Түркістан аумағындағы туризм бизнесі және туризмнің экономикаға әсері



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Түркістан аумағындағы туризм бизнесі және
туризмнің экономикаға әсері

Қазақстан бәсекеге қабілетті дамыған елу ел қатарына қосудағы жеті
басымдылықтың бірі елдегі туристік саланы дамыту.
Елбасы 2006 жылдың наурыз айында Бәсекеге қабілетті туристік индустрия
құру туралы ҚР Спорт және туризм министрлігіне арнайы тапсырма берген еді.
Тіпті, жыл соңында 2007-2011 жылдар аралығында туризмді дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарламада қабылданды. Бұл бағдарлама бес жыл бойы халықты
бәсекеге қабілетті туристік индустриямен қамтамасыз етуге, сыртқы және ішкі
туризмді арттыру арқылы елдің кірісін тұрақтандыруға таптырмайтын
мүмкіндік. Сондай-ақ осы бағдарлама арқылы 2011 жылы Қазақстанды Орталық
Азия аймағының туристік орталығына айналдыру көзделіп оттыр. Бағдарламаны
жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 59 млрд. теңге көлемінде қаржы
бөлу жоспарланып отыр. Ал қазірдің өзінде атқарылып жатқан істер аз емес.
Шымкентте үш күндік Сарқылмас сахат туристік жәрмеңкесінің өтуі соның
дәлелі. Аталған жәрмеңке Қазақстанда бірінші рет өткізілуде. Оның алғаш
тұсау кесер рәсімінің Оңтүстіктен бастау алуы кездейсоқтық емес. Ұлы жібек
жолының бойында жатқан Оңтүстік өңірі — еліміздің рухани, мәдени және
туристік тірегі. Мұнымен біз Түркістан, Сайрам, Отырар секілді көне
шаһарларды меңзеп отырмыз. Дегенмен, өлкенің туристік саласында әлде де
болса атқарылар іс жетерлік. Туризмді дамытудың 2007-2011жылдарға арналған
Мемлекеттің бағдарламасында Түркістан қаласынан туристік орталық ашу
көзделіп отыр.
Еліміздің дамуындағы елеулі өзгерістерді орындауға мүмкіндік беретін
2008жыл мемлекетіміздің алдында маңызды міндеттер мен мақсаттарды қойып
отыр. Түркістан қаласын Қазақстанның мәдени-рухани және туристік орталығына
айналдыру бағытында 2009-2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылып, бүгінгі таңда
салалық министерліктерде талқылануда. Осыған байланысты, Туризм және Спорт
министрлігінің бұйрығымен арнайы жұмысшы тобы құрылып, тиісті шаралар
атқарылуда. Сонымен қатар қаламыздың бас жоспары мен үш туристік нысанның
макеті әзірленіп, 2007жыл соңында облыс әкімі Н.Әшімовтың назарына
ұсынылды.
Биылғы жылдың 18-ші қаңтарында Үкімет басшысы К.Мәсімовтің
қатысыуымен Туризм және спорт министрлігінде өткен жиынға қала әкімі
Ә.Бектаев қатысқан болатын. Бұл жиында қаламыздағы туризм саласы бойынша
атқарылып жатқан жұмыстар жайлы жан-жақты мәлімет беріліп, туристік
нысандардың макеттері мәжіліске қатысушылардың назарына ұсынылды. Үкімет
басшысы еліміз бойынша туризм саласын насихаттау және өркендетуге
байланысты қолға алынған жұмыстарға өз бағасын бере келіп, мемлекеттік
бағдарламаға енген Түркістан қаласын Өзбекстан Республикасындағы Бұхара,
Самарқанд сияқты туризм орталығына айналған қалалармен тығыз байланыс
орнату арқылы, өңірлік туризмді жетілдіруге болатынын айтты. Бұл ұсынысқа
орай алдағы уақытта қаламызда тиісті іс-шаралар қолға алынатыны анық. Осы
орайда қаламыздағы туристік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып келе жатқан
Иассы-Сауран туристік фирмасы бір жыл ішінде бірнеше республикалық және
облыстық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуының арқасында, жарнамалық-
ақпараттық материалдарды тарату мен насихаттау жұмыстарын жүргізу
нәтижесінде бүгінгі таңда қаламызға келетін туристердің саны да еселеп
артып келеді. Сондықтан алдағы уақытта қаламызға келетін туристердің
есебінен қала халқын жұмыспен қамтамасыз етуге, қала бюджетіне қомақты
қаржы түсіруге мүмкіндіктерді қарастырған жөн. Осы орайда туристік қызмет
саласын дұрыс жолға қою арқылы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын
көтеруге болады.
Бүгінгі таңда алдымызда Жаңа өңірлік Бағдарлама қабылдап, оны жүзеге
асыру міндеті тұр. Ұлы Жібек жолының Қазақстан бөлігінде ерекше орынды
Түркістан қаласы алады. Мұнда туристердің көпшілігін тартатын Қ.А.Иасауи
кесенесі орналасқан. Қалаға келген туристерді орналастыруға,тамақтандыруға
және бос уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыруға жағдай бар. Қалада 17,
оның ішінде жоғары сапалы 3 қонақ үйі және көптеген мейрамханалар мен
кафелер қызмет көрсетеді. Түрлі қызмет көрсететін көліктік-жолдық
инфрақұрылым (техникалық қызмет бекеттері, жанар-жағар май бекеттері,
автожуу және т.б) дамыған.
Ендігі өзекті бір мәселе — қаламызға келген туристерге не көрсете
аламыз? Өзіндік тарихы терең, адам қызығатын жәдігерлері жетерлік,
демалысқа ыңғайлы Қаратаудың бөктері, сызылып аққан Сырдария жағалауы,
аңшылыққа лайықты кең даламыз бар. Сонымен қатар қаламыздағы жәдігерлердің
ішіндегі ең көріктісі, туристерді қызықтыратын Әзірет-Сұлтан тарихи-
мәдени қорық музейі.
Қаламызға туристерді көптеп келуіне мүмкіндік жасап, келген қонақтар
кемінде 2-3 күн Түркістанда болып, зиярат етуге, қала аумағындағы тарихи
және мәдени мұралар мен ескерткіштерді тамашалауына жағдай жасалынуда. Бұл
жергілікті бюджетке кіріс көздерінің түсімін арттырып, туристік
мекемелердің қосымша жұмыс орындарының ашуына себеп болары анық. Қаламыздың
инфрақұрылымы саяхатшыларды сапалы күтіп алуға сай болуды қажет етеді.
2-3 күндік туристік бағыт әзірлеп, орталығы етіп, Түркістанды
белгілеу керек. Негізгі бағыттағы нысандар:
— Рухани, діни бағыт: Әзірет Сұлтан музейі, Ашық аспан астындағы
музей; Қ.А.Иассауи кесенесі, Гауһар ана, Үкаша ата, Жылаған ата мазарлары.
— Тарихи бағыт – Түркістан тарихы ізімен: Түркістан тарихы
музейі; Шауғар-Шойтөбе; Иассы-Күлтөбе, Сауран қаласы.
— Этнотуризм, оның ішінде дәстүрлі ауыл (киіз үй, қымыз-қымыран),
Қолөнер шеберлерінің көшесін жасап, көрмелер ашу. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Қазақстан Республикасының орналастыру орындары
Жаңа Жібек Жолы туризм ретінде болашағы
Қонақжайлылық тарихы
Түркістан аймағында туризмнің жағдайын талдау, сонымен қатар дамыту жолдарыының іс-шаралары мен алға басу сипатын анықтау
Туристік қонақ үйлер
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялық өзгерістер
Туризм саласындағы инвестиция
Пәндер