ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ЖАЙЛЫ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы қазақ терминінің шығуын
түсіңдіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған
көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан
қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін
түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ.
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақыттажалпы қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқаңда қазақ терминіне ден қою
едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттеріңде
казактерминіне әйтеуір бір катысыбар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-
сарандарында ғана болмаса, оларда баяңдалған пікірлер өткен кез-дерде
айтылған көзқарастарғанегізделген.
Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің
едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялыксәйкестікті іздестіру жолына
түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практи-
каның көрсетіп отырғаныңдай, салғастырылатын ұғымдардың жақыңдық дәрежесі
туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ
сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағы-нан едәуір алыс
жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардың этни-
калықбайланыстарыныңтереңдігінкөрсе теалатынтарихи-мәденисипаттағы жүйелі
сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.
Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгіболжамдар бар.
Н. М. Карамзин мен А. Вамберидің72 ізімен зерттеушілер кебінесеВизан-тия
императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кав-каздың
солтүстік-батысында жатқан Казахия елі депайтқан мәліметтерін келтіреді.
Айтылуының үңдестігі негізінде авторлар Казахия терминінде қазақ этнонимі
көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан
бастап белгілі болған деген түжырым жасалады. Казахия деп оқудың
дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада
(грекше) екінші сөзде дзета (з) емес, қайта сигма (с) берілген. Демек
елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың ха-барын
түсіңдіре келіп, В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден
айқын көрсеткен73. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсас-тыру тарихшылардың
қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша
деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. Мәселен,
араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) Китаб ат-танбих ва-ль-
ишраф деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен
тайпаларының атаулары арасында ка-шак этникалыққауымы — әл-касакия74 атап
өтіледі. Көрнекті неміс шығы-станушысы И. Маркварт бұл екі терминнің бір
ғана этнос-касогтардың ата-уын беретіндігін көрсетті75. Кім жазғаны
белгісіз парсы тілді Худуд әл-алам деген географиялық еңбектің (Хғ.)
алаңдар өлкесі туралы хабарлары да қара-стырылып отырған тақырып аясына
жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг76 қаласы, әдебиетте
жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер
келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларындада айтылады. Повесть
временных летшығармасында Ку-бань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары
Святослав (965 ж.) пен Мстис-лавтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген
соғыстары туралы ақпарат бар77. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың
аяғы - IX ғасырдың басыңда монах Епифанийдіңшығармасында ауызға алынады.
Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта
ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар
бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген тұжырым
шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг
түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каскакашка
этнониміменкөптен бері жақыңдастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға
қосылысы туралы көзкарас қанша-лықты ақталған және дәлелденген деген заңды
сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия?) атауымен байланысы
туралы пікір -мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасыңда
ешқаңдай та-рихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үңдестігінен
туындайтын бол-жамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің
біреуіңде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі,
шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олар-
дың қазақтардан және олардың түркі тіддес ата-бабаларынан айырмашы-лығы
күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға бай-ланысты
Кавказданорта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі бай-қалған жоқ.
Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария
атағын берген ертедегі түркі тіддес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны
сияқты рөл оларға берілмеді. Сондықтан касогтардың қазақтар-мен байланысы
туралы пікір ешқандай сын көтермейді.
Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген
(3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған
термин Арран мен Дағыстаңда хазарларға қарсысоғыс жүргізген араб қолбас-
шысы Марванға арналған Китаб әл- футух тарихи шығармасында (IX ғасырдың
аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында бы-лай деп
жазылған: 736 жылы Марван Касак (қазақ емес. — Ред.) деп атала-тын жерде
қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді78. Контекстен әл-
Куфидің туыңдысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы
ауданында, Азербайжанның батысыңда орналасқ-ан Касак деген жердің аталатыны
көрінеді. Касак және қазақтерминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық
проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан
тарихи, географиялық және шаруа-шылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да
салғастыруға болмайды.
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете
кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың хасаг-терген деген сөз
тіркесінен шығарады. Қасиетті жылнамада (XIII ғ.) айтылатын бұл қоссөзді
ұғым арбаны білдірген79. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқа-растың еш
дәлелі жоқ80. Оның иланымды болмайтын себебі - синхроңдық тұрғыдан алғанда
да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да хасаг-терген термині
Қазақстанды мекендеген түркі тідділер арасында арбаның атауы ретінде
көрініс таппаған81.
Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В.
Радлов қазғақым оғлым (менің асырап алған ұлдарым)82 деген тіркесті
оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, соныменқатар қазғақ және
қазақ терминдері мәндерінің жақыңцығы негізінде В. П. Юдин бұл сөздерді
салыстыруғаболадыдеген. Зерттеушініңпікірінше, қазғақым ұғымындағы ғ
дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзіңде қолданы-луы әбден
мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы
ықтимал. Ол қазғақ түріндегі қазақ терминін кейіннен этника-лық
мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған83 Бұл көзқарас түркі
тіддерінің тарихи фонетикасының зандылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол
бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады.
Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдарынегізінде
Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнешесалыстырулар жасадды. Олар-дың
бірі үш қарлұқ тайпасының хасактар (хаски) деп оқылуы жөнінде И.
Маркварт84 айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақ-
тармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұста-
нғанымен,оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқтайпасының
атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші АуфидіңДжавами әл-хи-каят
ва лавами ар-риваят антологиясының көрінеубұрмаланған мәтіні бой-ынша
Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы тура-лы қарастырылып
отырған мәліметтер IX—X ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша
ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен
алынған материаддарға В. Минорскийдің текстоло-гиялық және салыстырмалы-
тарихи таддау жолымен қарлұқтардың тайпалық кұрамы жөніндегі контекстің
оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, хасактардың орнына
баскиль деген негізделген коньюнктура енгізілді85.
Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың шығармасында қазлақ түрінде қазақ
этнонимі айтылады деген пікірді көрінеу негізсіз деп санау керек. Әбу Дулаф
X ғасырдың орта шенінде Қазақстан аумағы арқылы батысынан шығысына қарай
Қытайға жол жүріп өткен. Түркі тайпаларына арналған Рисалада баяндалған
саяхаттуралыестеліктерін орыс тіліне Н. Н. Пантусов аударды. Аударма
мәтінінде хазлақ86 деген этникалық атау айтылған, ол исламдық қазлақ
үшінпрототипке айналып, сонан соң бейнебір қазақ түрін алған. Сонымен
бірге Н. Н. Пантусовтың харлұқ деудің орнына хазлақ сөзін дұрыс
оқымағанын көрсете кету қажет, қарлұқ атауынын жазылуы орта ғасыр-лардағы
араб әдебиетінде солай берілген. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Этика терминінің мәні мен мазмұны туралы
Орфографиялық талдау жасау үлгілері
Шетелдік гендерлік зерттеулер
Қазақстанның Конституциясы
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Этика терминінің мәні мен мазмұны
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Пәндер