы мен Өзбек хандығы үстемдік етеді.
Бұлардың құрамында түркі тектес Қыпшақ, Қарлұқ, Қаңлы, Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат т. б. ірі рулармен бірге Дулат, Үйсін және Жетісуды мекендеген өзге тайпалар да болады. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін оның қол астындағы тайпалар ыдырап, «Қазақ» «Өзбек» хандығы болып екіге бөлінеді. Қазақ хандығы бұрынғы Жошы ұлысының Шығыс өлкесін (Ақ орда жерін) тегіс мирас етіп, Жайық пен Ертіс, Түрікмен мен Сырдария арасын қоныстанады. XV ғасырдың соңы мен XVІ ғасырдың басында бұларға Моңғолия өлкесін мекендеген Ұлы жүз қазақтары (үйсіндер, дулаттар) қосылады. Бұл кезеңде қазақ хандығының белгілі жері болуымен бірге, оның барлық халқы бір тілде сөйлейді, шаруашылығы, тұрмыс-салты өзара ұқсас, етене жақын болады.
XVІ ғасырдың басында Қасым ханнаң қол астында Қазақ хандығы берік құрылып, қазақ халқының қалыптасу процесі аяқталды, бірақ феодалдық тартыс тоқталмайды. Қасымнан кейін Ақназар (1588 ж. өледі), Тәуекел (1582-1598), Есім хан (1598-1629), Тәуке хан (1680-1718) үш жүзді біріктіреді. Дегенмен қазақ қауымының үш жүзге бөлініп, бір-бірінен оқшаулануы Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін сақталып келді. Үш жүз қазақтарының Ресейге өз еркімен қосылуы XVІІІ ғасырдың екінші жартысында жүзеге асты. Бұл тарихи оқиға қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының буржуазиялық ұлтқа айналу процесі басталды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін, қазақ халқы социалистік ұлт болып қалыптасты. Түрі ұлттық, мазмұны социалистік қазіргі қазақ мәдениеті бүкіл әлемдік мәдениет қорына өз үлесін қосып отыр.
Антропологтар мен этнографтардың зерттеулеріне қарағанда, қазақ халқы түс, реңі жағынан еуропалық нәсіл (ақ) мен моңғол (қара) нәсілінің солтүстік сібір тобына жатады деп көрсетеді. Қазақ халқының басынан өткен сан алуан тарихи оқиғалар халықтың тілінде де өз қолтаңбасын қалдырғаны сезіледі. Оны қазақ тілінің фонетикалық жүйесінен, лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысынан, әсіресе, диалектілерінен айқын көруге болады.
Қазақ тілі тарихын зерттеуде диалектілер мен говорлар өте құнды материал бола алады. Олар қазақ жеріндегі бұрынғы тайпалық одақтар мен жүздердің тілі болған.
Көптеген зерттеулер қазақ тілінің диалектілері мен говорларында дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктер барлығын, әсіресе лексикалық ерекшеліктердің молдығын дәлелдеп отыр. Қазақ тілінің диалектілерінде айтарлықтай алшақтық жоқ. Олар бір-біріне өте жақын. Бұл жағдай қазақ тілін өзбек, әзірбайжан, түрікмен, түрік т. б. тілдері мен салыстырғанда анығырақ байқалады. Сол сияқты, неміс, ағылшын, француз тілдерінде де диалектілік ерекшеліктер бар.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері жөнінде бірізділік жоқ. С. Аманжолов, Н. Сауранбаев қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін диалект деп есептесе, Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев т. б. говор деп санаған.
С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға келіп, оған оңтүстік диалектісін, солтүстік, шығыс диалектілерін жатқызған. Н. Сауранбаев пен Ж. Досқараев қазақ тілінің аумақтық ыңғайына қарай, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс диалектісі деп үлкен екі топқа бөлген.
Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына қайсы диалекті негіз болғандығы жөнінде әртүрлі пікірлер бар. С. Аманжолов қазақ әдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде жасалған деп есептейді.
Ж. Досқараев бір кезде қазақ әдеби тілінің негізіне солтүстік-батыс говорлары жатқан, бірақ қоғамдық тарихи жағдайларға байланысты кейіннен олардың жетекшілік рөлі төмендеп, енді әдеби тілге оңтүстік (Жетісу) говорлары тірек болып отыр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz