Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
№12 Семинар сабақ тақырыбы:
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)
Сабақ жоспары:
1.Қазақ кеңестік мемлекеттігінің құрылуы.
2.ЖЭС және оның қортындылары.
3.1921-1922 жылдардағы жер-су реформасы.
4.Өлкедегі қоғамдық- саяси және идеялық күрес.
5.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның трагедиялық салдары.
6.Саяси репрессиялар.

Қысқаша теориялық мәліметтер.
Кеңестік қоғамтану ғылымы ЖЭС- жаңа экономикалық саясат кезеңін ұзақ
жылдар бойы социализм идеалдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде,
тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-айла ретінде түсіндіріп келді.
Ауыл шаруашылығында болған апаттың аыяғы сұмдық апатқа апарып соғады.Әр
жерден түскен ақпарға қарағанда 1921-22 жылдары Орынбор губерниясында 445
мың, Қостанай губернисында 225 мың,Оралда 400 мың, Ақтөбеде 360 мың, Бөкей
губернияясында 100 мың адам аштыққа ұшыраған.
1914 жылы өлке жерінде 4,811,662 адам тұрса 1922 жылы 3,795,963 адам
қалған.
Экономикаға мемлекттік араласу-таптық мұраттың идеологиялық сарынға
шырмалған саясатын ұдайы білдіріп отырса да да, қанша айтқанмен де азды-
көпті ақылға қонымды межемен шектелді, ол көбнесе укладаралық ұдайы
өндірістік байланыстарды (салық, кредит, қайта бөлу механизмдері арқылы
т.б. арқылы) реттеумен тынды.
ЖЭС- шеңберінде жасалып жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар
көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді.
1925 жылы егіннің көлемі 3 млн гектарға жақындады. Сауда-саттық өркені де
кең жайылды.1926 жылы Қазақстан территориясында 128 жәрмеңке жұмыс
істеді.Ойыл, Қуандық, Қарқара, Қоянды. Атбасар тағы сол сияқты жәрмеңкелер
қызу жұмыстарын жүргізді.
1926-27 жылдары жүзеге асырылған шабындық және егістік жерлерді қайта
бөлудің түпкілікті қортындысы тым салмақты еді. 1,360 мың дес шабындық және
1,250 мың дес егіндік жер қайта бөлінді.Сонда шабындықтың 61,6 процентін
кедейлер,8,8 %- ін ауқаттылар, ал 1926 жылы егіндікті қайта бөлу кезінде
бес округ бойынша оның 59,3 % кедейлер, 31,7%- ін орташалар мен 9%-ін
ауқатты шаруашылықтар алды.Ірі байлардың жартылай феодалдардың еңбек
құралдарын тәркілеу, сол сияқты олардың өздерін үй-ішімен тұрған аймағынан
көшіріп жіберу бұдан әлде қайда қатал, қытымыр мақсатты орындауға
бағытталды.
1927 жылы қарашада Қазақстанның ІV партия конференциясында байларды
ауыздықтау идеясына қайта оралды.1927 жылы желтоқсанда Республика
үкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу
жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда
Қазақстан өлкелік комитетінің бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап,
нақтылай түсті және онымен БК(б)П ОК мен БОАК- ты таныстырды.
20 жылыдардағы жаңа экономикалық саясат ұзақ уақытқа бағытталған саяси
стратегия ретінде қабылданды. Елді индустрияландыру, шаруаларды
кооперацияландыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін
көтеру сияқты үлкен проблемалар осы саясат шеңберінде шешіледі деп санады.
Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділк
шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын эволюциялық процесс ретінде
қаралады.
Кооперация басқа да шаруашылық ұйымдардың баламалы әдістерімен бәсекелі
күрес барысында айрықша көзге түскен экономиклық артықшылықтарға шешуші
ынталандыру рөлін тапсыратын . Қазақстан ұжымдастыруды негізінен 1933
жылыдың көктемінде көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы
аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылады.
1928 жылы Қазқстанда барша шаруашылықтың 20%-і ғана ұжымдастырылса,
1930 жылы 1 сәуірде 50,5%-ін,1931 жылы 65 %-і ұжымтастырылды.1930-31
жылдары респуликадан тыс жерлерге бай-кулак деп жер аударылып жіберілген
шаруалар саны 6,765 адамға жетті.1932 жылдың 7 тамызында мемлекет
кәсіпорындарының, колхоздар мен кооперациясының мүліктерін сақтау және
қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы заң қабылданды.
1929 жылдан 1933 жылға дейінгі бес жыл ішінде Қазақстан АКСР Біріккен
Бас саяси Басқармасы Өкілетті өкілдігінің үштігімен толық емес мәліметтерге
қарағанда 9805 іс қаралды, 22933 адам жөнінде шешім қабылданды, олардың
ішінен 3386 адам жазаның ең жоғарғы түрі-атуға, тұтқын лагерінде 3 жылдан
10 жылға дейін қамауға,13,151 адам кесілді. Мал шаруашылығы бұрынды- соңды
болмаған шығынға ұшырады.
1928 жылы Республикада 6509 мың ірі қара болса, 1932 жылы 1386 мың ірі-
қара қалды,18,566 мың қойдан 1932 жылы 1386 мың қалды, жылқы саны 1928 жылы
3,616,1 мың болса 3200 мыңы қолданған шығынға ұшыратылды,1928 жылы 1042
түйе болса 1935 жылы 63 мың бас түйе қалды.
1929-1932 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс болды,оларға 80 мыңдай адам
қатысты.Ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 5551 адам сотталып,
олардың 883-і атылды. Күштеп ұжымдастыру кезеңінде 100 мыңдай адам
жазаланды.
1937 жылы ақпан- наурыз пленумында БК(б)П орталық комитетінің
И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың екі жүзділердің, халықтың
жауларының бәрінің тамырын шауып жойып жіберу қажеттігі туралы нұсқау
берілді.
1937-38 жылдары саяси жазалау дәуірінің қайғылы оқиғаларымен ұштасып
жатты.
Бақылау сұрақтары.
1.Ұжымдастыу саясатының алғы шарттары.
2.Халыққа білім беруде жүргізілген жұмыстар.
3.ЖЭС-тің жетістіктері мен кемшіліктері.
4.Саяси-қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары.
5.Қазаұстанда индустрияның дамуы.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары.
1.Тақырыпқа байланысты конспекті жазу,пікір-талас өткізу.
2.СӨЖ таққырыптарына сәйкес жазылған реферат,өзіндік жұмысын талдау.
3. Сайыс ретінде студенттердің біліктілігін арттыру.Топқа бөлу арқылы.
Үйге тапсырма.
1.1937-38 жылдардағы жаппай қуғын-сүрген.
2.Ұжымдастыру зардаптары.
3.Халық ағарту ісі. Жетістіктерін жазу.
Келесі семинар сабақтың тақырыбы:
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде.
Келесі семинар сабақтың жоспары.
1. Соғыстың басталуы,оның сипаты. Қазақстандықтар майданда.
2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соққы беруге
мобилизациялау.
3. Майданға бүкілхалықтық көмек.
Әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан тарихы. ІV-V том.
2. Қазақстан тарихы. Очерк. А. 1993 .ж.
3. К.Рысбайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы.
4. Т.Омарбек. Зобалаң А. 1994 ж.
5. Т.Қаратаев. Жүз жылдың ақ қарасы. А. 1993 ж.
6. М.Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. А. 1992 ж.
7. Аманжолов.Қ. Қазақстан тарихы дәрістер курсы. І,ІІ том.
8. Өмірбек Ж. Қызыл қырғын. Астана. 2001 ж.
9. Әбеуов Қ. Қазақстан тарихының Ақтаңдақ белгілерінен.А.1994 ж.
10. Әбдіәкімұлы К. Қазақстан тарихы. А. 1997 ж.

№12.Семинар сабақ тақырыбы.
Шайбани хан әулетінің Қазақ хандығымен қарым-қатынасы.
1. ХVІ ғ басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы.
2. 1505-1510 жылдардағы Шайбани ханның Қазақтарға жасаған жорықтары.
3. Қасымхан тұсындағы Қазақ хандығы. Қасымханның Мауренахр істеріне араласа
бастауы.
Қысқаша теориялық мәліметтер.
ХVІ ғасырдың басына қарай Қасым сұлтанның жеке билігі күшейеді.Қасым
сұлтанның жеке билігінің күшейуін оның ағасы Әдік(Атик) сұлтанның Шайбани
хан 1503 жылы Ташкентті басып алғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болуымен
байланыстыратын Мырза Хайдар Жәнібек хан ұлы жағдайының нығаюы себептері
жайлы ешнәрсе айтпайды.
Қасым сұлтан хандықтағы билік пен инициатива өз қолында екенін
білгенімен, көреген саясат ретінде ол сақ болды, жағдай мәселенің шешілуін
тездетуге мүмкіндік беретін жерде шыдамдылықпен аңысын аңдай білді.
Қазақ хандығы сол кездегі халықаралық қатынастарға біртіндеп тартыла
берді. Қазақ хандығымен дипломатиялық қатынастар жасаған алғашқы
мемлекеттердің бірі Ұлы князь ІІІ Василий (1505-1533) басқарған Москва
мемлекеті болды.Қасым хан билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығының тарихы нақ
сол жылдарда Қазақтардың батыс Европаға дербес этникалық қауым ретінде
белгілі болуымен ереекше:Москвада бірнеше рет (1517 және 1526 жылдары)
болған Австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн Қазақтар туралы өз
жазбаларын қалдырған.
Қасым ханның Мамаш және Хақназар деген екі ұлы болғаны мәлім, екеуі де
хан болған. Фольклор материалдарына қарағанда, қызы атақты Ноғай мырзасы
Шайх-Мамайға күйеуге берілген. Оның екінші қызы Шайбани Убайдулла сұлтанға
ұзатылған.
Бинай ибн Рузбихан, Бабыр, Хондемир,Мырза Хайдар сияқты замандастарының
пікірлеріне қарағанда, Қасым хан жүйрік атты жақсы көрген, оларды жақсы
айыра білген, әскери талантымен, жеке басының ержүректігімен және өзгелерді
өз соңынан ерте білу қабілетімен көзге түскен; солардың айтуына сүйенгенде
моральдық қасиеттері жоғары, еліктеуге лайық адамның бейнесі көз алдыңа
келеді.
Қазақтардың халық аңызында Қасым ханның қасқа жолы ретінде белгілі
заңдардың жасалуы Қасым ханның есімімен байланыстырылады, ол заңдар сірә,
қағаз жүзіне түспеген болса керек және біздің заманымызға дейін жетпеген.
Қазақ хандығының нығаюы, оның құрамында этникалық аумақтың біргіуі ХVІ-
ғасырдың басында Бұрындық және Қасым хандардың билік ету кезімен
байланысты.Қазақтардың Түркістан (Сыр өңірі) қалалары үшін әуелі Темір
ұрпақтарына, содан соң Мұхаммед Шайбанй хан мен оның мирасқорларына қарсы
екі ғасырға созылған күресі Қазақ хандары тарапынан да, Мауренахр
билеушілері тарапынан да зор табандылығы мен және қаталдығымен ерекше
болды.
ХVІ-ғасырда Әсіресе Қасым хан, Хақназар хан мен Тәуекел хан табысқа
жетті, оның тұсында Түркістан қалалары ғана емес, соныиен қатар Ташкентте
Қазақ хандығының құрамына қарады. Түркістан Қазақ хандығының астанасы
болды. Өзбек және Қазақ хандары әскерлерінің өзара шапқыншылықтары бейбіт
шаруашылық қатынастарды бұзды, өз мемлектерінде шаруашылықтың дамуына тежеу
жасап, мемлекеттердің өздерінің тұрақтылығын әлсіретті.Жиі-жиі қолдан-қолға
өту, біртұтас биліктің, саяси тұрақтылықтың болмауы, ойрандаулар, қала
тұрғындарын тонау мен қырып жою, айдап әкету- осының бәрі бұл қалаларды
экономикалық жағынан әлсіретіп, олардың шаруашылығының дамуын баяулатты.
Жергілікті халықтың әлеуметтік және мәдени дамуын тежеді. Кейін Қазақ
хандары ХVІ-ғасырдың аяғында Сырдария қалаларында орнығып алған кезде,
олардың Сырдариядағы иеліктері- Түркістан, Сайрам,Отырар, Сығанақ
қалаларымен басқалары, сондай-ақ Ташкент олардың Орта Азия билеушілерінің
ісіне белсене араласуы үшін даулы мекендер болды. Шайбани хан Қазақтардың
Түркістан мен Мауренахрға өтуіне жол бермеу жөнінде қолданған шаралар өз
қарсыластарын экономикалық жағынан да, саяси жағынан да әлсіретуге
бағытталды. Мұхаммед Шайбани хан ХVІ-ғасырдың басында сыр өңірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Нацистік Германия мен сталиндік Кеңес одағындағы тоталитарлық жүйелердің қалыптасу және даму тарихы
Тоталитарлы саяси жүйе
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Қазақстан тарихы пәні
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Пәндер