Қазақстан дамуының кепілі



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан дамуының кепілі
7-Январь, 2011 426 рет оқылған

Тұрсын Ғабитов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізу
ұсынысын қызу қолдауда. Президентіміздің Қазақстанды гүлдендіруге
бағытталған толассыз және жан­қиярлық әрекетін толық баяндап беру үшін аса
аумақты зерттеулер қажет.Біз Н.Ә. Назарбаевтың жеке ұсынысымен қабылданған
Мәдени мұра деп аталатын, сан ғасырлардың сүзгісінен өтіп, осы күнге
жеткен ұлттық мәдениет пен руханиятын жаңғыр­туға арналған бағдарламасына
тоқталмақшымыз. Ел экономикасы аяғынан тік тұрып, мемлекет байлығы
еселенген тұста Елбасының мәдениеттің қордаланған проблемаларына мұндай
биік дәрежеде мән беруі Қазақстанда ғылым, мәдениет пен әдебиеттің дамуына
өз үлесін қосары сөзсіз.

Н.Ә. Назарбаев жалпы ел мен елдің, ұлт пен ұлыстың арасын идеология емес,
мәдениет жалғастырады деген идеяны саяси ұстын ретінде қабылдады. Өркениеті
қанат жайған елдерде экономикалық даму соңынан мәдени жаңғыру жүреді.
Президент бойынша, экономика – бұл саясаттың, мәдениеттің негізі, мемлекет,
қоғам, әрбір нақты адам, оның отбасы өмірінің негізі... біз кейде еркіндік
пен демократия туралы, халық игілігі, өркендеу мен мәдениет туралы сөз
қозғап жатамыз, алайда, егер елге қуатты, осы мәселелерді шешуге қабілетті
экономика құрылмаса, оның бәрі бос сөз болып қалады!.

Олай болса, республикамыздың ғылым, білім, мәдениет пен әдебиет
қайраткерлерінің кең көлемде қатысуымен Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен
жасалатын Мәдени мұра бағдарламасын ұлт мәдениетінің тәуелсіздік
жағдайына рухани жаңғыруының басталуы деп қарастырған жөн.

Жалпы алғанда ислам елдері мәдени мұра мен сұқбат мәселесінде үлкен
жетістіктерге жеткен мысалдары көп. Айталық, белгілі халиф Мамун Бағдат
қаласына атақты ғұламалар мен кәсіби аудармашыларды жинақтап, оларға
антикалық философияның көр­некті өкілдері еңбектерін араб тіліне аудару
туралы өз тілегін жеткізді. Бұл ислам мәде­ниетінің сол заманда
өркендеуінің басты себептерінің бірі болып табылады. Тарихи әділеттілік
ұстанымы бойынша тағы бір салыстырудың реті келіп тұр. Қазақстан
Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың атсалысуымен қабылданған Мәдени мұра
мемлекеттік бағдар­ламасын Халиф Мамунның бастамасымен салыстыруға әбден
болады.

Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның өмір сүруге
және өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар. Бұл адамзат
тарихының барысы айқындаған болмыс.

Қазіргі таңда мәдениеттің ұлттық даму шеңберінен шығып, әлемдік өркениеттік
үрдістерді қозғап отырғанына өзіміз куәгерміз. Алайда аталмыш жаһандық
мәселелер ұлттық мәдениеттің өзіндік болмыстық ерекшелігіне нұқсан
келтірмеуі керек. Жаһандану қалыптасқан айырмашылықтарды ысырғанымен
адамзатты біріктіреді, ендеше осы тұста адамзат үшін ең қажеттісі
біртұтастылық.

Қазіргі өркениет өзінің даму жолында сыни кезеңді өткеріп отыр. Осы күрделі
кезең Қазақстанды да айналып өтпейтіні сөзсіз. Ендеше, өзінің дара жолымен
дамып келген ұлттық мәдениетіміз осы жолдан адаспай, өзіндік қасиетін
сақтай отырып әлемдік өркениет көшінен құр қалмауы тиіс. Бұл орайда ендігі
алдымызда тұрған міндеттердің бірі халқымыздың ежелгі тарихи, мәдени және
рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп,
философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие мәні және қажеттілігі
Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Бұқаралық ақпарат көздері
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Мемлекет механизміндегі президент пен үкіметтің өзара әрекеттесуі
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
2025 жылға негізгі мақсат
Жастар - болашағымыздың алтын тірегі
Салуатты өмір салты
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы
Пәндер