Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті жайлы
Поиск@Mail.Ru
→
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті.
Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі)
Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті
(Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ хандықтарының
тұрмыс-тіршілігі туралы)
Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған
Сатұқ Боғра хан (915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін
құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап
Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы
мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының
тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі Батыста
Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста
Жетісу мен Қашғарға дейін созылды.
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан
еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар
өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте
алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет
екіге бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына
ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі
- қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар
кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен
Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан
сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін
таласады.
1056 ж. Қадырханның ұлы Йинал-тегін
өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып
алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі.
Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да
біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады.
Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның
балалары Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан харун басқарады. Олардың
тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат
арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан
кейін оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн
мен хотан қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ
сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан
қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен
Таластың иесі Қадырхан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі
жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы
болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы
кезінде (1118-1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін
жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының
белгісі біліне бастады.
Бұған бас себебі - қидан мемлекетінің құрылуы және оның
жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.
12 ғ. екінші жартысында қидандар Батыс Түркі қағанатына қауіп
төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан-Салжықтың
әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының
билігі де қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар
әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед
батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай
Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің
мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси
институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір
территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған
салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық "икта" деп
аталады, ал оны жинаушыны "мукта", немесе "иктадар" деп атаған.
Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде -
ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне
байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады.
Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұн есімі кең мәлім
болды.
Қара қытайлар мемлекеті (1128-1213). Қара қытайлар. Олардың
құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты.
Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол
тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында
Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж.
Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо
империясы) қоластына өтеді.
1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень
мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір
бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен
батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар
енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді.
Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір
бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі
нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.
1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан
Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен
қарлұқтарға қарыс шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды
басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік
Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің
құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына
айналдырады.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы
- Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала
берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық
жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады.
Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып
кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін,
Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.
Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы -
Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман
дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру
саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс
аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу
аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады.
Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері
келгенше созылды.
Кимақ қағанаты (9-11 ғ.б.). Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде
айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды. 840 ж.
Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген
тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің
өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек,
қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы
құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ.
соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың
ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.
10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін
болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа
негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік
қарым-қатынас принциптеріне сүйенген. Кимектерде жазу-сызу болғанын
араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар
сонымен жазады"- деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба
рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті
ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға)
апаратын керуен жолдары болған.
11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді.
Оның құлауының екі себебі бар: өздерін өздері билеуге
ұмтылған қыпшақ хандарының орталық тан бөлінуге тырысушылығы,
және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ
және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.
Оғыз мемлекеті (9-11 ғғ. басы). 9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі
ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын
территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. "Оғыз"
деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари,
Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық,
баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды
фрактриядан құрылған. Бұлар - бузук және үшүк (учук).
8 ғ. ортасында түргештер мұрасы
үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды
тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың "Көне Гузия" деп
аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі
қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін
күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын
басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді
жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп,
тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына
Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор
тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар,
жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді.
Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз
тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі
орасан зор территорияны мекендейді . Оғыздар туралы алғашқы дерек
тер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғ.)
еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға
баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10
ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы -
түркі және иран тілінде сөйлеген. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші
Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын
Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге -
"иналамиға" - беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің
"сюбаши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар
мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент,
Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл
саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер
ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери
тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып
хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен
бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің
саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды.
Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтеріліст ері
себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен
болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында
біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен
Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан
селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.
Мәдениеті. Қазақстанда туып-өскен философ әрі энциклопедияшы
ғалым Әбу насыр Әл-Фараби (870-950) мұсылман шығысында Аристотельден
кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде мәлім болды. Ол Бағдаттта, Дамаскда,
халеб қалаларында болды.
Әл-Фараби философиясының негізі-аристотелизмді эманация туралы
неоплатондық іліммен ұштастыру болып табылады. Оның философиясының
бірегей, дербес сипатына ешкім күмән келтірмейді. Негізінен идеалист
бола тұрып, Әл-Фараби материалистік пікірлер де айтқан. Мәселен, ол
ең жоғарғы дүниенің бар екенін және оны түйсік арқылы танып-білуге
болатынын мойындаған, адамның жанын денемен байланысты қараған. Нақ
осы себептен де мұсылман дін басылары философты діннен безген деп те
кінәлаған. Дүние, Әл-Фараби көзқарасы бойынша материалдық
элементтерден құралатын заттардан тұрады. Қозғалыс дегеніміз
денелердің қасиеті. Оның математика, музыка, астрономия және т.б.
туралы еңбектері бар. Еңбектерінің аттары: "Ғылымның шығуы",
"Музыканың ұлы кітабы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары
туралы трактат" және т.б.
Түркі әдебиетінің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұн мен Махмұд
Қашқари.
Жүсіп Баласағұн 1017 жылы туды. 1069-1070 жылы "Құтты
біліг"(Құтадғу біліг) атты 6520 бет тұратын поэма жазды.Автор
идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі топтарға бөлінген
адамдардың мінез-құлқын, ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар
арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы
философиялық-дидактьикалық шығарма.
Махмұд Қашқари (11ғ.) автордың айтуынша Қарахан әміршісі Насыр
ибн Әли тұқымынан шыққан. Ол ел аралап түркілердің сөздерінің
мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын
жазып алады. Байқауларын жинақтап "Диуани лұғат-ат-түрк" (Түркі
тілдерінің сөздігі) деген еңбек жазды. Бұл еңбекті ежелгі орта
ғасырдағы түріктердің халықтық өмірінің нағыз энциклопедиясы девге
болады.
Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы
ақындардың ішінде Ахмет Иассауи (1103-1166) шығармалары ерекше орын
алады. Ол оңтүстік Қазақстандағы түркі халқы арасында ислам мен
мұсылман дінінің тарауына зор еңбек сіңірді. Оның өлеңмен жазылған
"Диуани хикмет (Даналық жайындағы кітап) деген еңбегі бар.
1.Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX
ғғ).
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде
аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде
түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген
Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері
шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерінде қамтылған. Қазақстанда
бұл қағандықтың құрамына кірген.
Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы және оның
салдары (II бөлім)
Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал,
содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді.
Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27
емес, ханнан басқа 29 адам бекітті. Бодандықты қабылдаған Әбілхайыр Ресей
империясының шығыс шекарасын, орыс көпестерінің сауда керуендерін
қорғауға, орыс мемлекетіне әскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық
төлеуге уәде берді. Бірақ бұл уәделердің бәрі толық орындалған жоқ.
Сонымен қатар Әбілхайыр патша өкіметінен өз ұрпағында хандық биліктің
қалуын, іштен және сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне тірек
және қорған болатын Ор бекінісін салуды талап етті. Әбілқайырдың бұл
талаптарына патша өкіметі үлкен мән бермеді, себебі жоғарыдағы талаптар
патша үкіметінің шығыс шекарасындағы мүдделеріне қарсы келмеді. Тіптен
Хан ордасы мен шекаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық
бодандықты нығайтуға тиімді еді.
1731 жылы Кіші жүз бен орыс мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас осы
жылы Ресей империясының протекторатын қабылдау туралы құжатқа қол қойғаннан
бастап іс жүзінде бекітілді. Бұл сонда, қандай қарым-қатынас? Протекторат
немесе қамқорлық қатынастар - бастапқыда күшті және әлсіз мемлекеттердің
арасында ерекше құқықтар мен өзара міндеттемелер белгілейтін шартқа
негізделген қатынастар. Оның мәнісі – алғашқысы кейінгісін қорғаса, ал
кейінгісі алғашқысына егемендігін сақтай отыра белгілі қызмет көрсетеді”
дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің Орыс энциклопедияларындағы қазақ
шежіресі деген еңбегінде. Протекторат – қорғаушы, қамқоршы, тірегі,
демеушісі. Протекторатын қабылдау – күшті мемлекет әлсіз мемлекеттің
қорғаушысы, қамқоршысы, демеушісі, арқа сүйегіші, тірегі болады, ал әлсіз
мемлекет сол үшін белгіленген (келіскен) міндеттер атқарып отырады. Басқаша
айтқанда, Ресей империясы Қазақ мемлекетін (Кіші жүзді) сыртқы жаулардан
қорғап, ішкі саясатына араласпай, қазақтардың егемендігін сақтап қалуға
мүмкіндік жасауға тиіс. Әбілхайыр ханның Ресей патшасына жазған хатына,
Анна Иоановнаның қазақ халқына берген грамотасының мазмұнына қарап, бұл
тарихи процесті Қазақстанның өз еркімен Ресей империясына кірді деп айтуға
болмас. Кіші жүз басшылары Ресей империясының протекторатын қабылдауы
немесе оның боданы болуын сұрауы тарихи факт. Алайда бодан (подданный)
қосылу емес. Ол тату болу, бейбіт қарым–қатынас жасау, одақтасу, адал болу
деген ұғымдарды білдіреді.
Әілхайыр хан Ресеймен татулыққа жету арқылы таққа талас мәселесін шешуді
ойлады, яғни өзінің билікке жетуінің бірден-бір жолы деп үміттенді.
Екіншіден, халықтың ұзақ соғыстан шаршағанын, экономиканың қансырағанын,
орыс бекіністерінің қаптауын, орыс-казак станицаларының салынуын және
жоңғарлар мен Еділ қалмақтарынан, Орта Азия хандықтарынан, Қытайдан
келетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, ол Ресейден бодандықты сұрауға
мәжбүр болды. Дәл осы сәтте хан тағына лайықты адам соғыс тәжірибесі мол,
атағы да, абыройы да зор, өктем мінезді, өркөкірек Әбілхайыр ... болды дейді
тарихшы Ж. Қасымбаев. Ал М. Мағауиннің пікірінше: ... үш жүздің
әскерлерінің бас қолбасшысы сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын,
қабілеті, жеке басының ерлігімен аты шыққан, оның үстіне тәжірибесі
мол...Әбілхайырдың аға хандықтан үміт етуіне негізі бар еді .... Тарихшы-ғалым
М.Қ. Қозыбаевтың пікірі де осы мағынамен ұштасады. Ол: Сол бір сәтте төре
әулетінде Әбілхайырдан басқа жан жоқты. Алайда бақ таласы, тақ таласы,
жүздік талас нәтижесінде бұл мақсат іске аспады. Әбілхайыр хан халық
бірлігін, оның болашақ тірлігінің өзіндік жолын іздеді ... дейді.
Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату
мақсатында бұл өлкеге бірнеше экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда
қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы
деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды.
Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші
жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды.
1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып,
Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің
біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл
жерде бодандық қабылдау тұралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ. Осыған
байланысты айта кететін жәйт, қазақ билеуші топтарының бодандық туралы
мәселеге өте селқос қарауында. Оған патшалық Ресей империясының қазақ
билеуші топтарынан ант алу рәсімін жиі қайталауы себеп болды. Мысалы:
Әбілқайырдың өзі үш рет ант берген. Әбілқайырдың 1742 жылы тамыздың 20-
жұлдызында берген антының 1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей құны
болмаған.
1740 жылы Қытаймен бейбіт бітім жасасқан жоңғарлар 1741 ж. Орта жүз
қазақтарының жеріне басып кіреді. Күтпеген соққыны қазақтар қайтара алмай,
Кіші жүз жеріне қарай шегінуге мәжбүр болады. Әбілхайыр хан дереу Ресейден
әскери көмек сұрайды. Бірақ Ресей империясы көмек көрсетпейді, өз
азаматтары (подданныйы) ретінде санап, сыртқы жаудан қорғамайды. Бұл жерде
Ресейдің екіжүзді саясаты көрінеді және де Орта жүздің Ресей протекторатын
қабылдауы жай ғана сөз жүзінде қалып, ешқандай саяси мағынасы болмаған деп
айтуға болады. Ресей империясы қазақ хандығының күшеюін немесе біртұтас
болғанын қаламады. Себебі, ондай мемлекетті бағындыру қиын болатынын
түсінді. Сондықтан Ресей қазақ билеушілерін бір–біріне айдап салу және
түрлі сыйлықтар мен атақтар таратып өз мақсаттарына пайдалану, қазақ жерін
Ресей империясының отарына айналдыру саясатын ұстанды. Ресей Әбілхайыр
ханды патша үкіметіне түгелдей тәуелді ету үшін оның ұлы Қожахметті
аманатта ұстады. Тарихшы С. Асфендияровтың пікірі бойынша патшалық үкімет
Қазақстанға достық және бодандық туын желеу етіп, жыртқыштық, тонаушылық
саясатты ұстанды.
Патша үкіметінің Кіші жүздегі өз ықпалын күшейтуге бағытталған шаралары
Әбілхайыр ханды қарсылыққа мәжбүрледі. 1744 жылы ол қарақалпақтарды шауып,
Астраханнан Хиуа мен Бұқараға тауар алып бара жатқан көпестерді ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz